АҺАН Д
Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet
А
Ж
BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас
Жамбыл облысты о амды -саяси газет
Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№5 (18655), Beısenbі, 17 qańtar, 2019 jyl
АҚОРДА
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. aqjolgazet.kz
Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: НӘТИЖЕ ҚАНДАЙ?
МІНДЕТТЕЛГЕН МЕЖЕНІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ
НДА ЖАҺА ҚЫТАЙ Таяуда Жер серігіне сәтті қонған «Чанъэ-4» аппаратында бақша өнімдері көктеді. Ғарыш агенттігі жариялаған фотосуреттерден бірінші мақта тұқымының өнгенін көруге болады. Айда рапс өсімдігі де көктеген.
ФИНЛЯНДИЯ Елде су перілерін дайындайтын курс ашылды. Ертегі кейіпкері болуды армандаған кез келген адам құйрық жалғап, жүзуге машықтана алады. Мұнда оқытушылар су перісінің жүзу техникасы мен дене қимылын үйретеді.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ НИКОЛ ПАШИНЯНҒА АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянды А р м е н и я Р е с п у бл и к а с ы н ы ң Премьер-Министрі болып тағайындалуымен құттықтады. « Д о с т ы қ п е н т ү с і н і с т і к ке негізделген Астана мен Ереван арасындағы өзара тиімді қарымқатынастар халықтарымыздың игілігі жолында одан əрі нығая түседі деп сенемін. Сізге зор денсаулық пен күшқайрат, жауапты қызметіңізге мол табыс, ал барша достас Армения халқына бейбіт өмір мен береке тілеймін», – делінген жеделхатта.
ҢА ЖА
ФРАНЦИЯ 2018 жылы Лувр музейін 10,2 миллион адам тамашалаған, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 25 пайызға көп. Онда барушылардың басым көпшілігін АҚШ, Қытай, Бразилия және Еуроодақ елдерінің азаматтары құрайды.
ЖАПОНИЯ Император Хирохитоның (1901-1989 жж) өз қолымен жазған өлеңдері табылды. 29 беттен құралған қолжазба 1985-1989 жылдары жазылған. Онда императордың екінші дүниежүзілік соғысқа көзқарасы және естеліктері арқау болған.
Кеше облыс əкімі Асқар Мырзахметов салалық басқармалардың басшыларын жеке-жеке қабылдап, 2018 жылдың қорытындысы бойынша есептерін тыңдауды бастады. Алдымен о бл ы с ə к і м д і г і д і н і с т е р і ж ə н е тілдерді дамыту басқармаларының жұмыстары қаралған жиынға аталмыш басқармалардың мамандары мен аудан əкімдерінің орынбасарлары да қатысты. Өз кезегінде өңір басшысы діннің ұрпақ тəрбиесіндегі маңыздылығын айрықша атап өтіп, ертең ел тұтқасы болар бүгінгі өрендерге имандылық пен білімді дұрыс сіңіру арқылы қоғамдағы əділетсіздіктер мен арсыздықтарды айтарлықтай азайтуға болатынын жеткізді. Сонымен қатар облыстық тілдерді дамыту басқармасының да атқарған жұмыстарын саралап, нақты тапсырмалар жүктеді. Облыстағы діни ахуалдың жай-күйі мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша басқарма басшысы Жангелді Омаров баяндады. Оның айтуынша, былтыр жыл басында жасалған облыс əкімі мен қала жəне аудан əкімдері арасындағы басқармаға тиесілі екі индикаторлық көрсеткіш толығымен орындалған. Сондай-ақ басқосуда 2018 жылдың
