17 караша пдф

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№6 (18040), Сенбі, 17 қаңтар, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ

БАСТЫ МІНДЕТ – ДАҒДАРЫСТАН ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ ЖАПА ШЕКПЕУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында өңірлік және әлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты ел экономикасы мен қаржы саласындағы ахуал қаралды. Мемлекет басшысы халықаралық экономикадағы қазіргі жағымсыз құбылыстар 2007-2009 жылдардағы жаһандық қаржыэкономикалық дағдарыстың салдары екеніне тоқталды. – Дағдарыстың көрінісі еліміздің экспорттық тауарларының, әсіресе соңғы жарты жылда құны барреліне 50 доллардан түсіп кеткен мұнай бағасының төмендеуінен байқалды. Ел бюджетіне қаражат түсімін қамтамасыз етіп отырған түсті және қара металлургия өнімдерінің де бағасы төмендеді. Сонымен қатар, Украинадағы ахуал және соған байланысты Ресейге қатысты санкциялар, ресейлік рубльдің қазіргі жағдайы ықпал етіп отыр. Сондықтан біз ахуалды бақылап отыруға және тиісті шаралар қабылдауға тиіспіз, – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев өткен жыл соңында Үкіметке оқиғаның түрліше нұсқада өрбуінің сценарийлерін әзірлеуді тапсырғанын, ондағы басты міндет экономиканың өсім қарқынын төмендетпеу және негізгі әлеуметтік төлемдерді сақтау екенін еске салды. – Бюджеттің күрт қысқаруы себепті Үкіметке оның бірқатар өлшемдерін қайта қарауға тура келеді. Біз бюджетке бір рет өзгеріс енгіздік, қажет болған жағдайда мұны тағы жасау керек. Барлық нәрседе үнемдеуге кіріскенімізді халыққа нақты түсіндіру керек. Тәуелсіздік жылдарында біз 700-ден астам мектеп және сонша аурухана салдық. Қазір

жүріп жатқан құрылысты аяқтап, бірқатар инвестициялық құрылыс жобаларына қоса жаңа нысандарды тоқтату керек. Бұл жұмыстар дағдарыс аяқталған соң жалғастырылатын болады, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті жағдай осылай өрбитінін еліміздің болжағанын және жағымсыз құбылыстарды еңсеру үшін тиісті шаралар әзірленгенін айтты. – «Нұрлы жол» бағдарламасы елдің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын құруға бағытталған, оның бүкіл экономикаға мультипликативтік әсері болады. Сонымен қатар, индустриялықинновациялық даму бағдарламасы

аясында 75 нысан іске қосылуы тиіс, олардың негізінде 7500 жаңа жұмыс орны құрылады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы қаражатты тиімді жұмсамау оқиғаларының байқалып отырғанын, мұны болдырмау қажеттігін айтты. – Атаулы әлеуметтік көмек, көпбалалылар мен тұрмысы төмендерге арналған жәрдемақы бақуатты адамдарға берілмеуі керек. Басты міндет – дағдарыстан қарапайым адамдардың жапа шекпеуін қамтамасыз ету. Мемлекет сауын сиыр емес, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда күрделі үрдістерді еңсеруге мүмкіндік беретін қажетті

резервтің бәрі бар екенін атап өтті. – Барлық қиындықтарға қарамастан, біз 2014 жылды 4,3 пайыздық өсіммен аяқтадық. Бұл қазіргі жағдайда жаман көрсеткіш емес деп ойлаймын. Ресейдегі және Еуропадағы ахуалдың өрбуін де бақылап отыру қажет. Халық табысының төмендеуі, көрші мемлекеттердегі әлеуметтік шиеленістің күшеюі бізге де әсер етуі мүмкін. Біз бұған жол бермеуге тиіспіз. Жылдың негізгі қорытындыларын біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында шығарамыз. Ол кезге қарай Үкіметте ахуалдың өрістеуінің барлық ықтимал жағдайына арналған нақты жоспар дайын болуы тиіс, – деді Президент.

