15 караша пдф

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм Шу ауданы

Талас ауданы

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Жуалы ауданы

Меркі

Қордай ауданы Қордай

Бауыржан Момышұлы

l ТАРАЗ

№158 (18015), Сенбі, 15 қараша, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

Облысымыздың ұстаздары жуырда Павлодар қаласында «Дарын» республикалық ғылымипрактикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жылдың үздік психологы» байқауынан олжамен оралды. Атап айтқанда, жамбылдық педагогпсихологтар Айман Аманқұлова (Т.Рысқұлов ауданы, Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінен) бірінші, Ғалымжан Салықбаев (Т.Рысқұлов ауданы, Қызылшаруа шағын орталықты орта мектебінен) пен Гауһар Қазыбаева (Меркі ауданы, №5 Ақарал орта мектебінен) екінші, Күлбадан Ералиева (Тараз қаласы, №47 орта мектебінен) «Үздік портфолио» аталымы бойынша жүлделі орындарды иеленді.

ПРЕЗИДЕНТ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

НЫҒАЯ БЕРМЕК

БЕЙСЕНБІ КҮНІ ОБЛЫС АКТИВІ ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ «НҰРЛЫ ЖОЛ — БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» АТТЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ. ЖИЫНДА КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ.

l ЖАМБЫЛ Әкім Тарази атындағы орта мектепте мектеп ұжымының қолдауымен «Қайырымдылық – жылы жүректен» атты акция өткізілді. Акция барысында мектептің тоғыз оқушысы жылы күртешемен, он оқушы қысқы аяқ киіммен қамтылды.

l ҚОРДАЙ Аудан әкімдігінің қолдауымен кезінде еселі еңбегімен өңірдің экономикасын дамытуға лайықты үлес қосқан он қария Астана қаласына саяхаттап қайтты. Үш күн бойы олар Елорданың әсем көшелерін аралап, ғимараттарын тамашалап, «Бәйтерекке» көтеріліп, Президенттің мәдени орталығы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Орталық мешіт, «Атамекен» Қазақстан картасы, «Хан шатыры» сауда кешені, «Думан» ойын-сауық орталығы, «Алжир» тәрізді белгілі орындарда болды.

ЖОЛДАУДЫҢ МӘНІ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚАМЫ

ЖАЗЫЛ

Ы

М

- 20

15

ОҚЫРМАННЫҢ ОЙЫН ҚОЗҒАЙМЫЗ

«АҚ ЖОЛ» КӨПТІҢ КӨКЕЙІНДЕГІНІ АЙТАТЫН БАСЫЛЫМ» ДЕЙДІ ҚОРДАЙЛЫҚ ОҚЫРМАНДАР

Бірлік ауылындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Берке Тұрғанғали Павлодар қаласында 1989-2000 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында өткен «Жас барыс» республикалық қазақша күрестен жүлделі үшінші орын алды. 38 салмақ дәрежесінде белдесуге шыққан жас балуан қола медаль мен грамотамен марапатталды.

l САРЫСУ «Игілік» өндірістік кооперативі лизингке әрқайсының құны 3 миллион 740 мың теңге тұратын екі «МТЗ-82-1» тракторын, 980 мың теңгенің бір «КУН10» шөп тиейтін техникасын алды. Шаруашылықтың өз қаражатына алынған екі «МТЗ-82-1» тракторының бірінің 50 пайыз құны мемлекет тарапынан төленетін болды.

l ШУ

— Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулары – еліміздің рухын асқақтатып, күш-қуатын біріктіретін құжат. Әр жылғы Жолдаудың өз жаңалықтары бар. Дегенмен, Жаңа Экономикалық Саясатқа негізделген «Нұрлы жол» бағдарламасының тарихи маңызы зор, — деді Кәрім Нәсбекұлы өз сөзінде. — Өйткені, Елбасы геосаяси жағдайға нақты баға беріп, алыс және жақын болашағымыздың бағдарын айқындап беріп отыр. Сондықтан, Жолдауды бәрімізді біріктіретін, болашаққа сенімді қадам деп айтуға толық негіз бар. Жолдаудан туындайтын міндеттер ел экономикасының қуатын еселеуге бағытталады. Халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер белгіленген. Келесі жылдан бастап дағдарыстың алдын алу мақсатында көптеген салаларға бюджеттен, Ұлттық қордан, шетелдік инвестициялардан экономиканы дамытуға қомақты қаражаттар бөлу туралы Үкіметке тапсырмалар берілді. Басталған жобаларды аяқтау және аса өткір мәселелерді шешу

Орағың өткір болса, Қарың талмайды. Отаның берік болса, Жауың алмайды.

