Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу Сар С Сары Са ар а ары ры ысу су ау ауда а ауд уда уд уд да аны ны ауданы
Жамбыл облысты о амды саяси газет
Мой Мо М ой йы ын Мойынқұм а ау у уд уда дан да ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№120 (18314), Сенбі, 15 азан, 2016 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
НДА ЖАҺА
ПРЕЗИДЕНТ
БАЭ «АЛАДДИН» ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ Дубайда салынатын «Аладдин» қаласының сәулетін жобалау басталды. «Аладдин мен теңізші Синбад» деген араб ертегілерінің желісі бойынша салынатын жоба «Dubai Creek» бұғазында орналасады. Бұл қалашықтың салынатыны 2014 жылдан бері хабарланып келеді. Оның ішінде сауда орталықтары және қонақ үйлер орналасады, оларды айдаһар мен жыланның кейпіндегі қозғалмалы «дәліздер» жалғайды. Жобаның жалпы ауданы – 110 мың шаршы метр. ОҢТҮСТІК КОРЕЯ МИНИСТРЛЕРГЕ «АҚЫЛДЫ САҒАТ» ТАҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ Елде министрлерге үкімет отырысы кезінде «Apple» компаниясының «ақылды сағаттарын» тағып отыруға тыйым салынды. Бұл сағаттарға ресейлік хакерлер кибершабуыл жасауы мүмкін деген қауіптен туындаған. Хакерлер «ақылды сағаттарды» тыңдау құрылғысы ретінде пайдалануы мүмкін екен. Бұған дейін де осындай қауіппен Британия парламентінде мобильді құрылғыларды ұстауға тыйым салынған болатын.
ЫЛ ЖАМБ
ДА
ЖАМБЫЛ ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ТАЯУ Өндіріс қуаты бір мезгілде 316 мың тауық пен 84 мың балапан өсіріп, жылына 90 миллион жұмыртқа шығаратын және 280 тонна құс етін өндіретін «АсаDAMU» ЖШС-ның құс фабрикасының құрылысы аяқталып келеді. Жобаның құны 2 миллиард 550 миллион теңгені құрайды. Таяу уақытта мұнда 95 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Елбасы Бас прокурор Жақып Асановты қабылдады. Кездесу барысында Ж.Асанов Мемлекет басшысына құқық қорғау органдарының жұмысы жөнінде мəлімдеп, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру жолындағы тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады. Қазақстан Президенті заңдылық пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Антониу Гу т е р р и ш ке Б і р і к ке н Ұ л т т а р Ұйымының Бас хатшысы лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Жеделхатта дауыс беру нəтижелері ұйымға мүше елдердің А.Гутерришке деген зор
ӨҢІР ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. * * * Мемлекет басшысы Астана қаласының əкімі Əсет Исекешевті қабылдады. Кездесу барысында Елбасына Ə.Исекешев елорданың биылғы 9 айдағы əлеуметтікэкономикалық даму қорытындылары, Тəуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеуге жəне ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындық барысы туралы баяндады.
сенімін көрсеткені атап өтілген. «Бүгінде біздің алдымызда тұрған елеулі сын-қатерлерді ескерсек, бұл с енім вотумының маңыздылығы ерекше. Терроризм жəне экстремизмге қарсы күресу, Орталық Азия мен Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз
Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА
Атап айтқанда, қала əкімі Қазақстан Президентіне əлеуметтік маңызы бар нысандар жəне өзге де ғимараттар құрылысының кезеңдері, оларды іске қосуға əзірлік барысы туралы мəлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаев негізгі нысандарды іске қосудың белгіленген мерзімін сақтау қажеттігін, сондай-ақ құрылыс сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
ету, сондай-ақ ядролық қаруды таратпау – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның қызметінің басты мəселелері. Бұл бағытта белсенді түрде жемісті ынтымақтастық орнатамыз деп үміттенемін» делінген
жеделхатт а. Соңында Қазақст ан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев А.Гутерришке жауапты қызметіне табыс тілеп, еліміздің БҰҰ-мен тиімді өзара іс-қимылы одан əрі жалғаса беретініне сенім білдірді.