Соңында Мемлекет басшысы ел ішіндегі маңызды жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шараларды қаржыландырудың негізгі көздері былтырғы жылы-ақ айқындалғанына тоқталды. –Үкімет пен оның әрбір мүшесі жұмыстың тиімділігі мен қаражаттың жұмсалуын бақылауға жауапты болады, – деді Мемлекет басшысы. Ұлттық экономика министрі Е.Досаев негізгі үш сценарийді әзірлеу барысында мұнай баррелі құнының түрліше нұсқасы қарастырылғанын айтты. – Бүгінде Мемлекет басшысының Жолдауда қойған міндеттерін жүзеге асыруға қажетті барлық құралдар бар. «Нұрлы

жол» бағдарламасы биыл Үкіметтің контрциклдық экономикалық саясатын іске асырудың негізгі «өзегі» болады. Сонымен қатар, практикалық сипаттағы шаралар жиынтығы, соның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдаудың 2015 жылға арналған жоспары, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту, жаңа және тұрақты жұмыс орындарын ашу шаралары әзірленді, – деді Е.Досаев. Өз кезегінде қаржы министрі Б.Сұлтанов бюджет саласындағы былтырғы жылдың алдын ала қорытындылары, фискальдық органдар алдында тұрған 2015 жылға арналған міндеттер туралы баяндады. – 2014 жылдың нәтижелері бойынша мемлекеттік бюджеттің өлшемдері орындалды. «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында бөлінетін қаражат және Ұлттық қордан алынған 1 триллион теңге көзделген мақсатқа жетеді. Бұл орайда бақылаушы және салық органдарының жұмысы қамтамасыз етіледі, – деді Б.Сұлтанов. Ұлттық банк төрағасы Қ.Келімбетов өткен жылдың қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған макроэкономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы баяндады. – 2014 жылы Қазақстан экономикасының беріктігі едәуір нығайды. Елдің алтын-валюта резерві 102 миллиард долларға жетті, соның ішінде Ұлттық қор 73 миллиард долларға дейін өсті. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырумен бірге алғанда, бұл 2015 жылға арналған экономикалық саясатты сенімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ұлттық банк биыл айырбас бағамының күрт өзгеруін болдырмауға ниетті, – деді Қ.Келімбетов.

ЖАМБЫЛ-ШЭНЬСИ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫҚПАЛЫ ОБЛЫС ӘКІМІ

Қаратау

А

ДЕМОГР

: ДЕ

РЕК ПЕН ДӘЙЕК

Ф ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ

ЕСЕП-САНАҒЫ БОЙЫНША ЕЛІМІЗДЕГІ ХАЛЫҚ САНЫ 17 МИЛЛИОН 397,2 МЫҢ АДАМ БОЛДЫ. ОНЫҢ ІШІНДЕ ҚАЛАЛЫҚТАР – 9 612,6 МЫҢ (55,3%), АУЫЛДЫҚТАР – 7 784,6 МЫҢ АДАМДЫ (44,7%) ҚҰРАП ОТЫР. 2014 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАРҚАРАШАДА ЕЛІМІЗДЕ ХАЛЫҚ САНЫ ЖАЛПЫ 236,4 МЫҢ АДАМҒА НЕМЕСЕ 1,38%-ҒА ӨСТІ. БҰЛ 2013 ЖЫЛҒЫ 1 ЖЕЛТОҚСАНМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ХАЛЫҚ САНЫ 251,5 МЫҢ АДАМҒА НЕМЕСЕ 1,47%ҒА АРТҚАНЫН КӨРСЕТЕДІ.

ХАЛҚЫМЫЗ 17 МИЛЛИОН 397,2 МЫҢ БОЛДЫ АЛ 2029 ЖЫЛЫ 20 МИЛЛИОНҒА ЖЕТЕМІЗ, – ДЕЙДІ СТАТИСТИКА КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, жақсы көрсеткіштерді барлық салалардан көруге болады. Мысалы, өткен жылдың қаңтар-қарашасында дүниеге келгендер саны 368,9 мың адамды құрап, 2013 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 5,8 мың адамға немесе 1,6%-ға көбейген. Ал осы кезеңде өмірден озғандар саны 120,8 мың адам болып, 2013 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 5,9 мың адамға немесе 4,7%-ға азайған. Статистика комитеті төрағасының болжамы бойынша қазақстандықтар саны 2029 жылы 20 миллионға жетпек. Сондай-ақ, еліміздегі халықтың басым көпшілігін жастар құрап отыр екен. Мысалы, 15 жасқа дейінгі балалар – 27,3%, ал 16 жастан зейнет жасына дейінгі еңбекке жарамды азаматтар 62% болса, зейнет жасынан бастап қариялар – 10,8%, ал 14 пен 28 жас аралығындағы жастардың үлесі 25% болған. Сонымен қатар, өткен жылдың қаңтар-қарашасында республика халқының табиғи өсімі 2013 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 11,6 мың адамға немесе 4,9%-ға артып, сандық көрсеткіші 248,1 мың адамды құраған. Өсіп, өркендей берейік, ағайын! «Ақ жол-Ақпарат».