– Тоқсан жылдан аса тарихы бар облыстың бас газетін сіздерге таныстырып жатудың қажеті шамалы, осы залға «Ақ жолдың» кіл жанашырлары жиналды деп ойлаймын, – деді Көсемәлі Сәттібайұлы. – Алғашқы нөмірінен бастап газет облыс өңірінің шежіресін хаттап, жаңашылдықтың жаршысы болып, көкейкесті мәселелерді көтерумен келеді. Биылғы сәуір айынан бері басылымның бейнесін өзгертіп, мазмұнын тереңдетіп, тақырыптар ауқымын кеңейту жолында ізденістер жасап жатырмыз. Мәселен, «Тарих ақтаңдақтарын» ақтарғанда» айдарымен «Ақ жол» газетінің арнайы экспедициясымен алғашқы бір сапарымызда осы Қордай ауданының Қаракемер, Қарасай ауылдық округтеріндегі Кенесары ханның соңғы соғысы өтіп, ақтық демі үзілген жерлерде болып, қырғызбен шекараға дейін барып қайттық. Журналистік зерттеулер жүргізіп, бұрын айтылмаған, жазылмаған тың жайларға да қанықтық. Ең маңыздысы хан қаза тапқаннан кейін сүйегі жасырын көмілген жерді нақты білетін адамдардың барын білдік. (Жалғасы 4-бетте).

әл-ауқаты жақсарады деген сөз. Облыс аумағында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында 8 сервистік кешеннің құрылысы үшін жер телімдері белгіленіп, 2,4 миллиард теңгеге инвестиция тартылуы күтілуде. Нәтижесінде, 160-тан астам жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ, жүк және жолаушыларды тасымалдау көлемі де ұлғаятын болады. Оның үстіне сырттан келу және ішкі туризм түрлері бойынша 85 мыңнан астам келуші облыс аумағы бойынша қолайлы қозғалу мүмкіндігін алады. Міне, осыған байланысты облыс әкімі аудан әкімдеріне, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына аталмыш сервистік кешендерді салу жұмыстарын жеделдетуді тапсыратындығын атап көрсетті. Облыстағы жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеу мен күтіп ұстауға 2015-2020 жылдар аралығында барлық бюджет көздерінен 16 миллиард теңге қаржы қарастырылу жоспарлануда. Соның есебінен 633 шақырым автожол күрделі және орташа жөндеуден өткізілмек. (Жалғасы 3-бетте).

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».

Бейсенбі күні Тараз қалалық мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының ХІІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға партия облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, партия қалалық филиалы саяси кеңесінің

БАҒАНА ҮШІН

БАҚЫР ДА ТӨЛЕМЕЙДІ

Естеріңізде болса, «Жамбыл электр жүйелері» ЖШС-ы атқамінерлерінің облыс кәсіпкерлеріне «бұдан былай электр бағандарын «жалға» алып, оған қосымша ақша төлейсіңдер» деп мәжбүрлегені туралы жазғанбыз. Кәсіпкерлердің реніші тиісті мекемелер мен ұйым басшыларынан қолдау тапты. Енді кәсіпкерлер электр бағандары үшін қосымша ақы төлемейтін болады.

мүшелері, партия ардагерлері, бірқатар облыстық және қалалық мекемелер мен кәсіпорын басшылары, жастар қоғамдық бірлестіктері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Мемлекеттік Әнұранмен ашылған алқалы басқосуда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың 11 қарашасындағы Қазақстан

халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер және «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы саяси кеңесінің 2012 жылдың қазаны мен 2014 жылдың қазаны аралығында атқарған жұмысы туралы мәселе күн тәртібінен шығарылды. Бұл бойынша партия қалалық филиалының төрағасы Қаржаубай Бекболатов баяндама жасады. (Жалғасы 4-бетте).

