16 желтоксан пдф 2015 ж

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№171-172 (18028-18029), Сейсенбі, 16 желтоқсан, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

МЕМЛЕ

КЕ

ҚАЗАҚ ҮШІН БАҚЫТ, БАЙЛЫҚ, ҒАЖАП ҚҰТ, ОРНЫҢ ТӨРДЕ ТӘҢІР ТАРТҚАН АЗАТТЫҚ! Т

МА

ҚТАНЫШТАРЫ

ЖЕРЛЕСТЕР

мерейі

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады. ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы» ЖШС директоры Сейітхан ЖОШЫБАЕВ марапатталды.

МӘҢГІЛІК ЕЛ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ӨМІРЛІК ФИЛОСОФИЯСЫ КЕШЕ АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫНДА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ӨЗІНІҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫН» ЖАРИЯЛАДЫ.

«Халқымыздың қастерлі Тәуелсіздігі мен Мәңгілік Еліміздің болашағы мені үнемі толғандырады. «Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы қандай болуы керек?» деген сауалды мен өзіме сәт сайын қойып отырамын. Осы жайындағы ой орамдарын қағазға түсіріп «Тәуелсіздік толғауы» деп атағым келді. Ол азат еліміздің күллі азаматтарына, жалынды жастарға бүгінгі буынның ерен істерін лайықты жалғастырып, ертеңгі ұрпаққа арналады», – дей келе сол толғауын да жариялады. «Заман ағымы бізді Қазақстан Республикасы тұңғыш рет тәуелсіз ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи дата – 1991 жылдың 16 желтоқсанынан күн сайын, сағат сайын алыстатып барады. Біз жыл өткен сайын сол бір тарихи таңдаудың сарқылмас құдыретін жан жүрегімізбен түсінеміз. Ол – егемен

мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру таңдауы. Ол туған жеріміздің қазынасы мен қазба байлығына дербес иелік етіп, барша қоғамның игілігі үшін өз қалауымызбен жұмсау таңдауы. Ол – өз тағдырымызды өзіміз айқындау, болашағымызды өз қолымызбен жасау таңдауы. Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұлдыз болып дүниеге келді. Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады», – деп толғайды Елбасы. Бұдан бөлек, Елбасы Тәуелсіздік – сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі екенін, Тәуелсіздік кешегі батыр бабалар өсиет еткеніндей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі екенін де атап өтті.

І дәрежелі «Даңқ» орденімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат ҚОЖАМЖАРОВ марапатталды.

САЛТАНАТ

ҚҰТТЫҚТАУ

Тәуелсіздік тұғыры берік болсын! ЕРКІНДІГІМ, ҚАСИЕТІМ, ҚАСТЕРЛІМ, Құрметті жамбылдықтар! Баршаңызды Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын! Жиырма үш жыл бұрын 16 желтоқсан күні еліміз барша жаһан қауымдастығына өзінің тәуелсіздігін жария етті. Атабабаларымыз Тәуелсіздікті ғасырлар бойы аңсады, соған жету үшін үздіксіз күресіп келді. Сондықтан да Тәуелсіздік біз үшін өте қымбат. Қазақстан қысқа тарихи мерзімде өзінің уақыт мойынға жүктеген тағдырлы міндеттерді жүзеге асыруға қабілетті екендігін көрсете алды. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың көшбасшылығымен халқымыз қуатты мемлекет құрды. Дәйекті жүргізілген реформалар нәтижесінде заманауи экономика құрылды, отандық экономикаға шетелдік инвестициялар тартылды. Инновациялық индустрияландыру, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, еңбекпен қамту сияқты кең ауқымды бағдарламалар табысты жүзеге асырылуда. Әлеуметтік саламызды, мәдениетімізді дамытудамыз. Еліміз бірқатар халықаралық ұйымдардың толыққанды мүшесі болды, Қазақстан ірі халықаралық форумдар өткізілетін және жаһандық мәселелер талқыланатын орталыққа айналды. Астана қаласы беделі биік халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу құқын жеңіп алды. Осылайша, Тәуелсіздік жылдары Қазақ елінің өркениет өлкесінде беделі артты, абыройы көтерілді, мәртебесі өсті. Тағылымы мол тәуелсіздігіміздің тұрақты орнығуы мен мемлекет болып қалыптасуына жамбылдықтардың қосқан үлесі мол. Облыс азаматтарының ерен еңбектері нәтижесінде өңірде экономиканың барлық бағыттары қарқынды дамып, әр саладағы жаңашыл бастамалар нақты қолға алынуда. Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы – Елбасы алдымызға Нұрлы Жол Жаңа Экономикалық Саясатын іске асыру міндеттерін қойып отыр. Осы міндеттерді орындауға, Тәуелсіз Қазақстанның өркендей беруіне лайықты үлес қосатындарыңызға, елдігімізді нығайту жолында еселі еңбек ете беретіндеріңізге зор сенім білдіремін. Қадірменді облыс тұрғындары! Сіздерді ұлы мерекемен тағы да құттықтай отырып, зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан әрдайым гүлденіп, көк байрағымыз биікте желбірей берсін. Тәуелсіздігіміз, еліміздің бірлігі мен достығы нығая берсін!

