ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №91 (17948), Сейсенбі, 17 маусым, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
www. akjolgazet.kz
БАРЫС – КЕЛІС, АЛЫС – БЕРІС l
l
l ТАРАЗ
ЖАҚСЫМЕН САУДА ҚЫЛСАҢ, КЕРІС БОЛМАС бермесең – алыспайсың, келмесең – алыстайсың
l ЖАМБЫЛ Ауданда қой қырқу науқаны аяқталды. Қос шаруашылық «Пионер» мен «Юнчи» ӨК-нің малынан сапалы биязы жүн жиналды. Әр қойдан 4-4,5 келіден жүн қырқылды. Енді Шымкенттегі жүн өндіруші «ШК ПОШ» фабрикасына пионерліктер, ал юнчиліктер «Жамбыл ПОШ»-қа жүндерін өткізе бастады.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ 12 МАУСЫМДА БУРАБАЙДА ӨТКЕН ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ШЕТЕЛДІК ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗГЕН БОЛАТЫН. ИТАЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРМИНИСТРІ МАТТЕО РЕНЦИМЕН КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ИТАЛИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЛАЛАРДЫ ҚАМТЫҒАН БАСЫМДЫҒЫ БАР БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ. Нұрсұлтан Назарбаев М.Ренциді Италияның Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады және екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. – Қазақстан сіздің елмен жақсы қарым-қатынасқа мүдделі. Италия – біздің ірі сауда және инвестициялық серіктесіміз, біз өзара ықпалдастығымызға жаңа серпін бере аламыз. Мен сізді біздің елге ресми сапармен де келуге шақырамын, - деді Қазақстан Президенті. Италия Премьер-Министрі өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа осы кездесу үшін алғысын білдіріп, Қазақстанға ресми сапармен келу туралы шақыртуды зор ризашылықпен қабыл алатынын айтты. Сонымен қатар, келіссөздер барысында мұнай-газ, көлік, энергетика және ауыл шаруашылығы секілді салалардағы қарымқатынастарды дамыту перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ 2014 жылдың екінші жартысында Италия төрағалық ететін Еуропалық одақпен Қазақстанның өзара іс-қимыл тақырыбы да қозғалды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен М.Ренци халықаралық күн
Медицина қызметкерлері күніне орай Денсаулық сақтау министрлігі өткізген республикалық байқаудың қорытындысы белгілі болды. Оның ішінде «Үздік дәрігер-2014» және «Үздік ауыл дәрігері-2014», «Үздік мейіргер-2014», «Үздік тәуелсіз сарапшы-2014» аталымдары бойынша жүлдегерлер анықталды. Соның ішінде жамбылдық Шәкизат Қарымбаева 2014 жылдың «Үздік провизоры» атанды.
l ЖУАЛЫ Көлтоған ауылының «Боралдай» балабақшасында «Сәбилерге – туған ел шуағы» акциясы болып өтті. Оған ата-аналар, ауыл тұрғындары қатысты. Ауыл имамы Елен Әмірқұлов балаларға ойыншық, шаруа қожалығының жетекшісі Ошарқан Айкелдиев түрлі-түсті принтер сыйлады. Жеке кәсіпкер Райымбек Бекет бүлдіршіндерге айналма әткеншек жасап берді.
l ҚОРДАЙ Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі болған Сағадат Нұрмағанбетовтің туғанына 90 жыл толуына арналған мерекелік жиын болып өтті. Кездесуге ҰОС және ауған соғыстарының ардагерлері, ауданның Құрметті азаматтары, мемлекеттік қызметшілер қатысты. Жиналғандарға армия генералы туралы деректі фильм көрсетіліп, естеліктері айтылды.
тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысының Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесуінде банктің Қазақстандағы қызметі, соның ішінде еліміздегі түрлі жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселелері талқыланды. Қазақстан мен ЕҚДБ арасында серіктестік туралы негіздемелік уағдаластық жасалғаны, ол біздің ел мен аталған қаржы ұйымының ынтымақтастығын кеңейтуге зор мүмкіндіктер тудыратыны атап өтілді. – Қазақстан экономиканы дамытуға 1 триллион 600 миллиард теңге бөледі, осынша сомадағы инвестициялар өзге көздерден де тартылатын болады. Мен Банктің Қазақстанмен жемісті жұмыс істегенін білемін. Біздің өзара ынтымақтастығымыз жалғасады деп үміттенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. ЕҚДБ Орталық Еуропадан Орталық Азияға дейінгі 34 елде, сондай-ақ Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі мемлекеттерінде жобаларды қаржыландырады.
