ай хабар ж ол т қ А АТА ЖҰРТ ДЕП КЕЛГЕН АҒАЙЫН
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №105 (17962), Бейсенбі, 17 шілде, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2020»: БАҒДАРЛАМА ІС ЖҮЗІНДЕ
БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ – БИЛІКТІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ
ОТЫЗ
КҮН ОРАЗА (20-ШЫ КҮН) Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол».
ӘБУ ҺУРАЙРА (Р.А.) РИУАЯТ ЕТКЕН ХАДИСТЕ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.Ғ.С.) АЙТҚАН: «ДҮНИЕДЕ БІР ПЕНДЕ БАСҚА БІР ПЕНДЕНІҢ АЙЫБЫН ЖАСЫРСА, АЛЛА ҚИЯМЕТ КҮНІ ОНЫҢ АЙЫБЫН ЖАСЫРАДЫ» (МҮСЛІМ РИУАЯТ ЕТКЕН). АБДУЛЛА ИБН ОМАР (Р.А.) РИУАЯТ ЕТКЕН ХАДИСТЕ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.Ғ.С.): «МҰСЫЛМАН – МҰСЫЛМАННЫҢ БАУЫРЫ. ОҒАН ЗҰЛЫМ ҚЫЛМАЙДЫ ДА, ОНЫ ДҰШПАНҒА ТАПСЫРМАЙДЫ (ҚОЛЫНА БЕРМЕЙДІ). КІМ БАУЫРЫНЫҢ МҰҚТАЖДЫҒЫНДА ҚОЛҒАБЫС БОЛСА, АЛЛА ОНЫҢ ҚАЖЕТІНДЕ БІРГЕ БОЛАДЫ. КІМ МҰСЫЛМАНДЫ ҚАЙҒЫ-МҰҢЫНАН АРЫЛТСА, АЛЛА ОНЫ ҚИЯМЕТ КҮНІНІҢ ҚАЙҒЫСЫНАН ҚҰТҚАРАДЫ. КІМ БІР МҰСЫЛМАННЫҢ АЙЫБЫН ЖАСЫРСА, АЛЛА ОНЫҢ АЙЫБЫН ҚИЯМЕТ КҮНІ ЖАСЫРАДЫ», – ДЕГЕН (МҮСЛІМ РИУАЯТ ЕТКЕН). ИБН ОМАР (Р.А.) АЙТАДЫ: «АЛЛАНЫҢ ЕЛШІСІ (С.Ғ.С.) МІНБЕРГЕ КӨТЕРІЛДІ ДЕ, ҚАТТЫ ДАУЫСПЕН БЫЛАЙ ДЕДІ: «ЕЙ, ТІЛІМЕН МҰСЫЛМАН БОЛҒАН, БІРАҚ ЖҮРЕКТЕРІНЕ ИМАН КІРМЕГЕН КІСІЛЕР, МҰСЫЛМАНДАРҒА КЕСІРЛЕРІҢ ТИМЕСІН (ЗИЯН ТИГІЗБЕҢДЕР), ОЛАРДЫ АЙЫПТАМАҢДАР, ОЛАРДЫҢ КЕМШІЛІКТЕРІН ІЗДЕП (АҢДЫП) ЖҮРМЕҢДЕР. КІМ МҰСЫЛМАН БАУЫРЫНЫҢ АЙЫБЫН ІЗДЕСЕ, АЛЛА ОНЫҢ АЙЫБЫН ТЕКСЕРЕДІ. АЛ АЛЛА КІМНІҢ АЙЫБЫН ТЕКСЕРСЕ, ОНЫ ҮЙІНІҢ ТҮКПІРІНДЕ БОЛСА ДА ҚАРАБЕТ ҚЫЛАДЫ» (ТЕРМИЗИ РИУАЯТ ЕТКЕН). АЛЛА ТАҒАЛА МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ АЙЫБЫН ЖАСЫРУДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ ЖӘНЕ СОҒАН БҰЙЫРАДЫ. СОЛ ҮШІН ТЫҢШЫ БОЛУДЫ ХАРАМ ҚЫЛЫП, ӘРІ ОДАН ҚАЙТАРДЫ. ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.Ғ.С.): «КІМ ДҮНИЕДЕ БІР ПЕНДЕНІҢ АЙЫБЫН ЖАСЫРСА, АҚЫРЕТТЕ АЛЛА ОНЫҢ АЙЫБЫН ЖАСЫРАДЫ», – ДЕП, МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ КЕМШІЛІКТЕРІН ІЗДЕП, ЖАСЫРЫН ІСТЕРІН ТЕКСЕРІП ЖҮРУДЕН ҚАЙТАРҒАН.
