Он сегіз мың ЖҮРІП ӨТКЕН ҚИЛЫ ЗАМАН ҒАСЫРЫН, ғаламға ЖАСАЙ БЕРСІН, АЙБЫНЫ АСҚАҚ БАСЫЛЫМ! үн қосқан
18000 нөмір
-шы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
«АҚ ЖОЛДЫҢ» АБЫРОЙЫ ӘРДАЙЫМ АСҚАҚТАЙ БЕРСІН!
№143 (18000), Бейсенбі, 16 қазан, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
www. akjolgazet.kz
ПРЕЗИДЕНТ ҚЫРҒЫЗСТАН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Жоомарт Оторбаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Кездесуде екі елдің сауда-экономика, инвестиция және отын-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының мәселелері қаралды. Т а р а п т а р Қ ы р ғ ы з Р е сп у бл и к а с ы н а Қазақстаннан электр энергиясын жеткізудің жайын, сондай-ақ, Қазақстан-Қырғ ызстан үкіметаралық кеңесінің бесінші отырысының жұмысы нәтижелерін талқылады.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, «Ақ жол» газеті ЖШС-ның Директор-бас редакторы. Құрметті оқырман! Ардақты ағайын! Бүгін «Ақ жол» газетінің 18 мыңыншы нөмірі жарық көріп отыр. Яғни, өткен ғасыр еншісіндегі сонау 1922 жылдың 1 мамырынан бері шаңырақтарыңыздың табалдырығынан жағымды жаңалықтарымен, қызықты хабарларымен, мазмұнды мақалаларымен, салихалы сұхбаттарымен, сырлы суреттерімен, танымдық топтамаларымен, жалынды жырларымен, әсерлі әңгімелерімен он сегіз мыңыншы рет аттап отыр. Газет алғаш рет «Вольная беднота» газетінің қосымшасы ретінде дүниеге келіпті. Тұңғыш редакторы Анна Владимировна Алматинская деген жазушы, журналист екен. Басылым 1924 жылдың тамыз айынан бастап «Еңбек» деген атпен шыға бастаған. Әулиеата оязының аудан болып қайта құрылуына байланысты 1929 жылдың 1 қаңтарынан «Диқан даусы» атты аудандық газетке айналады. «Жаппай ұжымдастыру» науқанына байланысты газеттің аты 1931 жылдың басынан «Колхозшы» деп аталса, 1938 жылы «Колхоз жолына» өзгертіледі. 1939 жылы Жамбыл облысы құрылғанда газет облыстық және Жамбыл қалалық партия комитеттері мен еңбекшілер депутаттары облыстық кеңесінің органына айналып, бірінші нөміріне редактор ретінде Күзембай Сүгірбеков қол қойыпты. Заман ағымы мен саясат сыңайына қарай 1944 жылға дейін «Коммунист», одан кейін «Сталиндік жол» атанған басылым 1958 жылдан бастап «Еңбек туы» деген атқа ие болды. Н. С. Хрущевтің әпербақан саясатының салқыны «Еңбек туын» да айналып өтпепті. 1962 жылы облыстағы жар дегендегі жалғыз қазақ газеті жабылады да, бір жылдан кейін орыс тілінде шығатын «Знамя труда» газетінің аудармасы ретінде жарық көре бастайды. Арада бір жыл өткенде қайтадан дербес басылымға айналды. 1972 жылы газет өзінің елу жылдық мерейтойына орай КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша «Құрмет белгісі» орденімен наградталса, он жылдан кейін, яғни Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1982 жылғы 30 сәуірдегі Жарлығымен Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге байланысты 1990 жылдың 3 сәуірінен бастап газет «Ақ жол» деген атпен шыға бастады. Одан бері де, міне, 24 жыл сырғып өте шығыпты. Жетпіс жылға жуық кеңестік идеология арқылы бұғаулап ұстаған КСРО саясатына қызмет еткен газет, енді міне, жиырма жылдан астам уақыт болды тәуелсіз Қазақ елінің мемлекеттілігін нығайтуда барын салып келеді. Еркін еліміздің