18082018PDA AQJOL

Page 1

Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet

Ж

АҺАН Д

А

BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).

және

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№95 (18589), Senbі, 18 tamyz, 2018 jyl

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. aqjolgazet.kz

Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady

ПРЕЗИДЕНТ

ЕЛБАСЫ СОЛТҮСТІК ӨҢІРГЕ КӨШІП БАРҒАН ОТБАСЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ Елбасы Солтүстік Қазақстан облысына барып, Тайынша ауданы Ильичевка ауылына еліміздің басқа өңірлерінен қоныс аударғандарға арналған 14 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев көшіп келген отбасылармен әңгімелесу б а р ы с ы н д а қ о н ы с ауд а р ғ а н тұрғындарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтіп, өзінің де өмір жолы туралы айтып берді. – Менің Алматы қаласының м а ң ы н д а д ү н и е г е ке л г е н і м д і біле сіздер. 17 жасымда туған өлкемнен кеттім. Мен осындай шешім қабылдап, түрлі өңірде еңбек жолынан өттім. Кездескен қиындықтарды жеңіп, бүгінгідей дәрежеге жетіп отырмын. Сіздер мұны балаларыңыздың болашағы ү ш і н ж а с а п ж ат ы р с ы з д а р , – деген Президент ауылдың жаңа тұрғындарына зор денсаулық, табыс, бақ-береке тіледі. Жалпы 2018 жылы Солтүстік Қазақстан облысына 900 адамнан тұратын 235 отбасы көшіп келген. Барлығы жалдамалы пәтермен қамтамасыз етіліп, жұмысқа орналастырылды. Олардың көшіп келуіне және шығындарын өтеу үшін 1 миллиард теңгеден астам субсидия бөлінген. Осы күні Мемлекет басшысы облыстың ауыл шаруашылығы алқабын аралап көріп, егін ору науқанына дайындық барысымен

танысты, сондай-ақ биыл Солтүстік Қазақстанның мол астық жинайтынына сенім білдірді. Елбасы өңір шаруаларымен әңгімелесу барысында ауыл шаруашылығы өнімін әртарап­тандырып, мал шаруа­ шылығын дамыту қажеттігін атап өтті.

ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН

Құрбан айт -

БАРША МҰСЫЛМАННЫҢ ҰЛЫҚ МЕЙРАМЫ!

Данияр қажы ЖҰМАБАЕВ, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының облысымыздағы өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы.

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! Баршамызды қуанышшаттыққа бөлейтін, құт-берекелі мұсылман қауымының ұлық мерекесі Құрбан айтқа аманесен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын! Әлемнің әр түкпірін мекендеген мұсылмандар бұл күні Жаратушы Иеміздің разылығы үшін құрбан шалып, Алланың мейірімшапағатына бөленуге тырысады. Адам осындай ізгі амалы арқылы Раббысына жақындай түседі. Ал «құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген мағынаны білдіреді. Бұл күні қажылыққа аттанған мұсылман бауырларымыз, отандастарымыз жүздерін Қағбаға қаратып, Арафат тауында еліміздің игілігі мен халқымыздың бірлігін тілеп, екі дүниенің бақытын сұрап, Жаратқанға жалбарына дұға жасайды. Құрбан айтты атап өтудің мәні мен мағынасы зор. Алланы бір, пайғамбарды хақ деп білген мұсылмандар мешіттерімізде айт намазын оқып, дұға жасап, бір-бірін мерекемен құттықтап, мәре-сәре болғаннан кейін құрбандық шалады. Құрбандық еті ағайын-туыс, көрші-қолаң, тұрмысы төмен отбасыларына, жетімдер мен жесірлерге, мүгедектерге таратылады. Осылайша адамда мейірім, қамқор, кешірім, қайыр-шапағат, сабыр сынды көркем мінез қалыптасады. Жалғасы 5-бетте.

– Бұл жетістіктермен тоқтап қалмай, өндіріске ғылыми және цифрлық технологияларды енгізу керек. Қайта өңдеу саласын дамытпай, еңбек өнімділігін арттыру мүмкін емес, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кәсіпорындар жетекшілері еліміздің

Б ІР

ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен аграрлық с екторға мемлекет т арапынан қолдау көрсетіліп жатқаны үшін Президентке алғыс білдірді. Сонымен қат ар Мемлекет басшысы облыс зауыттарында

