16 шілде 2015 ж

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№86 (18120), Бейсенбі, 16 шілде, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

ПРЕЗИДЕНТ Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

«ҚАЗАҚСТАН – 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ

БАЙЗАҚТАҒЫ ЖҰМЫСТАР БАЯНДЫ

МЕН ҮШІН ЕҢ ҚЫМБАТ СЫЙ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

БІРАҚ ОЛ ТОЛАСТАМАУЫ КЕРЕК. АУДАНДА ІССАПАРМЕН БОЛҒАН ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ОСЫЛАЙ ДЕДІ

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Меркі

Қордай ауданы Қордай

Бауыржан Момышұлы

=ТАРАЗ

Қазақ хандығының 550 жылдық тойына әзірлік жүріп жатыр. «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық және аумақтық филиалдарының барлық қызметкерлері той қорына бір күндік жалақыларын аударды. =ҚОРДАЙ

Аудандық Мәдениет үйінде «Соседушки» халықтық ансамблінің құрылғанына 15 жыл толуы кең көлемде аталып өтті. Мерекелік кешке облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Лариса Лысова, өңірдегі өзге ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері қатысып, құттықтады. Ансамбль ардагерлеріне облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың атынан бағалы сыйлықтар мен марапаттаулар тапсырылды. =ТАЛАС

Қаратау табиғатының әсем мүйісіне орналасқан «Жұрындысай» лагері қазір шат-шадыман қуанышқа бөленген. Мұнда көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан келген 100 оқушы демалуда. Оқушылардың әр күні қызықты өтуде. Көршілес «Тау самалы» лагерінен келген оқушылармен спорттық бәсекеге түсіп, денсаулықтарын шыңдауда. =САРЫСУ

Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне және Астана күніне байланысты келіп түскен құттықтаулар авторларына арнаған сөзі туралы хабарлады. Онда былай делінген: Қадірлі қауым! Соңғы уақытта менің атыма Астана күніне және мерейтойыма байланысты көптеген хаттар мен жеделхаттар келіп түсті. Құттықтаушылар қатарында мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен компаниялардың басшылары, қоғам өкілдері және ел азаматтары бар. Жылы лебізді тілектер әлемнің түкпір-түкпірінен және еліміздің барлық өңірінен келді. Әсіресе, мені толқытқаны – жасөспірім мектеп оқушылары өз өлеңдерін, суреттерін, құттықтауларын жолдап жатты. Бұл адамның жүрегін тебірентеді. Биыл 17 жасқа толған Елорда – ел тағдырымен еншілес менің өмірімнің мәнді бөлшегі. Астана күнімен қабат келген мерейтойыма арналған ең қымбат сыйлық – Қазақстанның жеткен жетістіктері. Өмірін мемлекеттің мерейлі, халқымның бақытты болуына арнаған мен үшін көптің шынайы ықыласынан артық ештеңе жоқ. Осындай қолдау, әрине, жігерлендіреді, халыққа қызмет етуге, белгіленген бағдарламаларды орындауға күш береді. Жылы лебізді құттықтаулар үшін баршаңызға шын жүректен зор ризашылық білдіремін! Әрқайсыңызға жеке-жеке ризашылығымды білдіруге де болар еді, бірақ ол мүмкін емес. Сондықтан менің осы айтқан сөздерімді әрқайсыңызға ризашылығым мен рахметім деп білерсіздер. Өз тарапымнан баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

МЕМЛЕКЕТ МАҚТА НЫШ

Ы

ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНА ІРГЕЛЕС ОРНАЛАСҚАН

=МОЙЫНҚҰМ

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ ЖҰМЫС САПАРЫН

Шалғайдағы Мойынқұм ауылынан Алматыға арнайы маршрут ашылды. Күн сайын таңғы сағат 8.00-де Мойынқұм ауылынан автобус жолға шығады. Жолкіренің құны – 1800 теңге. Осы автобус маршрутына орай өткен тендер жеңімпазы «Транзит Сервис» ЖШС аудан тұрғындарының сұранысын қанағаттандырмақ.

ЖАҢАТҰРМЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ АҚШОЛАҚ СТАНСАСЫ МАҢЫНДАҒЫ «ТАУ-ДОС» ЖШС ЖОЛ БОЙЫ СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕШЕНІНЕН БАСТАДЫ. АЙМАҚ БАСШЫСЫН «БАТЫС ЕУРОПАБАТЫС ҚЫТАЙ» АВТОБАНЫНЫҢ БОЙЫНДА ОРЫН ТЕПКЕН КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ ГАУҺАР ТҰРАЛИЕВА ТАНЫСТЫРДЫ.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». Оның айтуынша, жобалық құны 240 миллион теңгені құраған кешеннің салыну жұмыстары бар-жоғы жеті-ақ айда аяқталып, ағымдағы жылдың наурызында пайдалануға берілгенін білдік. Сондай-ақ, Гауһар Алшынбекқызы кешенде 20 нөмірлі қонақ үй, жанар-жағармай бекеті, дүкен,

сексен адамға арналған дәмхана және монша, медпункт, намазхана, 120 көлікке ыңғайластырылған автотұрақ секілді орындар үздіксіз жұмыс жасайтынын, онда отыз адам еңбекпен қамтылғанын тіліне тиек етті. Ал өңір басшысы облысымыздағы тұңғыш рет пайдалануға беріліп отырған кешеннің пайдалы тұсына тереңірек тоқталды.

АЙТ НАМАЗЫНА АСЫҚҚАН АБЗАЛ

«АНАШЫМ, БҰЛ ЖЕҢІСІМДІ СІЗГЕ АРНАЙМЫН!» ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН УНИВЕРСИАДА ЧЕМПИОНЫ АТАНҒАН ҚОРДАЙЛЫҚ СВЕТЛАНА ИВАНЧУКОВА АЛҒАШ АНАСЫНА ХАБАРЛАСЫП, ҚУАНЫШЫН ОСЫЛАЙ БӨЛІСІПТІ Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол». Әсіресе, анасы Ирина Анатольевна үйге сыймай, қызының жеңісін көршілерімен, туыстарымен бөлісіп, шат-шадыман күйде жүр екен. Иә, спринтерлер арасында төрттік эстафетада Қазақстан құрамасының алтын медаль иеленуіне Света да елеулі үлес қосты. – Ол күні ұйықтамадым, ұлымыз екеуміз спутниктік телеканал арқылы жеңіл атлетшілердің жарысын тікелей эфирден тамашалап отырдық, – деді ол. – Алматы уақытымен шамасы таңғы төртке жақын (Оңтүстік Кореяда кешқұрым) біздің төрт қыз топтық эстафетада америкалықтардың өзін шаң қаптырып бірінші орынды жеңіп алғанда көз жасыма ерік бердім. Тағы бір қарасам, Қазақстанның Әнұраны ойналып, қыздарымыз жеңіс тұғырында жүздері бал-бұл жанып тұр екен. Одан бетер тебірендім. Біраз уақыттан соң қызымның өзі де хабарласты: «Анашым, бұл жеңісімді Сізге арнаймын!» – дейді қарағым... (Жалғасы 5-бетте).

Бақытжан ТҰРҒАН, жеке кәсіпкер.