Жамандықты көп қуған, бір пәлеге жолығар. Жақсылықты көп қуған, бақ, дәулетке жолығар. Халық мақалы. ФОТОХАБАР
«Ақ жол-Ақпарат».
МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ
«БОСҚЫНДАР КЕЛІП ЖАТЫР» ДЕГЕН БОС СӨЗ ЖАҚЫНДА ЕЛІМІЗДЕГІ КЕЙБІР АҚПАРАТ АГЕНТТІКТЕРІ «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА УКРАИНА МЕН СИРИЯДАН БОСҚЫНДАР КЕЛІП ЖАТЫР» ДЕГЕН ХАБАР ТАРАТТЫ. ОНДА «ҚАҚТЫҒЫСТЫҢ САЛДАРЫНАН ҚАШҚАН ЖИЫРМА УКРАИНА АЗАМАТЫ ТАРАЗҒА КЕЛДІ» ДЕЛІНГЕН. МҰНЫҢ МӘНЖАЙЫН ЗЕРДЕЛЕМЕСТЕН БІРНЕШЕ САЙТ, ГАЗЕТ, ТЕЛЕАРНАЛАР, ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРГЕ ДЕЙІН БІР-БІРІНЕ СІЛТЕМЕ ЖАСАП, КЕЙБІРІ СІЛТЕМЕСІЗ-АҚ ӘЛГІ АҚПАРАТТЫ РЕСПУБЛИКА АУМАҒЫНА ТАРАТЫП ЖІБЕРДІ.
жақты хабардар болуы тиіс. Жасыратыны жоқ ауыл кәсіпкерлері шағын және орта бизнеске жасалып жатқан жағдайлар туралы қажет деңгейде ақпараттанып отырған жоқ. Ол өз кезегінде саланың дамуына кері әсер етуде. Міне, сондықтан да ауылдағы ағайынның сауаттылық деңгейін көтермей онда шағын және орта кәсіпкерлік кең қанат жаяды деп айту қиын. Себебі, кәсіпкерлікке қатысты мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан шаралар, түрлі жеңілдіктер мен қолдаукөмектер тиісті ақпараттық саясаттың жоқтығынан шалғай ауылдардағы шағын
таж
АУЫЛДАҒЫ ЖАҢА НЫСАН
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ендігі жерде ата жұртына оралған ағайындар Қазақстанның кез-келген өңіріне қоныстанып, «оралман» мәртебесіне қол жеткізе алады. Оқырмандардың есінде болса, Үкімет биыл көктемде қабылдаған №248 қаулысы бойынша оралмандар тек Қазақстанның 7 облысына ғана қоныстануға құқылы болатын. Олар негізінен солтүстік облыстар еді. Ал, Үкіметтің 8 шілдеде қабылданған №783 қаулысы негізінде оралмандар Алматы және Астана қалаларынан тыс Қазақстанның кез-келген аймағына қоныстана алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма басшысы Марат Тоқсанбаевтың айтуынша, егер қандастарымыз қазіргі мүмкіндіктер арқылы «оралман» куәлігіне ие болып, соның нәтижесінде «ықтияр хатқа» қол жеткізсе, онда күзге қарай оларға азаматтық беру мәселесі оң шешімін табады. Ең бастысы, ата жұртын аңсап келген ағайынға Қазақстанның қай түкпіріне барса да құшақ ашық.