Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№59 (18093), Сенбі, 16 мамыр, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
Президент
жұрт жаңғыртудан жақсылық күтеді
Елбасы Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдады. Кездесу барысында К.Мәсімов Қазақстан Президентіне негізгі ә л еу м е т т і к - э ко н ом и к а л ы қ көрсеткіштер, маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев комиссияның белсенді әрі тиімді жұмыс істегені маңызды екенін атап өтті. – Комиссия өзіне тапсырылған міндеттерді тезірек орындауға к і р і с ке н і ж ө н . З а ң н а м а л ы қ өзгерістер жобасының бір бөлігін П а рл а м е н т т і ң қ ы р к ү й е кт е г і сессиясына дейін әзірлеу керек, бұл алға қойылған міндеттерді уақытында жүзеге асыруға оң ықпал етеді, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті көктемгі егіс жұмыстарын сапалы атқару ісіне атсалысу, елдің әрі қарай индустриялық-инновациялық дамуын, сондай-ақ оның негізгі экономикалық көрсеткіштерінің орнықтылығын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Жастықтың оты, қайдасың, Жүректі түртіп қозғамай? Ғылымның біліп пайдасын, Дүниенің көркін болжамай? Адамның тауып айласын, Кісілікті ойламай. Қаруын көңіл сайласын, Қолға от түспес бойламай. Махаббат, қызық кім көрер, Оның да дәмін татпаса? Біржола басты кім берер, Жаныңа қайғы батпаса. Аямай жанын дос ерер, Жолдастықты ақтаса. Алдыңа айдап кім келер, Ерінбей жүріп бақпаса. Мал бақпақтық шаруа боп, Адал тауып асықпай. Құр айғаймен әуре боп, Өнердің жайын баса ұқпай. Енді нені істейміз, Бәрінен де бос қалдық? «Ауызға кел, түс» дейміз, Қылып жүріп құр салдық!
Той – то
Бәрекелді!
меркінің мерейі өсіп келеді
Аудан орталығындағы 7,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізілуде Нұрболат Әлдибеков, «Ақ жол». Меркі ауылындағы орталық көше ұзақ уақыт жөндеу көрмегендіктен тоз-тозы шығып, тұрғындарды әбден мезі еткен болатын. Таяуда осынау орталық көшеге күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Құрылысты «Аия-Сервис» ЖШС жүргізуде. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 226 миллион 839 мың теңге қарастырылған. Бөлінген қаржыға 7,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізіледі. Мердігер оны қазан айының ортасына дейін толық жөндеп бітіруді көздеп отыр. Меркі ауданы.
ұлығы ұлт өнерінің – с ы Айт
Әкімі ақынын іздеген ақылман елміз Сәулембай Әбсадықұлы, Жанғазы Ахмет, «Ақ жол».
Еңбек етпесең, елге өкпелеме, Егін екпесең, жерге өкпелеме. йғ а ұ
лас сы н!
Халық мақалы.
«көп түкірсе – көл» деген осы! Облыс орталығында той қарсаңында қыруар шаруа қолға алынуда Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». Таразда Қазақ хан дығ ының 550 жылдық мерейтойын атап өту шараларына дайындық жұмыстары алдымен қала көшелеріндегі жекелеген учаскелер бойынша тротуарларды жаңартудан басталған болатын. Сонымен қатар, Қызылорда, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстары өздеріне тиесілі нысандардағы құрылыс жұмыстарын қолға алғалы біраз уақыт болды. Атырау облысы Тұңғыш Президент атындағы саябаққа қарама-қарсы бетке гүлзар жасауға кірісті. Қаржы көзін тапқан облыс нысанның қаржылық-сметалық құжаттарын дайындап, кететін шығынды анықтап қойыпты. Қазір аумақты тегістеуде. Ал Қайрат Рысқұлбеков саябағы алдындағы «Даңқ» аллеясының екінші бөлігін орнатпақшы болған Алматы қаласы жобаға кетер шығынды есептеп, ақшаларын жіберіпті. Мұндағы жұмыстарды Тараз қалалық әкімдігі басшылығы өздері жүргізетін болып келісіпті. (Жалғасы 5-бетте).
алпысқа келген ақынын ардақтады « Қ а р ат ауд а ғ ы Ұ л б и ке а қ ы н атындағы Мәдениет үйінде атағы алты Алашқа мәлім Шорабек ақынның жүлдесі үшін республикалық ақындар айтысы өтетін болыпты» деген хабар жетісімен сол күнді таластықтар тағатсыздана күтті. Шынтуайтында, жұрт қазақ ауыз әдебиетінің асқар шыңы – айтысты аңсап, сусап, шөліркеп қалған еді. «Еее-ей, ағайын!» деп айтыстың өзегіне өзгеше стиль, мазмұн, әуен, леп әкелген Шорабегінен де халқы көз жазып қалғаны анық-ты. Андас анда сөз с айыстырған арқалы ақындардың аузынан Шорабектің мақамын естіп, «е-е» деп елеңдесіп, жылы жымиятын халықтың тілеуі орындалғандай. Сондықтан болар, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев құп көрген бастама ақынның туып-өскен
ЖАСТЫҚТЫҢ ОТЫ, ҚАЙДАСЫҢ?
жазылым – 2015
“Ақ жолға” жазылыңыздар, ағайын!
жерінде дүркіреп өтуі тегін емес. Бес жасынан таңдайы тақылдап, тұла бойы өлеңге тұнған ақын Шорабек Айдаровтың мерейлі тойына арналған аламан айтысты белгілі айтыскер ақын Серік Қалиев ашып, жүргізіп отырды.
Ол алдымен айтыс – ұлттың айнасы екенін айтып, өнерсүйер қауымды Шөкең туралы түсірілген қысқа бейнефильмді көруге шақырды. (Жалғасы 8-бетте).
әр айдың 28-іне дейін келесі айға жазылым қабылданады. Қаладағы оқырман бір айға – 314,03, үш айға – 942,09, алты айға – 1884,18 теңгеге, ал ауылдағы оқырман бір айға – 352,25, үш айға – 1056,75, алты айға 2113,5 теңгеге жазыла алады. Мекемелер бір айға – 355,69, үш айға – 1067,07, алты айға – 2134,14 теңгеге жазылады. жазылым «қазпоштаның» барлық бөлімшелерінде жүргізіледі.