Ел ағасымен жарасады, Киім жағасымен жарасады. Халық мақалы.

ӨЗІҢ БАРДА ӨЗЕГІМДЕ ЖОҚ ШЕР-МҰҢ ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӘН МЕН КҮЙГЕ ҰЛАСТЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРЫМЕН НАГРАДТАУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Мемлекеттік және қоғамдық қызметте cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мыналар наградталсын:

ІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН Жошыбаев Сейітхан - «Ғылымиклиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы» ЖШС директоры, Тараз қаласы; «ПАРАСАТ» ОРДЕНІМЕН

ҚАЗАҚСТАН БҰЛ КҮНІ АЗАТТЫҚТЫҢ АҚ ТАҢЫНЫҢ АРАЙЫНА ШОМЫЛҒАН ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ. ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕГЕН ЖАЛҒЫЗ АУЫЗ СӨЗДІҢ ҚҰДІРЕТІ МЕН ҚАСИЕТІН ОСЫ ЖЕРДЕ ТУҒАН ЖӘНЕ ОСЫ ӨЛКЕДЕ ӨСКЕН ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ СЕРГЕК СЕЗІНУІ ПАРЫЗ!

Базаралиев Халит Базарбайұлы - «Луговой жылқы зауыты» ЖШС директоры, Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы; ІІ ДӘРЕЖЕЛІ «ДОСТЫҚ» ОРДЕНІМЕН Клименко Федор Леонтьевич «Днепро» украин мәдени орталығы» ҚБ төрағасы, Тараз қаласы; «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН

Маржан РАҚАЙ, Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». «Тәуелсіздіктің қайта оралғаны – біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы» –деп, Елбасымыз Нұрсұлан Назарбаев айтқандай бұл ұғым біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігіне айналуы керек. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Бабалардың қанымен, аналардың жасымен, жұдырықтай жүректерді жарып шыққан не түрлі ерліктердің өтеуімен жеткен осы бір ұғым әрбіріміздің жүрек төрінде қатталуы тиіс! Сондықтан да, бұл айтулы мереке ел көлемінде дүркіреп тойлануы әбден заңдылық. «Баласағұн» орталық концерт залында азаттық мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Шараның ашылу салтанатында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев сөз сөйлеп, жиналған жұртшылықты

СҮ Й

ОБЛЫС ӘКІМІ К. Н. КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

І дәрежелі «Достық» орденімен М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі Асанәлі ӘШІМОВ марапатталды.

