16тамыз2016жпдф

Page 1

Ж

(АБАЙ).

Жамбыл облысты о амды саяси газет

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Жамбыл ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

ak-jol-taraz@rambler.ru

№95 (18289), Сейсенбі, 16 тамыз, 2016 жыл

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

НДА ЖАҺА

ӘКІМ БОЛ, ХАЛҚЫҢА ЖАҚЫН БОЛ!

ЖЕҢІЛДІКТЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН САРЫСУ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

қаласы бойынша 905 бүлдіршін ба лабақша ке зегінде тұрс а, биыл бұл көрсеткіш 400 орынға азайыпты. Жаңатас қаласындағы орталық саябақ көпшіліктің жазғы демалысына сұранып тұр. 1967 жылы салынған бұл демалыс орны соңғы жылдары жаңарып, жақсара түскен. Осында егілген 114 шырша ағашы мен 1500 түп раушан гүлі де саябақтың ажарына ажар қосқаны байқалады. Саябақтың бір шеті көлге барып тіреледі. Яғни, мұнда тұрғындар талғамынан шығатын бірқатар қажеттіліктер бар. Облыс əкімі бұл саябақты бір кəсіпкерге жекеменшікке беріп, көпшілік шомылатын орынның жағалауына брусчатка төсеуді, балаларға арнап түрлі ойын алаңдарын орнатып, дүкен, асхана салып, қазақы киіз үйлерде шұбат-қымыз сатқызу мəселесін ұйымдастыруды аудан əкімі Бейбітбек Жайлыбаевқа ескертті. Облыс əкімі осында жергілікті судан құтқару қызметінің жеке құрамымен кездесті. Құтқару тобының жетекшісі Юрий Салагаевтан жұмыстың жағдайын сұрады. Сондай-ақ, облыс басшысы аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Қайрат Қапаровтан мал ұрлығын азайту, қылмыстың көп мөлшерде ашылуына күш жұмсауды тапсырды.

Облыс əкімі Кəрім Көкірекбаевтың Сарысу ауд а н ы н а ж а с а ғ а н ж ұ м ы с сапары Жаңатастағы орталық қазандықтың қысқы маусымға дайындық жұмыстарымен танысудан басталды. Қазандыққа қыс маусымында 950 тонна мазут жұмсалады екен. «Жаңатас сужылу» кəсіпорнының директоры Ерімбет Қозыбақов мазутты күннің жылы уақытында жеткізу жөнінде өңір басшысына өтінішін айтты. Орт а лық қазандыққа жауаптылардың жұмысына көңілі толған Кəрім Нəсбекұлы олардың ұсынысын қолдады. Облыс басшысы келесі кезекте Жаңатас қаласының Дегерес елді мекенінде жаңадан бой көтерген 280 орындық балабақшада болып, құрылыс жұмысының сапасына көңіл аударды. Мектепке дейінгі мекеме «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан бөлінген қ а р ж ы ғ а с а л ы н уд а . К ə р і м Нəсбекұлы мұндағы мердігер компания – «АрайСтройМаркет» ж ау а п ке р ш і л і г і ш е к т еул і серікте стігінің өкілдеріне мекеменің айналасына ағаш к ө ш е т т е р і н о т ы р ғ ы з уд ы , мүгедектердің арбасына арналған к і р е бе р і с жол д ы ң қ ол а й л ы б о л у ы н е с ке р т т і . Жа ң ат а с

(Жалғасы 2-бетте).

Л МЕМ

АҚТАНЫШТАРЫ М Т Е К Е

АҚШ СУДА ЕЗІЛІП КЕТЕТІН БАТАРЕЯ

Айова штатындағы Ғылым және техника университетінің ғалымдары экологиялық литий-иондық аккумуляторлық батареяларды құрастырды. Олар суда 30 минутта ериді. Оның бөлшектері суда ісініп жарылады, кейін жойылады. Бұл батареяның ұзындығы – 5 миллиметр, ені – 6 миллиметр, қалыңдығы – 1 миллиметр. Ол 2,5 вольт қуат береді және үстел калькуляторының 15 минуттық жұмысын қамтамасыз етеді. АВСТРАЛИЯ ӘЙНЕК МЕШІТ САЛЫНАДЫ

Австралияның Ньюпорте қаласында көп ұзамай әлемдегі ең таңғажайып мешіттің құрылысы қолға алынбақшы. Оның ерекшелігі неде дейсіз ғой? Ол әйнектен салынады. Іште намаз оқып жатқан жамағат сырттан байқалып тұрады. Бұл жобаға егде жастағы мұсылмандар екіұдай пікір білдіріп, құптай қойған жоқ. Жастар жағы қызу қолдау білдірді. Бұл мешіт жергілікті мұсылман жамағатының қаражаты есебінен салынады. НИДЕРЛАНДЫ КВАДРОКОПТЕРГЕ ҚАЗ ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ

Ворхаут қаласының маңында орналасқан Тейлинген қамалының орнын түсіріп жүрген DJI Phantom квадрокоптеріне қаз шабуыл жасады. Ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары үшін Нидерланды аспаны өте қауіпті. Мұндағы полиция заңға қарсы түсірілім жасайтын квадокоптерлерді аулау үшін қыран мен қаршыға құстарын пайдаланады.

