ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№5 (18039), Бейсенбі, 15 қаңтар, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
www. akjolgazet.kz
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
Жамбыл облыстық дүнген жастарының профессор Р. Бакиров жетекшілік ететін «Гуонлен» жастар орталығының сұранысы бойынша журналист М.Ноқрабековтің жетешілігімен бір топ қазақ және дүнген тілі мамандары Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында Қазақстанда алғаш рет «Қазақша-дүнгенше және дүнгенше-қазақша» сөздік дайындап шығарды. Сөздік Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитетінің қаржылай қолдауымен «Рысбаева и Ко» ЖШС баспасында шығарылып, Алматы, Жамбыл облыстары мен Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығына жіберілді. Сөздік қазақ тілін білсем, үйренсем деген дүнген жастарына арналған.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.
ЕЛДІҢ ЖҮГІ – ЕРДІҢ ЖҮГІ
(Жалғасы 2-бетте).
Төле би
l ТАРАЗ
ИНТЕГРАЦИЯ ИГІЛІГІ: БАРЫС-КЕЛІС, АЛЫС-БЕРІС
l БАЙЗАҚ Аудандық орталықтандырылған кітапханада 4 миллион 643 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Есіктерезелері түгелдей жаңартылып, жылу жүйесі қайта орнатылды. Қабырғалары қайта сыланып, әктелуде.
l ҚОРДАЙ Қақпатас ауылдық округінің орталық усадьбасын газдандыру жалғасуда. Былтыр күзде қолға алынған жұмыспен 58 үйге газ кіргізілген болса, биыл қалған 282 үйдің тұрғындары да «көгілдір отынның» жылуын сезінетін болады. «Іргеміздегі Беріктас ауылын газдандыру мәселесі де биыл шешімін таппақ, – дейді ауылдық округ әкімі Серікбай Естаев. – Әр үйге табиғи газ кіргізу шығыны 320 теңгеден айналуда».
l Т. РЫСҚҰЛОВ Луговой ауылдық округінің әскери қалашығында дәрігерлік пункт ашылды. Құрылысты жүргізген «Қанатты тұлпар» ЖШС мемлекеттік бюджеттен бөлінген 26 миллион 978 мың теңгенің жұмысын сапалы жүргізді. Енді ауданда тұратын әскери қызметшілер, олардың отбасылары осында денсаулығын түзеп, ем-дом қабылдайтын болады.
ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЭНЬСИ ПРОВИНЦИЯСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ.
l ТАЛАС Аудан әкімдігінің көмегімен Қаратау қалалық әкімшілігінің бір бөлмесі «Асар» мүгедектер қоғамына берілді. Жаңа жайға қала кәсіпкерлері демеушілік жасап, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті жиһаздар әперді. Қоғам енді мүгедектермен қоянқолтық жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерінің оң шешімін табуға көмектесетін болады.
Жамбыл - Шэньси
ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСЫ Аймақ басшысы онда бірқатар кездесулерге қатысып, ауыл шаруашылығы, медицина, туризм және басқа да салалар бойынша сұрақтарды талқылайды деп жоспарлануда. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы мен Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясы арасындағы іскерлік байланыс туралы меморандумға қол қойылады деп күтілуде. Айта кету керек, бұл – облыс әкімінің Шэньси провинциясына жасаған екінші сапары. Бірінші кездесуде қытай кәсіпкерімен 300 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жобаны іске асыру туралы, сонымен қатар облыс әкімдігі мен Шэньси провинциясының халықтық үкіметі арасында ауыл шаруашылығы, медициналық, туристік және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды көздейтін өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылған болатын. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Шэньси
провинциясы Қытайдың жетекші ауыл шаруашылығы өңірі (әлемдегі алманың 10 пайызы осы жерде өсіріледі) болып табылатынын атап өткен еді. «Біз олармен осы салада бірлесіп жұмыс істемекпіз. Ежелгі Сианьда екі мыңжылдық тарихы бар Тараз арқылы өтетін Ұлы Жібек жолы басталған. Сондықтан біздің бауырлас қалалар мен өңірлер арасында туристік саланы дамытпақ ойымыз бар. ЭКСПО2017-ге біз Тараздың ежелгі тарихымен таныстыру үшін қытайлық туристерді молынан тартуға ниеттіміз», – деген болатын Кәрім Нәсбекұлы өз сөзінде. Облыс басшысының араға уақыт салып, көршілес Қытай еліне тағы сапарлап баруы өңірдің дамуына ықпалын тигізетін түрлі саладағы көптеген игі бастамалардың жүзеге асуына жол ашпақ. «Ақ жол-Ақпарат».