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 4-ШІ БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІС ЖҮЗІНДЕГІ БИЗНЕСКЕ СЕРВИСТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІ БАСТАДЫ. ОЛ ЖЕТІ БАҒЫТ БОЙЫНША ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ. АТАП АЙТҚАНДА, БУХГАЛТЕРЛІК ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТІ ЖҮРГІЗУГЕ, СОНДАЙ-АҚ СТАТИСТИКАЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ЖАСАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЗМЕТТЕР, КЕДЕНДІК РӘСІМДЕР БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕР, МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ БОЙЫНША БАРЛЫҚ ҮДЕРІСКЕ КОНСУЛЬТАЦИЯ БЕРУ ЖӘНЕ ТОЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ, ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ, МАРКЕТИНГ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕР, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДА КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР БЕРУ, МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАРМЕН, ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САТЫП АЛУЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЗМЕТТЕР. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНЕ БҰЛ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ БАРЛЫҒЫ ТЕГІН КӨРСЕТІЛЕТІН БОЛАДЫ.
Облыс аудандарындағы шағын және орта бизнес өкілдерін осы сервистік қолдау шараларымен ақпараттандыру мақсатында кеше құрамында кәсіпкерлер палатасының сарапшылары, қаржы институттары мен банк саласының мамандары бар үгіт-насихат топтары аудандарға аттанды. Осыған орай, үгітнасихат топтарын шығарып салуға арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Жиында сөз алған кәсіпкерлер палатасының директоры Асан Қошмамбетов: «Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы ауылдағы шағын және орта бизнес өкілдерімен жанды байланыс орнатуды өзінің басты міндетінің бірі санайды. Еліміздің экономикасының өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып отырған елдегі еңбекші қауым кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдау-көмек туралы жан-
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕЗ-КЕЛГЕН ӨҢІРІНЕ ҚОНЫСТАНА АЛАДЫ
пор ің ре
Бізд
МАЛ АЗЫҒЫ МОЛ БОЛСЫН
кәсіп иелеріне жетпей жатыр. Ал, бүгін аттанып бара жатқан үгіт-насихат топтары осы олқылықтың орнын толтырып, ел арасында кең көлемді түсінік жұмыстарын жүргізіп, тиісті кеңестер беретін болады», – деді. Үгіт-насихат топтарының аудандарды аралауы жыл аяғына дейін жалғасатын болады. Нақтылы кезеңде әр ауданда кемінде 15 адамнан құралған жұмысшы топтар қызмет атқаруда. Олар жыл соңына дейін барлық елді мекендерді аралап 500 кәсіпкерлік субъектіге сервистік қолдау қызметтерін көрсетпек. Бұл мақсатқа 79 миллион теңге қаржы қарастырылған.