3 мамырында өңір басшысының төрағалығымен өткізілген кеңестің №51 хаттамасына сəйкес берілген тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды. Басқарманың мəліметіне сүйенсек, өткен жылы «Нұр-Мүбəрак» университетінің оқытушылары құрамының қатысуымен өңірдегі 100 имамға арналған 2 апталық оқыту курсы ұйымдастырылған. Бұған дейін имамы болмаған облыстағы 16 мешіттің де мəселесі толығымен шешіліп, діни қызметшілермен қамтылған. Мектептердегі зайырлылық жəне дінтану негіздері пəнінен сабақ беретін барлық мұғалімдер арнайы курстан өткен. Пəнді меңгеру деңгейін анықтау үшін 450 мұғалім, 16127 оқушының қатысуымен тестілеу жүргізілген. Əйтсе де шешімін таппаған мəселелер де жоқ емес. Атап айтсақ, 23 хаттамалық тапсырманың 14-і шешімін тапса, қалғаны орындалмаған болып шықты. Өңірдегі жекеменшік иелігіндегі мешіттердің ғимараттары мен жер телімдерін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының меншігіне өткізу мəселесі толығымен шешімін таппаған. 19 мешіттің құжаттары рəсімделуде десек, 4 мешітті ҚМДБ меншігіне өткізуде кедергілер туындауда. Шетелде
діни білім алып жатқан 26 азаматтың 10-ы сенімді, 16-сы күмəнді оқу орындарында оқуда. Асқар Мырзахметов оқыту курсы мен мектептегі зайырлылық жəне дінтану негіздері пəнінің тақырыптарын толықтырып, нақтылауға басқарманың атсалысу керектігін ескертті. Сондай-ақ, жекеменшіктегі мешіттерді ҚМДБ-ның меншігіне өткізуде тиянақты жұмыс жүргізуді тапсырды. Аймақтағы тілдерді дамыту басқармасының құзыретіндегі облыс əкімдігімен белгіленген нысаналы индикаторлардың барлығы өткен жылы түгелімен орындалған. Мемлекеттік тілдік саясатты насихаттау жұмысы тиісті деңгейде жүргізілген. Ең бастысы, облыста ономастикаға қатысты түйткілді жайттар түбегейлі шешіліпті. Лайықты жүргізілген жұмыстардың нəтижесінде біздің өңірдегі мағынасы ескірген атаулар толығымен жойылып отыр. Тіл мəдениетінің деңгейін арттыру бағытында да жасалған тірліктер аз емес. Басқарма басшысының айтуынша, тоқсан сайын аудандар мен Тараз қаласында əр бағытта меже қойылып, олардың орындалу барысы басқарма тарапынан қатаң қадағаланып отырады. Латын графикасына негізделген қазақ тілі əліпбиін түсіндіруге бағытталған
іс-шараларға тартылған халықтың саны – 150 мың. Аталмыш саладағы өзекті болып отырғаны қазақ тіліне танауын шүйіре қарайтын кəсіпкерлермен жұмысты жандандыру керек. Қонақ үйлер, мейрамханаларда тіл заңдылығының сақтала бермейтіндігі қынжылтады. Ендігі кезекте тілдерді дамыту басқармасы бұл мəселені де алғашқы жартыжылдықта шешуге күш салатындығын жеткізді. Ол үшін құзырлы мекемелермен, атқарушы органдармен жəне кəсіпкерлік палатасымен бірлескен жұмыс жоспары жасақталуы мүмкін. Облыс əкімі басқарма тарапынан атқарылған жұмыстардың аз еместігін жеткізе отырып, бірқатар мəселелерге де мəн беру керектігін атап өтті. Оның ішінде мектептердегі қазақ тілі пəні мұғалімдерінің сабақ беру деңгейін білу маңызды. – Тілге деген қызығушылықты арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жетерлік, алайда, оның нəтижесі қандай деген сауалға талдау жасау қажет, – деді əкім. Аймақ басшысы сонымен қатар назарға алынуы тиіс бірқатар хаттамалық тапсырмалар да жүктеді.