О й мақ т ай ой
СТ
Жылатып
ДА? Р ДОС ҚАЙ
АЙТА
й, Қыз да ың дос таба алма қт за қа н не ті ігі «Ж ққа дос шағамын...». Ақиы ң мұ н ға са н ме олдас болсаң басқаға қайдан ж ер тт ігі ж л бұ н ға е жүріпбола алма мен мадақтау, бірг ау қт ма ты ық ст Әйтпесе, болмақ?! До п қана түсінеді. қ, м ен ің де лу кү р бі п, на ра тұру, бірге ой сс е тү сс ін , бі ы зғ а сы за т тү м сы қалыптасады на ы ат ар ақ з адам болып ғы на м сы до н азаматты сынымнан соң айтып салаты е тк бе ай рд ес ің із ге деп, барды ба ел іс пе се ңі з, К қ. ы ад йм ай сы н ке зд ес ті ре қо қа ш ан , қа нд , ге м кі з, ңі тү сі рі п кө рі телігіңізді емесе Сізге қа Н з? ңы ы тт ай а? ан біреу бар м бүкпесіз айтқ
– АН
«ҚАЗАҚ
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбеков жаңа жылдың алғашқы жартысында Елбасының өткен жылда атқарған жұмыстарының ақпарын жариялауды дәстүрге айналдырған. Бір қарасаң, мұнда тұрған ештеңе жоқ сияқты. Бірақ мемлекет шежіресі үшін маңызы зор деректер мен дәйектерден тұратын дүниені зейін қойып оқи бастасаңыз, Елім мен Жерім деген Елбасының ердің ері ғана мойымай көтере алатын ерекше еңбегіне еріксіз таңғаласыз. Елі мен Жерінің қамы үшін Елбасының жер шарының түкпір-түкпіріне баруға тура келетін сапарларға келгенде, елгезектігіне сүйсінесің. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының өмірі мерекемен ғана шектелмейтініне көзің жете түседі. Небары бес күннен аспайтын жұмыс аптасында «бір күн ауру, бір күн сау» боп жүретін кейбір қызметкерлер үшін өзіңнен өзің ұяласың. Мына деректерге қараңызшы, шетелдер мен өңірлерге жасаған жұмыс сапарлары, түрлі мәжілістер мен отырыстар, халықаралық және республикалық форумдар, конференциялар мен съездер, шетелдік мемлекет және қоғам қайраткерлерін қабылдаулар, жұртшылық пен еңбек ұжымдары өкілдерімен кездесулер, өнеркәсіп кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарда болу, соның бәрін қоса алғанда, Президент Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен жылы 700-ге жуық хаттамалық іс-шара өтіпті. Мысалы, Мемлекет басшысы өткен жылы 12 мәжіліс өткізсе, соның 8-і Үкімет мүшелерінің, Президент Әкімшілігі басшылығының, орталық мемлекеттік органдар басшыларының, 2-еуі облыстар мен Астана, Алматы қалалары әкімдерінің қатысуымен, 2-еуі көшпелі мәжіліс болған. Президент жанындағы консультативтік-кеңестік органдар желісі бойынша Н. Ә. Назарбаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Ұлттық инвесторлар кеңесінің, Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің бір-бір отырысы және Қауіпсіздік Кеңесінің 5 отырысы болып өтіпті. Жыл бойы депутаттық корпуспен өзара тұрақты түрде жұмыс жүргізген Президент Парламенттің екі отырысына қатысқан, сондайақ, Парламент палаталары төрағаларымен және парламенттік фракциялар жетекшілерімен кездескен. Мемлекет басшысы жылқы жылы ел өңірлеріне 17 жұмыс сапарын жасапты: Алматы қаласында үш рет, Атырау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облысында екі реттен, сондай-ақ, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында болған. Сонымен қатар, Астана қаласында да Президенттің ұдайы жұмыс бабындағы кездесулері болып тұратыны белгілі. Екіжақты қарым-қатынастар аясында шетелдерге жасалған 8 сапарын, сондай-ақ, 17 мемлекетаралық саммит пен 4 халықаралық форумды қоса алғанда, өткен жылы Президенттің қатысуымен халықаралық сипаттағы 150-ге тарта іс-шара болыпты. Сондай-ақ, Елбасы 25 баспасөз конференциясы мен брифинг өткізіп, отандық және шетелдік