Мәселенің анық-қанығын білу үшін, облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасы бастығының міндетін атқарушы, подполковник Мұхтар Салжановқа хабарластық. «Облысымызда 2014 жылы босқын мәртебесін алған бір ғана адам бар. Ол – 1973 жылы туылған сириялық Әлмұхамад Свейд Айеш Хасан», – деген М. Салжанов Украинадан босқындар келіп жатыр деген ақпараттың шындыққа мүлдем жанаспайтындығын айтты. Ал Әлмұхамад Свейд Айеш Хасанның Тараздың қызына үйленгендігі, төрт баласы бар терапевтгастроэнтеролог дәрігер екендігі және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі К.Көкірекбаевтың қоғамдық қабылдауында болғандығы белгілі дейді. Облыс басшысы Алматыдағы медициналық жоғары оқу орнын бітірген сириялық азаматты елімізге дәрігер мамандар жетіспей жатқандықтан, құжаттарына көмектесуге тиісті орындарға тапсырма берген. Сонымен, заңды түрде босқын мәртебесін алған жалғыз адам Әлмұхамад Свейд Айеш Хасан болып шықты. Ал заңсыз жүрген украин азаматтары мүлдем жоқ. Себебі, ол үшін шекараны заңсыз кесіп өтулеріне тура келеді. Мұхтар Салжановтың айтуынша, босқын мәртебесін беру-бермеуді арнайы комиссия шешеді. Әзірге ешкім комиссияға бұл мәселе бойынша арызданбаған. Дәл қазір Украинадан бір ғана адам облысымызға келіп отыр. Атап айтсақ, 1984 жылы Жамбыл облысында туылған Нұргүл Әбдіғапарованы сегізінші сынып оқып жүргенде, жаңадан отбасын құрған әкесі Украинаға қоныс аударғанда бірге ала кеткен. Сөйтіп, сол елдің азаматтығын алған. Жақында туған жеріне келіп, миграциялық карточкасы арқылы тиісті орындарға белгілі бір мерзімге тіркелген ол босқын мәртебесін алудың жолдарын сұраған. Ол үшін бойжеткенге Украина мемлекетінен кету парағы немесе ондағы Қазақстан елшілігінен республикамыздың аумағында тұруға қарсы емес және сотталмаған деген құжаттардың бірі керек. Алайда, оған Украина белгісіз себептермен кету парағын беруден бас тартқан. Енді, Нұргүл екінші жолмен босқын мәртебесін алуға ниет білдіріп отырған көрінеді. Қарт әкесі қайтыс болған соң жат жерден оралуды жөн көрген. Бір айта кетерлігі, ол Украинаның қақтығыстар орын алған Луганск, Донецк қалаларында тұрмаған, бейбіт жатқан Харьков қаласында өмір сүрген. Сондықтан, басты себеп қақтығыс емес, туған жеріне оралу болып тұр. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта мамандар жалған мәлімет таратқандарды анықтаумен айналысып жатыр. Тараз қаласы.
ЖОЛ – ЭКОНОМИКАНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ
БЕРІКҚАРА ПІШЕНШІЛЕРІНІҢ ТІРЛІГІ БАЯНДЫ Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол».
Сейсен ҚОЖЕКЕ, «Ақ жол». Қазақ ауылы тұрғындарының заманауи медициналық пунктте емдом қабылдау мүмкіндігіне ие болатын күні алыс емес. Оның ескіріп, әбден тозығы жеткен ескі ғимараты орнына жаңасы еңсе көтеріп жатқанына көп уақыт өте қойған жоқ. – Жаңа емдеу орны бүгінгі талапқа сай жарақтандырылатын болады, – дейді құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Интерстройсеть» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаске бастығы Қанат Райымбеков. – Сырқаттарды қабылдауға, сондайақ емдеуге арналған күндізгі стационарлық бөлмелер, жара таңу кабинеті – барлығы да жобаға сай салынуда. Тіпті, медициналық жабдықтарды да сметада қарастырылған 21 миллион теңге қаржы қаражаты есебінен орнатып береміз. Қазір жалпы жұмыстың 95 пайызы бітті. Тек ғимарат ауласын абаттандыру ісі ғана қалып тұр. Жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарында бас-аяғы жиырмаға жуық жұмысшы тартылған. Олардың дені жергілікті тұрғындар. Жаңа нысанды көруге бізбен бірге келген ауылдық округ әкімі Ораз Танкеев те мұндағы құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Құрылысшылар жаңа нысанның соңғы шегелерін қағу үстінде. Т. Рысқұлов ауданы.
