ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Жуалы ауданы
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
=ТАРАЗ
№44 (18078), Бейсенбі, 16 сәуір, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
«НҰРЛЫ ЖОЛ» - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
МОЙЫНҚҰМ ИНДУСТРИЯЛЫ ӨҢІРГЕ АЙНАЛУДА Жанғазы АХМЕТОВ, «Ақ жол». ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНДАҒЫ ІССАПАРЫН МЫҢАРАЛ БАЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСУДАН БАСТАДЫ. ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА ӨЗІ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСҚАН ЗАУЫТТЫҢ ӨҢІР ӨНЕРКӘСІБІН ӨРІСТЕТУДЕГІ МӘНМАҢЫЗЫНА ДА АЙРЫҚША ТОҚТАЛДЫ. ЗАУЫТТЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ СЕРГЕЙ НИ ДӘЛ ҚАЗІР БАЛЫҚТЫҢ УЫЛДЫРЫҚ ШАШАТЫН КЕЗЕҢ ЕКЕНІН ТІЛІНЕ ТИЕК ЕТІП, ЖҰМЫС БАРЫСЫ УАҚЫТША КІДІРІП ТҰРҒАНЫН АЙТТЫ.
– Ағымдағы жыл басынан бері бар болғаны 30 тонна өнім өндірдік. Ал жылдық жоспарымыз – 250 тонна. Дегенмен, балық аулауға тыйым салынған мерзім аяқтала салысымен жоспарды орындау үшін жанталасатын боламыз. Маусым айының басынан бастап зауыт жұмысына қайта қан жүгіртеміз. Оған барлық мүмкіндіктер бар, – деді Сергей Ни жағдайды баяндап. Сонымен қатар ол мұндағы қызметкерлердің орташа жалақысы 60-70 мың теңгені құрайтынын да мәлім етті. Оған қоса зауыттың алдағы уақытта жұмыс ауқымы кеңейіп, 200-250 адамды жұмыспен қамтуға болатынын да айтып қалды. Оның
үстіне С.Ни жақында зауыттағы өндіріске қарқын беруге қауқарлы екі теплоход сатып алғандарын да тілге тиек етті. Бұл мұндағы жұмыс көлемінің әлі арта түсетінін көрсетеді. Өз кезегінде Кәрім Көкірекбаев зауыттың жарық және жылумен толықтай қамтамасыз етілгенін қаперге алып, күре жол мен электр қуатының да қажетінше тартылғанына баса назар аударды. «Барлық мәселесі шешімін тауып, жағдай барынша жасалған зауыт жұмысында ешқандай сұрақ туындамауы керек», дей келе облыс басшысы міндеттелген межені жыл соңына дейін тиянақты түйіндеуді тапсырды. Сондай-ақ ол жұмыс күшін
мыңнан аса тұрғыны бар жергілікті ауылдан тарту керектігін де ескертті. Аудан басшысы Болат Мәдікенов аудандық бюджеттен 1 миллион 200 мың теңге қарастырып, 20 адамды қайта дайындық курсынан өткізіп жатқандарын, соңыра балық өңдеуші маман ретінде осында жұмысқа жіберілетінін айтты. Бұдан кейін Кәрім Көкірекбаев Мыңарал темір жол стансасы мен «Жамбыл цемент өндіру компаниясы» ЖШС арасына тартылып жатқан темір жол жағдайымен танысты. Серіктестіктің атқарушы директоры Анатолий Медюков темір жол құрылысының таяу уақытта аяқталатынын, қуаттылығы жылына
1200 мың тонна цемент өндіретін «Жамбыл цемент өндіру компаниясы» жұмысының жандануына орасан зор септігі тиетінін сөз етті. К ә р і м Н ә с бе к ұ л ы Ш ы ғ а н а қ ау ы л ы н д а ғ ы 1 4 0 о р ы н д ы қ балабақшаның құрылысымен танысты. Жобалық сметалық құны 336,9 миллион теңгені құрайтын балабақшаның құрылыс жұмысы біраз уақыт бұрын бастау алғанымен, ауа райының қолайсыздығы салдарынан қыс ме згілінде кідіріп қа лған болатын. Осыны ескерген облыс әкімі мердігерге құрылыс жұмысын шілде айында аяқтауды шегелеп тапсырды. Бұдан кейін облыс басшысы