БАҚ-қа 12 сұхбат берсе, 5 бейнежазба үндеуін жолдаған. Бұдан басқа халықаралық ядролық қауіпсіздік және Қазақстан мен Еуропалық Одақтың екіжақты ынтымақтастығы мәселелері бойынша шетелдік БАҚ-та Елбасының 2 мақаласы жарық көріпті. Президенттің бір жылда 6 600-ден астам құжат қарап, қол қоюы да Қазақстан тарихы шежіресіндегі таңдай қағарлық жәйттердің бір мысалы болып қалары анық. Оның ішінде 118 заң, 266 жарлық, 88 өкім, 18 мәжіліс хаттамасы, 1 027 қызметтік құжат, 4 762 талдамалық және ақпараттық-анықтамалық материал, азаматтардың 331 арыз-шағымы бар екен. Сөйтіп, Мемлекет басшысы, барлығын қоса алғанда, тұлпар жылы 56 күн іссапарда болып, соның ішінде 29 күн шетелде, 27 күн Қазақстанның өңірлерінде өткізген. Қазақстан өзінің Еуразиялық интеграцияны нығайту жөніндегі стратегиялық бағытын ұстана отырып, өткен жылы Ресеймен және Беларусьпен бірлесіп, тарихи маңызы бар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойғаны белгілі. Кейінірек шартқа Армения мен Қырғызстан қосылды. Қазақстан өзінің сыртқы саясатының еуроатлантикалық бағытында да елеулі табыстарға қол жеткізе түсті. «Мәселен, Мемлекет басшысының Бельгияға қыркүйектегі ресми сапары барысында Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім, сондай-ақ, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі мәселесі жөніндегі келіссөздер үдерісі аяқталды» деп жазады Президент Кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбеков. Сондай-ақ, ол Америка тарапымен де байланыс белсенді болғанын, атап айтқанда, Нидерландтағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Н. Ә. Назарбаевтың АҚШ Президенті Б.Обамамен кездесіп, кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдету, ядролық қаруды таратпау ісіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілгенін қуана хабарлайды. Қазақстанның Азия бағытындағы сыртқы саясатының интенсивтілігі мен мазмұндылығы да бұдан кем түсе қоймапты. Оның басымдықтары Қытай, Иран, Түркия сияқты өңірдегі ең ықпалды деген мемлекеттермен, сондай-ақ, Орталық Азиядағы көршілермен қарым-қатынастарды одан әрі тереңдете түсуге байланысты болған. «Қытаймен қарым-қатынас мүлде жаңа деңгейге көтерілді. Қытай мен Ресейдің жақындаса түскені байқалған тұста бұл байланыстар қосымша қарқын алды. Мәселен, Қазақстан Президентінің ҚХР-ға мамыр айындағы мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 8 миллиард долларлық екіжақты 15 құжатқа қол қойылды. Өнеркәсіп, энергетика, көлік және транзит, инфрақұрылымды дамыту, сауда, ғылым және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты арттыру туралы маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Қытаймен арада бастау алған бастамалар мен жобалар Мемлекет басшысының Қазақстанға желтоқсанда ресми сапармен келген ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен болған келіссөздері барысында беки түсті» дейді М. Қасымбеков. Өткен жылдың дерегі мен дәйегінен Қазақстанның Оңтүстік Кореямен өзара іс-қимылы табысты түрде ілгерілегенін де біліп отырмыз. Президент Пак Кын Хенің елімізге шілдедегі сапары барысында энергетика, машина жасау, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, денсаулық сақтау, білім беру мен ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілген. Бүгінде оңтүстіккореялық серіктестермен 22 миллиард долларды құрайтын 15 бірлескен жоба жүзеге асырылуда екен. Балқаш ЖЭС-і, Атырау облысындағы газ-химия кешенінің құрылысы, Каспийдегі «Жамбыл» кен орнын игеру ісі осы жобаларға тиесілі.