ЖҮЙЕ
Ардақ ҮСЕЙІНОВА Жыл өткен сайын білім беру мекемелерінің материалдықтехникалық базасы нығайып келеді. Орта білім беретін мектептердің жаңа заманауи технологиямен жабдықталуы, мұғалімдердің жалақыларының көбеюі – бəрі мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған үлкен қолдаулардың бірі. Жасыратыны жоқ, бұл қадамдар білім беру ісін əрі қарай жетілдіруге жол ашып отыр. Елбасы «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында атап көрсеткендей, мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі орта білім беру сатысында қолданысқа жаңа технологиялар – жаңа стандартты енгізуге мүмкіндік беріп отыр. Ал бұл өз кезегінде электронды оқыту, жаңа аттестаттау жүйесі, сайттағы жеке парақша сынды жаңалықтарды енгізуде. Білім беру үдерісіне жаңа стандарттың енуі педагогтерге жаңа жалақы төлеу жүйесіне көшуге жол ашты. Бүгінде өңірде жаңартылған мазмұнмен сабақ беретін 16391 мұғалімнің немесе барлық мұғалімнің 64 пайызының лауазымдық жалақысына 30 пайыз үстеме ақы төленуі – соның дəлелі. Облыстық білім басқармасы берген мəліметке сүйенсек, биыл 1 қыркүйектен бастап 4, 9, 10-сыныптардың жаңартылған білім беру мазмұнына көшуіне байланысты тағы 6687 педагогке қосымша ақы төленеді екен. «Сондай-ақ физика, химия, биология, информатика пəндерін ағылшын тілінде жүргізетін 784 мұғалімнің айлық жалақысына 35 мың теңге қосылды. Бұл шындығында, мұғалімдердің əлеуметтік мəртебесін көтеріп, білім сапасының артуына оң септігін тигізері анық», – дейді басқарма басшысы Рахия Тұрмаханбетова. Былтыр педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізудің жаңа жүйесі жəне мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау енгізілгені белгілі. Бүгінде облыста аттестаттаудың жаңа жүйесі бойынша «Педагог-модератор», «Педагог-сарапшы», «Педагогзерттеуші», «Педагог-шебер» санаттары бойынша біліктілігін дəлелдеген 4669 мұғалімге бүгінгі күні 30-дан 50 пайызға дейін қосымша ақы төленуде. Бұл – педагогтерге біліктіліктерін арттыруына мүмкіндік беріліп, үлкен қолдау көрсетудің жемісі. Білімін жетілдіруге жол ашылған мұғалімдер мұндай жағдайды тиімді пайдаланып, оқыту үдерісіне жаңа əдістемені батыл енгізуде. Облыстық білім басқармасының мəліметіне сүйенсек, былтыр біліктілік арттыру курстарына 7223 педагог жіберілген. Жалпы соңғы үш жылда 15755 мұғалім жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курс оқып, білімін арттырыпты. – Қазіргі кезде ұстаздардың біліктілігін арттыруға баса назар аударылуда. Əдістемелік көмек көрсету үшін апта сайын əдістемелік десанттар ұйымдастырылып жатыр. Нəтижесінде өткен жылы түрлі деңгейдегі байқауларға облысымыздың 2702 педагогі қатысып, халықаралық байқауда – 6, республикалық бəсекеде – 41, республикалық қашықтық олимпиадаларында 1182, барлығы 1229 педагог жеңімпаз атанды, – дейді басқарма басшысы.
Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің қатысуымен жиын өтті. Онда өткен жылғы қол жеткізілген жетістіктер, әлеуметтікэкономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы және ағымдағы жылдың жоспары қаралды.