– Биссимилаһир рахманир рахим! Мінеки, қасиетті Рамазан айының соңғы сәттеріне де таяп қалдық. Кеше ғана барша жамағат болып осынау жақсы айды қарсы алып едік, енді ораза айттың алдында тұрмыз. Биыл біздің қала мешіттерінде де ораза айы өте бір ықыласты үлкен құлшылықпен өтті деп есептеймін. Алдымен барша жамағатқа айттарыңыз құтты болсын, Алладан шынайы ниетпен сұраған барша тілектеріңіз қабыл болсын демекпін! Айт басталар күні айт намазына асыққан абзал болады. Айт намазына қаламыздың барлық мешіттеріне азанғы 6.00-ден бастап жамағат келе берсе болады. Айт намазы отыз күнгі оразаның мөрмен мөрлеп, қол қойған секілді қорытынды іс-шарасы. Одан кейін әр үйге айттағанның да сауабы өте мол. Айт мерекесі адамдардың, ағайын-туыстың бірбіріне мейірімін, татулығын оятып, ынтымағын арттырады. Сондықтан, айт мерекесі құтты болсын, жамағат!

Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА

ЕРТЕҢ – ОРАЗА АЙТ. ҮШ КҮНГЕ СОЗЫЛАТЫН БҰЛ ДӘСТҮРЛІ ДІНИ МЕРЕКЕГЕ ӘР ҮЙ ЕРЕКШЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖАСАЙТЫНЫ БЕЛГІЛІ. АЙТ МЕРЕКЕСІ – ҚАЛА ДА, ДАЛА ДА, ҮЛКЕН ДЕ, БАЛА ДА МӘРЕ-СӘРЕ КҮЙ КЕШЕТІН ШАҚ. ОСЫҒАН ОРАЙ ЖАМАҒАТТЫҢ ПІКІРІНЕ ҚҰЛАҚ ТҮРГЕН ЕДІК.

ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТТЕЙМІН

БАЛА КҮНІМНЕН АСЫҒА КҮТЕТІН МЕЙРАМ

Аят АЛМАХАНОВ, Тараз қалалық «Әулиеата» мешітінің бас имамы.

Халық мақалы.

ӨРКЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨҢІР

ОРАЗА АЙТ МҮБӘРӘК БОЛСЫН!

АЙЛАРДЫҢ СҰЛТАНЫ САНАЛАТЫН ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНЫҢ ШЫҒУЫНА ДА САНАУЛЫ КҮНДЕР ҚАЛДЫ. КҮННІҢ ЕРЕКШЕ ЫСТЫҚ БОЛУЫНА ҚАРАМАСТАН ЫҚЫЛАСПЕН АУЫЗ БЕКІТКЕН ЖАМАҒАТТЫ КӨРГЕНДЕ, ҚАСИЕТТІ АЙДЫҢ ҚАДІРІН БІЛЕТІН ҚАУЫМНЫҢ КӨБЕЙГЕНІНЕ КӨЗІМІЗ ЖЕТТІ.

Дихан болсаң, жеріңнің басында бол, Сыпайы болсаң, бегіңнің қасында бол.

(Жалғасы 3-бетте).

ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН

ӨТКЕН КҮЗДЕ ҒАНА ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ИНЧХОН ҚАЛАСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА КҮМІСТЕН АЛҚА ТАҚҚАН ҚОРДАЙЛЫҚ ЖЕЛАЯҚ СВЕТЛАНА ИВАНЧУКОВА КҮНІ КЕШЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК УНИВЕРСИАДАНЫҢ АЛТЫНЫНА ТАҒЫ ДА СОЛ ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ЕЛІНДЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕНДЕГІ ОНЫҢ ЖЕРЛЕСТЕРІНІҢ ҚУАНЫШЫН АЙТ.

Қазақ хандығының 550 жылдығын насихаттау мақсатында аудандық орталықтандырылған кітапханада жиын болып өтті. Басқосуда педагогика ғылымдарының магистрі Сауран Қалиев көпшіліктің алдында «Қазақ хандығының тарихы» туралы мазмұнды баяндама жасады. Жиынға қатысушылар мемлекетіміздің қалыптасуы туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.