экономикасы дамып, саясаты сараланып, мәдениеті өсіп, әдебиеті мен өнері өркендеп, руханияты нығаюы үшін газет қаламгерлері әр нөмірге бар күш-қайратын жұмсауда. Мемлекет алдындағы сол қалтқысыз қызметтің бір мысалы бүгінгі 18 мыңыншы нөмір, ардақты ағайын! Соңғы алты айда газеттің бет-бейнесі мүлде өзгерді. «Ақ жолдың» жаңа жобасы: «журналист мәселе көтереді, ой айтады», «Ақ жолдың» тарихитанымдық экспедициясы: Ұлы Жібек жолы бойындағы жауһарлар», «Пырақ» әдебиет және өнер беті, «Шөкеңнің шошаласы» деп аталатын сын-сықақ, әзіл-оспақ бұрышы, «Оқырмандар отауы» деген хат-хабар, ұсыныс-пікірлер топтамасы, «Тылсым дүние» деген газет ішіндегі газет, жастарға арналған «Маздақ» беті мен «Айша бибі» қыз-келіншектер отауы, «Бүкпесіз әңгіме» деп аталатын боямасыз сұхбат және «Алаш-арена» деп аталатын газеттің спорттық алаңшасы бәрі-бәрі оқырмандар көзайымына айналып, сүйіспеншілігіне бөленді. Одан бөлек газет бетінен көрінбей кеткен карикатура, сөзжұмбақ, суретшілер туындылары да өз «жанкүйерлерімен» қайта қауышты. Біздің қаламгерлер ұжымы он сегіз мыңыншы нөмірге осындай шығармашылық өрлеу үстінде жеткендеріне тәубе дейді. Құрметті оқырман! Ардақты ағайын! Он сегіз мың ғаламның құпия сырларына толы тоқсан екі жылда он сегіз мың саны жарық көрген ақ сақалды абыз жасындағы «Ақ жолдың» абыройы әрдайым асқақтай берсін!
МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» ААҚ-тың президенті Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде «Лукойл» комп аниясының Қазақстандағы мұнай-газ саласын дамытуға
қатысуы, сондай-ақ, түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, «Лукойл» компаниясының Каспий теңізі қайраңында іске асырып жатқан жаңа жобалары туралы әңгіме болды.
КӘСІПКЕРЛІККЕ БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ТИІМДІ ИГЕРІЛУІ ТИІС Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бәйтерек» «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасы
төрағасы Қуандық Бишімбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде Қ.Бишімбаев Мемлекет басшысына «Бәйтерек» холдингінің 2013 жылғы қызметінің нәтижелері, сондай-ақ, холдингтің компаниялар тобы жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалар туралы баяндады. Қазақстан Президенті «Бәйтерек» холдингіне кіретін даму институттары «Самұрық-Қазына» АҚ іске асыратын трансформациялар жөніндегі шараларды назарға алғаны жөн екенін атап өтті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнесті қаржыландыруға мемлекет бөлген қаражат экономиканы одан әрі дамытуға оң әсерін тигізу мақсатында тиімді игерілуге тиіс тігіне тоқталды. Қ.Бишімбаев «Бәйтерек» холдингі 20142023 жылдарға арналғ ан даму стратегиясын қ а б ы л д а ғ а н ы н , о н ы ң н е г і з г і б а ғ ы т т а р ы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға қатысу, елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қаржыландыру, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ, шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту болып табылатынын айтты. «Бәйтерек» холдингі басқармасының төрағасы даму инстит уттарының инвестициялық және кредиттік қызметінің жандандырылуы мен тиімсіз шығыстардың азайтылуы туралы хабардар етті. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