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Меркі

Қордай ауданы Қордай

Бауыржан Момышұлы

l БАЙЗАҚ

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, сондай-ақ, Энергетика министрлігі және Кәсіподақтар федерациясымен бірлесе өткізген «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының жуырдағы жетінші өткізілімінде Қызыл жұлдыз ауылындағы «Рола» ЖШС (жетекшісі Тұрсынбек Нұрбаев) «Ең үздік ұжымдық шарт» аталымы бойынша үшінші жүлдеге ие болды. Бұл марапат кәсіпкерлік нысанға жұмысшыларға қолайлы еңбек жағдайын жасай алғаны үшін беріліп отыр. Қазір мұндағы 155 жұмысшының арасында отбасымен жұмыс істейтіндер де, өзге этнос өкілдері де бар. l ЖАМБЫЛ Ауылдық округ әкімдерінің тұрғындар алдындағы есепті кездесулері басталды. Есепті кездесу алдымен Айша бибі ауылдық округіне қарасты Қаратау елді мекенінде өтіп, онда ауыл әкімі Райымбек Сейітов өткен жылы атқарылған және биылғы жылы атқарылатын жұмыстары жайында жан-жақты баян етті. Осындай есепті кездесулер Бесжылдық, Сеңгірбай, Шайдана, Рахат, Шоқай, Құмтүйін, Қызылтаң, Түрксіб елді мекендерінде өтіп, ауыл әкімдері Бақыт Садырбаев, Арқабай Алдашев, Бауыржан Қалшынбатов, Нұрсұлу Дүзеева, Белғали Сергеев және Бейбіт Нигматуллаевтың жұмыстары тыңдалды. Ауыл тұрғындары қордаланған мәселелер төңірегінде өз ойларын ортаға салып, ағын су, көгілдір отын, автожол жайында мәселе көтерді. l ШУ Аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Сауытбек Ұсаұлы атындағы көркемсөз оқу шеберлері» атты аудандық байқау өтті. Аудан мектептерінен қатысқан 23 үміткер сынға түсті. Қазылар алқасының шешімімен байқаудың бас жүлдесін Алға орта мектебінің оқушысы Нұржан Кеңесбай жеңіп алса, екінші орынды Аида Серікбай мен Айдана Бодаубек бөлісіп, жүлделі үшінші орынды Чинара Мамедова мен Гүлназ Шәми иемденді.

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, XXХІV сессиясы 2015 жылдың 19 қаңтарында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы №1412 «Жамбыл облысының басқару схемасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2. Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 26 маусымдағы №26-10 «Облыстық бюджеттік комиссиясының құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 3. Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қарашадағы №313 қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №33-12 «Тараз қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау туралы» шешімін жою туралы 4. Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №33-13 «Жамбыл облысында жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2008 жылғы 8 ақпандағы №4-16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімін жою туралы * * * Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында (2-қабат) 2015 жылдың 19 қаңтарында сағат 14.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2015 жылдың 19 қаңтар күні сағат 14.00-де басталады. Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. ҚАРАШОЛАҚОВ

А да

м е ң б е гі м е н а р

д ақ

1300 градус

ты

ЫСТЫҚТАҒЫ АРПАЛЫС «ҚАЗФОСФАТ» ЖШС – ҚАЙТА ҚҰРЫЛҒАН 14 ЖЫЛДА 380 МИЛЛИАРДТАН АСТАМ ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРІП, ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ЛОКОМОТИВ КОМПАНИЯЛАР ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛДЫ. СОНАУ КЕҢЕСТІК ДӘУІРДЕ НЕГІЗІ ҚАЛАНҒАН БҰЛ КОМПАНИЯНЫҢ ӨНІМІ ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНДЕ ҮЛКЕН СҰРАНЫСҚА ИЕ.

КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ БАСТАҒАН ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНА

ИЯ

Төле би

Жаңатас

ИНТЕГРАЦИЯ: БАРЫС-КЕЛІС, АЛЫС-БЕРІС

Уайым түбі - тұңғиық, Батасың да, кетесің. Тәуекел түбі - желқайық, Мінесің де, өтесің. Халық мақалы.

Шу ауданы

Талас ауданы

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол».

ЖАСАҒАН РЕСМИ САПАРДАН ОРАЛДЫ.

Сапардың басты мақсаты – екі мемлекет басшыларының жоғары деңгейде қол жеткізген келіссөздерінің шеңберінде экономикалық, ғылымитехникалық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру болып табылады.

Сапар барысында Шэньси провинциясының Сиань қаласында облыс әкімі К.Көкірекбаевтың Шэньси провинциясы халық үкіметінің төрағасы Лоу Циньцзянмен кездесті. Кездесу барысында сауда-

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың болашағы туралы әңгіме болды. Сонымен қатар, энергетика саласындағы әріптестік жайы да айтылды. (Жалғасы 3-бетте).

