15 казан 2015 пдф

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№128 (18162), Бейсенбі, 15 қазан, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Жуалы ауданы

Меркі

Қордай ауданы Қордай

Бауыржан Момышұлы

=ТАРАЗ Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында мүмкіндігі шектеулі 40 бала әлеуметтік қызметтердің 6 түрін алады. Мүгедектер күніне орай мұнда «Алтын күз» мерекесі өтті. Мерекеде Абай атындағы педагогикалық колледжінің студенттері концерт қойды. Балаларға ойын-сауық түрлері көрсетіліп, мәз-мейрам болысты. Кітап дүкенінің атынан демеушілік жасалынып, ертегі кітаптар ұсынылды.

ПРЕЗИДЕНТ

=МЕРКІ Т. Рысқұлов ауылдық округінде шаруа қожалықтары жерасты суын пайдалануды қолға алды. «Трансфер» шаруа қожалығы (төрағасы В.Бондаренко) биыл 45 метр тереңдіктен 2 құдық қазып, егістігін сумен қамтамасыз етті. Қазір қожалық қосымша 2 құдық үшін ұңғыма жұмыстарымен айналысуда. «Қарт жұрт» ШҚ-ы (төрағасы Т.Халкечев) 6 гектар қызылшаның әр гектарынан 600 центнерден өнім алуда. Бұл қожалықта 2 құдық қазуды қолға алды. =ҚОРДАЙ

ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Отырыста Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтағы қазіргі жағдайы мен перспективалары, сондай-ақ әлемде қалыптасқан геосаяси ахуал талқыланды. Алғашқы мәселе бойынша ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев сөз сөйледі. Талқылауға Үкімет пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері қатысты. Мемлекет басшысы интеграциялық бірлестіктің әлеуетін толық іске асыруға

мүмкіндік бермей отырған әлемдік нарықтағы қолайсыз конъюнктура мен өзге де сыртқы жағдайларға қарамастан, ЕАЭО-ның болашағы жарқын екенін айтты. Мемлекетаралық кооперацияны жолға қойып, экспортты ұлғайту үшін Қазақстан бизнесінің алдынан зор мүмкіндіктер ашылып отыр. Сонымен қатар, Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуына және жалпы ЕАЭО-ның қызметіне теріс ықпалдар әсерін мейлінше азайту жөнінде шаралар қабылдау қажет. « Е АЭ О – т е к э к о н о м и к а л ы қ бірлестік, ол экономика және сыртқы

ЖАҢА

сауда аясында дамуға тиіс» деген Қазақстанның нақты ұстанымы атап өтілді. Мемлекет басшысы отандық өндірушілерді қорғау мен қолдау, олардың тауарлары мен қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін ЕАЭО-ға мүше елдермен қатар өңірлік ауқымда да арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуге айрықша назар аударды. Талқылау барысында ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің кәсіпкерлері үшін тең және әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық елдің санитарлықэпидемиологиялық, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау шараларын

сақтау қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар, Қауіпсіздік кеңесінің отырысында күн тәртібіндегі өзекті халықаралық мәселелер, Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы ахуал талқыланды. Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер мен тәуекелдердің алдын алу шараларын дер кезінде дайындау мақсатымен әлемде және өңірде болып жатқан үдерістерді жіті бақылау қажеттігін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Үкіметке бірқатар тапсырма беріп, олардың орындалуын бақылауды Қауіпсіздік кеңесінің аппаратына жүктеді.

Қазақ Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Үшқоңыр» білім тарату қорының ұйымдастыруымен етті мал өсіруді дамыту және егіншілікте тұқым шаруашылығын жолға қою тақырыбында екі күндік семинар өтті. Аудан аграршылары қатысқан жиында сонау Австралиядан келген мейман, етті мал шаруашылығы бойынша ірі маман саналатын сарапшы Мак Джон Малколм өндірілген еттің жетпіс пайызына дейін экспортқа шығаратын өз елінің бай тәжірибелерімен бөлісті. =САРЫСУ Игілік ауылындағы дәрігерлік амбулоториядағы аудандық орталық аурухананың дәрігерлері кешенді тексеру жүргізу мақсатымен халықты медициналық тексерудің ашық күнін өткізді. Бір күн ішінде 300-ден астам ауыл тұрғыны тексеруден өткізіліп, қосымша Қаратау қаласынан шықыртылған жылжымалы медициналық орталықтың дәрігерлері де ауыл тұрғындарына кеңестерін беріп, емшараларын жасады. Аталмыш іс-шара өзге елді мекендерде де жалғасады.

Теңге тиыннан, Тұлпар құлыннан. Халық мақалы.

