16 тамыз

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №118 (17975), Сенбі, 16 тамыз, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

www. akjolgazet.kz

«ЕГІНЖАЙ-2014»

БИЛІК

ЕЛБАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТ ТӨРАҒАСЫ ҚАЙРАТ МӘМИДІ ҚАБЫЛДАДЫ

БАЙЛЫҚТЫҢ АТАСЫ ЕҢБЕК, АНАСЫ – ЖЕР ЖЕРІ ШҮЙГІН ШУ МЕН ҚАЗЫНАЛЫ ҚОРДАЙДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

l БАЙЗАҚ «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған конкурсқа 10-нан аса үміткер қатысты. Ән айтып, би билеп, білім және спорт сайысында өнер көрсеткен олардың арасынан бірінші орын Мәдімар ауылының тұрғыны А. Сапарәлиева, екінші орынға С. Пірімқұлов лайық деп танылды. Олар енді облыстық байқауда өнер көрсетеді.

l ҚОРДАЙ «Балауса» балалар сауықтыру лагерінде демалып жатқан өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді меңгеруі бойынша байқау өтті. Барлық оқушылар қазақ тілінде халық әндерін орындап, өлең оқып, мақал-мәтелдер айтудан сынға түсті. Жеңімпаздар Алғыс хаттармен марапатталып, ұялы телефондар сыйға тартылды.

l МЕРКІ «Сыпатай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шымкенттегі «Жеміс-LTD» қазақ-түрік бірлескен фирмасының көмегімен құны 16 миллион 385 мың теңге тамшылатып суару қондырғысын сатып алды. Қондырғы қазірдің өзінде 55 гектар дәнге себілген жүгері алқабын суаруды қолға алды. Тамшылата суару қондырғыларының жұмысын екі сушы-оператор ғана бақылайды. Олар осы күзде 225 гектар жүгері алқабын осы заманауи технологияның көмегімен ылғалдандыруды көздеп отыр.

l МОЙЫНҚҰМ

Кездесу барысында республика соттарының 2014 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары, Жоғарғы соттың күнделікті қызметі, сондай-ақ, алдағы кезеңдегі міндеттері талқыланды. Мемлекет басшысы сот жүйесі мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, елдің алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде, шағын және орта бизнес субьектілері мен инвесторлардың құқықтарын қорғауда, олардың қызметі үшін оңтайлы жағдай жасауда айрықша орын алатынын атап өтті. Қазақстан Президенті Үкіметті қайта ұйымдастыру, оның құрамын ықшамдау бизнеске барынша жайлы жағдай жасауға бағытталғанын айтты. Елбасы келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа кодекстер қолданысқа енетініне тоқталды. Ол құқық бұзушыларға экономикалық санкцияларды көбірек қолдануға және түрмедегілердің азаюына әкелуі тиіс. – Адамдардың сот әділдігіне деген сенімі сот органдарының жұмысына байланысты. Атап айтқанда, барлық даулар отандық сотта әділ шешілуі үшін мамандандырылған экономикалық соттардың жұмысын жетілдіру керек, – деді Президент. Жоғарғы сот төрағасы елдегі сот төрелігінің жағдайы туралы баяндады. Бірінші жартыжылдықта соттарға келіп түскен арыздар мен істердің саны 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,5 пайызға ұлғайды. Медиаторлардың қатысуымен қаралған азаматтық істердің саны 475-тен 1911-ге дейін өсті. Қ. Мәми сондай-ақ, 4-5 қыркүйекте Астанада өтетін ШЫҰ елдерінің Жоғарғы сот төрағаларының ІХ отырысын өткізуге дайындық барысы туралы да хабардар етті. Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы елдің сот жүйесін дамыту мәселелеріне қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Дін мәселелері бойынша құрылған ақпараттықнасихаттық топ Бірлік, Кеңес, Қылышбай ауылдарында тұрғындармен кездесті. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында құрылған аталмыш топ аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, аудандық мешіт, ардагерлер мен жастар және ауыл әкімдерінен құралған. Кездесулер барысында халықтың діни сауатын арттыру бойынша баяндамалар жасалып, ақпараттықнасихаттық топ мүшелері тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

l САРЫСУ Ауданның Игілік, Жаңаталап ауылдық округтері дихандарының 2-3 гектардай жүгері алқабы шегірткеден зардап шеккен болатын. Алқапты «Центр Панх Қазақстан» ЖШС-ның АН-2 ұшағымен дәрілеу арқылы шегірткенің шабуылы тоқтатылды.

