17 шілде 2018 жыл

Page 1

АҺАН Д

Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet

А

Ж

BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).

және

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№81 (18575), Seısenbі, 17 shіlde, 2018 jyl

ak-jol-taraz@rambler.ru

Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady

www. aqjolgazet.kz

ПРЕЗИДЕНТ

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ САҚТАУҒА ҚАЖЕТТІ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Ұлттық банктің бірінші жарты жылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары жөнінде есеп берілді. Президент қазіргі уақытта валюта-қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтау және экономиканы әрі қарай дамыту үшін елімізде қажетті жағдай жасалғанын атап өтті. – Қазір бізде ұлттық ва лют а мен экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктер бар. Бірінші жарты жылдықта экономика 4 пайыздан астам өсті. Құбылмалы бағамға көшкеніміз дұрыс болды. Белгілі бір деңгейде ауытқулардың болатынына үйрену керек. Бұл тұрғындардың әл-ауқатына әсер етпейді, – деген Елбасы банк секторын сауықтыру үшін қабылданған шаралар жөнінде айтты. Мемлекет басшысы тұрғындардың салымдарын адал жұмыс істемейтін акционерлердің алаяқтық әрекеттерінен қ о р ғ ау м а қ с а т ы м е н Ұ л т т ы қ б а н к төрағасының назарын банк секторының жұмысын ретке келтіру қажеттігіне аударды. Д.Ақышевтің мәліметіне сәйкес, негізгі көрсеткіштер бойынша, еліміздің қаржы нарығында тұрақты жағдай қалыптасып отыр. – 2 0 1 8 ж ы л ғ ы м ау с ы м а й ы н ы ң қорытындысы бойынша инфляцияның жылдық көрсеткіші 5,9 пайызды құрады. Бұл – соңғы үш жыл ішіндегі ең төменгі к ө р с е т к і ш . Ұ л т т ы қ б а н к и н фл я ц и я

ӨҢІР ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ

НДА ЖАҺА =ЕГИПЕТ Ел археологтері қайтыс болған адамдардың денесін шірітпей сақтайтын шеберхананы, тас табытқа салынып көмілген 35 мумияны тапты. Мамандар бұны Ежелгі Египет тарихының парсы дәуіріне жатқызды. Ол б.з.д. ІV ғасырға сай келеді.

=ИТАЛИЯ Рим археологтері Тибр өзенінен ғылымға белгісіз жәдігерді тапты. Құм басқан ғимарат ерекше нақыштармен өрнектелген әрі суреттерге бай. Бірақ құрылыстың қандай мақсатта салынғаны белгісіз. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл христиандық мінәжат орны болуы мүмкін.

=ҚЫРҒЫЗ Көрші мемлекеттен Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ет экспорттау үдерісі жеңілдей түспек. Себебі елде жаңа электронды сәйкестендіру жүйесі іске қосылады. Ол тек ірі қара малды ғана емес, етті тұтынушыға жеткенге дейін қадағалайтын болады.

=МЕКСИКА Былтыр Мексикада болған жер сілкінісінен кейінгі жөндеу жұмыстары кезінде ежелгі пирамида табылды. Зерттеушілер дерегінше, ғибадатхана 9 ғасыр бұрын салынған. Ғалымдар бұл пирамида Америка тарихын зерттеуде септігін тигізетінін айтады.

=ҮНДІСТАН Жоғарғы сот билік өкілдерін Тәж-Махал кесенесін бұзу туралы шешім шығарамыз деп қорқытты. «Біз кесенені жабамыз, жоямыз немесе бұған жөндеу жұмысын жүргізесіздер» деген судьялар ескірген ғимаратты қорғауға алмаған билікті сынға алды.

Д БЫЛ М А Ж

А

=ТАРАЗ деңгейін 2020 жылға қарай 4 пайызға дейін төмендетуді көздеп отыр, – деді Ұлттық банк төрағасы. Д.Ақышев Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық валюта бағамының өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар жөнінде баяндады.

Оның алғашқысы – Қазақстанның саудаэкономикалық нарығындағы валюталыққаржылық жағдай. Екінші фактор – басқа валюталарға қатысты доллардың бүкіл әлем бойынша нығаюы. Бұл орайда, кәсіпорындар мен тұрғындардың мұндай

құбылмалы бағамға бейімделгенін атап өту керек. Жалпы, елімізде шетелдік валютаға деген сұраныстың төмендегені байқалып отыр. Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

ӘКІМ БОЛ, ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН БОЛ!

Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА

КӨРСЕТКІШТЕР КӨҢІЛ КӨНШІТПЕЙДІ

«Өркениет» қорының «Ақ дастархан» жобасының аясында «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған» ауылдарындағы аз қамтамасыз етілген 150 отбасыға күнбағыс майы, макарон, қант, ұн, шай, күріш сияқты азықтүлік таратылды.

=БАЙЗАҚ Сарыкемер ауылында №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жанынан жаңа спорт залы ашылып, пайдалануға берілді. Былтыр сәуір айында құрылысы басталған ғимаратқа 363,4 миллион теңге жұмсалған.

=ЖУАЛЫ «Бурное сүт компаниясы» бүгінде жалпы қуаттылығының жартысын ғана пайдалануда. Өткен жылы 600 тонна ірімшік, 96 тонна сары май өндірген, 9 миллион литр сүт қабылдапты. Биыл осы көрсеткішті 10 пайызға көтермек.

=САРЫСУ Алдағы уақытта Жаңатас қаласындағы Ұрпақтар аллеясы мен орталық саябаққа соңғы үлгідегі көше жарығын орнату, орталық мешіттің алдын абаттандыру, 3 аялдама мен тұрмыстық қалдықтар тастайтын 10 орын қою жұмыстары қолға алынбақ.

=ШУ Аудан диқандары үшін жауапты кезең егін жинау науқаны басталды. Олар 31964 гектар алқапқа себілген жүгері мен 14680 гектар күздік бидайды, 17284 гектар жаздық арпаны шашпай-төкпей жинап алу қажет.

Ң Ы Д З Ы Б Р А Қ Н ҚАУЫ Р Ұ Т П Ы З Ы Қ Ы САУДАС

БАУЛЫП ЖАТҚАН АЛАЙДА САТЫ

БАҚША ӨНІМД

ЕРІ ТА

А? Л А ПҚА С А Й М

Есет ДОСАЛЫ

Бала біткеннің арманы, үлкендердің таңдауы болған жайдары жаз мезгілі де жартысынан асып барады. Жүйрік уақыт тоқтайтын емес. Оған мән беріп жатқан ешкім жоқ, жұрттың назары жаздың қызығында. Жаздың қызығы неде? Аталған мезгілдің рахаты – ыстық күнде шомылатын салқын су, балаларға балмұздақ, таза ауа, жақсы серуен, табиғаттың аясы... Мұнан бөлек бір қызығы – жеміс-жидек, қауынқарбыз. Біз бүгін осы төңіректе ой қозғамақпыз. Жеміс-жидек – қай кезде де көздің құрты, әуес ас. Оның немен пісетіні, қалай әкелінетіні де көп адамды қызықтырмайтын секілді. Ең дұрысы мезгілімен сатылған, уақытында піскен жемістер. Дәл қазіргі таңда жеміс-жидектің, қауын-қарбыздың саудасы жүріп тұр. Қай ауданға шықсаң да, жолдың бойы самсаған қауын мен қарбыз. Облыс орталығы Тараз қаласында да солай. Қауын-қарбыз сататын дүңгіршектерден аяқ алып жүре алмайсыз. Олардың көбісі сатып алушылардың қарасы көп деп жолдың бойын таңдайды. Жолдың бойынан сауда жақсы жүреді. Бірақ көліктер ағылып өтіп жатқан жерде тазалық бар екені күмәнді, сатылып жатқан өнімдер талапқа сай деп айту қиын. (Жалғасы 3-бетте).

Жанғазы АХМЕТ Облыс орталығына іргелес жатқан Байзақ және Жамбыл аудандарының өзгелерге қарағанда әлеуеті әлдеқайда жоғары, мүмкіндігі мол. Әйтседе, аталмыш аудандар бұл мүмкіндігі мен әлеуетін қаншалықты

пайдаланып отыр? Жыл басында белгіленген кейбір индикаторлық көрсеткіштердің орындалуына көз жүгіртсек, бұл сауалдарға н а қ т ы ж ау а п т а п қ а н д а й б о л а м ы з . Әлеуметтік-экономикалық дамуда бірқатар нәтижелерге қол жеткізілгенімен, алты айлық жұмыстың қорытындылары ауыз толтырып айтарлықтай жақсы дей алмаймыз.