қ ұ р а с т ы р ы л ат ы н т р а кто рл а р , комбайндар және басқа да астық жинауға арна лған техника лар қойылған ауыл шаруашылығы көрме сін ара лады. Содан соң Нұрсұлтан Назарбаев «Тайынша Май» жауапкершілігі шектеулі с е р і кт е с т і г і н е б а р ы п , м а й л ы д а қ ы л д а р д ы ө ң д е уд і ң ж ә н е т азартылған майды өндірудің технологиялық процесімен танысты. Елбасы Солтүстік Қазақстан облысының еліміздегі топырағы ең құнарлы әрі ауыл шаруашылығына қолайлы екеніне және аграрлық салаға дәстүрлі түрде маманданғанына тоқталып, Қазақстан астығының төрттен бірі осы өлкеге тиесілі деп атап көрсетті. – Ауыл шаруашылығы әлеуеті әлі де тиісті дәрежеде пайдаланылып отырған жоқ. Осыған орай, облыс егіншілері, сөзсіз, жер өңдеу, астық өндіру ісінде жоғары деңгейдегі мамандар болып саналады. Дегенмен мал шаруашылығы саласын дамытумен де айналысу керек, – деді Мемлекет басшысы. С о ң ы н д а П р е з и д е н т ау ы л шаруашылығына ғылыми жетістіктер мен цифрландыруды енгізу, шекара лас өңірлермен ынтымақтастықты жандандыру, өнеркәсіп өндірісі мен туризм саласын одан әрі дамыту, сондай-ақ өңірдің инвестициялық және іскерлік тартымдылығын арттыру арқылы аймақтың аграрлық әлеуетін кеңейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

НДА ЖАҺА =АҚШ «Кеплердің» 95 мегапиксельді фотометріне 44 жаңа планета іліккен. Оның 16-сы Жердің құрылымына барынша ұқсас. Алайда экзопланеталардағы климат Меркурий мен Шолпандағыдай екен. Шамасы онда саналы тіршілік көзі жоқ, бірақ бактериялар болуы мүмкін.

=ҰЛЫБРИТАНИЯ Патшайым Елизавета ІІ ойда жоқта дәрігерінен айырылып қалды. Доктор Питер Фишер жол апатынан қаза тапты. Лондон полицейлері 67 жастағы дәрігерді қағып кеткен жүк көлігін іздестіріп жатыр.

=ҚЫТАЙ ҚХР 5G интернет желісін тарту жұмыстарын бастады.

=КУБА Елдегі ұялы телефон пайдаланушыларына интернет қызметтерін көрсету бойынша сынақ өтті, 5 миллионнан аса тұтынушы 8 сағат бойы ғаламторға тегін кірді. Ал таяуда интернетсіз елдердің қатарындағы Кубада бұл қызмет толық іске қосылмақ.

=ҮНДІСТАН Ел 2022 жылға дейін ғарышқа өз өкілін жібермек. «Ұлтымыздың бұл арманы тәуелсіздігімізге 75 жыл толғанға дейін жүзеге асуы тиіс», – деді премьер-министр Нарендра Моди.

Д БЫЛ ЖАМ

А

=БАЙЗАҚ Ауданда шағын несие алушылардың саны жыл санап артып келеді. Мәселен, 2016 жылы – 112 азаматқа 411 миллион 848 мың теңге, былтыр 88 азаматқа 354 миллион 49 мың теңге берілсе, жыл басынан бері 52 адам 180 миллион теңге алған.

=ЖАМБЫЛ Аудандық мәслихат хатшысы Р.Бегалиев пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Несіпбеков Қаракемер ауылындағы тұрмысы төмен отбасының 3 баласына жаңа оқу жылына қажетті киімдері мен оқу құралдарын алып берді.

=Т.РЫСҚҰЛОВ Құлан ауылының ортасынан өтетін 3,5 шақырым жолдың 70 пайызы жөнделіп үлгерді. Аудан орталығындағы негізгі көшені жөндеуге 150 млн. теңге бөлінген. Бұл жұмысқа келер жылы 220 млн. теңге қаралып отыр.

Қ Д Е Н С А У Л Ы Қ: Т Р А Н СП Л АН ТА ЦИ Я ІН ШІ БАЙЛЫ

ГРУЗИЯ МЕН ҚЫРҒЫЗ ЕЛДЕРІНІҢ АЗАМАТТАРЫ БҮЙРЕК АЛМАСТЫРУ ОТАЛАРЫН ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ЖАСАТТЫ Ардақ ҮСЕЙІНОВА

=САРЫСУ Ауданда жыл басынан бері 4 миллиард 700 мың теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 11 жеке тұрғын үй мен 1 коммуналдық көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

=МОЙЫНҚҰМ Көкжелек ауылында жаңа үлгіде медициналық пункт салынуда. Бір айдан кейін қолданысқа берілетін нысанның құрылысына 80 миллион теңге қаралған.

