14 желтоксан пдф 2015

Page 1

СӘТ САЙЫН ҚҰБЫЛҒАН АЛАСАПЫРАН ЗАМАНҒА САЙ АМАЛ БОЛУЫ КЕРЕК. ЕҢ ЖАҚСЫ ЖОСПАР – УАҚЫТ ТАЛАБЫНА БЕЙІМДЕЛЕ АЛАТЫН ЖОСПАР. БІЗ ДЕ ЗАМАННЫҢ БЕТАЛЫСЫНА ҚАРАЙ МЕЖЕЛЕРІМІЗДІ БЕЛГІЛЕП, ЖОСПАРЛАРЫМЫЗДЫ ЖӨНДЕП ОТЫРАМЫЗ. БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ – ЕЛІ БАҚЫТТЫ, ЖЕРІ ГҮЛДЕНГЕН ҚАСИЕТТІ ОТАНЫМЫЗ ҚАЗАҚСТАНДЫ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЕТУ!

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облысты о амды саяси газет

№153 (18187), Сенбі, 12 желто сан, 2015 жыл

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ.

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

ПРЕЗИДЕНТ

ЖАРЛЫҚ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін құру туралы

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ТЕЛЕКӨПІР АРҚЫЛЫ ЕЛІМІЗДІҢ ӘР АЙМАҒЫНДАҒЫ 18 ЖАҢА ӨНДІРІС ОШАҒЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Индуст рияландыру күні аясында «Қазақстанды жаңа индустрияландыру: 2015 жылдың нəтижелері» атты жалпыұлттық телекөпір өтті. Тəуелсіздік мереке сі қарсаңында өткен телекөпір барысында Мемлекет басшысы

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің əр аймағындағы 18 жаңа өндіріс ошағын іске қосты. – Бұл жобалар Қазақстанның өнеркəсіптік өндіріс саласының 8 перспективалық саласында жүзеге асырылды. Əрбір жаңа кəсіпорын жыл сайын, орташа

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

алғанда, 81 миллиард теңгенің өнімін шығаратын болады. Бұл жобалар біздің экономикаға кемінде 270 миллиард теңге қосымша табыс əкеледі, – деді Н.Назарбаев. Елбасы атап өткендей, іске қосылған өндірістерде 3 мыңнан

астам жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылып отыр. Онлайн режімде өрбіген жалпыұлттық телекөпір аясында Елбасы іске қо сқан Индуст рияландыру картасының жаңа нысандары қатарында облысымыздағы іргелі кəсіпорын «ЕуроХим-

Қаратау» ЖШС фосфат кенін өндіру кешені де бар. Əлемдік жетекші ком п а н и я л а рд ы ң б і р і « Е у р о Х и м » ко м п а н и я с ы Қазақстандағы өндірістік ке ш е н д і с а л у ғ а а р н а л ғ а н жобасының бірінші кезеңін ойдағыдай жүзеге асырды. «ЕуроХим-Қаратау» ЖШС-ның директоры Дмитрий Валышев Елбасына осыны баяндады. – Қ ұ рм е т т і , Н ұ р с ұ л т а н Əбішұлы! Сіздің қолдауыңызбен біз жүзеге асырып жатқан жоба жұмыстары оң нəтижесін беруде. Біз жобаның бірінші кезеңін сəтті аяқтадық. Жылына 640 мың тонна фосфорлық ұнтақ өндіретін кəсіпорынның алғашқы кезеңін жүзеге асыру үшін компания 155 миллион АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады. Ендігі кезекте компания келер жылы Жаңатас қаласында жылына 1 миллион тоннадан астам минералдық тыңайтқыш өндіретін химиялық кешенді салуға кіріспек. Оған 950 миллион АҚШ долларына жуық қаржы бөлінеді деп күтілуде. Кешеннің құрылысы 2018 жылдан бастап кезеңке з е ң і м е н а я қ т а л а д ы д е п жоспарланып отыр, – дей келе, Дмитрий Валышев Мемлекет басшысынан өндірістік кешенді іске қосуға рұқсат сұрады. (Жалғасы 2-бетте).

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды іске асыру мақсатында жəне Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 3), 5) тармақшаларына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл саласындағы уəкілетті орган ретінде оған таратылып отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мүлкін жəне істерін басқару функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі (бұдан əрі – Министрлік) құрылсын. Министрлік үшін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жаңа моделін іске асыру жəне сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу басым міндеттер етіп айқындалсын. 2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды жəне тергеуді негізгі функциялары етіп айқындап, Министрліктің құрылымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы құрылсын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды жəне лауазымнан босатады деп белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі бір ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, А орда, 2015 жыл ы 11 желто сан № 128

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Т.С. Донақовты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі қызметіне тағайындау туралы Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 11 желтоқсан № 129

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 11 желтоқсан № 39

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Пернешұлы Қожамжаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды.

ӨМІРДЕН КІМ ӨТКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?

