КӨРШІ АҚЫСЫ – ТӘҢІР АҚЫСЫ БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
(АБАЙ).
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
ak-jol-taraz@rambler.ru
№82 (18276), Сенбі, 16 шілде, 2016 жыл
АҚОРДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ФРАНСУА ОЛЛАНДҚА НИЦЦА ҚАЛАСЫНДА БОЛҒАН ТЕРРОРЛЫҚ АКТІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ
Же д е л х ат т а Қ а з а қ с т а н Президенті 14 шілдеде Ницца қаласында болған террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. «Қазақстан терроризмнің кезкелген түрін қатаң айыптайды, қандай мақсатта болса да жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға орт ақт ас а отырып, барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Ф.Олландқа, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ француз халқына көңіл айтты. Елбасы зардап шеккендердің т е з і р е к с ау ы ғ ы п ке т у і н е тілектестік білдірді.
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ
ЖЕР ШОҚТЫҒЫ – КӨКШЕТАУ
Елімізде табиғи демалыс орындары жетерлік. Олардың әрқайсысы әлемдік деңгейдегі курорттық аймаққа айналып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Көкше төріндегі Бурабай демалыс орнында берген сұхбатында айтты. Елбасы көрікті мекеннің көз тартар сұлулығын тамашалап, көпшілік үшін жасалған жайлы жағдаймен танысты. Сондай-ақ, талай ақын-жазушының жырына арқау болған Бурабай аймағы жер шарындағы теңдессіз демалыс орны екенін тілге тиек етті. – Бурабай деген жерді халқымыз әнге қосып айтып кетті. «Жер шоқтығы – Көкшетау, бауыры толған бақшабау. Төңірегің сексен көл, исің жұпар аңқидыау», – деп Біржан сал айтып кетті емес пе? Сондықтан бұл тамаша жердің төңірегінде адам өлең айтпай,
адамның творчествосы жоғарыламай қоймайды. Бұл Қазақстанның ең бір әдемі, ең бір
сағынышпен айтатын жердің біреуі сияқты. М е н ү ш і н А л а т ау, К ө к ш е т ау е к е у і н і ң
де орны бөлек. Бұл – еліміздің өте әдемі жері. Бұны көркейту, өсіру, әрі қарай белгілі ету
біз үшін үлкен мақсат болып саналады, – дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
ЕГІНЖАЙ КҮНІ – 2016
ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЖАРҚЫН ІСТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ
ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС БАРЫСЫНДА ӨҢІР ДИҚАНДАРЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІНЕ КӨЗ ЖЕТКІЗДІ Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». Біздің өңіріміз аграрлы облыстар қатарында. Облыста ауыл шаруашылығы саласының үлесі 10,7 пайызды құрайды. Жалпы, облыста 761,0 мың гектар егістік жер бар. Оның 170,9 мың гектары – суармалы. Осы ретте айта кету керек, біраз бөлігі таулы аймақта орналасқандықтан, өңірімізде су ресурстары шектеулі. Осы мәселені шешудің бірден-бір жолы су үнемдеу технологияларын енгізу екені белгілі. Кейінгі жылдары бұл тұрғыда бірқатар шаралар жүзеге асырылып, ө з н ә т и же с і н бе р е б а с т а д ы . Жа ң а технологияны өз егістіктерінде тиімді пайдаланған шаруашылықтар өнім көлемін де бірнеше есеге өсіріп отыр. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен өткен «Егінжай күні – 2016» облыстық семинарында осы орайдағы оң жетістіктер кеңінен сөз болды. Егіншілік саласын әртараптандыруды жалғастыру және олардың өнімд ілігін арттыру үшін су үнемдеу технологияларын
«BURNOYE SOLAR-1» ЕХРО-ҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ БЕРДІ Әлемдік стандартқа сай «Burnoye Solar-1» ЖШС өткен жылдан бастап энергия қуатын таратуға кіріскен. Елімізде ғана емес, Азияда теңдесі жоқ күн электр стансасы бүгінде қуаты 50 МВт болатын энергия өндіріп отыр. – Біз Астанада өтетін халықаралық ЕХРО – 2017 көрмесіне қатысуға өтініш жібердік. Азиядағы энергия өндіретін бірден-бір ірі серіктестік болғандықтан, оған қатысуға толық мүмкіндігіміз бар. 50 МВт қуат көзін өндіру дегеніміз ол тұтас екі ауданға қуат көзін таратумен бірдей, – дейді «Бурное» күн электр стансасының басшысы Иван Анатольевич. Жуалы өңірінен салынған күн электр стансасы – «Самұрық Қазына Инвест» және UGEL біріккен жобасының нәтижесі. Жуалы ауданындағы қыраттың күнгей беткейіне орналасқан күн электр стансасының аумағы – 150 шаршы шақырым. «Ақ жол-Ақпарат».
насихаттау мақсатында өткен жиынға облысымыздағы барлық аудан әкімдері, шаруа қожалықтарының иелері мен сала мамандары қатысты. Олар егіншілік
мәдениеті жайлы бейнероликтерді көріп тамашалап, өзара пікірлесуге де уақыт тапты.