Ақбақай орта мектебінде болып, мұғалімдер және оқушылармен жүздесті. 500 орындық мектепте қазіргі таңда 140 бала оқып жатқанын білдік. Мұндағы мектеп табалдырығын аттап жатқан бүлдіршіндердің саны жыл санап артып келе жатқандығынан хабардар болған облыс басшысы келешекте аталмыш мектепте 300ден аса оқушы оқитын болады деп сенім білдірді. Мектеп директоры Мадина Оразалиева оқу орнының орталықтардан шалғайлау орын т е п ке н і н а л ғ а т а р т ы п , м а м а н тапшылығы туындап отырғанын да жасырмады. Әсіресе, математика, физика және дене шынықтыру пәндерінен беретін ұстаздар жетіспейтінін жеткізді. Облыс әкімі бұл тұрғыда облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбековаға сауалдар қойып, осыны қолға алуды тапсырды. Сондай-ақ, аймақ басшысы «АлтынАлмас» АҚ Ақбақай филиалында да болды. Жоба құны 8,1 миллиард теңгені құрайтын к ә с і п о р ы н н ы ң ж ы л д ы қ қ у ат ы 1 миллион тонна кен өндіруге шақталған. 2011 жылы іске қосылған комбинатта мыңға жуық адам алтын, күміс өндіру жолында аянбай еңбек етуде. Олардың жартысына жуығы жергілікті тұрғындардан құралғаны көңілімізді көншітті. Филиалдың ат қ а р у ш ы д и р е к т о р ы М а қ с ұ т Дүйсенаев өндірілетін өнім көлемі жыл санап артып келе жатқанын айтты. Олар былтырғы жылы алғашқы үш айда 214 келі алтын , 54,7 келі күміс өндірсе, бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың алғашқы үш айында – 284 және 70 келіні құраған. Демек, жылдық көрсеткіш те өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда артады деп күтілуде.
күнге саулықтарымыздың 77 пайызы төлдеді. Қойлар төлдеп бітіп, қозылар аяқтарына тұрған соң, шопандарымыз Көделі көктеуіне қоныс аударады. Сол жақта жүні қырқылып, қозылар бөлінгеннен кейін, яғни қазан айында шопандарымыз осы құм өңіріне қайта көшіп келеді, – деді «Пионер» өндірістік кооперативінің төрағасы Алпысбай Жұмаханов. Дүйсенбек ОРМАНОВ, журналист. Жамбыл ауданы.
ҰЛТТАР ТЕАТРЫ ҚҰРЫЛДЫ БҮГІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОСАРАЛЫҚ СҰХБАТТЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТЕТІГІ МЕН МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІНІҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫНА АЙНАЛДЫ.
Қазақстанда жұмыс істеп жатқан қазақ, орыс, корей, ұйғыр және неміс театрларының қызметі негізінен халықтың белгілі бір этно стық топтарына бағытталған. «Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік консорциумы» Қоғамдық қоры қазақстандық театрлардың шығармашылық мүмкіндіктерін толыққанды жүзеге асыру мен ұлтаралық Қазақстан мәдениеттері өзара ықпа лдасуларының үйлесімділігі мен келістілігін көрсету мақсатында «Қазақстан Ұлттар
Театрын» құрған болатын. «Қазақстан Ұлттар Театры» елдің шығармашылық мүмкіндіктерін біріктіру, Қазақстан халқының бүгіні мен болашаққа ұмтылысын көрсететін жаңа спектакльдерді жасауға арналады. Бұл мақсаттармен отандық драматургтердің жаңа неме се арнайы жазылған пье с алары қойылатын болады. Қойылымдарға заманауи театралдық көзқарастарымен ерекшеленетін танымал режиссерлермен қатар, жас дарындар да қатысады.