Облыс əкімдігінің экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасының мəліметіне сүйенсек, 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша экономиканың барлық салаларында 4-5 пайыз өсім байқалған. Жыл соңында орындалмай қ а л у қ ау п і б ол ғ а н ө н е р к ə с і п т е г і өнім көлемі, кұрылыс, инвестиция к ө р с е т к і ш т е р і б о й ы н ш а жо с п а р жылдың қорытындысымен ойдағыдай қалыпт асқан. Ат ап айт ар болс ақ, өнеркəсіп өнімінің нақты көлем индексі жыл қорытындысымен – 102,6 пайыз, құрылыс – 05 пайыз, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 108,4 пайызға орындалған. Қаржы игеруде де
оң динамика сақталған. Асқар Исабекұлы экономикалық көрсеткіштердегі оң динамика б і р ж ы л д ы қ т ы н ы м с ы з е ң бе кт і ң нəтижесі екендігін жеткізді. Əсіресе өнеркəсіптегі өнім көлемінің өсімі орта жəне шағын кəсіпкерліктерді жандандыру, кəсіпорындардың өнімділік жүктемелерін арттыру арқылы мүмкін болғанын айрықша атап өтті. Өңір басшысы өткен жылғы нəтижемен тоқтап қалуға болмайтынын, ағымдағы жылы атқарылатын шаруалар одан да ауқымды екенін баса айтты. Ертеңнен бастап барлық басқарма мен аудандардың жылдық жұмысының қорытындысы егжей-тегжейлі қаралып,
бағасы шығарылмақ. Айта кету керек, алдағы қорытынды-бағалау жиындары жаңа форматта, яғни нақты кездесіп отырған өзекті мəселелер, оның шешу жолдарын қарастыру бойынша өтеді. Сондай-ақ облыстағы 30 аумақтық д е п а р т а м е н т, и н с п е к ц и я ж ə н е басқармалармен бірлесіп жұмыс жасау жолға қойылмақ. Ол үшін облыс əкімдігінің салалық басқармалары жұмыс жоспарындағы міндеттемелерге барлық департамент пен инспекцияларды қатыстыру көзделуде. Облыс əкімдігі мен басқармалардың, басқарма мен аудан əкімдерінің арасындағы меморандумдағы индикаторлардың бірқатары қайта нақтыланады. Жиында облыс əкімімен бекітілген медиа-жо спардың орындалуы, басқармалар мен аудан əкімдерінің баспасөз мамандарының жұмыстарын жандандыру мəселелері де қаралды. Облыс əкімінің баспасөз қызметі.
ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ
ЖАЯУ ЖҮРУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ О бл ы с т ы қ « A q j o l » газетінің 2019 жылдың 12 қаңтар күнгі №3 санында жарияланған «Жүз жасағың келсе, жаяу жүр» атты мақалаға байланысты өзімнің ой-пікірімді білдіргім келеді. Мақалада көптеген аурулар қимылқозғалыстың аздығынан болатынын жəне əлемнің ғұлама ғалымдарының деректері келтіріліпті. Бұл рас. Өйткені қазіргі кезде əртүрлі аурулардың көбеюіне қимыл-қозғалыстың
аздығы себеп болып отыр деп ойлаймын. Мен өзім көбінесе жаяу жүргенді ұнатамын. «Самал» м ө л т е к ауд а н ы а р қ ы л ы «Үшбұлақ» көлінен өтіп, «Қазпоштаға» жаяу барып, кері қайтамын. Сол сияқты «Алатау» мөлтек ауданына, «Қайқармет» базарына жаяу барамын. Ал енді осыншама жерді жаяу аралағанда аяқ киім шыдай ма деген сұрақ туындаса, айтайын. Аяқ киім шыдамайды, табаны түсіп қалады. Кебісімнің өзі екі айға ғана жарайды.
Елде жаңа жылдан бастап ішімдік сатуға шектеу қоятын заң өз күшіне енді. Бұдан былай ұшақта, пойызда, спорт кешенінде арақ-шарап сатуға тыйым салынады. Ал 2021 жылдан бастап бар мен мейрамханалардан басқа жерлерде ішімдік сатылмайды.
Д БЫЛ ЖАМ
А
БАЙЗАҚ Кәсіпкер А.Жантаевтың бастамасымен бір топ азамат бірлесіп А. Сухамбаев ауылындағы 30 шақты тұрмысы төмен отбасы мен қарттарға демеушілік көрсетті. Әр үйге 1 қап ұн, 5 литр май, 2 кг күріш және т.б үлестірілді.
ЖУАЛЫ Алғашында шағын цех болып ашылған «Жуалы сүт өнімдері» кәсіпорнының қуаты тәулігіне 4 тонна болса, қайта жаңғырудан кейін 40 тоннаға жеткен. Бүгінде Тараз қаласынан бөлек, көрші өңірлерге де өнімдерін экспорттайды.
САРЫСУ Жаңатас қаласында 2000-нан астам адам пәтер кезегінде тұр. Қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1-шағын аудандағы №5 үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
ТАЛАС Былтыр ауданға инвестиция тарту жұмыстары 120 пайызға артығымен орындалып, 12 миллиард 218 миллион қаржы тартылса, биылғы меже 13 миллиард 61 миллион теңгені құрайды.