l ТАЛАС

ҚЫРМАН БАСЫН ҚЫРУАР ӨНІМГЕ ТОЛТЫРЫП, ЕТКЕН ЕҢБЕКТЕН ЕСЕЛІ ТАБЫС КӨРУ КЕЗ-КЕЛГЕН ШАРУАНЫҢ АРМАНЫ. АЛ, ИННОВАЦИЯ МЕН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ БҮГІНГІ САЛТАНАТ ҚҰРЫП ТҰРҒАН УАҚЫТЫНДА ҚАРА ЖЕРГЕ ЖАН БІТІРУГЕ БЕЛ БУЫП, НАР ТӘУЕКЕЛГЕ БЕКІНГЕННІҢ ТАУЫ ШАҒЫЛМАЙТЫНЫНА СЕНІМ КҮШЕЙГЕНДЕЙ. СЕБЕБІ, ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ТАМШЫЛАТЫП ЖӘНЕ ЖАҢБЫРЛАТЫП СУАРУ СИЯҚТЫ ӘДІСТЕРДІ ЕНГІЗЕ БАСТАҒАН ЕГІНШІЛЕРДІҢ ЕШҚАЙСЫСЫ КҮНІ БҮГІНГЕ ДЕЙІН САН СОҒЫП КӨРГЕН ЖОҚ. СОНДЫҚТАН, БҰЛ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫҢ АРТҚАНЫ ДА АҢҒАРЫЛУДА.

ЯҒНИ, ОБЛЫС БОЙЫНША БИЫЛҒА 3171 ГЕКТАР ЖЕРДІ ТАМШЫЛАТЫП ЖӘНЕ ЖАҢБЫРЛАТЫП СУАРУ МЕЖЕЛЕНСЕ, КӨРСЕТКІШ 4281 ГЕКТАРҒА ЖЕТІП, АРТЫҒЫМЕН ОРЫНДАЛЫП ОТЫР. БҰЛ РЕТТЕ, ШУ АУДАНЫНДАҒЫ БІР ҒАНА «БЕКТІБАЙ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ӨЗІ АЙТАРЛЫҚТАЙ ҮЛЕССАЛМАҒЫМЕН КӨЗГЕ ТҮСІП ТҰРҒАН ЖАЙЫ БАР. АЛ, ОСЫ АЛҚАПТА ӨТКЕН ОБЛЫСТЫҚ «ЕГІНЖАЙ КҮНІ2014» СЕМИНАР-КЕҢЕСІНДЕ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ БЕКТІБАЙЛЫҚТАРДЫҢ БҮГІНГІ БЕРЕКЕЛІ ТІРЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ. (Жалғасы 3-бетте).

Бостандық ауылдық округінің Талапты елді мекені тұрғындары бұрындары іске қосылып, пайдалануға берілген ауыз су жүйесінің істен шығуынан судан тапшылық көріп келді. «Талас-су» мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның су жүйелерін қайта жөндеуден өткізуінің нәтижесінде ауыл ауыз суға қол жеткізді.

l ШУ М. Мақатаев атындағы тірек мектебінде «Жалын» жастар қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырысқа аудан мешіттерінің имамдары, ауыл жастары қатысты. Дінге байланысты ауқымды тақырыптар талқыланды. Жастарға дұрыс жол сілтеп, уағыз айтылды.

ЖОЛ – ЭКОНОМИКАНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ

Жер астында алтын бар, Қаза берсең, табасың. Бау бар жерде жеміс бар, Кеулей берсең, табасың. Халық мақалы. а р : А т ад а н қа л ға н а д й а сыл ңа сөз Жа