«Қазақстан Ұлттар Театры» өз қызметін антреприза кейпінде жүзеге асыруды көздейді. Спектакльдер бір уақытта бірнеше тілде көрсетіледі, яғни әр әртіс рөлдерінің белгілі бір бөлігін ана тілінде сомдау мүмкіндігіне ие болады. Бұл – Қазақстандағы алғашқы антрепризді театр. Театр ұжымы 25 сәуір күні жазушы әрі драматург Дулат Исабековтің «Бақыт құсы» пьесасының қойылымының тұсаукесерін ұсынбақ. «Ақ жол-Ақпарат».
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерекесі аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінің мұрындық болуымен аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Бір ел, бір тағдыр» атты жылжымалы көрме өтті. Көрмеге И.Денисов, Р.Сапарәлиева, М.Паншаев, Б.Шеримов, М.Рахымжанов, Г.Тян, Т.Көшербаев, Е.Измағанбетов, В.Лежнин сынды тараздық суретшілердің таңдаулы туындылары қойылды. Онда туған өлкенің көркем табиғаты мен еңбек адамдары бейнеленген. =ҚОРДАЙ Үлкен Сұлутөр ауылдық округінен «ST-Agro» ШҚ (басшысы Ерсайын Ермеков) 400 гектар алқапты суландыру бойынша жұмсалған шығынның 80 пайызын субсидия ретінде қайтарып алмақшы. Енді осы жерде жемшөп қорымен өзін-өзі қамтамасыз ететін 200 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салуды бастамақ. = САРЫСУ Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жұмыссыз тұрғындар үшін жәрмеңке өткізілді. Онда аудандағы 41 кәсіпорыннан 73 бос жұмыс, 70 уақытша жұмыс орнын және 3 тұрақты жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңке барысында 3 жұмыссыз азамат тұрақты жұмыс орнымен қамтылып, 45 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына тартылып, жастар тәжірибесі бойынша 25 азамат уақытша жұмыс орнымен қамтылды. =ТАЛАС Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсаңында ұлттық ат спортынан облыс орталығында өткен облыстық біріншілікте таластықтар екінші орынға ие болды. Аударыспақтан 80 келі салмақта Ертай Стақан бірінші орынды, 50 келі салмақта Әсет Панат екінші орынды иеленді.
Дихан бабаның кетпенінен, Шопан атаның таяғынан жарылқасын. Халық мақалы. ЛАССЫН! ТОЙҒА Ұ Ң Ы ТОЙ
Шелді мал - төлді «Шелді мал – төлді» дегендей, төлдеген 325 бас саулықтың 39-ы егіз туды. Қозыларға бірден таңба басылып, сырға салынып, құйрығы кесіліп, дәрі егілуде. Есепші күн сайын төлді есепке алып отырады. Төрт сақпаншым бар, – деді аға шопан Берік Есінбаев бізбен әңгімесінде. Шынында да, қысы-жазы қой соңына ілескен шопанның еңбегін ерлікке балайсың. Аптап ыстықта, қаһарына мінген аязға төтеп беру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Біздегі шопандардың бәрі де нағыз малсақ. Шаруашылық бойынша 9 отар қой бар. Бәрі де қоңды. Төлдету науқаны аяқталып келеді. Бүгінгі
=БАЙЗАҚ
(Жалғасы 3-бетте).