«Тойота Мотор Корпорэйшн» компаниясының басқарма төрағасы Такеши Учиямадамен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Т. Учиямада елімізде автомобиль өнеркәсібін дамыту, соның ішінде осы «Тойота» маркалы автомобильдерді Қазақстан аумағында өндіру мәселелерін талқылады. «Тойота Мотор Корпорэйшн» - автомобиль құрастырушы жапониялық ірі корпорация. Ол қаржылық қызметтер де ұсынып, бизнестің өзге де бағыттарында жұмыс істейді. Компания қызметкерлерінің саны 320 мың адамнан асады. Қазақстан басшысының «Шелл» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесуі барысында елдің мұнай және газ саласын әрі қарай дамыту және негізгі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Түрлі энергетикалық және мұнайхимиялық кәсіпорындарды біріктіретін «Шелл» халықаралық концерні Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі инвестор болып саналады. «Ақ жол-Ақпарат».
l ШУ «Ұлағат отауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Белбасар ауылында «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Онда ене мен келіннің қарым-қатынасы, келін тәрбиесі, отбасы бақыты мәселелері кеңінен талқыланып, аудан көлеміндегі жас отбасылардың некеге тұруы және ажырасуы туралы мәліметтер келтірілді. Тренингке ауылдық ақсақалдар кеңесі төрағалары, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары, ардақты енелер мен жас келіндер қатысты.
Мәдени-әдеби әлем
Арзан менен қымбаттың, Базар берер нарқы бар. Жақсы менен жаманның, Адам берер парқы бар.
ТАРИХЫМЫЗДЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ Тараздағы туризм кластерін дамыту кезек күттірмейтін жұмыс Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол».
Халық мақалы. l ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАНl
ӘДЕПТЕН – АҚЫЛ, АҚЫЛДАН – ИМАН Қордайда облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті
СЕНБІ КҮНІ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ ЕЛІМІЗДІҢ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІ АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ МЕН ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ҚР МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІ ЖӘНЕ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ АРАСЫНДАҒЫ «ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАУДА ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ. БІРҚАТАР КӨРНЕКТІ ТАРИХШЫ, АРХЕОЛОГ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТІП ОТЫРҒАН ІС-ШАРАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ОБЛЫС БАСШЫСЫ ТҮСІНДІРІП БЕРДІ.
Екі мың жылдық тарихы бар көне Тараз шаһары Елбасымыздың сөзімен айтқанда «Тарихымыздың алтын діңгегі». Ежелгі заманалардың терең-терең қатпарларынан бүгінге жеткен Тараздағы және оның айналасындағы ортағасырлық тарихи ескерткіштер аз емес. Олардан мыңжылдық мешіт, Қарахан әулие, Дәуітбек, Айша бибі, Бабаджа хатун, Шоқай датқа,Тектұрмас кесенелері, Қали Жүніс моншасы, Ақкесене мұнарасы, Ақыртас археологиялық сарай кешені тәрізді көне ескерткіштер осы өңірдің ғана емес күллі қазаққа, тіпті, түркі халықтарына тән ортақ тарихтың, мәдениеттің және сәулет өнерінің баға жетпес інжу-маржандарынан саналады. Олардан бөлек соңғы жылдар көлемінде қаланың орталығындағы бұрынғы базар орнында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарының барысында қыш бұйымдар, алтын, күміс зергерлік заттар, мыс теңгелер тәрізді аса құнды жәдігерлердің жүздеп, мыңдап табылып, археологиялық жұмыстар нәтижесін бере бастауынан мемлекеттік деңгейде шешімін күткен мәселелер туындап отыр. Соңғы үш жылғы қазба жұмыстарына облыстан бір миллиард теңгеге жуық қаражат салынды. Алда бұдан да көп қаржы қажет ететін шаралар кезегі күтуде. (Жалғасы 2-бетте).