Қаз-қалпында

Қара шаңырағыңызды

“АҚ ЖОЛҒА”

ҚАДІРЛЕЙСІЗ БЕ?

жазылыңыздар, ағайын! « ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН 1 жылға

6 айға

Индексі

Ауыл тұрғындары үшін

4227.0 теңге

2113.5 теңге

65457

Қала тұрғындары үшін

3768.36 теңге

1884,18 теңге

65457

КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН

Қала

ЖАҢҒЫРЫҒЫ

«НҰР ОТАН» ДАМУ КӨШІН АЛҒА СҮЙРЕЙ БЕРЕДІ

ЖАЗЫЛЫМ – 2015

Ауыл

Й

Ң ДЫ

НҰРЛЫ ЖОЛҒА БАСТАУ, АУҚЫМДЫ ІСКЕ АРҚАУ

Халық мақалы.

Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол». Өз оқырмандарымен кезекті кездесуін «Ақ жол» газетінің бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы, редактордың орынбасары Фариза Әбдікерімова, фототілші Ақәділ Рысмахан және осы жолдардың авторынан құралған топ сейсенбі күні қордайлықтармен өткізді. Аудан әкімдігінің мәжіліс залына ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зейнеткерлер мен кәсіпкерлер жиналған. Аудан әкімі Қайрат Досаев көпшілікке қонақтарды таныстыра келе, алғашқы сөзді басылымның басшысына берді.

үшін Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш қаржы бөлінбек. Мемлекет басшысы бөлінген қаржыны ұқыпты, өз мақсатына жұмсауды қатаң бақылауға алуды міндеттеп отыр. Жолдауда көтерілген мәселелерді іске асыру үшін біз бірлесіп жұмыс істеуіміз керек, бөлінген қаражатты ұтымды және тиімді игеруіміз қажет. Мен өзімнің орынбасарларыма айтылған тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырамын, — деді облыс әкімі. Жалпы, Жаңа Экономикалық Саясаттың өзегі – 7 бағыт бойынша инфрақұрылымдық даму болып отыр. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша Елбасы бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажеттігін айтып өтті. Соның бірі — облыс аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі. Бұл жұмыс 2015 жылы толығымен аяқталатын болады. Елбасы атап өткендей, жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі. Жүректен тарайтын артериялар, күннен тарайтын шұғыла сияқты. Тек жол салу арқылы ғана республика көлемінде 200 мың жұмыс орны ашылады. Бұл осынша отбасының

НЖ А

Сапарғали ӘЛІБАЙ, «Ақ жол».

Аудан әкімдігінде облыс әкімдігінің Дін істері басқармасы жанындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығының қолдауымен «Гуонлен» жастар орталығы семинар өткізді. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ оқытушысы, дінтанушы Сәкен Омаров діни мәселелерге кеңінен тоқталып, тыйым салынған ағымдар, дін мен білімнің, дін мен саясаттың байланысы турасында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, семинарда «Гуонлен» жастар орталығының жетекшісі Р. Бакиров, Шу аудандық орталық мешітінің бас имамы Қ. Мұсаев, Проваслав шіркеуінің діни қызметшісі И. Погорелов сөз сөйледі.