Арзан мен қымбаттың, Базар берер нарқы бар. Жақсы менен жаманның, Адам берер парқы бар.

Кеше екі ауданға іссапармен барған облыс әкімі Асқар Мырзахметов аудан активімен кездесіп, олқылыққа жол берген, жұмысы сылбыр жауапты тұлғаларды сын тезіне алды. Алғашқы басқосу Байзақ ауданының әкімдігінде өтті.

(Жалғасы 2-бетте).

ЖАЗЫЛЫМ – 2018

Астананы ән-күймен тербетті

ІІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚҚА ЖАЗЫЛУ БАСТАЛДЫ, ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗ, ОҚЫРМАН!

ЕЛОРДАЛЫҚТАР ЖАМБЫЛДЫҚТАРДЫҢ ӨНЕРІН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

Табиғат АБАИЛДАЕВ Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында елорда төрінде өткен облыстың мәдениет күндері мәресіне жетті. Елорда жұртшылығы жамбылдықтардың өнерін жоғары бағалап, қошеметтерін аяған жоқ. Есілдің бойындағы елдің ыстық ықыласы облыстық филармония ұжымының «Жаңарған Жамбылдан – асқақтаған Астанаға!» атты ко н ц е р т т і к ш а р а с ы н д а д а аңғарылып тұрды. Бас дирижер Адай Жұмат, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей бастаған ұлт аспаптар оркестрі, Дастан Көреген басқаратын «Алатау» фольклорлық ансамблі, Қайрат Болысбек жетекшілік еткен «Ақкербез» би ансамблі бұл күні бар өнерлерін ортаға салды.

Концерт шымылдығы дәулескер күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың «Шабыт» туындысымен түрілді. Белгілі өнер иесі Мұхтар Рахманқұлов дирижерлік еткен ұлт-аспаптар о р к е с т р і н і ң о р ы н д ау ы н д а ғ ы шығарма тыңдармандарға зор әсер сыйлады. Бахром Муминов, Әсем Абдуалиева, Дияс Әлібеков, Әсел Уашева бастаған әншілер «Нұрлы Астана» әнін оркестрдің сүйемелдеуімен шарықтата шырқады.

Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқымын» Ерлан Бақтыгерейдің жетекшілігімен оркестр орындаса, «Жамбыл жастарының вальсін» «Кәусар» вокалдық ансамблі, Кенен Әзірбаевтың «Ойжайлау» әнін Оңал Азаматова шарықтата шырқады. Орке стрдің сүйемелдеуімен барлық шығармалар жүрекке жетті. Сондай-ақ Астанаға арналған әндерге де тыңдарман қауым ду қол шапалақ соқты. «Жамбылдықтардың мәдениет күндері әдемі әс ер

сыйлады. Облыстық қазақ және орыс драма театрларының қойылымдары жүректерге жетті. Әсіресе «Беу, қыздар-ай!» қойылымы көңілге қ о н д ы . Ә ул и е ат а н ы ң ы с т ы қ сәлемін өз өнерлерімен жеткізген филармония әншілерінің концерті де жүректерді шымырлатты. Талантты әнші Әсел Уашева бастаған жас әншілердің орындау шеберлігі тәнті етті. Тарихпен тамырлас қаланың өткенінен сыр шерткен жәдігерлер, қолөнер шеберлерінің туындылары да асқан шеберлікпен жасалғаны айқын аңғарылып тұрды. Жамбыл жері таланттардан кенде емес екеніне осы жолы тағы бір мәрте көз жеткіздім», – дейді Астана қаласының тұрғыны, ақын Ажар Ерболған өз әсерімен бөлісіп. Еліміздің жүрегіне айналған Астана төріндегі облысымыздың мәдениет күндері толайым табыспен өткені – зор қуаныш. Жасай бер, Астана!

«Қазпошта» Заңды тұлғалар үшін Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3246,48 теңге 1 жылға – 6492,96 теңге Индексі 15457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2911,32 теңге 1 жылға – 5822,64 теңге Индексі 15457

байланыс бөлімшелерінде: Жеке тұлғалар үшін Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2996,46 теңге 1 жылға – 5992,92 теңге Индексі 65457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2661,30 теңге 1 жылға – 5322,60 теңге Индексі 65457

Тараз қаласының тұрғындары үшін: P Эврика-пресс

P ERNUR-press

P Тараз-пресс

PҚыран-пресс

БӨЛІМШЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.