ТƏУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! BIRIN’DI,QAZAQ, BIRIN’ DOS, KO’RMESEN’, ISTIN’ BA’RI BOS.
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Jambyl oblystyq qog’amdyqsai’asi’ gazet Жамбыл облысты о амды -саяси газет
№142 (18489), Senbi, 16 jeltoqsan, 2017 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. ak jolgazet.kz
Еншімізге бұйырған ерен бақыт Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рəсіміне қатысты. Рəсімге қатысушыларға арналған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің басты мерекесі – Тəуелсіздік күнімен құттықтап, егеменді ел ретінде дамыған жылдарымыздағы бірқатар жетістіктерді атап өтті. – Мемлекеттік егемендікке ие болған соң біз мықты əрі өркендеу жолына түскен Қазақстанды құруға кірістік. Осы жылдар ішінде еліміз көптеген елеулі жетістіктер мен жеңістерге қол жеткізді. Ауқымды жаңғыру үдерісі аясында азаматтарымызға жоғары əлеуметтік кепілдік беріп, əл-ауқатының артуын қамтамасыз еттік. Біз Қазақстанның халықаралық беделін нығайтып, жаһандық деңгейдегі ауқымды іс-шараларды лайықты өткіздік, – деді Елбасы. Қазақстан Президенті еліміздің жетістіктері мен институционалды реформаларды іске асырудағы əрбір қазақстандықтың рөлі мен күш-жігері жөнінде айтты. – Бүгін біз Отанымыздың дамуына өз үлесін қосып, еңбек сіңірген
азаматтарымызды наградалармен жəне сыйлықтармен марапаттаймыз. Биыл «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Ахметжан Есімовке берілді. Ол менің сенімді серіктерімнің бірі ретінде Тəуелсіз Қазақстанның іргесін қалауға зор үлес қосты,– деді Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, Елбасы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапатталған инженер Руслан Қуатовтың сіңірген еңбегін атап өтті. – Жоғары білікті инженер ретінде ол мұнай өндіру ісін технологиялық тиімділігі тұрғысынан қамтамасыз етуге зор үлес қосты. Еліміздің мұнай-газ саласындағы халықаралық серіктестігінің дамуына атсалысты. О с ы н д а й к ə с і б и ма ма н д а рд ы ң еңбегінің арқасында мемлекетіміздің и н д у с т р и а л д ы ə л еу е т і а р т ы п , энергетикалық егемендігі нығая түсуде, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен даңқты балуан, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті марапаттады. Жалғасы 2-бетте
ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ
Мəңгілік Ел мұратын жалғаған Ардақ ҮСЕЙІНОВА
Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА Туғанынан І топ мүгедегі Əзиза Жақыпбаеваның кезекке тұрған пəтерін күткеніне, міне, тұп-тура 12 жыл болыпты. Жасы 27-ге келген Əзиза мен сіңлісін бағып-қағу үшін жалғызбасты анасы Фариза да жұмысын тастаған болатын. Бірде ата-əжелерінің қолында тұрып, енді бірде пəтер жалдап келген бұларды үйдің машақаты əбден титықтатқан-ды. Енді, міне, олар Тəуелсіздік күні қарсаңында «Арай» тұрғын алқабынан 2 бөлмелі жаңа пəтердің кілтін облыс əкімі Кəрім Көкірекбаевтың қолынан алу бақытына ие болды. Салтанатты шараға жаңа қоныс иелері ғана емес, өңір басшысы Кəрім Нəсбекұлы бастаған облыс əкімінің орынбасарлары, қала жəне басқарма басшылары, ардагерлер көптеп жиналды. Жаңа үйдің тұрғындарын қоныс тойымен, Тəуелсіздік мерекесімен құттықтаған Кəрім Нəсбекұлы: – «Қазық қағылмай, мал байланбайды» дегендей, баспаналы болу – əр адамның өміріндегі ең басты жетістіктің бірі. Облысымызда «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында соңғы 3 жылда «Арай» алқабында жалпы құны 8,5 миллиард теңгеге 1245 пəтерлі 15 үй пайдалануға берілді. Оның ішінде бүгін ел игілігіне ұсынылғалы отырған 80 пəтерлі көп қабатты тұрғын үй де бар. Те к б и ы л д ы ң ө з і н д е « Н ұ р л ы ж е р » бағдарламасы бойынша осы алқапта аумағы 66,3 мың шаршы метрді құрайтын 10 көп қабатты тұрғын үй тұрғызылды. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 миллиард 555 миллион 737 мың теңге бөлінген болатын. Сондай-ақ қазіргі таңда 10300 отбасына арналған «Тараз сити» қалашығының құрылысы да қарқынды жүргізілуде, – деп, құрылысты жүзеге асырушы «Агроспецстрой» ЖШС-ның директоры Марат Рахымбердиевке алғысын жеткізді. Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған жаңа қоныс иелері де Елбасы мен облыс, қала басшыларының қамқорлығына дəн риза. Аймақ басшысы одан əрі жаңа үйді аралап көріп, көп балалы ана Ардақ Жантаева мен облыстық жұқпалы инфекциялық балалар ауруханасының дəрігері Ұлдана Үсееваның қуанышқа жайылған дастархандарынан дəм татып, оларға теледидарлар табыстады.