айтулы мерекемен құттықтады. – Тәуелсіздік мерекесі бүкіл қазақ халқы үшін, барша қазақстандықтар үшін ерекше мереке. Біз осыдан жиырма үш жыл бұрын Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Төрткүл дүниеге тәуелсіздігімізді жария еттік. Бұл – бабаларымыздың арман-мұраты, ақиқатқа айналған аса қасиетті күн. Бұл – ел дәстүрі жаңғырып, тіліміз бен дінімізді қайтарған, тарихымызды түлетіп, тағдырымызды белгілеген ұлы күн. Ендеше, бәрімізге еліміздің баға жетпес бағы, арайлап атқан таңы – ұлттық мереке Тәуелсіздік күні құтты болсын! Осындай айтулы мереке қарсаңында биылға жоспарланған барлық әлеуметтік-экономикалық жоспарларымызды абыроймен атқарып шықтық. Мерекелер тоғысында облысымызда екі көпқабатты тұрғын үй, алты білім беру нысаны, төрт денсаулық сақтау мекемесі, төрт мәдениет және спорт үйі, жүйке аурулары интернаты, ардагерлер үйі, жеті бағыттағы су және газдандыру жүйесі, жиырма тоғыз шақырымды құрайтын автокөлік жолы, бес өндірістік кәсіпорны пайдалануға берілді. (Жалғасы 2-бетте).

ШІ! Н І

МЕРЕКЕ ДЕ, БЕРЕКЕ ДЕ БОЛАДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында бірнеше маңызды даталар атап өтілетін алдағы жылдың ерекшелігіне тоқталды. Атап айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының аясындағы ісшаралар және Қазақстан Республикасы Конституциясының бүкіл халық тарапынан қабылдануының 20 жылдығы аталып өтіледі. Сонымен қатар, ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің маңызды датасы – Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын да тойлайтын боламыз. Сондай-ақ, Қазақстан ТМД елдерімен және бүкіл әлеммен бірге Ұлы Отан соғысындағы фашизмді жеңген жеңістің 70 жылдығын мерекелейді. – Біз үшін соғысқа қатысқан буынның ерлігі туралы естелік әрқашан қасиетті. Біз

– әрдайым өз өткеніне алғыс сезімімен және кешіріммен қарайтын халықпыз. Тарихи өткен шақты біз қашанда тұтас күйінде және оң көзқараспен қабылдауымыз керек. Ол барлық қазақстандықтарды бөлуге емес, біріктіруге тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихы тұтасу мен бірігуге негізделгенін айрықша атап өтті. Ел болып атап өтетін осы айтулы даталардың бірі – Қазақ хандығының 550 жылдық тойы Жамбыл облысында өтетін болып шешілуі өңір экономикасы мен индустриясы, мәдениеті мен туризмі үшін үлкен серпіліс болмақ. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында келіп жеткен ақжолтай жаңалық баянды болсын, ағайын!