ДЕЛФИЙЛІК ОЙЫНДАР ДҮБІРІ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ 59 өнерпаз жүлделі орындардан көрінді Елімізде XXI ғасырдың басында ғана қайтадан жандандырыла бастаған дельфийлік ойындар, бұл – бүгінгі таңда өнер кеңістігіндегі сан-алуан бағыттарды біріктіретін әлемдегі бірденбір сайыс. Биыл елімізде, оның ішінде облысымызда да бұл жарыс сегізінші мәрте жалауын желбіретті. Бір қуантарлығы, бұл сайысқа қатысушылар қатары жылдан-жылға артып, байқаудың сапасы да жақсарып келеді. Тараз қаласы мен облысымыздың 10 ауданынан келген 300-ге жуық жас өнерпаз ТарМУ-дың «Жастар сарайында» он үш аталым бойынша өзара сайысқа да түсті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің сәттілік тілеуімен қызу басталған сайысқа жас өнерпаздар барын салды. Бұл жарыстың облыс, аудан орталықтарынан жырақтағы ауылдарда жүрген шынайы таланттардың жарқырай көрінуіне де үлкен септігі тиді. Облыстық деңгейде өткен дельфийлік ойындарға өңірімізге белгілі өнер майталмандары қазылық етті. Оның қорытынды нәтижесінде үлкен және кіші топтарда өнерлерін көрсеткен «Томирис» (Тараз қаласынан), «Еркежан» (Шу ауданынан) бишілер ансамбльдері «Халық биі», Бауыржан Тәжімұратов (Жуалы ауданынан), Сәния Берсүгін (Тараз қаласынан) «Бейнелеу өнері», Айнұр Омарова (Сарысу ауданынан), Әсем Құдайбергенова (Тараз қаласынан) «Фотосурет», Гүлсезім Тазабекова, Бақыт Құлтас (екеуі де Талас ауданынан) «Халықтық әншілік», «Әдемі-ай» ансамблі (Жамбыл ауданынан), Мейірім Хамзина (Талас ауданынан) «Эстрадалық әншілік», Шыңғыс Расылхан (Тараз қаласынан) «Академиялық әншілік», Перизат Беделбаева (Тараз қаласынан) «Ұлттық аспаптар: домбыра», Назерке Қалмен (Сарысу ауданынан) «Ұлттық аспаптар: қылқобыз, прима қобыз», Назима Жұбандықова (Байзақ ауданынан) «Журналистика», Альбина Синявская, Алтын Махажан (екеуі де Тараз қаласынан) «Халықтық көркем кәсіптер мен қолөнер», Жібек Шәкірова (Тараз қаласынан) «Киім дизайны», Нұрболат Жолдасбек пен Балнұр Данияр (екеуі де Тараз қаласынан) «Көркемсөз» аталымдары бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздары биыл Орал қаласында маусым айының соңына қарай өткізілетін Ұлттық Дельфийлік ойындарға қатысып, еліміздің үздік дарын иелерімен бақ сынасатын болады. «Ақ жол-Ақпарат».
l ОҚУШЫЛАР ДЕМАЛЫСЫ l
таж
пор ің ре
Бізд Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА, «Ақ жол». Дін – қоғамның тұрақтылығына, адамзаттың ынтымағына негіз болатын, бір сеніммен байланысқан адамдар арасындағы ең ізгі қатынастардың тетігі саналатын рухани құндылық. Өкінішке қарай, бүгінде лаңкестердің жаһандық терроризмді қолдан жасауы – дінді ашық, терең, жан-жақты тақырып ретінде талқылау деңгейіне жеткізіп отыр. Әлемді шарпыған экстремизм ұшқыны біздің елімізді де айналып өтпей, діни ахуалдың тұрақтылығын шайқап кеткені шындық. Сондықтан, халықтың діни сауатын көтеру мәселесі басты шепке шығып, мемлекетте экстремистік қозғалыстардың алдын алу бағытындағы жұмыстар қарқын алды. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілхановтың өткен аптаның соңында облысымызға жасаған іссапары аталмыш мақсаттағы атқарылып жатқан жұмыстарды жетілдіруге серпін қосты. Бүгінде облысымызда 87 этнос өкілдерінен құралған 1 миллион, 1 мың тұрғын өмір сүруде. Сондай-ақ, өңірде 4 конфессия және 317 діни бірлестік болса, олардың 275-і Ислам бағытын ұстанады. Діни бірлестіктердің сипаты әлбетте ұлттық ерекшеліктерге де байланысты болмақ. Этностардың облыс аумағында шоғырлану жиілігіне келсек, қазір Талас, Сарысу аудандарында күрділер, Байзақ ауданында түріктер, Жамбыл ауданында дүнген, күрді, түріктер және Қордай ауданында әзірбайжандар мен дүнгендердің үлес салмағы басым. Мәселен, Қордай ауданындағы Масаншы, Сортөбе, Ауқатты ауылдық округтеріндегі тұрғындардың негізгі бөлігі дүнген ұлтының өкілдері екен. Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Алмасұлы іссапар барысында алдымен осы округтердің діни ахуалымен жіті танысып шықты. Қордай ауданында бас-аяғы 28 мешіт болса, оның 12-сі Сортөбе ауылдық округінің аумағында бой көтерген. Олардың арасында сыйымдылығы мың адамдық ғибадатхана да бар. Агенттік төрағасы М.Әзілханов аталмыш ауылдардағы мешіттердің бірқатарына бас сұғып, Бұлар батыр ауылындағы №19 мектепте тұрғындармен кездесті. Жиынға аудан әкімі Қ. Досаев, облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы С. Айдапкелов және мешіт имамдары, білім саласының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты. (Жалғасы 4-бетте).
