ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№115 (18149), Бейсенбі, 17 қыркүйек, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ
ЫНТЫМАҚ БАРДА ЫРЫЗДЫҚ БАР
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса Жуалы ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
=ЖАМБЫЛ
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Бақыт Төлемісова мен партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбеков «Біздің ауыл» жобасы аясында Бірлесу-Еңбек ауылында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген ауыл тұрғындарының дені ұрпақ болашағын қозғады. Жаңыл Ермағанбетова ауылдан балабақша ашылса деген өтінішін жеткізсе, Сейсенбек Сайлаубаев жаңа мектеп қажеттігін алға тартты. Ауылдықтардың өтініштері мен ұсыныстары ескеріліп, тиісті жұмыстар жүргізілетіні айтылды. =ЖУАЛЫ
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай облыстағы «Жастар орталықтары» қызметкерлері арасында облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Тартысты өткен байқауда аудандық «Жастар орталығының» Жетітөбе ауылдық округі бойынша жастар ісі нұсқаушысы Сағыныш Жақсылықов облыстың «Жігіт сұлтаны» атанды. Екінші және үшінші орындарды Меркі мен Жамбыл аудандарының жігіттері Нәдірқұл Мереке мен Абылайхан Пернебаев иеленді. Байқауға қатысқан тағы төрт жігіт түрлі аталым бойынша марапатталды. =ҚОРДАЙ
Елбасы Қазақстан мен Ресейдің ХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумының жалпы отырысына қатысты. Шараға сондай-ақ Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің мүшелері, өңірлердің басшылары қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде В.Путинге шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыс айтып, Қазақстан тарапы форумға зор мән беретінін атап өтті. Елдеріміз арасындағы тауар айналымының негізгі көлемі өңірлер арқылы іске асырылады. Бұл дәстүрді әсіресе қазір, әлемдік дағдарыстың әсерін сезініп отырған кезде жалғастыру қажет. Шараның болашақ ұрпақ үшін жұмыс істеп, пайда әкелетін, гипержобаға айналған Сочиде өтуінің символдық нышаны бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті сондай-ақ әлемдегі ең тұрақты валюта – азық-түлік екенін атай отырып, форум тақырыбының маңыздылығын айтты.
Қытай, Үндістан, Каспий маңы мен Орталық Азия елдерінің жиынтық импортының өзі ғана 170 миллиард АҚШ долларынан асады. Біздің елдеріміздің әлемдік азық-түлік нарығында жетекші рөлге ие болу үшін қажетті әлеуеті бар. Ресей қазірдің өзінде астық экспорты бойынша әлемде үшінші орын алады. Бүгінде біздің ел де осы нарықтың бір бөлігі болып саналады, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы бүгінде аграрлық саланың мүмкіндіктері толық пайдаланылмай отырғанын да айтты. Біздің елдерімізге сүт өндірісінің тек 6 пайызы, сиыр етінің 3 пайызы тиесілі. Еңбек өнімділігі Канада мен Қытайға қарағанда 8-10 есе төмен. Қазір жағымсыз экономикалық үрдістер елдеріміздің дамуына кері әсер етіп отыр. Сонымен бірге бұл жағдай өсімнің, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы өсімнің ішкі резервтерін ашуға мүмкіндік береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Осыған байланысты Қазақстан Президенті елдеріміздің аграршылары мен өңдеушілері арасындағы өндірістік кооперацияны кеңейту қажеттігіне назар аударды. Бүгінде елдеріміз Еуразиялық экономикалық одақта болса да, аграрлықтардың жұмысы әрқилы екенін байқап отырмыз. Ресей 1,5 миллион тонна ет импорттайды, соның ішіндегі 600 мың тонна сиыр етін үшінші елдерден әкеледі. Қазақстан қазір осы нарықты игеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, өйткені бізде мал шаруашылығы саласында зор әлеует бар. Республикамыз қазір жылына 4 мың тонна сиыр етін өндіреді. Біз бұл көрсеткішті ұлғайтуға дайынбыз. Еліміздің оңтүстігінен жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін Ресей нарығына жеткізу көлемін ұлғайтуға қажетті айтарлықтай ресурс бар және біз Түркиядан, Польшадан, Қытайдан келетін импортты алмастыра аламыз, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев
тағы бір басымдық ретінде өнімнің құрамын нақты жазу бөлігіндегі жаңа стандарттар мен техникалық регламент талаптарын әзірлеу мәселесін айтты. Қазақстан Ресей арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі құрылысын аяқтауға таяды. Осының арқасында біз азықтүлік жеткізу мөлшерін ұлғайту жөніндегі орталықтар құра алар едік. Бұл үшін Еуразия даму банкінің ресурстарын пайдалануға болады. Мәселен, банктің биыл қаржыландырылған 12 жобасының 10-ы ауыл шаруашылығына тиесілі болды, – деді Қазақстан Президенті. Қазір ЕАЭО күрделі кезді бастан өткеруде, тауар айналымы 20-25 пайызға төмендеп кетті. Бірақ мәселе интеграцияға емес, сыртқы ықпалдарға, соның ішінде әлемдік нарықтағы тұрақсыздыққа байланысты болып отыр. Біз қиын кезеңді еңсеруге тиіспіз. Кез келген дағдарыстан соң өсім болады, сондықтан тың серпіліске дайындалуымыз керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
НАРЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ
21
ТАРАЗДАҒЫ ТОЙЫНА
Теңге - тиыннан, Ынтымақ - ұйымнан. Халық мақалы.
БІРАҚ ҚАРЖЫ МИНИСТРІ «БҰДАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨМІРІ ӨЗГЕРМЕЙДІ» ДЕДІ
КҮН ҚАЛДЫ ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ТАРИХТАН БАСТАУ АЛАТЫН ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДА ӨҢІРІМІЗДЕ ҚЫРУАР ТІРЛІК АТҚАРЫЛЫП ЖАТЫР. ИӘ, БАБАЛАР ЖАЛЫН ТАРТЫП МІНГЕН ТАЛАЙ ПЫРАҚ ТҰЯҒЫНЫҢ ДҮБІРІ САЙЫН ДАЛАМЫЗДА ҚАЛҒАНЫ АЙҚЫН. ҰЛЫ ТОЙ КЕЗІНДЕ ЖҰРТШЫЛЫҚ ТАҒЫ ДА АУЫЗДЫҒЫМЕН АЛЫСҚАН АРҒЫМАҚТАРДЫҢ АЯҚ АЛЫСЫН БАРЛАП, ТАҚЫМ ҚЫСАДЫ. ОСЫ ОРАЙДА ҚАЛАМЫЗДАҒЫ АТШАБАРДАҒЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛЫП ТА КЕЛЕДІ.
БОТА ТІРСЕК, ҚЫЛ САҒАҚ, САНДАЛ КЕРІМ... ТҰЛПАРЛАР ТҰЯҒЫНЫҢ ДҮБІРІ ЕСТІЛЕТІН АТШАБАРДАҒЫ ЖҰМЫС АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». Мұндағы тынымсыз тіршіліктің қарқынын байқау мақсатымен атшабар маңына барғанымызда мердігер компания – «Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС-ның құрылыс менеджері Еркебұлан Айтқұловты құрылыс басынан жолықтырдық. «Қазіргі кезде ілкі сәтке де дамылдамай жұмыс жасап жатырмыз. Елбасы отыратын VIP зал заманауи талапқа сай болады. Оны жаңаша дизайнмен әрлеудеміз. Сонымен қатар, 1500 орындық орналастырылуда. Одан бөлек атшабардағы шатыр да уақыттың сұранысына сай қажет кезінде қойылып, кейін кері ысырылады. Мәселен, футболдағы жылжымалы шатырлар бар ғой, бұл да сол секілді. Тұңғыш рет Тараз төрінде тұсауы кесілетін поло ойыны алаңының аумағы 20000 шаршы метрді құрайды. Бұл маңға төселіп біткен шым уақытымен күтіп, бапталып мерейтойда тастүйін дайын болады. Бұған қоса телеоператорларға арналған мұнара қойып жатырмыз. Барлық шараларды сол жерден түсіріп, халықтың назарына ұсынады. Бәйге алаңына 5 сантиметр қалыңдықпен құм төселеді. Жалпы құрылыс н ы с а н ы н қ а й т а ж а ң ғ ы р т у, жабдықтауға 99 миллион теңге
1 ДОЛЛАР... 300 ТЕҢГЕ БОЛДЫ
«Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары» туралы үкімет шешіміне сәйкес, «Сезім» мемлекеттік емес қоғамдық ұйымы арқылы аудан бойынша мүгедектерге инватакси қызметі ұйымдастырылмақ. Бүгінде бөгде адамның көмегінсіз жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектердің, қан айналымы күрделі және тыныс алу жолдары ауруына шалдыққандардың, гемодиализ аппаратының көмегіне жүгінгендердің, кемтар балалар мен зағип жандардың инватакси қызметіне мұқтаждығы зерттеліп, өтініштері қабылдануда.
Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтардың жалақысы мен сатып алу әлеуетінің доллар бағамына тәуелді болмауы керек екенін мәлімдеді. Бұл пікірді ол ҚР Парламент Мәжілісінің үзілісі кезінде айтты. «Біз жаңа ұстанымға өттік, сондықтан уақыт талап етіледі», – деді ол Қазақстанның теңгенің еркін ауытқу бағамына өтуіне қатысты пікір білдіре отырып. Tengrinews.kz тілшісінің доллар бағамының 300 теңгеден асқан жағдайына қатысты сұрағына ол «Мұны нарық көрсетуі тиіс, жаңа ұстанымдарымыз осыған негізделген» деп жауап берді. «Екі аптаның ішінде жаңа бағам белгіленеді деп айтылды, бірақ 20 тамыздан бастап сонша уақыт өтіп кетті. Соған қарағанда, уақытты қажет ететін көрінеді», – деді ол. «Доллар бағамы 300 теңгеден асқанда жалақысы өзгермеген қазақстандықтар қалай өмір сүреді?» деген сауалға
ол былай деп жауап берді: «Біз жалақыны бірнеше жылдың ішінде екі есе көтердік. Жалпы алғанда, жалақыны көтеру доллармен байланысты болмауы тиіс, еңбек өніміне сәйкес болуы керек. Азаматтардың б а р л ы қ с ау д а с ы т е ң г е м е н жасалады, импорттың басым екендігі белгілі. Ал жалпы, біз жүргізіп отырған жұмыс кәсіпорындарымыздың бәсекеге қабілеттілігінің арқасында теңдікке әкеледі», -
деді қаржы министрі. «Сонда сіз доллар 300 теңгеге тең болса қазақстандықтардың өмірі өзгермейді деп ойлайсыз ба?» деген сауалға б ы л а й д е п ж ау а п қ а т т ы : «Меніңше, өзгермеуі керек. Себебі қазақстандықтардың жалақысы мен сатып алу әлеуеті экономикадағы еңбек өніміне тәуелді болуы тиіс». Айта кетейік, 16 қыркүйекте қазақстандық банктерде доллар бағамы 300 теңгеден асты.
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті XXХХ-сессиясы 2015 жылдың 25 қыркүйегінде облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. Жергілікті автомобиль жолдарының жәйі, қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және оны жақсарту шаралары туралы; 2. Жамбыл облыстық мәслихаттың аймақты, ә к і м ш і л і к - ау м а қ т ы қ қ ұ р ы л ы м д ы , ау ы л шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі. 3. Әртүрлі мәселелер * * * Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында (3-қабат) 25 қыркүйегінде сағат 11.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 25 қыркүйек күні сағат 14.00де басталады. Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.ҚАРАШОЛАҚОВ.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫ қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда атқарылуға тиісті жұмыстардың сексен пайызы орындалды. Алла қаласа, 25 қыркүйекте нысанды толық тапсырсақ деп отырмыз. Қазіргі кезде 220-дан астам қызметкер уақытпен санаспай тер төгуде. Олардың орташа жалақысы 90 мың теңгенің айналасында» деді серіктестіктің құрылыс менеджері Еркебұлан Айтқұлов мәселенің мәнжайын түсіндіріп. Шынында да атшабардағы жұмыс жоғары қарқынмен орындалуда. Мұндағы төселіп біткен шым сонадайдан көз тартады. Ал екі ауысым бойы шүмектеп тер төгіп жүрген қызметкерлер: «Қалайда уақтылы аяқтап, ұлы тойға тамшыдай болса да үлес қосуымыз керек» дейді. «Іске сәт» дедік біз де. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
ҚҰРЫЛУЫ, ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАП ОБЛЫС ӘКІМДІГІ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРМУ-ДЫҢ М.ҮРКІМБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАСТАР САРАЙЫНДА «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫ: ҚҰРЫЛУЫ, ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ. ОҒАН ӨҢІРДІҢ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ, ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ, ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІ ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕР ҚАТЫСТЫ.
(Жалғасы 3-бетте).