ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
=БАЙЗАҚ
№142 (18176), Сейсенбі, 17 қараша, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ
АҚОРДА
ТЕҢГЕГЕ ДЕГЕН СЕНІМДІ ҚАЙТА ОРНЫҚТЫРУ КЕРЕК
Қазақстан Президенті Париж қаласында болған террорлық әрекеттерге байланысты Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта Париж қаласында жасалған жантүршігерлік әрекеттер салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. «Қазіргі таңда терроризмнің етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін лаңкестік пен экстремизмнің кез-келген түрін айыптайды», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев қасірет құрбандарының туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Франция халқына жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.
Мемлекет басшысы Француз Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барды. Елбасы Францияның еліміздегі дипломатиялық миссиясына барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Мемлекет басшысы Франция мен біздің еліміздің арасындағы айрықша жоғары деңгейдегі қарымқатынасты, сондай-ақ таяуда өткен сапар барысында Қазақстан тарапына көрсетілген сый-құрметті бағалай отырып, Қазақстан халқының атынан көңіл айту үшін елшілікке арнайы келгенін айтты. Қазақстан Президенті Парижде зұлымдықпен жасалған террорлық әрекеттер салдарынан көптеген жазықсыз азаматтар қаза болғанын атап өтті. «Осы азалы күндері біз Франция халқымен біргеміз. Бұл ел әлемдік тарих пен мәдениет ошақтарының бірі саналады. Сондықтан мұндай оқиға біздің бәрімізге де ауыр тиеді. Бұл наразылық пен қынжылыс тудырып қана қоймайды, барша адамзатты осындай әрекеттерге қарсы күресуге үндейді. Терроризмнің ұлты мен діні болмайды. Бұл – жалпыға ортақ қасірет. Біріккен Ұлттар Ұйымының таяуда өткен сессиясында мен «Ислам терроризмге қарсы» форумын ұйымдастыру, сондайақ осынау зұлымдықпен күрестің дүниежүзілік желісін құру туралы ұсыныс айттым», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. (Франциядағы лаңкестік жайлы жұртшылық пікірлерін газетіміздің 3-бетінен оқисыздар).
Елбасы Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады. Кездесу барысында Ұлттық Банктің қазіргі қызметіне және ақша-несие саясатына, елдегі қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету ісіне, сондай-ақ банктердің экономиканың нақты секторын несиелеуіне байланысты мәселелер талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банк қазақстандықтардың теңгеге деген сенімін қайта орнықтыру үшін шаралар қабылдап, экономиканы долларсыздандыру жұмыстарын жалғастыруы тиістігін атап айтты. – Ұлттық валютаның еркін бағамы жағдайында халыққа төтенше ештеңе болып жатпағанын түсіндіру қажет. Теңгеге энергия тасымалдаушы өнімдердің бағасының төмендеуі ықпал етуде, бұл – табиғи үдеріс. Сонымен қатар, инфляция деңгейін, халықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз ету ісін қадағалап, әлеуметтік әлсіз топтарға көмек
көрсету жағын қарастыру керек. Облыс әкімдері осы мәселелерді бақылауы тиіс, – деді Қазақстан Президенті. Ұлттық Банк төрағасы Қазақстанның әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы қазіргі ахуалмен санасуға мәжбүр екенін айтты.
– Бұл жағдайда бізге тиісінше ақша-несие саясатын жүргізіп, икемді бағам қалыптастыру қажет. Ең бастысы – қазір не болып жатқанын қоғамға түсіндіру, – деді Д.Ақышев. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
=ЖУАЛЫ Белгілі палуан Ақжүрек Таңатаров жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауданға келіп, мекемелер арасында шағын футболдан турнир өткізді. Ақжүрек жарыстың барлық шығындарын өзі көтеріп, жеңімпаздарға арналған және «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» номинациялары бойынша жүлделер белгіледі. Ол тартысты өткен бәсеке барысын қалт жібермей қадағалап, жарыс соңына қарай жеңімпаз командаларға, үздік ойын көрсеткен спортшыларға жүлделерді өз қолымен табыстады.
=ҚОРДАЙ Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен бірнеше аталым бойынша өткен «Ең үздік тәрбиеші» байқауында бас жүлде иеленген «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі Гүлнәр Досанова облыстық байқауға жолдаманы жеңіп алған еді. Ол жуырда Тараздан да үшінші орын жүлдесімен абыройлы оралды.
=САРЫСУ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Үздік авторлық бағдарлама» атты республикалық конкурсқа Ж.Отарбаев атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Кенжекүл Абдуллаева мен бастауыш сынып мұғалімі Ләззат Сатмаханова қатысып, жүлделі оралды. Екі ұстаз да Білім және ғылым министрлігінің үшінші дәрежелі дипломымен марапатталып, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификатын иеленді.