Бүгінде жамбылдық зауыттарда өндіріліп жатқан 20-дан астам химиялық өнімдерді әлемнің 33 мемлекеті өздеріне импорттап отыр. Сондықтан, өндіріс техникасы мен технологиясы сәт сайын инновацияланып жатқанда, бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін көштен қалып қоюға тағы болмайды. «Қазфосфат» зауыттары да жыл сайын инновациялық жобаларды өндіріске енгізіп келеді. Дегенмен, қанша жерден инновация енгізіліп, зауыт жұмысы жаңғыртылғанмен бәрібір адам күшінсіз өндіріс толық жүзеге аспайтыны анық. Серіктестік кәсіпорындарында қазір 6 мыңнан астам адам еңбек етуде. Сол алты мыңның арасында жүрген

ИЯ ИННОВАЦ

(Жалғасы 3-бетте).

- Е Л И ГІЛ І ГІ

САУАЛЫНА ЖАУАП АЛДЫ Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев еліміздің бірқатар блогерлерін қабылдады. Жарқын жүздесу барысында өңір басшысы облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуы бағытындағы атқарылған жарқын істер мен алда тұрған ауқымды міндеттер жайын сөз етті. Блогерлер Кәрім Нәсбекұлына өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдар қойып, оған тұшымды жауап алды. «Білгіміз келген сауалдардың барлығына толықтай жауап алдық. Оның ең маңыздысы Қазақ хандығының 550 жылдығы, яғни, ұлан-асыр тойдың шаруасы болды. Кәрім Нәсбекұлы барлық жоспарларымен бөлісті. Қаланың даму картасын да көрдік. Алла қаласа расымен де өңірде біраз іс атқарылғалы тұр екен. Сонымен қатар облыс басшысы жуырда ғана Қытайға барып келгені жайлы да айтты. Бұл бойынша да алда үлкен істер атқарылмақ. Тараз – көшелері таза қала. Жарнамалардың көп бөлігі өзіміздің ана тілімізде. Тараз – Қазақстан бойынша нан бағасы ең арзан қала (40-45 теңге). Мұның барлығын алдағы уақытта жеке блогымда кеңінен, талдап жазамын» дейді белгілі блогер Өркен Кенжебек. «Ақ жол-Ақпарат».

Жомарт Ержігітов бүгінде «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» сынды алып зауыттың нағыз «жүрегінде» тер төгіп жүрген маман. Жамбыл политехникалық колледжін механика мамандығы бойынша бітірген Жомарт 2001 жылдан бастап осы зауыттың пеш цехында жұмыс істеп келеді. Алғашында шлак маманы болып кірген ол біраз еңбек жолдарынан өтеді. Жұмысқа деген жауапкершілігі мен еңбекке деген ынтасының арқасында одан әрі жоғарылап, дистанциялық қадағалау пультіне отырады. Негізгі өнім – сары фосфор алынатын цехтың бүкіл жүйесі Жомарттың көз алдында, бірнеше мониторда көрсетіліп тұрады. Бұл міндетті 5-6 жыл абыроймен атқара алған оны басшылық тағы да жауапты орынға бекітеді.

ШЫҒЫНЫ АЗМ, ОЛ... ЖЫЛУЫ

қазандық

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ТҰРҒАНБЕК ҚЫПШАҚБАЕВ ШЫҒЫНЫ АЗ, ЖЫЛУЫ МОЛ ҚАЗАНДЫҚ ЖАСАП, ӨЗІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҒЫН ХАЛЫҚПЕН БӨЛІСЕ БАСТАДЫ.

Жаңалықтың ерекшелігі ол қоршаған ортаны ластамайды. Қазандыққа отынның екі түрі - газ бен көмір пайдаланылады. Оның тағы бір ерекшелігі электр энергиясын керек етпейді. Т. Қыпшақбаев аталмыш қазандығын осыдан 17 жыл бұрын жасапты. Кейін өнертабыстың иесі ретінде заңды құжат алған. Қазір өнертапқыштың жаңалығын тиімді санаған кейбір аудандар мен ауыл мектептері оны көптеп пайдалана бастады. Өнертапқыштың айтуынша, оның «туындысын» бұл күнде Сарысу, Талас аудандары мен Қаратау қаласының түрлі мәдени ошақтары орнатып алған. Сонымен қатар, Жамбыл ауданындағы Б е с а ғ а ш ау ы л ы н ы ң 5 0 - г е ж у ы қ тұрғындары да қазандық қызығын көріп отыр. Алдағы уақытта халық тегіс тұтыну үшін жобаны әлі де жетілдіре түсуді ойлаған өнертапқыш қазір осы бағытта еңбектеніп жатыр. «Ақ жол-Ақпарат».


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
17 караша пдф by akjolgazet - Issuu