16 сәуір пдф 2016 ж

Page 1

ЫСТАМБҰЛДА ӨТКЕН ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫНЫҢ XIII САММИТІНДЕ ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚАЗАҚСТАН БАСТАМАЛАРЫНА АЙРЫҚША БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ. ЕҢ БАСТЫСЫ, АЙТЫЛҒАН БАСТАМАЛАР ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ХІІІ САММИТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ КОММЮНИКЕСІНІҢ ЖОБАСЫНА ЕНГІЗІЛДІ ЖӘНЕ ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛДЫ.

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

(АБАЙ).

Жамбыл облысты о амды саяси газет

№44 (18238), Сенбі, 16 с уір, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

ПРЕЗИДЕНТ

БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҮШІН

Қазақстан Президенті Ташкент қаласына барды. Онда Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кəрімовпен кездесті. Мемлекет басшылары сауда-экономика, су-энергетика, көлік-логистика жəне мəдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қарастырды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен И.Кəрімов күн тəртібіндегі өзекті халықаралық мəселелерді, сондай-ақ

өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, Ташкентте өткізу жоспарланып отырған ШЫҰ Саммитіне қатысты жайттарды талқылады. Қазақстан Президенті екі елдің арасындағы тарихи достық қатынастарға тоқталып өтті. – Біз бұл байланыстарды Тəуелсіздік жылдары сақтап қана қоймай, мемлекеттерімізді жақындастыра түстік. Бұл орайда, көрші ретіндегі біздің риясыз ниетпен кездесу тəжірибеміздің маңызы зор. Мен Сізбен достығымды, қазақ пен өзбек халқының достығын мақтан тұтамын. Мақсат – осы қарым-қатынастарды, өзара сенімді нығайтып, келесі ұрпаққа мирас етіп қалдыру. Барша қазақстандықтар атынан өзбек халқына табыс пен бақ-береке тілеймін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. И.Кəрімов екі мемлекет арасында шынайы достық қарымқатынас, құрмет пен өзара тілеулестік бар екенін айтты. – Біз өмір сүріп жатқан қазіргідей күрделі кезеңде дəл осы қасиеттер қажет. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сапары қазіргі жағдайда дұрыс шешімді бірлесіп іздеу жолында пікір алмасу үшін де маңызды. Əлемдік экономикада дағдарыс жалғасуда, дүние жүзінің ешбір мемлекеті қиындықтан кенде емес. Біз дұрыс жолмен жүріп, əрдайым бағытымызды бірлесе байыптап отыруды қалаймыз, – деді Өзбекстан Президенті.

ТӘУЕЛСІЗДІ К

ТОЙЫ НА

Ыстамбұлда «Əділеттілік пен бейбітшілік – б і рл і к п е н ы н т ы м а қ т а с т ы қ ү ш і н » ұраны аясында өткен саммитке 56 мүше мемлекеттердің өкілдері, оның ішінде 30дан астам мемлекет жəне үкімет басшылары қатысты. Саммитте əуелі Египеттің Сыртқы істер министрі Сами Шукри мырза алдыңғы, ХІІ саммитті өткізген елдің өкілі ретіне сөз алып, бүгінде жаһанда қалыптасып отырған жағдайларға байланысты өз ойымен бөлісті. Соңғы кездері ислам əлемінде болып жатқан оқиғалар жөнінде де əңгімелеп, Египет өзі төра ға лық еткен саммит кезінде ұйым мүшелерін мейлінше топ тас ты руға қызмет еткендігін атап өтті. Одан кейін сөз алған ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысы Ияд