АҚЖОЛТАЙ ХАБАР
ҚАЗАҚДИҚАН АУЫЛЫНА ГАЗ ЖЕТТІ Ақтоған ауылдық округіне қарайтын Қазақдиқан ауылының тұрғындары бұл күнді көптен күткен болатын. Ауданда осынау экологиялық жағынан таза отынды 24 елді мекеннің халқы пайдаланып отыр. Сейсен ҚОЖЕКЕ, «Ақ жол». Бұған дейін Ақарал ауылына – 3, Сармолдаев ауылына 2 шақырымнан газ құбырын тартқан «Ақбарысстрой» серіктестігі Қазақдиқанға 4,5 шақырым қашықтықтан көгілдір отын жеткізді. Ауылда құрылған кооператив жетекшісі Есен қажы Ниязбековтің айтуына қарағанда үйүйге газ кіргізу оңайға түспепті. Әр отбасы бюджетінен 270 мың теңге қаражат жұмсалған. Жалпы осы ауылға көгілдір отын тартуға мемлекет 64 миллион 500 мың теңге қаржы шығарып отыр. Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге
келген аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов пен аудандық мәслихат хатшысы Ілияс Ахметжанов салтанатты түрде ауыл ақсақалы Есен Ниязбековтің үйінде табиғи газдың алауын жақты. – Ошақтың жылуы – отбасының жылуы. Сондықтан ауылдың барлық тұрғындарына «ошағың сөнбесін» деген тілек арнаймын. Міне, сексен үйге газ кірді. Бұл – сексен үй шаруасындағы әйелдің қолы қысқарды деген сөз. Үйлеріңнен жылу кетпесін, ағайын,– деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қамбар қажы Иманалиев салтанатты рәсімде. Меркі ауданы.
Жақсыға айтқан тура сөз, Жасақ тіккен тумен тең. Жаманға айтқан тура сөз, Құмға құйған сумен тең.
Халық мақалы.
АГРОӨНЕРКӘСІП: БАРЫС-КЕЛІС, АЛЫС-БЕРІС
ҚОСТАНАЙДАН – ТАЛАСҚА 295 БАС ҚАЗАҚТЫҢ ТАЗА ҚАНДЫ АҚБАС СИЫРЫ ӘКЕЛІНДІ
Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол». Шәкіров ауылындағы «Ақай» шаруа қожалығының мал шаруашылығымен айналысқанына бірнеше жыл болды. Қарамағында мыңға тарта асыл тұқымды қойы бар. Оны төңіректегі шаруа қожалықтарына пұлдап, түскен қаржыға ішкі қажеттіліктерін айырып келеді. Қожалық төрағасы Жанат Ақаев «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингтік несиеге ет бағытындағы қазақтың ақбас сиырын алуға ниет білдіріп, 106 миллион теңгеге құжаттарын т а п с ы р а д ы . Жу ы р д а банк оң қорытындысын
берісімен, ол Қостанай облысы Денисов ауданы Крымский ауылындағы күні бұрыннан келісіп жүрген «Арай» ЖШС-нан мал сатып алуға аттанып кеткен еді. Апта ішінде 295 бас қазақтың ақбас сиыры Талас ауданына аман-сау жеткізілді. – Күз айын әдейі таңдадым. Малды жерсіндіруге қолайлы мерзім, – деген еді ол бізбен әңгімесінде. – Әкелу оңайға түскен жоқ, - дейді ауылдық округтің мал маманы Мұрат Байымбетов, – әуелі машинаға, сосын вагонға, аяғында «КамАЗ»-ға тиеп, Мойынқұмның «Тәтті» деп аталатын қыстауына бір-ақ жеткіздік. Онда карантинге жерсіндіруге, бейімдеуге қойылды. Бақташылар тәжірибелі адамдар. Біз Жанаттан малдың сатып
ҮЙРЕНЕТІН ҮРДІС
ып сарлат АБАЛАБАҚША САЛУДА Бұрын қазақтарда үлкен бір істі қолға алып, тез бітіру қажет болғанда «асар» жасайтын тамаша еңбек дәстүрі болған. Осынау игі іс бүгінде өз жалғасын тауып келеді. Ұлттығымызды айқындайтын, ежелден келе жатқан асар үрдісі - Ынтымақтағы халықтың ынтымағы негізінде қайта жаңғырған сыңайлы. Нақтырақ айтқанда, мәдімарлық тұрғындар асарлатып ауылда балабақша салу ісіне кірісіп кетті.
Мұндағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп жанындағы шағын орталық «Балдәурен» балабақшасына айналдырылу үстінде. Айта кетерлігі, әбден тозығы жеткен нысанның құрылыс жұмыстарына ауыл тұрғындары өз еріктерімен қолғабыс жасап, 50 балаға арналған балабақшаның шатыры мен терезелерін ауыстыру жұмыстарын түгелімен өз мойындарына да алды. Бұдан бөлек, тұрғындардың көмегімен балабақша жанынан қосымша екі бөлме соғылып, мекеме іші толығымен қайта әрленуде. – Ауданда шағын орталықтар орнына балабақшалар ірге көтеруде. Бізде жаңа балабақша бұрынғы «Балбөбек» шағын орталығы негізінде ашылмақ. Ғимараты жөндеуді қажет ететіндіктен, ауылдықтардың өздері бастама көтеріп, бүгінгі таңда мұнда құрылыс жұмыстары қауырт басталып та кетті.
алу бағасы туралы сұрастырып білдік. Әрбірінің тірідей салмағын килограмына 1000 теңгеден бағалағанда, бір бас құнажынның құны орташа 360 мың теңгеден айналды. Әр бас сиырға кеткен шығынның 154 мың теңгесін мемлекет субсидиялайды. Сонда қожалыққа бір бас мал 206 мың теңгеден айналып отыр. Әрине, жол шығыны бөлек. Шаруа қожалығының төрағасы бұл малды ет бағытында өсіріп, б о р д а қ ы л а м а қ . Тау а р л ы - с ү т фермасын ашып, сүт өндіру үшін арнайы кешен керек, ол тиімсіз. Мал тұқымын асылдандыратын бұқалары да дайын. – Сәтін салса, келер жылдан бастап, етті Ресейге экспортқа шығарамыз,- деп отыр. Жанат Ақаев әкелінген мал үшін жемшөп қоры жеткілікті дайындалғанынан да хабардар етті. Аққұмның шұрайлы шұраттары мен Таластың бал құрағы олар үшін таптырмас азық, әрине. Оған қоса жем де молынан керек. Осылайша «Ақай» шаруа қожалығы кәсіптің жаңа түрін игеруге белін бекем буып, іске кірісіп те кетті. Қазір олар асыл тұқымды малдың құжаттарын рәсімдеп, тиісті субсидияларын алудың қамында жүр. Талас ауданы.
ЖАЗЫЛЫМ – 2015 Нысанның шатырынан бастап еденіне дейінгі жұмыстардың барлығына араласып жатқан ауылдықтарға, соның ішінде, А.Бұралхиев, С.Жанқұлиев, Қ.Қасымов, Ж.Ержанов, Н.Иманбекова, Г.Құрымбаева, А.Төлепбергеноваларға, жалпы мектеп, балабақша қызметкерлеріне, Ынтымақ ауылдық округінің әкімшілігіне де айтар алғысымыз зор. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын барлығы 20 адам жүргізуде. Аудан әкімдігінің білім бөлімі тарапынан жеткізілген құрылыс материалдары ісіміздің ілгері жылжуына көп септігін тигізуде, – дейді балабақша меңгерушісі Айман Құрманова. Берекелі тірліктің жемісін балалар көріп жатса, одан асқан қуаныш бар ма?! Айдана ШОТБАСОВА, журналист. Байзақ ауданы.
“АҚ ЖОЛҒА”
жазылыңыздар, ағайын! « ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН
Ауыл тұрғындары үшін Қала тұрғындары үшін
1 жылға
6 айға
Индексі
4227.0 теңге
2113.5 теңге
65457
3768.36 теңге 1884,18 теңге
65457
КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН 1 жылға
6 айға
Индексі
Ауыл
4726.92 теңге 2363.46 теңге
15457
Қала
4268.28 теңге 2134.14 теңге
15457