ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№72 (18106), Сейсенбі, 16 маусым, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ
ЖАҺАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚУАТТЫ ЖАҢА ОРДАСЫ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҰҢҒЫШ ТҮЛЕКТЕРІ ҚАТАРЫНДА 446 СТУДЕНТ ОҚУЫН ТӘМӘМДАДЫ Елбасы Назарбаев Университетінің алғашқы түлектеріне диплом беру рәсіміне қатысты. Жиналғандарға сөз арнаған Мемлекет басшысы түлектерді, олардың ата-аналарын, Қ а м қ о р ш ы л ы қ ке ң е с і н і ң м ү ш е л е р і н , басшылықты, профессорлар мен университет қызметкерлерін алғашқы лектің бітіруімен құттықтады, сондай-ақ меценаттарға алғыс айтты. Нұрсұлтан Назарбаев диплом тапсыру рәсімі университет қана емес, бүкіл республика үшін де маңызды оқиға екенін атап өтті. – Тарихымыздағы алғашқы халықаралық д е ң ге й д е г і ғ ы л ы м и ж ә н е б і л і м бе ру орталығының – жетекші жоғары білім беру орнының тұңғыш түлектері енді бүкіл Қазақстанның өміріне араласқалы отыр. Еліміз жас, жан-жақты даярланған, білікті мамандардың жаңа буын өкілдеріне ие болды. Бұл әсіресе, Ұлт жоспары негізінде мемлекетті жаңғырту жөніндегі терең өзгерістерге кірісіп жатқан қазіргідей кезде айрықша маңызды, – деді Қазақстан Президенті. Қазақстан Президенті түлектерге университеттің тарихи тізімінің басында тұру мәртебесі бұйырып отырғанына назар аударды. – Университеттегі даярлық деңгейін сіздер арқылы, сіздердің істеріңіз арқылы бағалайтын болады, бұл – айрықша жауапкершілік. Мен сіздердің әрқайсыңыздан зор құлшыныс пен кәсіби деңгей күтемін. Сіздердің оқуларыңыз алғашқы дипломды алумен аяқталмайды. Ол өмір бойы жалғасады. Ең басты өмірлік тәжірибені оқудан кейін меңгересіздер. Оған қалай қол жеткізуді сіздерге бес жыл бойы оқытты. Егер мамандықтарыңыз бен еңбектеріңіз өмірлік сүйікті істеріңізге айналмаса, жатталған нәрсе тез ұмытылуы мүмкін. Өз ісінің нағыз кәсіпқойы тек біліп қана қоймайды, білгенін нақты іске асыра да алады. Университеттің барлық түлектері осындай кәсіпқойлар болатынына сенемін, – деді Мемлекет басшысы. – Дүниежүзілік экономикалық форум жариялаған Адами капиталды дамыту индексіне сәйкес, Қазақстан бір жылда бірден 8-орынға көтеріліп, 37-орынға шықты және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше Португалия, Грекия, Испания, Чили, Мексика, Түркия, сондай-ақ Малайзия, Қытай, Бразилия сияқты елдерден озды. Елдің сауаттылық деңгейінің рейтингі бойынша Қазақстан 33-орынды иеленді, ал білім беру жүйесінің сапасы жөнінен бірден 9 тармаққа көтерілді. Бұл табыстарға сіздердің университет те зор үлес қосты, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы университет түлектері мемлекетіміздің жаңа буын элитасының негізі екенін атап айтты. – Елді дамытып, халықты бақытқа, бақберекеге жеткізу ісі сіздерге жүктеледі. Мұның қаншалық қиын іс екенін мен жақсы білемін. Бүгінгідей жаһандану жағдайында сіздерге тұрақтылық пен даму қарқынын ұстап тұрудан да артығырақ мақсатқа ұмтылу қажет болады. Сіздерге «Бастан асып секіре алмайсың» деп қанша жерден нықтаса да, биік меже қоюға тура келеді. Егер сіздерде қазір бекем әрі батыл амбиция болмаса, онда кейін табысқа
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Жуалы ауданы
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
=ТАРАЗ Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Жас ғалым–2015» атты V халықаралық ғылымипрактикалық конференция өз жұмысын бастады. Аталмыш институт оны еліміздегі жас ғалымдардың шығармашылық қабілетін шыңдау үшін екі жылда бір рет ұйымдастырады. Биылғы кеңес Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып отыр. Конференцияға еліміздің барлық өңірлеріндегі және шетелдік 29 жоғары оқу орындары мен арнайы білім беру мекемелерінен 200-ден аса студенттер мен оқушылар қатысуда. =БАЙЗАҚ Облыстық қан орталығы және аудандық «Нұр Отан» партиясының мұрындық болуымен Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектепте «Қан тапсырған адамды қаһарман деуге болады» атты акция өткізілді. Дүниежүзілік қан доноры күніне орай өткен акцияға аудандағы білім ошақтарының және орталық аурухананың ұжымдары белсене қатысты. Акция аясында донорларға сыйсияпаттар берілді. = МОЙЫНҚҰМ Өткен жылы Мойынқұм-Ұланбел тас жолының 54-115 шақырымы аралығындағы жолды жөндеу басталған болатын. Қазір «Компания инвест МК» ЖШС Құмөзек-Қарабөгет ауылдары аралығындағы 7 шақырым жолды жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Құрылысқа 7 «КамАЗ» автокөлігі, 1 грейдер, 2 «ДТ100» тракторы мен 1 коток тартылған. = ШУ Ескі-Шу ауылдық округі С.Мұқанов атындағы орта мектебі жанындағы «Бәйтерек» жазғы сауықтыру лагері ашылды. Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Е.Айманбетов сөз сөйлеп, оқушыларға сәтті демалыс тіледі. Бұл лагерьге алдымен аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары тартылған. Алғашқы онкүндікке 125 жеткіншек қабылданған. Лагерь тамыз айының 25-не дейін жұмыс істейді. 10 күнге жіктелген 7 ауысым аясында мұнда 825 бала демалатын болады.
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті ХХХVІІІ сессиясы 2015 жылдың 25 маусымында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Б.Ж.Қарашолақовтың есебі туралы. 2. 2014 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы. 3. Облыста халыққа мәдени қызмет көрсетуді жақсарту және мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуда атқарылып жатқан жұмыстар туралы. 4. Жамбыл облыстық мәслихатының экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі. 5. Әртүрлі мәселелер. * * * Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында (3-қабат) 2015 жылдың 25 маусымында сағат 11.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2015 жылдың 25 маусым күні сағат 14.00-де басталады. Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. ҚАРАШОЛАҚОВ.
жету үшін күш-жігер табу қиын болады, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев университеттің диплом иегерлерін жұмысқа қабілеттілік, тапқырлық, ширақтық танытуға шақырды. – Мен бізде басқарушылардың, мемлекеттік қызметшілердің, бизнесмендер мен қоғамдық көшбасшылардың жаңа шоғыры өсіп келе жатқанын көріп отырмын. Көп ұзамай қазақстандық мамандар, ең алдымен, осы университеттің түлектері бүкіл әлемге өзінің жаңашылдығын, бәсекеге қабілеттілігін және қажеттілігін көрсетеді деп сенемін. Әлемнің жетекші университеттерінің тарихы – ең алдымен оның түлектерінің табысының тарихы. Бұл университетте де оның түлектері атқарған ұлы істердің жаһандық айшықты тарихы болатынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті бұл күндері бүкіл еліміз бойынша мыңдаған қазақстандық студенттің диплом алып жатқанына назар аударды.
ОРАЗАҒА – 2 КҮН ҚАЛДЫ ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН
– Жоғары оқу орындарының барлық түлектерін құттықтаймын, оларға өмірден лайықты орындарын табуын, сәттілік және бақыт тілеймін. ЮНИСЕФ-тің бағалауы бойынша, Жастардың дамуының жаһандық индексінде Қазақстан 27-орын алып отыр. Бұл Франция, Түркия және Швеция сияқты елдердің көрсеткішінен жоғары. Біз қазіргі атқарып жатқан істеріміздің бәрін сіздер үшін, сіздердің болашақтарыңыз үшін жасап жатырмыз. Бүгінде сіздердің алдарыңыздан бүкіл әлемге жол ашық. Сіздер қызықты кезеңде өмір сүріп, болашаққа қарай қарыштап қадам басқан елмен бірге ержетіп келесіздер. Осының барлығы біздің қоғамдағы татулық пен тұрақтылықтың арқасында. Сондықтан сіздердің басты миссияларыңыз – елдегі бірлік пен келісімді нығайту. Баршаға бейбіт заман мен игілікті өмір жолын тілеймін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Студенттер мен оқытушылар университеттегі жасалған жағдай үшін Мемлекет басшысына алғыстарын айтып, күш-жігерлерін елдің бұдан
әрі даму жолына жұмсайтындарын жеткізді. * * * Назарбаев Университетінің тұңғыш түлектері қатарында 446 студент оқуын тәмәмдады. Оқу орнының құрылған кезінен бері білім алып келе жатқан жастардың жалпы саны 2800-ге жетті. Оқуға түсу емтихандарының қорытындысы бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізген талапкерлер студенттің университеттегі барлық оқу кезеңіндегі шығындарын өтейтін мемлекеттік білім беру гранты арқылы оқиды. Грантқа жыл сайын 500 адам ие болады. Студенттердің басым көпшілігі гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, инженерия, ғылым мен технология мектептерінде, сондай-ақ білім беру, мемлекеттік саясат және бизнестің жоғары мектептерінде оқиды. Оқушылардың арасында компьютерлік ғылымдар, инженерлік механика, роботты техника және мехатроника, білім беру ісін басқару, биологиялық ғылымдар, электрлік және электрондық инженерия, сондай-ақ құрылыс инженериясы мамандықтары мейлінше сұранысқа ие мамандықтар болып отыр.