БАЯН ӨЛГЕЙГЕ КӨМЕК БЕРІЛЕДІ Ұлан-Батырда XI АСЕМ саммитіне қатысу аясында Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдоржбен кездесті. Бұл туралы ол өзінің «Instagram»-дағы аккаунтында жазды. К. Мәсімов моңғол көшбасшысын ұлттық мейрамы Наадаммен құттықтап, бауырлас елге бейбітшілік, амандық және гүлдену тіледі. Әңгімелесу барысында тараптар сауда және инвестициялар саласындағы екі жақты өзара ісқимылды кеңейтудің ағымдағы жағдайын және перспективаларын талқылады. * * * Ұлан-Батырда өтіп жатқан XI АСЕМ саммиті аясында Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бірқатар екі жақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Чехия Ре спубликасының Пре зиденті Милош Земанмен әңгімеле су барысында Кәрім Мәсімов машина жасау және ауыл шаруашылығы салаларындағы қазақстандықчех ынтымақтастығын дамытуға әлеуетті айтып өтіп, Қазақстан Чехияны маңызды экономикалық серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын айтты. Саммит алаңдарында К. Мәсімов Моңғолия Премьер-Министрі Жаргалтулга Эрдэнэбатпен кездесіп, АСЕМ саммитінің сәтті өтуімен құттықтады. ҚР Премьер-Министрінің пікірінше, ҰланБатырда аса жоғары деңгейде форум өткізу елдің алдағы дамуына септігін тигізеді. Тараптар екі жақты сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және екі елдің бизнес
қауымдастықтарының байланыстарын нығайту мәселелерін талқылады. К.Мәсімов біздің елдердің арасындағы сауда айналымын арттыруға зор әлеуетті айтып өтіп, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және саудаэкономикалық қатынастарды жандандыруға дайындығын білдірді. Оның пікірінше, өзара тиімді серіктестікті реттеу үшін аса перспективалы салалар энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй құрылысы, алтын және уран өндіру және өңдеу болып табылады. Финляндия Премьер-Министрі Юхой Сипилямен әңгімелесу барысында К.Мәсімов жан-жақты экономикалық ынтымақтастыққа қызығушылығын білдіріп, финдік серіктестерді Қазақстан аумағында бірлескен жобаларға қатысуға шақырды. Қазақстан Премьер-Министрі мен Румыния Премьер-Министрі Дачиан Чолоштың кездесуінде өзара сауда және инвестицияларды арттыруға және кеңейтуге мүмкіндіктері, сондай-ақ БҰҰ, ОБСЕ және басқа халықаралық ұйымдар аясында бірлескен күш-жігерді үйлестіру талқыланды. * * * Моңғолияға келген Қазақстан ПремьерМинистрі Кәрім Мәсімов Өлгей қаласына барып, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті. Өлгей қаласы орналасқан аймақ хал қ ының басым бөлігін қазақ диаспорасы құрайтынын атап өткен жөн. Мұнда барлығы 90 мың адам тұрса, оның 88,7 пайызын қазақтар құрайды. Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапс ыр масымен Үкімет Өлгей қаласындағы селден зардап шеккен отбасыларға қаржылай көмек көрсететінін атап өтті. Премьер-Министр жақын күндері көрсетілетін қолдау қандастарымызға табиғи апат салдарын жоюға жәрдемдеседі деген үмітін білдірді. Айта кету керек, Моңғолияның Өлгей қаласында 10 шілде күні сел жүріп, соның салдарынан тұрғын үйлер қирап, су астында қалған еді.
Ат өнері білінбес, Бәйгеге түсіп жарыспай. Ер өнері білінбес, Қоян-қолтық алыспай.
(Жалғасы 3-бетте).
АВТОРАЛЛИ
ЕЖЕЛГІ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫМЕН 9000 ШАҚЫРЫМ САПАР
«ЖІБЕК ЖОЛЫ – 2016» РАЛЛИ ДОДАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР ГИННЕСТІҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНУДІ КӨЗДЕП ОТЫР Уалихан ЖАЙЛАУ, «Ақ жол». БҮГІНГІ ТАҢДА ӘЛЕМ НАЗАРЫН ӨЗІНЕ ҚАРАТҚАН «ЖІБЕК ЖОЛЫ – 2016» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РАЛЛИІ – ӘЛЕМДІК АВТОСПОРТТАҒЫ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ БІРІ. ЕКІ ЖЫЛДЫҚ ҮЗІЛІСТЕН КЕЙІН ҚАЙТА ЖАНДАНҒАН РАЛЛИ-МАРАФОН ШІЛДЕНІҢ 8-І КҮНІ МӘСКЕУДІҢ ҚЫЗЫЛ АЛАҢЫНДА БАСТАЛЫП, АТАЛҒАН АЙДЫҢ 24-І КҮНІ ҚЫТАЙДЫҢ БЕЙЖІҢ ҚАЛА СЫНДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТПЕК.
(Жалғасы 6-бетте).
ЖАРЫҚ НЕГЕ ЖИІ ӨШЕДІ?
ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕСІ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ ЖҰМАҒАЛИ САБАЛАҚОВТЫҢ НАЗАРЫНА!
Нұрым СЫРҒАБАЕВ, «Ақ жол». Бүгінгі өмірімізді электр қуатынсыз елестету мүмкін емес. Қысқасы, қай сала болсын электр қуатынсыз жұмыс істей алмайды. Оның үстіне, қазіргі таңда шаһардағы барлық мекемелер толықтай компьютерлендірілген. Қуат кенеттен болмай қалса, талай адамның еңбегі зая болады. Таразда кейінгі кездері күндіз жарықтың өшуі жиілеп кетті. Техникалық ақауларға байланысты болса түсінер едік. Ал оның ойламаған жерден қайта-қайта сөндіріле беруі жүйкені жұқартып, жұмыс жасауға бөгет болуда. Ал бұл жағдай кез-келген саланың ырғақты жұмысына кесірін тигізері анық. Тигізіп те жатыр. Сондықтан, Тараз қалалық электр жүйесі осы берекесіздікті тыйып, жарықтың тұрақты болуын ұдайы назарда ұстаса дейміз.
Тараз қаласы.