ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №130 (17987), Сейсенбі, 16 қыркүйек, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
ПРЕЗИДЕНТ
www. akjolgazet.kz
l ТАРАЗ Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқау ұйымдастырды. Жарысқа қатысқан алты команда «Таныстыру», «Жұмыс үстелі» (жұмыс барысынан көрініс), «Терминдердің қолданысы», «Мақал-мәтелдер әлемі», «Мемлекеттік тіл – тұрмыс-тіршілікте» (әзілмен) бөлімдері бойынша бақ сынады. Байқауда өрт сөндіру қызметінің «Жалын» тобы бірінші орынды иеленіп, жарыс жеңімпазы атанды. Жүлделі екінші орын өрт сөндіруші қыздардан құралған «Тілдария» командасына бұйырса, үшінші орынға төтенше жағдайлар қызметінің «Дабыл» тобы лайық деп танылды. Сүңгуірлерден құралған «Ақжелкен» тобы «Іскер топ», әскериленген авариялық құтқару қызметінің «Алтын жебе» тобы «Өнерлі топ», жедел құтқару қызметінің «Болашақ» тобы «Сөз мерген» аталымымен марапатталды.
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ ЖЕҢІЛЖЕЛПІ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ
l БАЙЗАҚ
ОНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА БАРЛЫҒЫ 45 КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІК СУБЪЕКТІСІ ЕНІП ОТЫР Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол».
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТБАСЫ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. Табандылық, еңбексүйгіштік, туған жерді қастерлеу, үлкенге құрмет және қонақжайлылық сияқты халқымыздың ең жақсы рухани-адамгершілік құндылықтары берік отбасылық дәстүрлер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. «Отбасы күні» осы ұлағатты мұраларымызды нығайтып, жұбайлық өмірдің жауапкершілігі мен балаларға, аға буынға ұдайы қамқор болудың маңыздылығын жастардың жадына сіңіре бермек. «Қазақстан-2050» Стратегиясының ең басты мақсаты – әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқатын арттыру. Бүгінгі таңда біздің ортақ табыстарымыздың арқасында әлеуметтік төлемдер артып, отандық білім берудің деңгейі өсіп келеді. Денсаулық сақтау саласына ең жаңа технологиялар енгізіліп, индустриялық-инновациялық жобалар аясында барлық жерлерде жаңа жұмыс орындары ашылуда. Біздің ең басты жетістіктеріміздің бірі – жалпықазақстандық бірліктің теңдессіз институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының табысты жұмысы. 17 миллион қазақстандық – ортақ күш жігерімен биік мақсаттарға ұмтылған біздің мемлекетіміздің үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін біртұтас отбасы. Менің өкіміммен биыл тұңғыш рет «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізілуде. Еліміздің барлық өңірлерінде ең үздік отбасылар іріктелді. Олар барша отандастарымызға, бірінші кезекте, енді шаңырақ көтеретін жастарға шынайы үлгі-өнеге. Мереке күні әрбір қазақстандық отбасына зор денсаулық, береке-бірлік пен ынтымақ тілеймін.