Алдашов Бақтияр Әбілқайырұлы - «Таlas Investment Company» ЖШС бас директоры, Жамбыл облысының Талас ауданы Ахаев Кеңесхан Сәбденұлы - «ЫрысБақыт» ЖШС бас директоры, Жамбыл облысының Қордай ауданы Әбдірайымова Алмагүл - «Алрай» ШҚ төрайымы, Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы Әміреқұлов Сағынхан - «Азия Қазақстан» концерні» ЖШС басшысының кеңесшісі, Тараз қаласы Берік Масат Әшімұлы - төрағаның бірінші орынбасары, «Нұр Отан» партиясының Ж амбыл облыс тық филиалы, Тараз қаласы Ибраим Шакизада - «Амангелді Газ» ЖШС бас директорының кеңесшісі, Тараз қаласы Ким Никон Маркович - «Компания Марк» ЖШС бас директоры, Жамбыл облысының Шу ауданы Омарбекова Салтанат Жамалбекқызы - «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ басшысы, Тараз қаласы Франгулиди Леонид Харлампович - «Казфосфат» (ЖЖФЗ) ЖШС Жамбыл филиалының директоры, Тараз қаласы; «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН Ағайдаров Манарбек Ержанұлы «Жамбыл облыстық мамандандырылған спорттық дарынды балалар мектепинтернаты» КММ директоры, Тараз қаласы Ақылбаев Мұрат Шерниязұлы - «Ішкі істер органдары және ішкі әскерлер ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, Тараз қаласы Аллахверанов Мирислам Мирмамедович - «Зам-Зам» ШҚ басшысы, Жамбыл облысының Шу ауданы Әсілбеков Мұрат Әбілдаұлы «Жамбыл облысы әкімі аппараты» ММ бөлімінің басшысы, Тараз қаласы Дадабаев Серік Ералыұлы - Жамбыл облысы Талас ауданы әкімінің орынбасары Егембердиев Лесбек Шайменұлы «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» МКҚК директорының орынбасары, Тараз қаласы Ергебеков Нарбай Әбілқасымұлы Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің орынбасары, Жуалы ауданы Каликов Серік Нұрғалиұлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Жамбыл жол бөлімшесі филиалы директорының орынбасары, Жамбыл облысының Шу ауданы Молдабеков Нұржан Смағұлұлы Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігі бөлімінің басшысы Несіпбеков Әубәкір Күдербайұлы

- «Жамбыл электр желілері» ЖШС басқарушысы, Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Оразымбетов Сәбит Мәденұлы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының бөлімше басшысы Орынбаева Жанар Рымбекқызы - Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Жамбыл политехник алық коллед жі» КМК директоры, Тараз қаласы Пыженко Виктор Васильевич «Казфосфат» (ЖЖФЗ) ЖШС филиалының жүргізушісі, Тараз қаласы Сағынбек Қонысбай Оразханұлы - «Құлан жолдары» ЖШС директоры, Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы Тоқаев Серік Елемесұлы - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігі бөлімінің басшысы Үкібаев Нұрғали Көбейұлы - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының хатшысы Шпиц Алексей Борисович - « Та р а з Қ ұ р ы л ы с - И н в е с т » Ж Ш С бөлімшесінің бас тығы, Ж амбыл облысының Меркі ауданы; «ШАПАҒАТ» МЕДАЛІМЕН Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы -«Һибатулла Тарази» облыстық мешітінің бас имамы, Тараз қаласы Сарьян Анжелика Грантовна «Амазонка» қатерлі ісік науқастарын қолдау қоры» ҚҚ төрайымы, Тараз қаласы; «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ» ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫМЕН Сәттібайұлы Көсемәлі - жазушы, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы, Тараз қаласы; ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН Бойко Светлана Юльевна -«Казфосфат» ЖШС «Қаратау» байыту фабрикасының кран-машинисі, Жамбыл облысының Сарысу ауданы Егембердиев Берік Елубайұлы -«Меркі-ет» ЖШС директоры, Жамбыл облысының Меркі ауданы Қойбақов Сейітхан Мелдебекұлы - «М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті» РМК проректоры, Тараз қаласы Көпбаев Темірбек Қалқабайұлы Мойынқұм ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы Лысова Лариса Анатольевна - Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Тараз қаласы Рәпілбеков Сәкен Сейсенбайұлы -«Бапыш - Сейсенбай» ШҚ басшысы, Жамбыл облысының Байзақ ауданы Сағымбекова Анар Бахытқызы «Жамбыл облыстық қазақ драма театры» КМҚК актрисасы, Тараз қаласы Сырлыбаев Бахыт Уәлиұлы -«Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ басшысы, Төлегенов Руслан Қаншыбекұлы - мүгедек термен жұмыс іс тейтін «АСАР» Жамбыл облыстық ұйымының президенті, Тараз қаласы Шаменов Абдулла Алауханұлы - Тараз қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы» КММ мұғалімі. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2014 жылғы 5 желтоқсан № 974


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.