ЖАЗЫЛҒА

Елбасы Грузияның Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвилиді қабылдады. Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция және энергетика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегі талқыланды. Мемлекет басшысы елдеріміз арасындағы қарымқатынас өзара тиімді дәстүрлі серіктестіктің негізінде дамып келе жатқанын айтты. – Қазақстан Грузиямен әрдайым жақсы қатынаста болды. Біздің екіжақты байланыстарымыз тәуелсіздік жылдары қарқынды дамыды. Біз Грузиямен ынтымақтастықты барлық бағытта, саясатта да, экономикада да бұдан әрі нығайта беруге дайынбыз, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Өз кезегінде Грузия Премьер-Министрі Қазақстанға екі елдің өзара ықпалдастығын арттыру және кеңейту үшін келгенін айтты. – Бұл менің Сіздің елге Премьер-Министр ретінде келген алғашқы ресми сапарым. Қазақстан бізге дос әрі өте жақын мемлекет болып саналады. Қазақстанға, оның халқына біздің елде әрдайым айрықша ілтипатпен қарайды. Мен экономикалық, саяси және сауда қарымқатынастарымыз алдағы уақытта да тереңдей береді деп үміттенемін, – деді И.Гарибашвили. * * * Мемлекет басшысы Монако Князі Альбер II-мен кездесті. Кездесу барысында екі мемлекеттің басшылары саудаэкономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Тараптар жаңғыртылатын энергетика, туризм және электроника салаларында екіжақты іс-қимылды дамытуға зор әлеует бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Альбер II халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.Соныман қатар Монако Князі Тұңғыш Президент Кітапханасын аралап көрді, онда құрметті қонаққа «Әлемді өзгертетін идеялар» деп аталатын интерактивті білім орталығы және тақырыптық кітап коллекциялары таныстырылды.

l МОЙЫНҚҰМ

1 жылға

6 айға

Индексі

4726.92 теңге

2363.46 теңге

15457

4268.28 теңге

2134.14 теңге

15457

Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол». Ау ы л д а м ы з . А ғ а м б і р сөзінде «Жаңабай қарияның ескі қонысына Алматыдағы ғалым баласы шағын үй салды» деп қалды. Елең еттік. Айтып тұрғаны – бір кездегі сыныптасым Жасанның үйі. Жерлесіміз, физика-математика ғылымдарының докторы Зейнолла Жаңабайұлының мұнысы «қара шаңыраққа» деген құрметі ме екен? Олай ойлайтыным, үйлерінің орны үйінтікке айналғанына біраз жыл болған. Естуімізше,

Зекең «жаңа қонысының» құрметіне ағайындарына дастархан жайып, дәм беріп, әруақтарға Құран бағыштатуды да ұмытпапты. Көп өтпей телефон арқылы ағамыздың өзімен де тілдестік. – Ауылдан үй салыпсыз... Құтты болсын! – Солай болды. Көптен ойымда жүрген жай еді өзі. – Құпия болмаса... – Құпия ештеңесі жоқ. Бас-аяғы үш миллион теңге жұмсадым. Ауылдағы бауырымның баласы тұрғызды үйді... – Не үшін? Алматыда үйіңіз бар емес пе? – Мен үшін ауылдан асар ешқандай «курорт» жоқ. Еңбек демалысымды сонда

өткізем енді. Балаларым да, бауырларым да сөйтеді... Мұны дәстүрге де айналдырамын. Шамасы, әңгімеміз аға көңілінің нәзік қылын тербедіау, ағынан жарылды. «Ол үйге жалғыз өзім бір күн түнедім. Ай жарығы астында есік алдында да отырдым. Осында өткізген балалық, жастық шағым көз алдымнан тізбектеліп өтті. Ауыл күндіз ыссы болғанмен, түні салқын келеді ғой. Ғажап әсер алдым! Бір бөлмесіне «әруаққа құрметім болсын» деп әке-шеше, ата-бабаларымның суреттерін ілдіріп қойғанмын. Көктем шыға ауласына түрлі сәндік және жеміс ағаштарын да екпекпіз. Жәй күндері сонда тұратын бауырымның балалары қарайды, жоңышқасын орып

алады дегендей... Бір өзінен әлденеше буын ұрпақ өрбіген туған үйіміз қыста да, жазда да бос тұрмайды» – деді Зекең нық сеніммен. Саяжайын көк желекке малынған Астана, Алматыда емес, ауылда салған ағамыздың бұл бастамасы, шынында да, басқаларға үлгі боларлықтай емес пе?! Қазақ үшін «қара шаңырақ» ұғымы қашан да қасиетті, киелі. Ал сіз ше?.. Қара шаңырағыңыздың қадіріне жетіп, киесін ұғына алып жүрсіз бе? Ойық ауылы, Талас ауданы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.