ЖАЗ ЖАЙНАТЫП, КҮН КҮЛДІРІП Жасөркендегі «Болашақ» лагерінде 320 бала демалуда
«ЖАЗДЫГҮН ШІЛДЕ БОЛҒАНДА, КӨКОРАЙ ШАЛҒЫН, БӘЙШЕШЕК, ҰЗАРЫП ӨСІП ТОЛҒАНДА» ДЕП ҰЛЫ КЕМЕҢГЕР АБАЙ ЖЫРЛАҒАНДАЙ, КӨПТЕН КҮТКЕН ЖАРҚЫН ЖАЗ ДА КЕЛІП ЖЕТТІ. КҮНІ ШУАҚТЫ БҰЛ МЕЗГІЛДІ, ӘСІРЕСЕ, ТОҒЫЗ АЙ БОЙЫ КӨЗ МАЙЫН ТАУЫСА КІТАП ОҚЫП, ЫЖДАҺАТТЫЛЫҚПЕН БІЛІМ ҚУҒАН
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАҒАТСЫЗДАНА КҮТЕТІНІ ӘМБЕГЕ АЯН. ЖАЙМА ШУАҚ ЖАЗДЫҢ ҮШ АЙЫНДА ОЛАРДЫҢ УАҚЫТТАРЫН ТЕККЕ ӨТКІЗБЕЙ, ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚОҒАМ ҮШІН МАҢЫЗДЫ. БҰЛ ОРАЙДА, ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРЬЛЕРІНІҢ РӨЛІ ОРАСАН.
Назгүл ӘБУШӘРІПҚЫЗЫ, «Ақ жол». Тараз қалалық білім бөліміне қарасты «Болашақ» лагері 320 орынға арналған. Қазір онда сауықтырудың екінші маусымы басталып та кетті. Демалыс орнында тағы бір оқу жылын артқа тастаған 7-13 жас аралығындағы оқушылар тынығуда. Олардың дені әлеуметтік жағдайы төмен немесе аз қамтылған отбасылардан шыққандар. Аталмыш мекемені көп жылдан бері Алла Гнусина басқарады. Түрлі танымдық ойындар, спорттық жарыстар, өнер сайыстары, білім додалары... Міне, 12 күн бойы балалардың айналысатыны осы. Сонымен қатар, мұнда олар бес мезгіл тамақтанып, уақтылы ұйықтап, жаңа достар табады. Бас тәрбиеші Тамара Дорошвили мұндай лагерьлердің өте-мөте қажеттігін айтады. «Жарты жылдай Америкада тұрдым. Онда жаз келісімен барлық бала міндетті түрде сауықтыру лагерьлеріне жазылады. АҚШ салалық лагерьлерімен де ерекшеленеді. Онда жеткіншектер үлкен таңдауға ие. Бізде оған әзірге мүмкіндік жоқ. Дегенмен, бюджеттен қаражат бөлініп, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тегін жолдаманың берілуі қолдауға тұрарлық игі бастама», - деді ол әңгімеге тартқанымызда. Оның айтуынша, сауықтыру орнына келген балалар ұжыммен етенелесе жұмыс жасауды, қоғамдық өмірге белсене араласуды үйренеді. Сондайақ, мұнда тіл жаттықтыруға мол мүмкіндік бар. Түрлі ұлт өкілдерінің өзара тілдесіп, екі аптаға жуық уақыт араласуы оған өз септігін тигізуде. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.