ҚОЙ ҚОЗДАП, ҚОРАДА ШУ
Мал өсіру – ата кәсібіміз. Халқымыз «Мал баққанға бітеді» деп бекер айтпаса керек. Таяуда асыл тұқымды қой өсіретін «Пионер» өндірістік кооперативінің шопандарының қимыл-қарекетін көзбен көріп қайтқанбыз. Қай шопанның жайылымына соқсақ т а тынымсыз тірлікті байқадық. – Шопан атаның құт таяғын ұстағаныма сегізінші жыл. Қой төлдету – жауапты науқан екенін, оның өз төлі есебінен көбейетінін жақсы түсінемін. Биыл қыс жайлы болды. Бағымымдағы 500 бас саулық қоңды. Содан да жаңа туған қозылар енесіне лезде ілесіп жатыр. Жемшөп жеткілікті.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай облыстық ішкі істер департаменті игі істі қолға алды. Атап айтқанда, тәртіп сақшылары «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы облыстық және қалалық балалар ауруханасының маңына 300 түп жеміс ағашын отырғызды. Енді осы ауруханаға қарасты каналдың бойынан 300 түп, ал Ы.Сүлейменов атындағы көшенің бойына 800 түп ағаш егу қолға алынбақ. Жас көшеттердің күтімін «Казфосфат» мекемесі атқаратын болады.
АВТОБЕКЕТТІҢ АЙНАЛАСЫ
АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». Газетіміздің өткен санында хабарлағанымыздай, Қазақ хандығының 550 жылдығына дайындық жұмыстары Таразда енді-енді қарқын алып келеді. Жаппай жұмысқа кірісіп кетпесе де, облыстар өздеріне жүктелген нысандар бойынша әртүрлі жұмыстарын бастап кетті. Мәселен, олардың басым бөлігі нысан құрылысының жобалықсметалық құжаттамаларын әзірлеп қойғанмен, эскиздерін әлі дайындау үстінде. Сараптамадан да әлі жобалардың жартысынан астамы өте қоймаған. Ал нысандардың қаржыландыру мәселесі де толық шешім таппауда. Дегенмен, барлық облыс пен екі ірі қала – Астана мен Алматы билігі жуық арада жұмыст арын жандандыратынын уәде етіп отыр. Қазіргі уақытта екі
нысанда құрылыс жұмыстары қолға алынды. Оның бірі – «Қарахан» ке с ене сі маңына орна лас атын гүлзардың орны тегістеліп қойды. Бұл жайлы газеттің 14 сәуір күнгі санында жазғанбыз. Енді Солтүстік Қазақстан облысы демеушілер арқылы Тараз қаласының негізгі нысандарының бірі саналатын автобекет маңын тегістеуді қолға алған. Онда жоба бойынша Мәмбет батыр көшесінен бастап автобекетке дейінгі кең жер гүлзарға айналуы тиіс. Алдын ала есептеулер бойынша мұндағы құрылыс жұмыстарына шамамен 50 миллион теңгедей қаржы кетеді деп жоспарланыпты. Мұндағы құрылыс жұмыстары осыдан екі аптадай уақыт бұрын басталған. Петропавлдық «Сенім Мидас Строй» ЖШС құрылысшылары қазіргі уақытта автобекет алдынан бой көтеретін үлкен субұрқақтың іргетасын құйып жатыр. Құрылысқа 15 адам т артылып, 7 техника жұмылдырылған. Шамамен 800 метрге дейін созылатын аллеяның
екі нүктесінде үлкен композициялық гүлзар болмақ. Одан бөлек, бұл аллея серуендеушілерге арналған о р ы н д ы қ т а р м е н т р отуа рл а р , жарықшамдармен қамт амасыз етіледі. Нысандағы жұмыс қарқынында, анау айтқандай мін жоқ. Дегенмен, жұмыс қызған шақта аллеяға тиесілі учаскеде бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан көлік жөндеу орталықтары және кесе көлденең жатқан газ құбыры кедергі болатын сыңайлы. Яғни, қызмет көрсету нысандары мұндағы аллеяның көркіне кір келтірмек. Серіктестік директорының құрылыс жөніндегі орынбасары, компанияның Тараз қаласындағы өкілі Магомед Эдоковтың айтуынша, бұл мәселемен қазір қала билігі айналысып жатыр екен. Құрылысшылар 1 тамызға дейін тапсырылуы тиіс нысандағы жұмысты одан ерте уақытта-ақ аяқтаймыз деп отыр. Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.