Gazet 1922 jylg’y 1 mamyrdan s’yg’ady.
ЖЕДЕЛ СҰХБАТ
ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ
Көптен күткен қуаныш
(ABAI’).
Өз елім менің! Астана төрінен бастау алған тəуелсіздік салтанаты көңілімізді тасытты. Өз еліміз, тəуелсіз еліміз болғаннан кейін ғой бəріміздің арқа-жарқа болып жатқанымыз. Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залына жиналған жамбылдықтар алдымен Мемлекеттік туды төрге шығарды. Əнұранын қосыла шырқады. Жиында жұртшылықты облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев егемен еліміздің төл мерекесімен құттықтады. – Тəуелсіздік – ұлан-байтақ өлкені мекендеген барша Қазақстан халқының рухани жəне экономикалық өрлеуіне тірек, бірлігіне кепіл, ынтымағының темірқазығы болды. Ұлы Дала елі жаңа дəуірге қадам басты. Тəуелсіздікпен бірге діліміз бен дініміз, дəстүріміз бен мəдениетіміз, рухымыз оралды. Төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабалардың
М ə ң г і л і к Е л м ұ р ат ы қ а й т а жалғанды. Осы жылдары өсу мен
ө р к е н д е уд і ң ə р б е л е с і н бағындырған елімізде ұлан-ғайыр тірліктер атқарылды. Шекарамыз
МЕРЕКЕ МЕЗІРЕТІ
Еңбегіне қарай құрмет Жанғазы АХМЕТ Ата-бабалардың аңсары болған азаттық бүгінде ұрпақтың қолы жеткен қасиетті байлығы, тəу етер тұғыры десек артық айтпағанымыз. Егемендікке қолы жеткелі еліміз өркендеп келеді. Небары ширек ғасырдың ішінде айдай əлемге танылған Қазақстан дамыған елу елдің қатарынан орын алып, озық отыздыққа енуге батыл қадамдар жасауда. Биыл ел тəуелсіздігіне 26 жыл толып отыр. Осынау аз ғана уақытта еліміздің ə р а й м а ғ ы т ү рл е н і п , т ү л е п , экономикалық-əлеуметтік дамуды бастан кешірді. Жалғасы 2-бетте.
шегенделіп, мемлекетіміздің мызғымас қорғаны Қазақстан Қарулы Күштерінің қабілеті нығайды. Ішкі жəне сыртқы с а я с ат ы м ы з д а м и о т ы р ы п , əлемнің 140-қа жуық елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Біріккен Ұлттар Ұйымы төрінде Көк Туымызды желбіреттік, ЮНЕСКО жəне Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болып, төрелік айтып төріне шықтық. Əнұранымызды əлем көгінде əуелеттік. Біз тəуелсіздіктің жеңісті сəттерін, қуанышты күндерін баст ан өткіздік. Өйткені, ару Алтайдан қарт Каспийге дейін созылған Ұлы Дала төрінде – бұрынсоңды мұндай тəуелсіз де дербес мемлекет болған емес! – деген Кəрім Нəсбекұлы тəуелсіздік жылдарында Жамбыл жерінде атқарылған ұлан-ғайыр тірліктерді тілге тиек етті. Жалғасы 2-бетте.
Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ, грек-рим күресінен Мəскеу Олимпиадасының чемпионы, Еңбек Ері:
Елбасына, еліме ризамын Ел Тəуелсіздігінің 26 жылдығы аясында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасын экономикалық, əлеуметтікгуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі саналатын «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен бірнеше адам марапатталды. Оның ішінде даңқты жерлесіміз, грекрим күресінен 1980 жылы Мəскеуде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, «Жақсылық» шаруа қожалығының басшысы Жақсылық Үшкемпіров те бар. Аты аңызға айналған жерлесімізді Елбасы қабылдап, аса жоғары атақпен марапаттаған бетте Жақсылық Үшкемпіровке жедел хабарласып, аз-кем тілдескен едік.
– Жақсылық аға, «Қазақстанның Еңбек Ері» атанғаныңыз құтты болсын! Бұл сіздің өлшеусіз еңбегіңізге берілген əділ баға деп білеміз. Мемлекет басшысы аса жоғары награданы тапсырған сəтте қандай күйде болдыңыз? – Рахмет айналайын! Алдымен туған жердің азаматтарына сəлемімді жеткізіңіздер. Құдайға шүкіршілік етемін. Бəрі де атыңнан айналайын азаттықтың арқасы ғой. Тəу етер Тəуелсіздігіміздің арқасында осындай атаққа лайық деп танылып жатқаныма қуаныштымын. Елбасының мені марапаттап, құрмет көрсетіп жатқаны – спортқа көрсетілген құрмет деп білемін. Əрдайым алақанына салып: «Жақсылығым!» деп аялап келе жатқан еліме ризамын. Ілтипат көрсетіп, құшақ жайып қарсы алып жүретін Жамбыл жұртшылығына, туған жеріме басымды иемін. Бұл марапаттың маған берілгені – қазақ спортының беделі. Менің осындай атақты алғанымды көрген спорттағы іні-қарындастарым, бүлдіршіндер қанаттанатыны, ынталанатыны сөзсіз. Жалғасы 2-бетте
ҚҰТТЫҚТАУ
Əрбір қазақстандық үшін ұлы мереке Құрметті жамбылдықтар! Баршаңызды Ұлы Дала елінің ұлық мерекесі – Тəуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – əрбір қазақстандық үшін ұлы мереке əрі қуаныш. Биыл рухы асқақ, тұғыры биік төл мемлекетімізге 26 жыл толады. Біз үшін жаңа дəуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні əлем көгінде Қазақстан Республикасының жұлдызы жарқырай туды. Осынау жылдар ішінде еліміз ерен жетістіктерге қол жеткізді. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында жаңа экономикалық жүйе құрылып, тəуелсіз мемлекетіміз қарыштап дамып, əлемде ең дамыған 50 елдің қатарына енді. Биыл еліміз халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін жоғарғы деңгейде өткізіп, Қазақстанға деген шетелдік туристердің қызығушылығын арттырды. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында жаһандық бейбіт бастамаларға ұйытқы болды. Көп ұлтты еліміз достық пен ынтымақтың, татулық пен бірліктің мекеніне айналды. Бүгінде Қазақстанның шаңырағы берік, мерейі үстем, беделі асқақ. Еліміздің бүгінгідей жетістіктерге жетуіне жемісті еңбек етіп жүрген жамбылдықтардың да үлесі зор. Облыс азаматтарының қажырлы еңбектерінің нəтиже сінде өңірде экономиканың барлық бағыттары қарқынды дамуда. Индустриялық-инновациялық бағдарламалар аясында ағымдағы жылы құны 13 миллиард теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылып, 716 жаңа жұмыс орны ашылды. Тұрғын үй салу мəселесі жоспарға сай орындалып, білім, денсаулық жəне спорт ошақтары бой көтеруде. Халық игілігі үшін қолға алынған бастамалар мен жарқын істеріміз алдағы кезде де жалғасатын болады. Алдымызда мемлекетіміздің «Қазақстан-2050» Стратегиясы, Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары жəне Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын орындау міндеттері тұр. «Рухы бір – қандас, жүрегі бір – жандас» дейді дана халық. Егер егемендік тұсында елдігі бекем, тұғыры биік жұрт болсақ, оған жамбылдықтардың да қосқан үлестері қомақты деп санаймын. Біздің тұғырымыз да, ғұмырымыз да Тəуелсіздік! Тəуелсіздігіміз мəңгілік болсын! Барша облыс жұртшылығын ел Тəуелсіздігінің ұлық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бақытты өмір тілеймін! Кəрім КӨКІРЕКБАЕВ, облыс əкімі.