КҮРДЕЛІ РЕФОРМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ТУРА КЕЛЕДІ
Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовті қабылдады. А.Мырзахметов кездесу барысында Елбасына Саяси кеңестің соңғы Бюро отырысында айтылған тапсырмалардың орындалу барысы, сондай-ақ партияның негізгі бағдарламалары туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі мәселелердің көптігіне байланысты келесі жылы «Нұр Отан» партиясының алдында ауқымды жұмыстар тұрғанын атап өтті. – Мен бастамашылық еткен бес институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында сексенге жуық заң қабылданады. Келесі жылдың басынан «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыруға кірісеміз. Осыған байланысты партияның алдында өте үлкен жұмыстар тұр, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы сондайақ әлемде қалыптасқан геосаяси жағдайды ескере отырып, алдағы реформалардың маңыздылығын айтты. – Әлемдегі ахуал қазір
Мырзатай ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мамандық – өмір таңдауы» атты кездесу өтті. Шараға Мырзатай орта мектебі мен Дихан тірек мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесуге келген мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, пошта қызметкерлері және басқа да түрлі мамандық иелері күн тәртібіне шығарылып отырған мәселе төңірегінде өз ойларын ортаға салып, мамандық таңдауда қателесуге болмайтынына назар аударды. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға нақты жауаптар алды. Ашық-жарқын өткен кездесу барысында ауыл өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды.
күрделі, біздің өңірде де тыныш емес. Осының бәрі бізге ықпал етпей қоймайды. Болып жатқан оқиғаларды назарға ала отырып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Осындай қиын кезеңде бізге күрделі реформаларды жүзеге асыруға тура келеді. Мұның бәрі халықтың игілігі үшін жасалуда. Қазіргі жағдайдың қиын екеніне қарамастан, реформаларды жүзеге асыру болашақтағы игіліктің
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
САЛЫҚТАН ЖАЛТАРАТЫНДАР ЖЕТЕДІ
негізін қалау үшін қажет. Алдағы реформалар күрделілігі жағынан біздің 90-жылдардың басында жүргізген реформаларымыздан кем түспейді. Осыған байланысты «Нұр Отан» партиясына барша түсіндіру жұмыстарын өз мойнына алуды тапсырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ұрыс ырысты қашырар, Ынтымақ халықты асырар.
Халық мақалы.
ҮКІМЕТ
ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ – ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА Үкімет үйінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев өткізген тұрғын үй құрылысы және ТКШ-ны дамыту мәселелері бойынша селекторлық кеңесте 2015 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы көлемі 7,1 миллион шаршы метр тұрғын үй іске қосылғаны, қазірдің өзінде 7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп отырғаны мәлім болды. Жалпы, тұрғын үй құрылысына 586,6 миллиард теңге инвестиция бағытталған. Республикалық бюджет пен Ұлттық қор қаржылары есебінен, атап айтқанда, жергілікті атқару органдарында кезекте тұрғандар үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысы (жыл басынан бері 86 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді), жас отбасылар үшін (57,4 мың шаршы метр), тұрғын үй құрылыс салымдары жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй (118,4 мың шаршы метр), «Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ» АҚ желісі бойынша тұрғын үй құрылыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы тұрғын үй инфрақұрылымы нығайтылуда. Мәлім болғанындай, 2015-2016 жылдары Ұлттық қор қаржылары есебінен 180 миллиард теңге мөлшерінде тұрғын үй құрылысын және қажетті инженерлік инфрақұрылымдар тартуға қосымша қаржыландыру жүргізілмекші. Селекторлық кеңесте Бақытжан Сағынтаев облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне мемлекет қаржылары есебінен 2015 жылы іске қосылатын тұрғын үйдің жоспарланған көлемін қамтамасыз етуді, салынған және берілген пәтерлерді бөлу үшін кезектегілердің ішінен тізімді уақтылы қалыптастыру, сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы нысандарына қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды тартуды тездету жөнінде тапсырмалар берді.
«ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ
ШУДА ШЕШІМІН КҮТКЕН МӘСЕЛЕ КӨП ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ АУДАНДАҒЫ ЖҰМЫС САПАРЫНДА БІРҚАТАР ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ
ҚАРЖЫНЫ ТҮГЕЛ ИГЕРМЕГЕНДЕР ДЕ БАР Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». Облыс әкімі аппаратының кезекті жиыны барлық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері үшін сын сағаты секілді өтті. Өйткені, жыл басынан қазан айына дейін мемлекеттен бөлінген бюджет қаржысының қалай игерілгенінің есебі шығарылып, бағасы берілді. 2015 жылдың қаңтар-қазан айларына облыстық бюджеттің орындалуы туралы облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің директоры Асқар Тынысбеков пен облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Асқар Қырықбаев баяндама жасады. Мемлекеттік кірістер департаментінің директоры Асқар Тынысбековтің айтуынша, биыл 10 айда кірістер – мемлекеттік бюджет 101,1 пайызға, жергілікті бюджет 104,1 пайызға, республикалық бюджет 96 пайызға орындалған. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке 868 миллион теңге, республикалық бюджетке 4,5 миллиард теңге кем түссе, ал жергілікті бюджетке 3,6 миллиард теңге артық түскен. (Жалғасы 3-бетте).
ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫНДАҒЫ ШУ АУДАНЫ ШЫРАЙЛАНЫП КЕЛЕДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ АУДАНҒА КЕЛГЕН ІССАПАРЛАРЫНДА ШУЛЫҚТАРҒА ҮНЕМІ АЙТЫП
ЖҮР. ОСЫ ЖОЛЫ ДА БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖАҢА ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСҚАН ОБЛЫС БАСШЫСЫ КӨПТЕГЕН ИГІЛІКТІ ІСТЕРДІҢ КУӘСІ БОЛДЫ.
(Жалғасы 3-бетте).