– Мен де көпшілік қауым секілді айт мерекесін асыға күтемін. Айтты қадірлеу атаана тәрбиесімен бала күннен бойымызға сіңді. Бұл күндер – Жаратушы өзі рұқсат еткен діни мереке күндері. Ол күні ағайын-туыс, жақыннан бастап барша таныстың үйіне айттап шықсаң, үлкен сауапқа кенелесің. Қаланың қарапайым тұрғыны болсақ та, айтты, оразаны ерекше қадірлейміз. Көпшілікпен бірге ауыз бекітіп, жұртпен бірге айттаймыз. Бұл күні барлық адамдардың жүзінен тек қуаныш, шаттықты байқаймыз. Соңғы жылдары облыстық мешіт имамдары демеушілердің көмегімен айт күні қала аумағында бірнеше автобусты тәулік бойы тегін жүргізіп жүр. Бұл да айт мерекесіне деген құрмет. Жалпы көпшілікке айттарыңыз берік болсын демекпін!

Айнұр КЕЛІМБЕТОВА, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы партияның сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі. – Кішкентай күнімнен айт күндерін ерекше құрметтеймін. Бұл діни іс-шара арқылы адамдардың бір-біріне құрметі артады. Түрлі ұлт өкілдері бірбірін айт мерекесімен құттықтап, шынайы көңілдерін білдіреді. Айт – көпшіліктің жанын, жүрегін нұрландыратын жақсы мереке. Бұл күні уақыт тауып, жақынтуыстардың үйіне айттауды ұмытпаймыз. Көпшілік қауым бауырсағын пісіріп, қазанын түсіріп, бұл күндерге ерекше дайындық жасайды. Құран оқылып, жақсы тілектер айтылғанының өзі ерекшелік. Ораза айттарыңыз құтты болсын, жамағат! Әр отбасына береке, әр үйге мереке, татулық, жақсылық тілеймін!

Дайындаған Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

І, Д ІЛ Ң Ө К Ы Р А Т С Ы Л А ДЕМ І Д М Ә Д Ы Р А Д М А Ғ ТА РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕРЕБРЯНЫЙ БОР» ЖӘНЕ «МЕРЕЙ» САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЬЛЕРІНДЕ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ӨТКІЗІП ЖАТҚАН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА БІР ТОП БАЛАНЫҢ ТАҒАМНАН УЛАНҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ МЕРЗІМДІК БАСЫЛЫМДАРДА ЖАРИЯЛАНҒАН ХАБАРЛАРДЫҢ ОБЛЫСЫМЫЗ АУМАҒЫНДАҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЬЛЕРІНДЕ ДЕМАЛЫП ЖАТҚАН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТААНАЛАРЫН ДА АЛАҢДАТҚАНЫ АНЫҚ. МІНЕ, ОСЫҒАН ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ҚАЙЫРЫЛҒАНЫМЫЗДА, АТАЛҒАН МЕКЕМЕНІҢ БАЛАЛАР БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТАҒАМ ОБЪЕКТІЛЕРІН САНИТАРИЯЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ САЛТАНАТ ӘЛІБАЕВА ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ АЛАҢДАУЫНА ЕШҚАНДАЙ НЕГІЗ ЖОҚ ЕКЕНДІГІН АТАП КӨРСЕТТІ. ОНЫҢ АЙҒАҚТАУЫНША, ОБЛЫСТЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ МЕН ОБЛЫСТАҒЫ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ БІРЛЕСІП ЖАСАҒАН КЕШЕНДІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС, БИЫЛҒЫ ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА ҮШ АУЫСЫМДА 7352 БАЛАНЫҢ ДЕМАЛЫП, ТЫНЫҒУЫНА АРНАЛҒАН АУМАҚТАҒЫ АЛТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ТӨРТ ЖЕКЕМЕНШІК ЛАГЕРЬДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ ТАЛАП ДЕҢГЕЙІНДЕ ЖАҚСАРТЫЛҒАН КӨРІНЕДІ. (ЖАЛҒАСЫ 5-БЕТТЕ).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
16 шілде 2015 ж by akjolgazet - Issuu