«Көгілдір отынға» қол жеткізу шулықтардың көптен бергі арманы болатын. Күткен күн де келіп жетті. 2012 жылдың желтоқсан айында к ө р ш і л е с Қ о р д а й ауд а н ы н ы ң шекарасында алғаш алау жағылып, «Бұқара газды аймағы-ТашкентБішкек-Алматы» магист ральды газ құбыры арқылы ауданның елді мекендеріне «көгілдір отын» жеткізу ісі басталды. Биыл полиэтиленді заманауи сапалы газ құбыры 59 көше, 4170 аула бар аудан орталығы – Төле би ауылына тартылуда. Ауылды түгелдей газбен қамту ісін жергілікті кəсіпкер Н.Париев қолға алған. Құбырды жерасты арқылы жүргізу қауіпсіздік тұрғысынан да қолайлы. Мердігер алдағы уақытта осындай жолмен Алға, Сауытбек, Абай ауылдарына жəне Шу қаласындағы Жайсан, Жанқұлиев, Алға тұрғын жай алқаптарына құбыр тартатын болады. Аудан орталығымен қатар, биыл Бірлік, Қонаев, Жаңақоғам ауылдық округтері де газдандырылмақ. Қазірдің өзінде Бірлік ауылының – 6, Қонаев ауылының – 4 жəне Жаңақоғам ауылының 5 көшесіне «көгілдір отын» жеткізілген. Бұл істің игілігін ауданда алғаш Шу қаласының тұрғындары көрген болатын. Қалада 222 көше, 8987 аула бар. Яғни, 38 шкафтық тарату жүйесіне бөлінген. Күні бүгінге дейін онда 15 шкафтық тарату жүйесі іске қосылыпты. Тұрғын үйлерге газ құбырын тартумен айналысатын «ПГС Регион» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Марат Кенжебектің айтуынша, тұрғындардың белсенділігі əлі де көңіл көншітпейді. Дəл үйі іргесіне келіп тұрған табиғи

мемлекеттердің қайбірімен де иық тірестіруге жарайтыны анық. «Төртеу түгел болса», қазіргідей соншалықты əбі герге түспей, тобықтан қаққандардың өзін əжептəуір əуресарсаңға салып қоя берер еді. Бірақ, əзірге олай болмай тұр… Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ынтымақ, халықтың бірлігі туралы жиі айтады. Əсіресе, халық аралық деңгейдегі жиындарда Астананың ынтымақтастық туралы ұйғарымдары көбірек сөз болады. Күні кеше ғана Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында Нұрсұлтан Əбішұлы «Əлем. ХХІ ға сыр» атты манифесін жариялап, е сі кеткен төрткүл дүниенің қапе ріне алаңсыз күннің астарлы ақиқатын ақтарды. Ықпалдастыққа бола араздасып, үстемдікке

ұмтыл ғандардың ешқашан да ұтысқа шықпайтындығын тағы бір мəрте еске салды. «Өзіңнің қауіпсіздігіңді өзге мемлекеттердің қауіпсіздігіне қысым жасау есебінен қамтамасыз ету мүмкін емес», деген байлам қағажу көріп отырған талай елдің көкейіндегісін дөп басқаны белгілі. Ислам Ынтымақтастығы Ұйы мының Ыстамбұлдағы басқосуынан дүйім дүниедегі түйіні тарқатылмаған осындай өткір мəселелерге жауап ізделгені де сондықтан. Көкейде туындаған сансыз сауалдардың бірқатарына жауап табылды да. Ең бастысы, саммит аясында қозғалған қазақстандық бейбіт бастамалардың қалың қолдауға ие болғандығы қуантады. (Жалғасы 2-бетте).

БӘРЕКЕЛДІ! ТАР ТУ

АУЫЛДАРҒА І Т Т Е Ж З А Г И Ғ И ТАБ Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА, «Ақ жол».