АЛТЫ АЛАШТЫҢ ӘБІШІ ЕДІ...

Өнерлі істе жеміс бар, Өрелі істе жеңіс бар. Халық мақалы. «ҚАЗАҚСТАН – 2050 » С ТР А ТЕГИ ЯСЫ :М Е

Ж ЕМ М ЕН

Т ІНДЕ

КЕНІШ 2016 ЖЫЛЫ АЙЫНА 140 КИЛОГРАМҒА ДЕЙІН АЛТЫН ӨНДІРМЕКШІ Уалихан ЖАЙЛАУ, «Ақ жол».

Мойынқұм ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 60 шақырым жүрсеңіз, Ақбақай алтын кен орнына кез боласыз. Өңір экономикасын дамытуға қомақты үлес қосып келе жатқан өндіріс орны Елбасының жаңа Жолдауынан туындаған тапсырмалар мен міндеттемелерді жүзеге асыруға дайын ба? Дағдарыс жағдайында еңбек өнімділігін сақтап қалу үшін кəсіпорын қандай шаралар қабылдауға мəжбүр? Жалпы, келешектегі жоспарлары қандай? Осы сауалдарға жауап алу үшін «Алтын алмас» акционерлік қоғамы Ақбақай филиалының басшысы Бағдат Бахрамовпен əңгімелескен едік. (Жалғасы 3-бетте).

А ЛЕ – МЕМЛЕКЕТ НАЗАРЫНД Е С Ә М К І Т Т Е М У Е Л Ә

БАЙЗАҚТАҒЫ ЖАҢА АУРУХАНА 149,6 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ ЗАМАНАУИ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫМЕН ЖАРАҚТАНДЫРЫЛҒАН Сапарғали ƏЛІБАЙ, «Ақ жол» Облыс аумағындағы туберкулез сияқты əлеуметтік сипатқа ие аса қауіпті жұқпалы дерттің алдын алуға, емдеп-сауықтыруға мүмкіндік беретін медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы жыл өткен сайын жаңартылып, жақсартылу үстінде. Соның бір нақтылы айғағы ретінде, кеше Байзақ ауданының Мырзатай ауылдық округінде жобалықсметалық құны 1 168,4 миллион теңгені құрайтын, 60 төсекке арналған туберкулезге қарсы аурухананың жаңа ғимаратының пайдалануға берілгендігін айтсақ та жеткілікті. Оның ашылу рəсіміне облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол тек соңғы үш жылдың бедерінде ғана өңірдегі денсаулық сақтау саласы мекемелерінің əлеуетін арттыру үшін мемлекет тарапынан 8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, игерілгендігіне, нəтижесінде о бл ы с қ а л а л а р ы м е н ау ы л д ы қ елді мекендерінде 46 нысанның

пайдалануға берілгендігіне тоқталды. Солардың санатына осы бүгін ғана пайдалануға берілген, алдағы уақытта Байзақ ауданының тұрғындарына білікті стационарлық медициналық қызмет көрсететін жəне туберкулез ауруына ша лдыққан жандарды емдеуге бағытталған кешенді емдік-

профилактикалық шараларды жүзеге асыратын əрі дəрігері мен орта жəне кіші буын медициналық құрамы аралас жүзге тарта адам еңбек ететін туберкулезге қарсы аурухананың да жататындығын жеткізді. (Жалғасы 3-бетте).

Қазақ елі мен əдебиеті ауыр қайғыға душар болды. Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Əбіш Кекілбайұлы 76 жасында дүниеден өтті. Ол 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Əбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1-сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды о р т а л ау, а л 1 9 5 6 - 5 7 ж ы л д а р ы Үштағандағы орта мектепте оқиды. Əдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталып, 1957 жылғы 5 мамырда «Лениншіл жастың» ауылдағы белсенді тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. 1957 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түседі. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ əдебиеті» газетінде қызмет атқарады. 1962-1965 жылдар аралығында «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. 1965-1968 жылдары ҚазКСР Мəдениет министрлігінде, 19681970 жылдары Кеңес армиясының қатарында, 1970-1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор, 1975-1984 жылдары Қазақстан КП ОК мəдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, 1984-1986 жылдары ҚазКСР Мəдениет министрінің орынбасары, 1986-1988 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы, 1989-1990 жылдары ҚазКСР тарихи жəне мəдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы, 1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі. 1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мəдениет, тіл жəне ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы, 1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі. 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді. 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты. Əбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мəжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады. Əбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. Ауыл өмірінен жазылған повесть, əңгімелер жинағы «Дала балладалары» – Əбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дəуірмен бетпебет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. Əбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ əдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты. Əбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік жəне рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды. Аты əлемге мəшһүр болып, алты алаштың мақтанышына айналған Əбіш – абыздың жаны жұмақтың төрінде болсын!


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
14 желтоксан пдф 2015 by akjolgazet - Issuu