ТОЙДАН КЕЙІНГІ ТОЛҒАНЫС

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ

«БАҒҰЛ» БАҒЫ ЖАНАТЫНЫНА СЕНЕДІ ТАРАЗДА ДӘНЕКЕРЛЕУДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ҚОСПА СЫМ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

А. А. Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағын беру туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 14 қазан. №102

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы А. А. Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкерұшқышы» құрметті атағын беру туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Космонавтиканы дамытуға сіңірген еңбегі, «Союз ТМА16М» ғарыш кемесінде ұшу бағдарламасын табысты орындағаны үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 14 қазан. №103

МАРАПАТТАЛДЫ Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.ҚАРАШОЛАҚОВТЫҢ өкімімен ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабы 3-тармағының 7) тармақшасын негізге ала отырып, денcаулық сақтау саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№1 қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жарақат бөлімшесінің травматолог-ортопед дәрігері ШОЛПАНБЕКОВ Рымхан Сейсенбекович Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Таразды сүйемін, сағынып!

ӨМІР ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ

Қайсар ӘЛІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. СҮЙЕ БІЛМЕСЕҢ - НЕСІ ӨМІР?! СҮЙЕ БІЛСЕҢ, ӘНЕ, СОНДА - АҚЖАРМА ТІЛЕК, АҢСАР КӨҢІЛ! СЕЗІМІҢ ШИРЫҒЫП, ШАРПЫЛЫП, МЫҢ ҚАТПАР АСТАРЫНА ҮҢІЛ! ӨМІРГЕ СҮЛЕСОҚ, СЕЛҚОС, ЕНЖАР, ЕРІНІП, ҚАЙМЫҒЫП ҚАРАЙТЫНДАРДАН ТҮҢІЛ! ӨМІР МӘНІ ДЕСЕК, БЕЗБЕННІҢ БАСЫН БАСАР ТАҒЫ СОЛ ҰЛЫ ДА ТӘТТІ ӨМІР! НЕСІН БҮГІП, ЖАСЫРЫП ҚАЛАСЫЗ, ШОЛАҚ ҒҰМЫРДЫҢ ӨЗЕГІН ӨРТЕЙТІН ДЕ, СОЛ БЕЙКҮНӘ ҺӘМ ӨКІНІШТІ ӨМІР! БӘРІБІР, ЫСТЫҚ ҚАНДА, ЖҮРЕК ЛҮПІЛІНДЕ ТИТІМДЕЙ СҮЙЕ БІЛЕТІН ҚАСИЕТ – СЕЗІМ БОЛСА, СЕНІҢ ӨМІРІҢ БАҚЫТҚА БАСТАЛАДЫ… СҮЙЕ БІЛСЕҢ, КЕЛЕҢСІЗДІКТІҢ БӘРІ-БӘРІ ӨМІРДІҢ БОЙЫНАН ЫСЫРЫЛЫП ТАСТАЛАДЫ…

Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА

(ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол». Кәсіпкерлікке бет бұрған азаматтардың өндіріс орындарын құруға ұмтылғаны анағұрлым пайдалы екені анық. Алайда, өнім өндіретін кәсіпорын ашу оңай емес. Тараз қаласындағы «Бағұл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі елдің қажетіне жарайтын өнім түрлерін шығарумен шұғылдануды көптен ойластырып жүрген. Серіктестік биыл дәнекерлеуде пайдаланылатын қоспа сым шығаратын зауытты іске қосуға қол жеткізді. Зауыттың тұсаукесер салтанатына облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке қатысып, кәсіпорынды аралап көрді. Құрылысы биыл ақпан айында басталған жоба жылына 1 мың 500 тонна өнім өндіру әлеуетіне ие. Оны жүзеге асыруға 70 миллион теңге жұмсалған. Мұнда қоспа сымның екі түрі шығарылады. Бұл – дәнекерлеу жұмыстарына кең көлемде қолданылатын жамылғысы бар қоспа сымның екі түрін шығаратын оңтүстік аймақтағы алғашқы өндіріс орны. Кәсіпорынға қажетті шикізат Қытай, Ресей, Украинадан тасымалдануда. Автоматты түрде жұмыс істейтін негізгі құрылғылар Қытай елінен әкелінген. Зауыт 20 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтып отыр. Олардың орташа айлық жалақысы 70-80 мың теңге. Мұндағы жұмыс үдерісі шикізат ретінде әкелінген сымдарды түрлі қоспалар қосып, жұмырлаудан басталады. Бұл өнімге 13 түрлі қоспа қосылады. Олардың арасында мәрмәр ұнтағы, ақ топырақ, илменит, слюда, ферромарганец, бор, крахмал секілді негізгі қоспалар бар. Жұмырлау құрылғысы жұмысын операторлар қадағалайды. Одан әрі шикізат басқа үдерістен өтіп, талапқа сай кесіледі. Ең соңында дайын өнім арнайы бес килограмдық қағаз қорапқа салынып, тұтынушыларға жөнелтіледі. Бір қораптағы өнімнің бағасы – 1 мың 200 теңге. – Болашақта тағы жаңа қондырғылар алып, зауытты үлкейтуді жоспарлап отырмыз. Өніміміз өзіміз күткендей деңгейде өткерілетін болса, алдымен ішкі нарықты қамтимыз. Содан кейін Ресейге, Қырғызстан мен Қытай елдеріне шығара бастаймыз. Ол үшін біздің өнімнің сапасы сырт елдерде шығартылатын қоспа сымдардың сапасынан жоғары болуы қажет. Сондай-ақ, елімізде кәсіпкерлерді қолдау мақсатын көздейтін бағдарламаларға қатысқымыз келеді, – дейді зауыт директоры Айдын Алтай. Тараз қаласы. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ

ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ ПАТРИОТТАРЫ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» – ҰЛТ ПЕН ҰЛЫСТЫ БІР АРНАҒА ТОҒЫСТЫРАР РУХАНИ КҮШ. АСТАНАДА БАС ҚОСҚАН ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БЕЛСЕНДІ ӘРІ ОТАНСҮЙГІШ ҰЛАНДАРЫ ҚОҒАМҒА ОСЫЛАЙША ҰРАН ТАСТАДЫ. «МӘҢГІЛІК ЕЛ – БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТАР ФОРУМЫНА БАРЛЫҚ АЙМАҚТАН 2 МЫҢНАН АСТАМ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСТЫ. ОЛАР ТҮРЛІ САЛАДА ЖҮРГЕН ҮЗДІК ДӘРІГЕРЛЕР, ӘСКЕРИЛЕР, ӨНЕРКӘСІП ЖҰМЫСШЫЛАРЫ, ҒАЛЫМДАР, ЖАС КӨШБАСШЫЛАР, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ, СПОРТШЫЛАР, ТАЛАНТТЫ АКТЕРЛЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫ. (ЖАЛҒАСЫ 2-БЕТТЕ).

ЛГЕ Е Ж , Н А Р Й А Қ Ы Ж Р А Қ Н А Қ ҰШ ? ЗДАНДЫРЫЛАДЫ ЫҚТАР ҚАШАН ГА

НЕМЕСЕ ОРТАЛЫҚ

ҚАЗАНД

ҚЫСТЫ ҚАЛАЙ ҚЫСЫЛМАЙ ӨТКІЗЕМІЗ? «ШУ-ЖЫЛУ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ 16,737 ШАҚЫРЫМ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ШУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 56 КӨП ПӘТЕРЛІ, 241 ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ БАСҚА ДА 347 НЫСАНДЫ ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ. ЯҒНИ, ШУЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫСТЫ ҚАМСЫЗ ӨТКІЗУІНЕ КЕПІЛ БОЛАТЫН МЕКЕМЕ. АЛ ТҰРҒЫНДАРҒА ҮЗДІКСІЗ ЖЫЛУ БЕРІЛУІ ОСЫ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚТЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ЖҮРГІЗУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ. ҚЫС – ҚЫР АСТЫНДА. ҚАР ЖАУЫП, ҚАРА СУЫҚ ҚЫСҚАНДА «ШУ-ЖЫЛУ» ҚАЛАНЫ ТОЛЫҚ ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕ АЛА МА? ӨТКЕН ЖЫЛЫ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАНДЫҚ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ЖЫЛЫТУҒА КӨШЕТІНДІГІ ТУРАЛЫ ҚУАНЫШТЫ ХАБАР ЖЕТКЕН БОЛАТЫН. БІРАҚ, АЙТЫЛҒАН СӨЗ СОЛ КҮЙІ ҚАЛҒАН СЕКІЛДІ. АРАДА ЖЫЛ ӨТСЕ ДЕ, ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ ЕСТІЛМЕЙДІ. БІЗ ДЕ ОСЫҒАН ОРАЙ ЖЫЛЫТУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІНЕ КӨШУГЕ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАНДЫҚ ҚАНШАЛЫҚТЫ ДАЙЫН ЕКЕНІН БІЛМЕК БОЛЫП, ТИІСТІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ ХАБАРЛАСТЫҚ. АЛАЙДА, АЛЫНҒАН ЖАУАП КӨҢІЛ КӨНШІТПЕДІ.

(ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.