АН – 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗД «ҚАЗАҚСТ ІГІ
МОЙЫНҚҰМ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ЖЕМШӨП ЖЕТКІЛІКТІ Қысқы мал азығын дайындау барысында ауданда 76550 тонна пішен дайындалуы тиіс болса, тиісінше 88200 тонна шөп дайындалды. Оның ішінде 74248 тонна табиғи шөп болса, оның 13 952 тоннасы – 2478 гектар алқапқа орналасқан көпжылдық шөп жоңышқадан дайындалған құнарлы мал азығы. Мойынқұмдық шаруалар алдағы қыста шөптен тарықпайтындықтарына сенімді.
Ата ұлын күндеген, Атасына жаумен тең. Ата сөзін білмеген, Бұлағы жоқ таумен тең. ІК – СІЗД Л УЕ ТӘ
ТҰҒЫРЫМ!
АҚПАРАТТЫҚ ПОЙЫЗ АУЫЛДАРҒА АТТАНДЫ
І Р Е Д З Ө Ң Ы Н Ы С Я И Ц И Л О П ЖОЛ Р Ы Т О П Ы Р А Б А Қ Қ Ы Д З Ы С Л ЖО Нұрым СЫРҒАБАЕВ, «Ақ жол».
13 ҚАЗАН КҮНІ ТАҢҒЫ САҒАТ 8-ДЕ АБАЙ МЕН ТӨЛЕ БИ ЖӘНЕ ТӨЛЕ БИ МЕН ӘЙТИЕВ КӨШЕЛЕРІНІҢ ҚИЫЛЫСҚАН ТҰСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ӨТЕТІН ЖОЛ ЖАБЫЛДЫ. ОНЫ ЖАПҚАН ЖОЛ-ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АЛАҢ АЙНАЛАСЫНДА ОРНАЛАСҚАН МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӨЛІКТЕРІН ДЕ ӨТКІЗБЕЙ ҚОЙДЫ. (Жалғасы 4-бетте).
ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚАЖЕТТІ ҚАНТТЫҢ ШАМАМЕН 75 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ СЫРТТАН ТАСЫМАЛДАНАДЫ. ҚАНТПЕН ОБЛЫСЫМЫЗДЫ ТОЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ӨҢІРІМІЗДЕ АУҚЫМДЫ АГРОШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНЫП, ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА. Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Биыл облысымыздың жеті ауданында 6 мың гектарға жуық алқапқа «тəтті түбір» егіліп, өсірілген болатын. «Балапанды күзде сана» демекші, агроқұрылымдар қазан айының алғашқы күнінен бастап оны жинауға кірісті. Меркі, Қордай, Шу, Байзақ аудандарында «бал тамырдан»
мол өнім жиналуда. Қызылша қазығы басталған күні қант зауытына өз өнімдерін бірінші болып өткізген Жамбыл ауданының еңбеккерлерінің де қимылдары қарқынды. Науқанға жергілікті тұрғындар да көптеп тартылған. Дала төсінде қауырт та қызу еңбек. Біз Көлқайнар ауылдық округіне қарасты «Қызыл диқан» өндірістік кооперативінің қызылша алқабына
Шынар АСАНҚЫЗЫ, «Ақ жол».
барғанымызда, осындай берекелі істің куəсі болдық. Кооператив төрағасы Нұриддин Бегмановты да алқап басынан жолықтырдық. Оның да жүзінен қуаныш, шаттық лебі еседі. Енді ше, қызылшалары аттың басындай жəне 50 гектарға егіліп өсірілген қызылша дақылының өнімі көңіл тоғайтарлықтай əрі елге де нəсіп болып тұр. (Жалғасы 3-бетте).
Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тəуелсіздікке – 25 жыл!» атты ақпараттық пойызы Жамбыл темір жол бекетінен салтанатты жағдайда «Жамбыл – Жуалы» жəне «Жамбыл – Шу – Шығанақ» бағыттарына жолға шықты. Облыс əкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков Ақпараттық пойыз мүшелеріне сəттілік тіледі. Құрамында облыс əкімдігі басқармаларының қызметкерлері, зиялы қауым, этномəдени орталық өкілдері жəне дəрігерлер мен мəдениет саласының қызметкерлері, барлығы 80 адам бар ақпараттық пойыз вагондарына 90 тонна азық-түлік тауарлары тиелген. Пойыздың «Жамбыл – Жуалы» бағытындағы тобы аудан орталығы Б.Момышұлы ауылында болды. Жиын барысында ақпараттық топтың жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңғар Сəлімбай сөз алып, шараның маңыздылығын түсіндірді.
(Жалғасы 2-бетте).