Бұл туралы кеше облыс әкімдігінде өңір басшысы Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен өткен аппараттық кеңесте әңгіме болды. Кеңестің күн тәртібіндегі екі мәселенің алғашқысы бойынша, яғни, облыстағы коммуналдық меншіктің жай-күйі туралы облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Асқар Қырықбаев хабарлама жасады. Асқар Санатұлы алдымен, облыстың коммуналдық есебінде тұрған мемлекеттік заңды тұлғалар жайлы ақпарат берді. – 2014 жылдың 1 қыркүйегіндегі ахуал бойынша облыстың коммуналдық меншігінің есебінде 1380 мемлекеттік заңды тұлға болса, оның ішінде: мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар – 79, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар – 271, коммуналдық мемлекеттік мекемелер –1006, мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар – 2, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер – 22, оның ішінде облыстығы – 4. Ал коммуналдық меншіктегі негізгі құралдардың бағасы 92 миллиард теңгені құрады, – деді хабарламашы А.Қырықбаев. Оның айтуынша, облыстың
коммуналдық меншігін басқарудан түсетін түсім 2014 жылдың сегіз айына жасалған болжам бойынша 65 миллион теңге болса, нақты түскені 109 ммиллион теңгені құрапты. Орындалуы – 169 пайыз. Дегенмен, жекешелендіру мәселесі төңірегінде аудандарда әлі де болса ширата түсетін жұмыстар баршылық. Жекешелендірудің екінші толқынына облыста барлығы 45 коммуналдық меншік субъектісі кіріп отыр, оның ішіндегі жекешелендіруге жататыны 42 болса, біреуін қайта құру керек, ал, таратылатыны – екеу. Сондай-ақ, Асқар Қырықбаев үстіміздегі жылы жекешелендіруге шығарылған 10 ұйымның саудасаттығына сатып алушылардан өтініштердің түспеуіне байланысты өтпей қалғанын айтты. Хабарламашы мұндай сәтсіздікті жекешелендіруге жауапты мекемелердің түсіндіру-жарнамалау сияқты жұмыстарды өз деңгейінде жүргізбегендігімен байланыстырып отыр. Сонымен қатар, мүлікті жария ету үшін комиссиялардың қарауына бар болғаны 25-ақ өтініш түскен. Осыған байланысты бұл акцияға тұрғындарды белсенді қатыстыру бағытындағы жұмыстарды жөнге қою мәселесі туындап
отыр. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев бұл мәселе бойынша орынбасары Е.Мәнжуов, қаржы басқармасы басшылығы мен Тараз қаласы, аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. Ал кеңестің екінші мәселесі бойынша облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Данияр Медетбеков хабарлама жасады. Орталықтың биылғы сегіз айда атқарған жұмыстарын шолып шыққан ол облыста жылдан-жылға халыққа қызмет көрсетуде қызметтер санымен қоса сапасының да артып келе жатқанын тілге тиек етті. Мәселен, 2007 жылы көрсетілетін қызмет саны 25 болса, бүгінде ол 160-қа жеткен. Ал филиалға биылғы сегіз айда жеке және заңды тұлғалардан 1 157 683 өтініш түсіп, тұтынушыларға 1 205 601 құжат берілген. Дегенмен, Д.Медетбеков саладағы жұмыстарды одан әрі жандандыруда Жуалы, Меркі, Шу аудандарында орталық ғимараттарының тарлық етіп отырғанын жасырмады. Ал өз кезегінде Кәрім Нәсбекұлы хабарламашыдан және бірқатар аудан әкімдерінен жергілікті ХҚКО ғимараттарының жай-күйін сұрады. Сонымен қатар, Қордай, Шу және Мойынқұм аудандарынан жаңа орталық ғимараттарын іске қосу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
СУДЬЯЛАР
ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Халық мақалы.
ЖАЗЫЛЫМ – 2015
Адамдарды дүниетанымға, саналық тұрғыдан қалыптастыруға, ерік-жігерге, қоғамдық мүддеге адалдыққа, жеке жауапкершілікке тәрбиелейтін құндылықтар аз емес. Соның ішінде газеттің жөні бөлек... Мен қоғамдық-саяси басылым туралы айтып отырмын. Ол билік пен бұқараның арасындағы жарық сәуле. Егер оны былай ысырып тастайтын болса, билік пен бұқараның арасындағы кеңістікті тұман басады. Сөйтіп, екі жақ бір-бірінің талап-тілегін, арманмүддесін, сұранымын көре алмай қалады. Мәселе осында. Газетті күнделікті жансерікке айналдыру, сол арқылы қоршаған ортаның жан-жақты жаңғыруына, жаппай алға
С. Шәкіров ауылындағы М. Байымбетовтің шаруа қожалығы Талас өзенінің жағалауына қауын, қарбыз егуді кәсіп етіп келеді. Биыл да олар 3 гектар жерге қарбыз егіп, 500 тонна қарбыздың әр килосын 28-30 теңгеден өткеріп, 1,8 миллион теңге таза пайда тауып отыр. l ҚОРДАЙ «Первомайские деликатесы» (бұрынғы «Бриг Компани») ЖШС «Цесна банктен» 600 миллион теңге несие алды. Оның пайыздық өсімін «Даму» қоры субсидиялайтын болды. Бұл қаржыға серіктестік Қордайда мың бас ірі-қара бордақылау алаңы мен мал сою цехы бар заманауи ет зауытын салуды жоспарлап отыр.