ШУ
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫНДА ОҢ ДИНАМИКА САҚТАЛҒАН БІЛІКТІ ҰСТАЗДАР 30 ПАЙЫЗ ҮСТЕМЕ АҚЫ АЛАДЫ
ТҮРІКМЕНСТАН
Денсаулықты сақтау үшін əр адам өз-өзін күтіп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, спортпен шұғылдануы керек. Кейде ауланың, көшенің қарын тазалап жүрсем, жаяу жүргіншілердің біреуі риза көңілмен қараса, енді біреуі жақтырмай қарайтындар да кездеседі. Сондықтан кəріжас демей өз ауламызды қоқыстан, қардан тазалап тұрсақ, оның өзі денсаулыққа пайдалы. Ал енді «Aq jol» газетінің таралымы туралы ойымды қоса кетсем. Қайда жүрсем де «Aq
jol» газетіне оқырмандарды тартып, жазылым жасауды насихаттаймын. Сол жұмысымның нəтижесі болар, Шарападин Досымов деген зейнеткер бүгінде газеттің тұрақты оқырманына айналды. Сонымен қатар Жамбыл, Б а й з а қ ауд а н д а р ы н ы ң зейнеткерлеріне де жазылуға кеңес бердім. Барат МЫҢБОСЫНОВ, зейнеткер. Тараз қаласы.
Аудандық «Шу өңірі» – «Шуская долина» газетінің фототілшісі П.Норкин жақында «Шу ауданының Құрметті азаматы» атағымен және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.
Еңбегің егіз болса, Байлығың сегіз болады. Еңбегің қатты болса, Татқаның тәтті болады. ГАЗЕТТІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ – ОҚЫР МАН
«АQ JOL»-ҒА ЖАЗЫЛУ ЖАЛҒАСУДА Амангелді ƏБІЛ Облыстың бас басылымы – «Aq jol» газетіне 2019 жылға жазылу жалғасуда, қадірлі оқырман! Күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары сəт сайын қымбаттап жатқанда жазылым бағасы өзгеріссіз қалды. Мұны басылым оқырмандарына деген жанашырлық деп түсінген абзал. Ғасырға жуық тарихы бар газетіміз қашанда өзінің елдік пен ерлікті, бірлік пен тірлікті насихаттайтын бəтуəлі бағытбағдарынан айныған емес. Мемлекет басшысының жүргізіп отырған сарабдал саясатын қолдауда, Үкімет бағдарламаларын жұртқа жете түсіндіруде жəне облыс əкімінің өңір экономикасын өркендету мен қалаларын көркейту жолында атқарып жатқан қажырлы еңбегін нөмір сайын жариялап келеді. Газеттің алтын діңгегі – оқырман. Сондықтан да ауылаймақтағы, қала-кенттердегі оқырмандарымызға арқа сүйейміз. Оларды толғандырған мəселе газет бетінде алдағы уақытта да тұрақты түрде жариялана береді. Авторларымыз бен штаттан тыс тілшілеріміздің хаттары да назардан тыс қалмайды. Басылым тілшілері де жан жадыратар жақсы тірлікті жəне өзекті мəселені үздіксіз жаза береді. Арнайы беттер мен облысымыздың атын кең-байтақ қазақ еліне, əлемге танытқан жерлестеріміз туралы тұшымды дүниелер биыл да жалғасын табады. Ақпараттық заманның жаңа талабына сай оқырман талғамы да арта түсетінін білеміз. Сондықтан газеттің форматы мен дизайны да наурыз айынан бастап жаңарады. Мақсат – оқырман көңілінен шығу. Сондықтан құрметті оқырман, Сіздер түрлі себептермен кезінде газетке жазыла алмай қалсаңыздар, əлі де мүмкіндік бар екенін естеріңізге саламыз. Ауылда болсын, қалада болсын пошта бөлімшелеріне барып, сүйікті басылымдарыңызға жазылсаңыздар алдағы ақпан айынан үйіңізге немесе жұмыс орныңызға алдырып, оқи аласыздар.