Амин Мадани мырза да ұйым өмірінде болып жатқан өзгерістер төңірегінде əңгімеледі. Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының ХІІІ саммитін өткізіп жатқан елдің атынан Түркия Президенті Реджеп Ердоған сөйледі. Ол террористік əрекеттерді батыл айыптады. Əлеуеттілердің əуелден келе жат қан əлімжеттік əдеті əлі күнге дейін жалғасып келеді. Əйтпесе, ауыз біріктірер болса, Ислам əлемі дегеніңіз кімнен кем дейсіз. 1,5 миллиардқа жуық халқы бар, 57 елдің басын қос қан Ислам Ынты мақтастығы Ұйы мы мұсылман жұртының айбынын асыратынақ іргелі ұйым. Халқының саны дейсіз бе, эконо микалық əлеуетін айтасыз ба, қай мүмкіндігін санамаласаңыз да, сараласаңыз да дүниенің төрт құбыласындағы менменсіген

отынды үйлеріне кіргізіп алуға асықпай жүрген тұтынушылар көпақ. Барлығы да қаражатқа келіп тірелетіні белгілі. Бірақ, бұл мəселенің оңтайлы шешілуі де қарастырылған. Бүгінде газға қосылу құны қалалықтар үшін 330 мың теңгені құрайды. Бұл ретте, тұрғындардың алдымен 99 мың теңгесін ғана төлеп, қалған қаражатты 11 ай ішінде бөліп төлеуіне де мүмкіндігі бар. «Алғаш жұмыс басталғанда біз арнайы бекітілген жұмыс кестесі бойынша көшелерге рет-ретімен құбыр тарта бастадық. Бірақ ешқандай да қайт арымы болмаған соң, тығырыққа тірелмес үшін, тұрғындарының сұранысы көп, белсенділігі жоғары көшелерді бірінші кезекке қоюға мəжбүр болдық. Белгілі бір көше тұрғындарының тең жартысы газға қосылуға ниет білдіргенде ғана келісімшарт жасасып, іске кірісеміз. Өзімізге тие сілі жұмыстың 50 пайызын аяқтап та үлгердік», – дейді мердігерлік ұйым жетекшісі. Жоспар бойынша, газ құбырларын тарту жəне құрастыру жұмыстары мұнда 2018 жылға дейін аяқталуы тиіс. Бүгінде ауданда Жаңажол, Көкқайнар, Белбасар, Еңбекші, Бірлікүстем ауылдары «көгілдір отынға» қол жеткізіп үлгерген. «КазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы Жамбыл өндірістік филиалының Шу газ шаруашылығы мекемесінің и н же н е р і Б е к ж а н Қ а л ы м бе то в «көгілдір отынды» тұрғындарға жоспарға сəйкес жеткізу жəне мекеме тарапынан тұтынушылардың тиісті құжаттарын рəсімдеу, есептеуіш құралдарын орнату, пломбалау, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау беру сынды жұмыстар атқарылып жатқандығын айтты. Шу ауданы.

ҚР Ұлттық Олимпиада ко м и т е т і н і ң , е л і м і з д і ң бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті қызметіне тағайындалды. Ұйым пре зиденті шейх Ахмад əл-Фахад əлСабах кеңестің атқарушы ко м и т е т і н і ң м ү ш е л е р і Тимур Құлыбаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. «Орталық Азия аймағы – Олимпиада

ойындары қозғалысын қарқынды дамытуға күш салып келеді. Халықаралық деңгейдегі спорттық д о д а л а р д ы ө т к і з уд е д е

белсенділіктері байқалады. Еліміздің мүддесі үшін Азия Олимпиадалық кеңе сінде өкілдік қызмет атқару мен ү ш і н ү л ке н а б ы р о й , ə р і міндет. Бұл халықаралық спорт қауымдастықтарының Қазақстан еңбегін бағалауы əрі үлкен сенім жүгін артуы деп білемін. Бұл Қазақстан мен Азия елдері спорт ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты бұдан ары қарай нығайта түседі» деп атап өтті Тимур Құлыбаев өзінің тағайындалуы туралы сөзінде.

Азия Олимпиадалық кеңе сі – ха лықара лық О л и м п и а д а ком и т е т і т арапынан мойында лған бе с құрлықтағы іргелі ұйымдардың бірі. Ұйым АОК мүше елдерінің Олимпиада қозғалыстарын басқарып, жұмысын үйлестіреді. Тұрақты түрде қысқы жəне жазғы Азия ойындарын төрт жыл сайын өткізіп тұрады. Ұйым құрамына қазіргі кезде 45 мемлекет кіреді. «Ақ жол-Ақпарат».

ЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПС Н-2050» СТРАТЕГИ ІЗДІГ «ҚАЗАҚСТА І

ЖАЗЫЛЫМ – 2016

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». «ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН

Уалихан ЖАЙЛАУ, «Ақ жол». Б и ы л Мо й ы н қ ұ м ауд а н ы н д а ғ ы А.Назарбеков (бұрынғы Жасұлан) ауылының азаматтары – «Бағлан» жəне «Қараменде» шаруа қожалықтарының жетекшілері Батырбай Қораласов пен Айтбек Сұлтаналиев алма бақ өсіруді қолға алып, жұртты қуантып отыр. Екеуі де бұл істі өз қаражаттары есебінен жүзеге асырмақ екен. Алма ағашы көшеттерін «Меркі» тəжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен көтере сатып алыпты. Оның əрбір түбі 300 теңгеден айналған. Батырбай 1 гектар жерге – 512, Айтбек 1 гектар жерге 680 түп жоғары сұрыпты күздік «Алтын алма» көшетін ұзындығы 130140 метр 17 атызға отырғызған. Олардың пайымдауынша, егілген алма көшеттері енді үш жылдан кейін жеміс беруі тиіс. Сонымен қатар Батырбайдың еншісінде 10 гектар суармалы жері бар. Оның 7 гектарына жоңышқа өсіруде. Ілкімді іс иелері алдағы уақытта алма бақ алқабы көлемін ұлғайтамыз деп құлшынып отыр. Жергілікті тұрғындар да «Батырбай мен Айтбектің ісіне қарап, күллі ауыл жаппай жұмыс жасап жатқандай көреміз» деп олардың мақтауын жеткізді. Аудандық əкімдік қызметкерлері «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасы аясында кепілдікке қойылатын талаптары оң шешімін тапса, қос кəсіпкерге 6

Жақыныңды жаттай күт, Жат көрсін де түңілсін. Бір-біріңді қадір тұт, Жұрт үлгі алсын, үңілсін.

Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457

пайыздық өсіммен 2 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсете алатындықтарын жеткізіпті. Олар алдағы уақытта аталған бағдарламамен несие алып, ауылдағы алма бақтар қатарын көбейтпек ниетте. Бұрын ауылдың «Жасұлан» аталған 220 гектар алма бағы болды. Жылына 1200 тонна өнім жиналатын. «Жасұланның» алмасы елімізден тыс, тіпті Мəскеуге д е й і н т а с ы ма л д а н д ы. А л А й т бе к пен Батырбайдың атағы алмасымен алысқа жеткен ауылдың абыройын

қайта биіктететіндеріне сеніміміз мол. Аудандық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор Сырым Шəкіров егілген алма бақ аума ғ ы н а ка р а н т и н д і к т е кс е ру жүргізгендерін, алайда ешқандай аурудың анықталмағанын жəне құжаттардың толықтай заңды екенін айтады. Соған қарағанда, «Айтбек ауылының алмасы-ай» дейтін күннің ауылы алыс емес сияқты. Мойынқұм ауданы.

КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457

ҚҰРМЕТТІ БІЗДІҢ ЖАЗЫЛУШЫЛАР, ҚАЛА ЖӘНЕ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ! «Қазпочта» АҚ Жамбыл облыстық филиалы 4 сəуірден облыс аумағында 2016 жылдың 2-жартыжылдығына «Жазылым науқанының» ашылғанын хабарлайды. Жазылымды «Қазпочта» АҚ-ның кез-келген Почта байланыс бөлімшесінен рəсімдей аласыз жəне үйден шықпай «Интернет жазылым» жүргізе аласыздар! Құрметті оқырман қауым, сүйікті басылымдарыңызға дер кезінде жазылуды ұмытпаңыздар!

Қосымша сұрақтарыңыз болса байланыс телефонымыз: 8(7262) 34-84-30.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
16 сәуір пдф 2016 ж by akjolgazet - Issuu