Таласта төрт түліктің басы көбейіп келеді. Қазір мұндағы қой-ешкі саны – 388162 басқа, мүйізді ірі-қара – 24517, жылқы – 8124, түйе 1950 басқа жетті. – Мал басының бұрынғыдан едәуір өсуі жемшөп дайындаудың да көлемін арттыруды қажет етеді, – деді аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ауданбек Ерубаев бізге мәнжайды түсіндіріп, – мысалы өткен жылы 60000 тонна ірі сабақты шөп дайындасақ, биылғы меже 91840 тонна. Оның 30000 тоннасын көршілес аудандардан сатып аламыз. Биылғы көктемнің кеш шығуы мен күннің күрт ысуынан шөп көтерілмей, механизаторлар шөп орағына кешеуілдеп шыққанынан хабардар едік. Сондықтан да жемшөп дайындаудың барысымен танысу үшін, Берікқара ауылына сапар шеккенімізде көңілімізді алаң еткен сауалдардың болғаны рас. – Баяғы колхоз-совхоз жоқ,-деді ауылдық округ әкімі С. Талқанбаев, -Бірақ, қол қусырып қарап отыратын кез бе? Ауылдағы шаруалар бірлесіп шабындықты орып, жинап алу үшін, тас түйін іске кіріскен. Соның бірі – таяуда ғана өз алдарына шаңырақ көтеріп, біріккен «Аралтөбе» ауылдық тұтыну кооперативі екен. Кооператив мүшелері бес трактормен пішен дайындауда. Бұдан кейін Билікөл
маңындағы Тұрлыбай сазына қарай жол тарттық. Ойдым-ойдым өскен жиде мен қалың ну қамыстың аңғарынан шөпшілерді зорға таптық. Пырдай болып алқапта жатқан, тайланған шөптен көз тұнады. Алқап басында бригадир Ерболат Сатымбеков бізге мұнда жемшөп ең алдымен кооператив мүшелеріне тиесілі жер телімінен дайындалатынын айтты. Олар артылған пішенді Қаратау қаласының тұрғындарына сатады екен. Пішеннің бір түгі – 250-300 теңгеге бағаланады. Жоңышқаныкі одан екі есе қымбат. Бұл – нарық заңы. Шынын айтқанда, Берікқара ауылындағы бар шабындық ауылдың тұтыну қабілетін толық қанағаттандыра алмайтын секілді. Сондықтан Берікқара өндірістік кооперативінің пішеншілері Аралтөбедегі жоннан мал азығын дайындауға кіріссе, келесі бригада көршілес Жуалы ауданынан 200 гектар жоңышқа алқабын жалға алып, сонда мал азығын дайындауда. Қысқасы, берікқаралықтар жемшөп дайындаудың барлық мүмкіндіктерін қарастырып, күн-түн демей еңбек көрігін қыздыра түсуде. Соның нәтижесінде ауыл бойынша дайындалуға тиісті 9000 тонна пішеннің әзірге 4,5 мың тоннасы әзірленіпті. Пішеншілер осы қарқынмен өздері көздеген межеден шығатындарына сенімді. Талас ауданы.
РД А И ЛЛ НДІ
7 МИЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІ 507 МИЛ
ҚАЗІРГЕ ДЕЙІН ОНЫҢ 1,5 МИЛЛИАРДҚА ЖУЫҚ ТЕҢГЕСІ ИГЕРІЛДІ
ЕЛІМІЗДІ БӘСЕКЕГЕ БАРЫНША ҚАБІЛЕТТІ 30 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ҚОСУДА АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ ОРАСАН. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ТІКЕЛЕЙ БАСШЫЛЫҒЫМЕН БҰЛ САЛАҒА ЖЫЛ САЙЫН ҚЫРУАР ҚАРАЖАТ БӨЛІНУДЕ. ОБЛЫСЫМЫЗДА ДА БҰЛ БАҒЫТТА ЕЛЕУЛІ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНЫП, ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА. СОНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ АЙМАҚТАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ МӘНДЕГІ ЖОЛДЫҢ ДЕНІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ. ОБЛЫСЫМЫЗДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЖЕРГІЛІКТІ МАҢЫЗЫ БАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖАҚСЫ ЖӘНЕ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН 80 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН ЖЕТКІЗУ КӨЗДЕЛУДЕ.
(Жалғасы 2-бетте).