Сіріңке
Мен темекі шекпеймін. Бірақ, әрқашан өзіммен бірге сіріңке алып жүремін. Күнә жасауға әрекет еткен кезде сіріңкені жағып қолыма басамын. Содан соң өзіме былай деймін: – Әли, сен мына отқа шыдай алмайсың, тозақ отына қалай шыдамақсың? «Ақ жол-Ақпарат».
Халық мақалы. ЖАЗЫЛЫМ – 2015 Абдалы НҰРАЛИЕВ, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ҰҚСАТА АЛМАҒАН ҰТЫЛАДЫ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ БАСШЫЛАРҒА ОСЫНЫ ЕСКЕРТТІ
Мұхаммед ӘЛИ, әлемге әйгілі боксшы:
Білімді әр нәрсенің байыбын айтады, Білімсіз біреудің айыбын айтады.
Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол».
ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ – ХАЛЫҚТЫКІ Жақсы көрсеткішке қол жеткізу үшін қатаң талап қою қажет. Дегенмен, мұнымен іс бітпе сі анық. Жұмыс барысында кездесетін қиындықтармен күресуге табандылық та керек. Бұл – қаржы мәселесіне де, жұмысты дұрыс ұйымдастыру мен үйлестіруге де қатысты ортақ қағида. Бір сөзбен айтқанда, ұқсата алмаған ұтылады. Селекторлық режімде өткен аппарат кеңесінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне осыны ескертті.
Қазынадағы қаржы – халықтыкі. Сол себепті, бюджет қаражаты жоспарланған мерзімде діттеген жеріне жұмсалуы керек. Онсыз іс бітпейді. Судың да сұрауы болатыны секілді игерілмеген қаржының да сұраушысы бар. Облыс бюджетінің игерілуі, қаржылық қозғалыстардың жай-күйі аппарат кеңесінде күн тәртібіне тағы да қойылуы, сондықтан. Алдымен облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұрғали Құдайбергенов аймақтағы салықтық түсімдердің жайын баяндады. Нұрғали Сапарәліұлының мәлімдеуінше, бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сай атқарылуда. Тіпті, бүгінгі күнге дейін бірқатар аудандар көздеген межеден асып жығылыпты. Жүз
пайыздық көрсеткішке қол жеткізе алмай отырғандары 15 күннің ішінде, яғни жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қалған 7-8 пайызды орындаймыз деп отыр. Осыдан туп-тура бір ай бұрын аппарат кеңесінде төрт айдың қорытындысы шығарылып, қай салада қанша қаржы игерілмей жатқаны айтылған еді. Бір айдың ішінде не өзгерді? Ілгерілеу бар ма? Облыстық қаржы басқармасының басшысы Асқар Қырықбаевтың сөзіне сүйенс ек, қазірдің өзінде облыс бюджетінің кірістер бойынша жоспары 99,8 пайызға орындалыпты. Ал меншікті кірістері 99,4 пайызды құраған. (Жалғасы 3-бетте).
«АҚ ЖОЛҒА»
жазылыңыздар, ағайын! ӘР АЙДЫҢ 28-ІНЕ ДЕЙІН КЕЛЕСІ АЙҒА ЖАЗЫЛЫМ ҚАБЫЛДАНАДЫ. ҚАЛАДАҒЫ ОҚЫРМАН БІР АЙҒА – 314,03, ҮШ АЙҒА – 942,09, АЛТЫ АЙҒА – 1884,18 ТЕҢГЕГЕ, АЛ АУЫЛДАҒЫ ОҚЫРМАН БІР АЙҒА – 352,25, ҮШ АЙҒА – 1056,75, АЛТЫ АЙҒА – 2113,5 ТЕҢГЕГЕ ЖАЗЫЛА АЛАДЫ. МЕКЕМЕЛЕР БІР АЙҒА – 355,69, ҮШ АЙҒА – 1067,07, АЛТЫ АЙҒА – 2134,14 ТЕҢГЕГЕ ЖАЗЫЛАДЫ.
ЖАЗЫЛЫМ «ҚАЗПОШТАНЫҢ» БАРЛЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.