Өңіріміздегі «Кардиохирургия және трансплантология ғылымиклиникалық орталығында» тұңғыш рет бүйрекке трансплантация жасалғалы бері де 4 айдай уақыт өтті. Донор ағзаға зәру жамбылдық азаматқа ағасы бір бүйрегін беріп, алғашқы отаны Қазақстан Республикасының ағзаларды транспланттау жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Жақсылық Досқалиев жасаған еді. Трансплантологдәрігердің асистенті сол жолы осы орталықтың маманы Ғани Құттымұратов болған. Содан бері жақын шет мемлекеттердің азаматтары трансплантация жасату үшін профессор Сейтхан Жошыбаевтың клиникасына көптеп қайырыла бастаған.

Жапалақ құс мақтанса, Жардан тышқан алдым дер. Жаман адам мақтанса, Жақсының аяғынан шалдым дер.

Жалғасы 4-бетте.

ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН

А Ң Д АТПА

ІТ ОРТАЛЫҚ БІЛІМГЕРЛЕРІ ИГІЛІКТЕН КЕНДЕ ҚАЛМАЙДЫ ӨЙТКЕНІ ОЛАР ШӘКІРТАҚЫ АЛЫП, ЖАТЫН ОРЫНМЕН ҚАМТЫЛАДЫ Камила БОРАШОВА «Нұр Отан» партиясы ж ү з е ге а с ы р ы п ж ат қ а н і р і жобалардың бірі – «Білікті мамандарды даярлауға арналған ІТ орталықтар» бастамашыл жобасы. Бұл уақыт сұранысына сай қолға алынған шара екені даусыз. Осы жоба аясында партияның облыстық филиалы мен облыстық жұмыспен қамтуды үйле стіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен Тараз қаласында тағы бір ІТ орталық ашылды. А з а м ат т а р д ы ң ц и ф р л ы қ с ау а т т ы л ы ғ ы н а р т т ы р уд ы және білікті ІТ мамандарды даярлауды мақсат тұтқан орталық М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасында орналасқан. Жоспарға сай онда жыл соңына дейін 50 адам оқытылмақшы. Алдымен осы қаладағы және аудандарда ІТ

мамандығы бар, бірақ жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрғандарға мүмкіндік беріледі. Олар осы орталықта әрі қарай білімдерін жетілдіріп, бағдарламалауды үйренеді. Оқу мерзімі аяқталғаннан кейін мамандарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері қарастырылады. Мамандарға 3 ай мерзімде 5 курс бойынша сұранысқа

ие цифрлық саладағы «Java», «Python», «PHP», «C/C++» және басқа да бағдарламалармен ж ұ м ы с і с т е уд і ү й р е т е д і . Бұл туралы ІТ орталықтың ашылу салтанатында аталған университеттің оқытушысы, информатика магистрі Ербол Мусинов айтып өтіп, орталықтың жұмысымен жан-жақты таныстырды.

– Еліміздегі көшбасшы партия өңір тұрғындарына цифрлық дағдыларды үйрету және ІТ кәсіпкерлікті дамыту ісінде де көш бастап тұр. Осы бастамашыл жобалар Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарына қатысуға партияның толық дайын екенін көрсетеді. Биылдан бастап «Нұр Отан» 22 бастамашыл жобасын іске асырып отыр. Осы жобаның біреуі – ІТ мамандарын дайындайтын орталықтар ашу ісі. Осы бағытта республика бойынша 20 орталық ашылу керек болса, соның бірі біздің өңірімізде жүзеге асты – деді «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат. Бір айта кететіні, ІТ орталықта білім алатын мамандарға ай сайын 16 мың теңге шәкіртақы және жолақысы төленбек. Сонымен қатар жатын орынмен қамтамасыз етілетін болады.

Тау аңғарындағы тағылымды семинар

Меркі ауданындағы «Turan» демалыс аймағында «Ақпарат ағыны және біз» атты тақырып бойынша семинар-тренинг өтті. Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған шараға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, тілшілері, өңірлік коммуникациялар қызметінің өкілдері, облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктердің баспасөз xатшылары және блогерлер қатысты. Семинар-тимбилдинг барысында тақырыптық ойындар ойнатылып, кәсіби медиалекторлар дәрістер оқыды. Бұл туралы газетіміздің келесі санында толығырақ жазатын боламыз.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
18082018PDA AQJOL by akjolgazet - Issuu