Шу ауданы
Талас ауданы
2050» СТРАТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
«КЕРУЕН-2015» ЖОЛҒА ШЫҒАДЫ
Облыс әкімдігінің қолдауымен азықтүлік тиелген автокеруен аудандарға аттанбақ. «Керуен-2015» аталатын бұл жәрмеңкеге мұрындық болып отырған – облыс әкімдігінің тұрақтандыру қорына қарасты «ТЗК «Тараз» ЖШС-ы. Облыстың он ауданын түгел қамтитын бұл керуеннің алғашқы легі осы сенбіде Меркіге табан тіремек. Оны облыс әкімінің орынбасары Қалижан Әбдірайымов пен «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰҚ» АҚ
ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ ТАҢДАУЛЫ ЖОБАСЫНА
басқарма төрағасы Шамсат Исабеков бастап барады деп жоспарлануда. Жалпы, бұл игілікті шараның басты мақсаты – облыс жұртшылығын ел Үкіметі бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және оның бағасын тұрақтандыруда нарыққа барынша ықпал жасау. Бастысы, бұл жәрмеңкеде сатылатын өнімдер базар бағасынан анағұрлым арзан болмақ. Сондықтан, ауылыңызға барған керуеннің базарлығынан құр
қалмаңыз, ағайын! Ол төмендегі тізім бойынша өткізілетін болады: Меркі – 17 қаңтар, Қордай – 18 қаңтар, Мойынқұм – 24 қаңтар, Шу – 25 қаңтар, Т.Рысқұлов – 31 қаңтар, Байзақ – 1 ақпан, Жамбыл – 7 ақпан, Жуалы – 8 ақпан, Талас – 14 ақпан, Сарысу – 15 ақпан. «Ақ жол-Ақпарат».
рм ан ы қ О
К ОН КУРС МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ
Арғымақ аттың баласы, Аз оттап, көп жусайды. Хан, төренің баласы, Аз сөйлеп, көп тыңдайды. Халық мақалы.
550
д а р наз ар ы н а!
ЖЫЛ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ КОНКУРС ЖАРИЯЛАДЫ. БАЙҚАУДЫҢ ШАРТЫ БОЙЫНША, ҰСЫНЫЛҒАН ЖОБАЛАР АНСАМБЛЬДІК ШЕШІММЕН ҮЙЛЕСІМДІ ТҮЙІНДЕЛГЕН ЖОҒАРЫ ИДЕЯЛЫҚ ЖӘНЕ СӘУЛЕТТІК-КӨРКЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС.
МЕМЛЕКЕТІ
МОНУМЕНТ ЖОБАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ «Монументтің жобасын іріктеу талаптары: жоғары көркемдік деңгей, эстетикалық бейнелеу, идеялық мазмұндылық, көркемдік тұтастық пен ерекше бітімділік. Мүсін алыстан көз тартып, жергілікті кең көріністің (панорама) өзекті композициясына айналуы керек», – деп хабарлады аталған министрлік. Жоба авторы монументтің көркемдік шешімі мен
негізгі идеясы мазмұндалған қысқаша түсініктемені де ұсынуы тиіс. Материалдар 10 ақпанға дейін қабылданады. Байқауға жеке және шығармашылық ұжымдық топпен де қатысуға болады. Байқау шарттары жайлы мәліметті толығырақ ведомствоның сайтынан біле аласыздар.
«Ақ жол -Ақпарат».
Құрметті оқырман! Сіздер www.akjolgazet.kz сайтына ену арқылы туған өлке таңғажайыптарымен, біртуар тұлғалардың сұхбаттарымен, жас ақындардың шығармашылығымен бейнебаян арқылы таныса аласыздар және PDF форматында «Ақ жол» газетінің электрондық нұсқасын оқисыздар. Сонымен қатар, алдағы уақытта «Ақ жол» газетінің бай сурет қорымен ғаламтордан да емін-еркін танысуға мүмкіндік туатынын қуана хабарлаймыз.
«Ақ жол» газеті әлеуметтік желілерде facebook.com/akjolgazet twitter.com/akjol_gazet vk.com/akjolgazet