басқа, науқандық жұмыс ретінде 10 адамды тарттық. Олардың әрқайсысына күн сайын 2000 теңге жалақы береміз. Балаларына алма алып кетуді де ұмытпайды, – деді төңірекке көз тастаған Бекболат Қабанбайұлы. Бұл осы ауылдағы бір шаруашылықтағы көрініс. Мұнда алма өсірумен айналысатын 88 шаруашылық бар. Олардың алмасы 155 гектарға орналастырылған. Ал мына алмасы жайқалып тұрған бақ «Нұрлан» шаруа қожалығынікі. Қожалық иесі Несібелді Сүлейманова (суретте) үй ішімен әбден піскен қызыл алманы жинауға бел шеше кірісіпті. Ұлы Әзімбек (суретте) те қолғабыс етіп жүр. Ақбұлым ауылының бірнеше тұрғыны да көмектесуде. Оларға күнделікті еңбек ақысы қолма-қол төленуде. Қожалық иелігіндегі 1,5 гектар алма алқабынан 10 тонна өнім жинап, Астана қаласына өткеріпті. Енді
! й а ы алмас
Әне бір жылдары Шайқорық пен Жасөркен ауылдарын – жүзімді, Ақбұлымды алмалы ауыл деуші едік. Нарық бәсекесіне төтеп бере алмай Шайқорық пен Жасөркен ауылдары жүзімінен айырылды. Ал «Инең болса – иінің бүтін болады» деп, қолынан кетпен-күрегін тастамаған ақбұлымдықтар алмалы алқаптарын сақтап қалды.
ГАЗЕТ ӨЗГЕРДІ, СЕН ДЕ ӨЗГЕР, ОҚЫРМАН! ұмтылысына, сондай-ақ, жанайқайына қанық болу, керек жағдайда оған үн қосу азаматтықтың белгісі. Өмір өзгерісте. Газет те өзгерді. Оқырман сен де өзгер. Өрелі тұрғыда. Өз газетіңнің, өз өңіріңнің қадіріне жет. Қалғаны бола жатады. Бүгін баспасөзге жазылу басталған кез. Облыстық «Ақ жол» – аталарың мен әкелеріңнің қолынан түсірмей оқыған, солардың қаны мен терін қатар сығып берген еңбегін, өсіпөнуге, өркендеуге бар күш-қуатын сарп еткен өмір тарихын жазып келе жатқан газет. Оған жазылу бізді осы күнге жеткізген алдыңғы ұрпақтың алдындағы парыз болып саналады. Егер бүгінгі өмір-тіршіліктің бағасын, барын біліп отырғың келсе, ондағы өз орнымды пайымдаймын, сөйтіп қоғамның қажетіне жараймын десең, «Ақ жолға» жазыл!
l ТАЛАС
Ң Ы Н М Ы Л Ұ АҚБ
ОҚЫРМАН ЖӘНЕ ГАЗЕТ
Несіпбек ДӘУТАЕВ, жазушы.
Аудан әкімінің атына Б. Момышұлы ауылының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі азаматша Ботагөз Сыдығалиева көмек сұрап, хат жолдаған-ды. Жоғары білімді қаржыгер жол апатына түсіп, І топтағы мүгедек болып қалғанын айтып, бір компьютерге қолы жетпей жүргенін жеткізіпті. Ботагөздің жағдайымен танысқан аудан әкімі Б. Құлекеев ағалық қамқорлық танытып, ноутбук пен принтер әперді.