А ЫЛД Б М А Ж БАЙЗАҚ «СЫБАҒАДАН» СЫБАҒАҢДЫ АЛ

«Сыбаға» бағдарламасы аясында 5 шаруа қожалығы 38 миллион теңге несие алды. Олар бұл қаржыға 237 бас мүйізді ірі қара малын сатып алған. Енді тағы 7 шаруа қожалығы 95 миллион теңге несие алу үшін құжаттарын өткізген. ҚОРДАЙ СҮТ БҰЛАҒЫН СЕЛДЕТПЕК

«Ырыс» бағдарламасы бойынша Ноғайбай ауылдық округінде «Иманжан», «Ақтасты» шаруа қожалықтары әрқайсысы 100 бастық, «Көмек» шаруа қожалығы 50 бастық тауарлы сүт фермаларын құрудың құжаттарын ресімдеуде. ШУ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ

Белгілі спорт бапкері Юрий Цхай жерлестеріне сый ретінде жаңа спорт кешенінің құрылысына демеушілік жасауда. Құны 450 миллион теңге тұратын бұл жаңа үлгідегі спорт кешенінің құрылысы аяқталуға таяу. Онда бүлдіршіндер бірнеше спорт түрімен тұрақты жаттығатын болады. Ауыл жастары спорт нысанының ашылуын асыға күтіп жүр.

ЛОНДОН ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫҢ ҮШ ҚАРҒЫП СЕКІРУ ТҮРІ БОЙЫНША ҚАТАРЫНАН ОЗА ШАУЫП БӘЙГЕ АЛҒАН ШЫҒЫСТЫҢ ШЫНАРЫ ОЛЬГА РЫПАКОВА ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ЖҮЛДЕСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ. ЖАЛПЫ, СОҢҒЫ КЕЗДЕРІ ҮШ ҚАРҒЫП СЕКІРУ СПОРТЫНДА ЛАТЫНАМЕРИКАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРДЫҢ КЕРЕМЕТТЕЙ НӘТИЖЕ КӨРСЕТІП ЖҮРГЕНІНЕН ХАБАРДАРМЫЗ. МӘСЕЛЕН, ЛОНДОН ОЛИМПИАДАСЫНДА ӨЗІНІҢ ЕҢ МЫҚТЫ НӘТИЕЖЕСІН КӨРСЕТЕ АЛМАСА ДА, АЛТЫННАН АЛҚА ТАҒЫНҒАН ОЛЬГА ҚЫЗҒА РИОДАҒЫ БӘСІРЕЛІ ДОДАДА БАРЫН САЛУҒА ТУРА КЕЛДІ.

Құлақ естісе, көңіл сенер, Көз көрсе, жүрек сенер.

(Жалғасы 6-бетте).

ІРІ ГИПС ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

«Жамбылгипс» акционерлік қоғамы құрғақ қоспалар мен гипс материалдарын дайындайтын №3 зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Жобалық құны 1 миллиард 715 миллион теңгені құрайтын жобаны аталмыш акционерлік қоғам мемлекеттің 2015-2019 жылдардағы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырып отыр. Бұл акционерлік қоғамның жаңа зауыт құрылысын жүргізудегі серіктестері озық технология мен гипс материалдар жəне құрғақ қоспалар өндіретін жетекші шетелдік компаниялар болып табылады. Кəсіпорын «KNAUF», «Lafarge», «ALCIBAY» гипс өндірушілерімен бірлесіп жұмыс атқарады. Жоба серіктестері тəулігіне 750 тонна гипсті жəне 600 тонна құрғақ қоспаларды əзірлеп шығара алатын 4 өндіріс желісін іске қосу үшін оларды озық технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етуде. Гипс шығаратын бұл зауытта басқару мен қадағалау автоматты режімде жүргізіледі. Құрылысы жүргізіліп жатқан аталмыш зауыт еліміздегі өз саласы бойынша ең ірі зауыт саналады. Зауытты іске қосу аясында өнімнің көлемін бес есеге дейін ұлғайту жоспарланған, сол арқылы оның 40 пайызын экспортқа шығармақ. «Ақ жол-Ақпарат».

«НҰРЛЫ ЖОЛ» – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

АЛЫСТЫ ЖАҚЫНДАТТЫ

Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол».

Жуалылықтар екі мыңыншы жылдары автомобиль жолдарының шұрық те сік, шұңқыр болып бүлінуінен діттеген жерлеріне у а қ т ы л ы ж е т е а л м а й қ ат т ы қиналғанын əлі күнге дейін ұмыта қойған жоқ. Мемлекетіміздің кейінгі жылдары бұл салаға қыруар қаржы бөлуіне байланысты аудандық мəндегімен қатар, елді мекендердегі көшелердің жолдары да көптеп жөнделуде. Соның нəтижесінде, қазір Жуалыдағы аудандық мəндегі жолдардың 70 пайыздан астамы орта жөндеуден өткізіліп, қалпына келтірілген. Кейінгі кезде елді мекендердегі көшелердің жолдарын «с ауықтыруға» ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылы ауданда 12,5 шақырым жол орта жөндеуден өткізілсе, биыл 16,5 шақырым а вт ом о б и л ь жо л ы н қ а л п ы н а келтіруге 220 миллион теңге бөлінген. Ауыл тұрғындарының

өтініштері бойынша биыл аудан орталығы Б.Момышұлы ауылы жəне Қарабастау, Нұрлыкент, Шыңбұлақ, Қосмұрат, Көлбастау елді мекендеріндегі орт а лық көшелерге асфальт төселуде. – Мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында ІІ жартыжылдыққа ауданнан облысқа 28 жоба жасалып, өткізілді. Оның 20 жобасы көшелердегі жолдарды жөндеуге арналған. Таяуда тиісті қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіледі. Мұның өзі бізге күз айларында ауданда тағы да 20 көшедегі орталық жолдарды жаңартуға мүмкіндік береді. Асфальттың талапқа сай төселуін т ех н и ка л ы қ қ а д а ғ а л ау ш ы л а р тұрақты бақылауда ұст айды. Жуалыда бұл жұмыспен қазір 4 мердігер компания шұғылдануда, – дейді аудан əкімінің орынбасары Нарбай Ергебеков. (Жалғасы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.