ӨТІРІК АЙТПА, СЕНІМІҢ КЕТЕР

Белгілі батыр әрі шешен Шақшақ Жәнібек Төле биге сәлем бере келіп: – Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат жидым. Бозбала болып ерлік қылайын ба, үлгі алып билік құрайын ба? Еліңде кәрің болса, жазулы хатың деуші еді, ақыл сұрай келдім, – депті. Сонда Төле би: – Өгізді өрге салма, қанатың талар, наданға көзіңді салма, сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер, дұшпанға сырыңды айтпа түбіңе жетер. Жалқұйрығы қаба деп жабыдан айғыр салма, жаугершілік болғанда, жағдайлап мінер ат тумас. Жақыным деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма, өрісің тарылар. Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең – таяқ, қарның ашса – тамақ. Ит жүгіртіп, құс салсаң, әуейі боларсың. Әйел алсаң, көркіне қызықпа, тектіні ал. Мақтаншақ жігіт жисаң – ұятқа қалдырар. Ұрыншақ ат жаз жарға жығар, қыс қарға жығар. Тұмау түбі құрт болар, тұман түбі жұт болар. Елге бай құт емес, би құт. Қабырғадан қар жауса, атан менен нарға күш, ел шетіне жау келсе, батырлармен биге күш. Қарап отырғанша бір нәрсеге жарап отыр, кәсіп болмай нәсіп болмас. Менен ақыл сұрасаң, айтарым осы, – деген екен.

ТОҚСАН ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол». ТОҚСАН ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР «ЖАМБЫЛ РЕМ СЕРВИС» ЖШС ӨЗ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ. САЛТАНАТТЫ ЖИЫНҒА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БЕКБОЛАТ ОРЫНБЕКОВ, ТЕМІР ЖОЛ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.

Жиналғандар алдымен серіктестіктің жөндеу депосын аралады. Ондағы заманауи материалдық-техникалық базамен, былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен үш қабатты әкімшілік-тұрмыстық кешенмен танысып, соңғы жылдары жаңадан алынған жүк көтеретін кранды, мұнай өнімдерін, цементтің 15-1405 маркалы түрін тасуға арналған цистерналарды, өзге де автоматтандырылған технологияларды көріп, тамашалады. Мерейтой иелерін алдымен «Жамбыл Рем Сервис» ЖШС-ның құрылтайшысы Әлібек Жұмабаев құттықтады: – «Темір жол – мемлекет ішіндегі мемлекет» деп бекер

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

ҚАРАҚЫСТАҚ АЛТЫНҒА

ҚАРЫҚ ЕКЕН

Сейсен ҚОЖЕКЕ, «Ақ жол». Қорағаты ауылдық өңір әкімдігінің Қарақыстақ таулы аймағынан «Көкқия» алтын өндіру кен орны ашылды. Бұған дейін бір жарым жыл бойы «GOLDENKOMPAS» Жамбыл жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кен шығатын аймақты барлау, жол және өндірістік, әлеуметтік құрылыс нысандарын салумен айналысып келді. Кен орнын игеруге жоба бойынша 8 миллиард теңге қаражат бөлінбек. Алдағы қыркүйек айынан бастап алтын өндіру өзінің толық өндірістік қуатында істейді. Мамандардың болжамы бойынша 1 тонна кеннен 1-3 грамм таза алтын өндіру көзделуде. Қазір кен орнында 125 адам вахтамен еңбек етеді. Олардың жартысына жуығы жергілікті тұрғындар.

Т. Рысқұлов ауданы.

айтылмаған. Бұл сала қателікті кешірмейтін, күндіз-түні тынымсыз еңбек етуді талап ететін, қауіпті де қызықты жұмыс. Оның бүгінін жасаған кешегі ардагерлеріміз де, болашақ ұрпақ үшін, ел экономикасының дамуына үлес қосып отырған қазіргі қызметкерлері де – нағыз майталмандар. Тоқсан жылдық торқалы тойларыңыз құтты болсын! – деді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков өзінің құттықтау сөзінде: – Құрметті теміржолшылар! Бүгін баршамыз үшін ерекше күн. Соңғы үлгідегі техникамен жарақтанған бұл мекеме қазіргі таңда әлеуетті, сапалы қызмет атқара білетін, материалдық-техникалық базаны сақтап, ардагерлерін ұмытпай, сыйлай білетін алдыңғы қатарлы ұжымның бірі. Сіздерді облыс әкімінің атынан мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! – деді. Ән шырқалып, биден шашу шашылған, мекеменің тарихынан сыр шертетін бейнеролик көрсетілген бұл күні сонымен бірге «Жамбыл Рем Сервис» ЖШС-ның бас директоры Әмірхан Күндәулетов жол қауіпсіздігін сақтап, сапалы еңбек ету басты мақсаттары екендігін жеткізсе, өзге құттықтаушылар шойын жолда шыңдалғандарға жемісті еңбек тіледі.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
16 тамыз by akjolgazet - Issuu