Ақбұлым ауылына барғанымызда бізді ауыл әкімі Сағынбек Жанысбаев ауылдың оңтүстік беткейіндегі алма бағына алып келді. Міне, ырысын жерден, нәсібесін осы алмалы бақтан тауып отырған 76 жастағы Қабанбай ақсақал жетекшілік ететін «Қабанбай Қойтанов» шаруа қожалығының алмалы алқабында тұрмыз. Ісіне мығым Қабанбай ақсақал (суретте) сөзге де жүйрік екен. «Ерінбегеннің еңбегі жанады», «Еріншек егіншіден елгезек масақшы озыпты» деп бабаларымыз текке айтпаған. Еңбегің өнімді болса, көңілің сенімді болады деген рас екен. Осы алма өсіруді кәсіп еткенімізге бірнеше жыл болды. Құдайға шүкір, жыл сайын жақсы өнім алып келеміз. Жас келгеннен кейін бе, кәрілік етектен тарта береді. Өзім басықасында жүргеніммен жұмыс жүргізудің жүгенін ұлым Бекболатқа
ЕЛБАСЫ ЖАРЛЫҒЫ
Тіл - тіліп түсер наркескен, Сөз - өткір жебе тау тескен.
l ЖУАЛЫ
КӘСІП ТҮБІ – НӘСІП
(Отбасы күні мерекесіне орай өткізілген шаралар жайлы мақаланы 2-беттен оқисыздар).
Облыс соттарындағы судьялардың қатары толықты. Елбасының Жарлығымен Мәуленов Думан Болатұлы Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына, Бексұлтанова Айгүл Бексұлтанқызы облыс бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, Өзбеков Серік Тұрысбекұлы Т. Рысқұлов аудандық сотына, Дүкенбаева Ләйлә Жұманбайқызы Талас аудандық сотына судья лауазымдарына тағайындалды. Облыстық соттың төрағасы Марғұлан Бектұрғанов оларға сәттілік тілеп, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде әділ әрі бейтарап болуға шақырды. «Ақ жол-Ақпарат».
Аудан әкімі М. Шүкеев аудан орталығындағы «Байзақ баба» мешітінде көпшілікпен кездесті. Онда мешітке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін көпшіліктің көмегі керектігін айтып, өзінің отбасынан қаржылай көмегін ұсынды. Қайырымды шараға бір топ аудандық мәслихаттың депутаттары, шаруа қожалықтарының жетекшілері, аудандық мекеме, ұйым басшылары қолдау көрсетіп, алғашқы күні 633 мың 600 теңге қаржы арнайы қорға құйылды.
ұстатқанмын» деп, қалғанын сол айтсын дегендей, қасында тұрған ұлына қарады. – Біздің қожалық 2,5 гектар «Золотой превосход» және «ГолденДелю-6» сұрыпты алманы өсіреді. Алты рет судан өткізіп, сегіз мәрте шетелдік химикаттармен дәріледік. Нәтижесінде, құрттаған, бүлінген алма жоқ. Жиын-терінді бастағанымызға үш-төрт күн болды. Жинауға өзімізден
қалған алманы Мәскеу қаласына жөнелтпек. Исі мұрын жаратын Ақбұлымның алмасына сұраныс көп-ақ. Дүйсенбек ОРМАНОВ, журналист. Жамбыл ауданы. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА
Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті XXІХ-сессиясы 2014 жылдың 25 қыркүйегінде облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. Облыс аумағында орын алған төтенше жағдайлар, онымен күрес және алдын алу жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы; 2. Жамбыл облыстық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс және әйелдер істері мен отбасы-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі; 3. Әртүрлі мәселелер. * * * Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында (3-қабат) 2014 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 11.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2014 жылғы 25 қыркүйек күні сағат 14.00-де басталады. Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы.