17 мамыр пдф 2016 ж

Page 1

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу Сар Са С Сары ар арысу ары су ауданы ау ауд ауда а у уд уда д да ан ны ы

Мой Мо М ойын йы й ын Мойынқұм а ау у уд уда дан да ауданы

Жамбыл облысты о амды саяси газет

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№56 (18250), Сейсенбі, 17 мамыр, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

НДА ЖАҺА

ПРЕЗИДЕНТ

АҚШ АСҚАЗАНДЫ ЕМДЕЙТІН МИКРОРОБОТ

Елбасы Астана қаласының əкімі Əділбек Жақсыбековті қабылдады. Ə.Жақсыбеков Мемлекет басшысына елорданың əлеуметтік-экономикалық дамуы, негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы жəне алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады. Кездесу барысында Қазақстан Президенті өңірлік жалпы өнімнің көлемі 4 триллион 560 миллиард теңгеге жеткен қала бүгінде өсім қарқыны бойынша елде бірінші орында тұрғанын айтты. Сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің өсімі байқалуда, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ол 770 миллиард теңге болды. Шағын жəне орта бизнес субъектілерінің саны 2014 жылы 93 мың болса, қазіргі кезде 105 мыңға дейін жетті. Шағын жəне орта бизнес секторындағы қосымша құнның жиынтық үлесі қала экономикасының жалпы көлемінің 62 пайызына жетеғабыл. Биыл 2,1 миллион шаршы метр көлемінде баспана пайдалануға беріледі деп жоспарланған, 2014 жылы бұл көрсеткіш 1 миллионның шамасында болған еді. Мемлекет басшысы əлеуметтік даму индикаторлары арасынан жұмыссыздық деңгейінің төмен екенін жəне 6 мың бос жұмыс орны бар екенін айтып өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Астанада жан басына шаққандағы орташа табыс 3,7 миллион теңге болды. Елордада балалардың 84,5 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылған, балабақшалар мен мектептер құрылысы жалғасуда. 2015 жылы жаңа туған 100 мың сəбиге шаққанда ана өлімі 7 адамға тең болса, биылғы бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш нөлге теңесті. Нұрсұлтан Назарбаев қаланы дамытуға капитал салу тиімді болып шыққанына,

Массачусетс технологиялық институтының профессоры Даниэль Рас жапондық әріптестерімен бірлесіп медициналық микроробот жасап шығарды. Микроаппарат қажетті ағзаға жету үшін оны мұзға қатырады да науқас жұтады. Іште еріген кезде аппарат қалыпты жағдайда орталықтан басқарылатын тұрақты магнит көмегімен бүктеліп-жазылып қозғалады. БАӘ 3D-ҚАЛА ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ 2030 жылы қала ғимараттарының 25 пайызы 3D-принтер арқылы тұрғызылады. Бұл туралы Дубай әмірлігінің басшысы шейх Мұхаммед ибн-Рашид әл-Мактум мәлімдеді. Дубай әмірінің сөзіне сүйенсек, 3D-технологиясы тек құрылыс саласында ғана емес, медицина мен тұтынушылар тауары өндірісінде де кеңінен қолданылмақ. Корольдік билігінің жоспарына сәйкес, 2025 жылы 3D-технология нарығының құрылыс саласындағы құны 800 миллион долларды құрайды. ФРАНЦИЯ СОҢҒЫ АЯЛДАМА – БАРСЕЛОНА Әлемдегі ең үлкен круиздік «Harmony of the Seas» жолаушылар лайнері француздың Сен-Назер қаласының портынан алғаш рет жүзіп шықты. Кеме алдымен Ұлыбританияның оңтүстік жағалауындағы Саутгемптон портына соғып, бортына алғашқы жолаушыларды алады. Бұдан кейін «Harmony of the Seas» оңтүстікке қарай жол тартып, Пиреней түбегін айналып өтіп, Жерорта теңізі бойынша круизге аттанады. Содан кейін соңғы аялдама Барселонаға (Испания) жүзіп келеді.

ЫЛ ЖАМБ

ДА

БАЙЗАҚ ҚАЛАМГЕРДІҢ РУХЫНА ҚҰРМЕТ

бүгінде оның орны толып жатқанына да назар аударды. – Бұл – қуантарлық көрсеткіштер, ол мемлекеттің, бірінші кезекте қала əкімдігінің сындарлы жұмысының нəтижесі болып

саналады. Осы жұмысты жалғастыру керек. Елорда барлық бағыт бойынша үлгі көрсетуге тиіс. «Ақылды қаланы», балама энергетиканы дамыту, жылумен жабдықтау, көшелерді абаттандыру, автотұрақтар салу бағытында

көп нəрсе жасалуда. Қала жақсы дамып келеді жəне бұған қажетті өз қаражаты да бар, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». Облыс əкімдігіндегі аппараттық кеңестің кезекті отырысы азық-түлік жəне азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасын тұрақтандыру мəселесіне арналды. Кеңес отырысында облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев алдымен облыс əкімдігінің кəсіпкерлік жəне индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалған Болат Есімбеков пен облыс əкімдігінің сəулет жəне қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалған Асқар Рыспаевты аппарат мүшелеріне таныстырды. Ал келесі кезекте облыс əкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов күн тəртібіндегі азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мен оны бақылау жұмыстары бойынша баяндама жасады. Баяндамаға сүйенсек, жыл басынан бері облыс бойынша түрлі деңгейде 46 азық-түлік тауарларының жəрмеңкесі өткізіліп, онда 331,5 миллион теңгенің тауары өткерілген. Сондай-ақ, тұрақтандыру қорының əлеуметтік автокеруені арқылы облыстың барлық аудандарында құны 21,5 миллион теңгенің 238 тонна тауары сатылған. Ал аталған қорды қалыптастырып, 2016-2018 жылдары жұмысын жалғастыру үшін жыл басынан сəуір айына дейін жергілікті бюджеттен 917 миллион теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 6968 тонна тауар сатып алынған. Оның ішінде ұн, қант, күнбағыс майы, пияз жəне картоп бар. Бүгінгі күнге «Тараз» əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациясының есебі бойынша тұрақтандыру қорында 439,9 миллион теңгенің 4786 тонна тауары тұр. Ал есепшоттарында 439,7 миллион теңге қаражат бар. Бұған қарағанда, облыс халқы əлеуметтік маңызды азық-түліктен тапшылық көрмеуі керектігі жəне ол тауарларға бағаның көтерілуі еш негізсіз екені айқын байқалады. (Жалғасы 4-бетте).

«ЖАМБЫЛ НЕДРДІҢ» ӨНІМІ ӨТІМДІ

КӨКТЕМНІҢ СОҢҒЫ АПТАЛАРЫНДА ОБЛЫСТА ЖАУЫН-ШАШЫННЫҢ ЖИІЛЕУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖІТІ НАЗАРҒА АЛЫНУДА. ОСЫ ОРАЙДА, ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ АРНАЙЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ШУ АУДАНЫНДА БОЛЫП, СУ ҚОЙМАЛАРЫ МЕН БӨГЕТТЕРДІҢ, ӨЗЕН КӨПІРЛЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ЖІТІ ТАНЫСЫП ШЫҚТЫ. НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП ТАНЫСУ КЕЗІНДЕ ОБЛЫСТЫҚ БІРҚАТАР ТИІСТІ БАСҚАРМАЛАР БАСШЫЛАРЫ, АУДАН ӘКІМІ РҮСТЕМ ДӘУЛЕТ ПЕН ОНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ӨҢІР БАСШЫСЫМЕН БІРГЕ БОЛДЫ.

БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛУЫ ТИІС

МЕКТЕПТЕР ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

ТАЛАС

ҚҰЙҚАЛЫ АТЫРАПТАР ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ ТИІС

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

МЕРКІ Меркідегі №17 И.Трубицын атындағы орта мектепгимназиясын күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ әзірленіп, облыстық бюджеттен 277 миллион 38 мың теңге қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары басталды. Осыған қоса Ойтал ауылындағы №20 Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп, Сарымолдаев ауылындағы 600 орындық мектеп, Тескентоған ауылындағы 150 орындық және Қазақ Дихан ауылындағы 120 орындық мектептердің де жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті.

: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ 2050» СТРАТЕГИЯСЫ Н А Т С Қ А З А «Қ

Жақсыдан әкім қойсаң, елді түзетер, Жаманнан әкім қойсаң, елді жүдетер.

Сарыкемер ауылында Сарыкемер орта мектебінде ақын, қаламгер Асылхан Рахмановты еске алуға арналған «Табиғатты жырлаған тамылжытып...» атты әдеби-сазды кеш өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Сағындық Кенжебаев ашып, қаламгердің рухани өмірінен сыр шертті. Кеш барысында өткен аудандық мүшәйрада сарыкемерлік оқушы Ақшолпан Сүндетова бас жүлдені иеленді.

(Жалғасы 4-бетте).

Қаратау қаласындағы «Жамбыл Недр» ЖШС (директоры А. Іңкәрбеков) жанынан ашылған «Шебер» цехы жергілікті жердегі құрылыс материалдарынан капель желімі, гипс жақпасы, сәнді сылақ ұнтақтарын шығара бастады. Дайындалған шикізатты құрылыс-монтаж жұмыстарына, әсіресе ғимараттарды әрлеуге сатып алушылар көп. Ең басты тұтынушысы Тараз қаласында соғылып жатқан әмбебап сауда орталығы болып отыр. Тұтынушылар оның сапасына жоғары баға беруде.

ЖАЗЫЛЫМ АЗЫЛЫМ З Л – 2016 0 6 Дүйсенбек ЕРСЫМАҚОВ, ЫМАҚОВ, «Қазақстан Фермерлер рмерлер одағы» республикалық ликалық қоғамдық бірлестігінің естігінің «SFK-INSURANCE» CE» міндетті сақтандыру ндыру мекемесі облыстық стық филиалының өкілі.

ТАҒАЙЫНДАУЛАР Жамбыл облысы əкімінің 2016 жылғы 12 мамырдағы №163 өкімімен облыс əкімдігінің кəсіпкерлік жəне индустриалдыинновациялық дамыту басқармасының басшысы болып Есімбеков Болат Дəулетбайұлы тағайындалды Есімбеков Болат Дəулетбайұлы 1978 жылы туылған, білімі – жоғары, 2000 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік жəне коммуникациялар академиясын «инженер-экономист» жəне 2002 жылы əлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кəсіпорнының Алматы локомотив пайдалану депосының бухгалтері болып бастаған. 2003-2012 жылдары «КазТрансСервис» АҚ-ның «Оңтүстік» филиалында есепші, «СТК-Сервис Лимитед» ЖШС-да бас есепші, директор, «Қамқор Вагон» ЖШС-ның филиалында бас есепші қызметтерін атқарған. 2012-2015 жылдары «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚның бас есепшісі, вице-президенті, «ТЭК Элит» ЖШС-ның қаржы директоры лауазымында болған. 2015 жылдың шілде айынан бастап «Caspian Contractors Trust» ЖШС-ның бас директорының экономика жəне қаржы мəселелері бойынша орынбасары қызметін атқарған.

Жамбыл облысы əкімінің 2016 жылғы 12 мамырдағы №164 өкімімен облыс əкімдігінің сəулет жəне қала құрылысы басқармасының басшысы болып Рыспаев Асқар Мақшанұлы тағайындалды Рыспаев Асқар Мақшанұлы 1958 жылы туылған, білімі – жоғары, 1980 жылы Алматы сəулет-құрылыс институтын «сəулетші» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1980 жылы Алматы сəулетқұрылыс институтында оқытушы болып бастаған. 1982-1989 жылдары «Южгорсельпроект» мемлекеттік жобалау институты, «Мангышлакнефтегазстрой» №2 тресінде сəулетші, шебер, бас инженер лауазымдарын атқарған. 1989-1996 жылы Жаңаөзен қаласының, Жамбыл қалалық сəулет басқармасының бас сəулетшісі қызметтерінде болған. 1996-2000 жылдары «Жамбылгражданпроект» АҚ-ның президенті, 2000-2005 жылдары «Госархстройконтроль» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Ақмола облыстық сəулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық жəне көлік шаруашылығы басқармасының бастығы-бас сəулетшісі, Ақмола облысы əкімінің кеңесшісі, 2005-2010 жылдары «Арт-Сəулет» жобалау-құрылыс фирмасының директоры, Жаңаөзен қаласы əкімінің кеңесшісі лауазымдарында болған. 2010-2011 жылдары «Қазақ құрылыс жəне сəулет ғылыми зерттеу жəне жобалау институты» АҚ-ның бас сəулетшісі қызметін атқарған. 2011-2015 жылдары «Қазақ құрылыс жəне сəулет ғылыми зерттеу жəне жобалау институты» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры қызметін атқарған.

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». «ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457

КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
17 мамыр пдф 2016 ж by akjolgazet - Issuu