ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Жуалы ауданы
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
=ТАРАЗ
№45 (18079), Сенбі, 18 сәуір, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
«НҰРЛЫ ЖОЛ» - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
ШЫРАЙЫ КІРГЕН ШУ ӨҢІРІ
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ШУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖҰМЫС САПАРЫН «АГРО-ҚОРДАЙ» ЖШСНЫҢ ЖАҢБЫРЛАТЫП СУҒАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ТАНЫСУДАН БАСТАДЫ. АҚСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ МАҢЫНДАҒЫ АЛҚАПТАҒЫ ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ АЛЕКСЕЙ КОЛОДИЯ БАЯНДАДЫ. ОНЫҢ АЙТУЫНША ҚАЗІРГІ ТАҢДА АЛҚАП БАСЫНДА 15 АДАМ ЖҰМЫС ЖАСАП ЖАТЫР.
– Біздің жұмысымызда ешқандай кедергі болып отырған жоқ. Топырақ құнарлылығы жақсы. Осыны пайдаланып, біз биыл барлығы 935 гектар жерді егіс алқабына айналдырып отырмыз. 300 гектар жерді келер жылға парға қалдырдық. Сондай-ақ, барабанды жаңбырлатып суару қондырғысы 100 гектарға орнатылса, 1 гектарға айналмалы жаңбырлатып суаратын «VALLEY» қондырғысын қойып отырмыз. Бұларды біз Италиядан арнайы алдыртып отырмыз. Бағасы 135 мың АҚШ долларын құрайтын қондырғылар мол өнім алуға өз септігін тигізетін болады, – деді А.Колодия. Ал серіктестік басшысы Бауыржан Аманқұлов жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 50-60 мың теңге екенін айтып, олардың денін жергілікті тұрғындар құрайтынын тіліне тиек етті. Сондай-ақ, ол жаңа қондырғыларға суды егістікке тиіп тұрған «Ақсу» су қоймасынан алатындықтарын жеткізді. – Алдыңғы жылдармен салыстырғанда биыл жерде ылғал өте жоғары болып отырғанын білеміз. Мен осы егістік басына дейін біраз жол жүріп келдім. Жол жағалай байқап отырдым, күздік бидайлар қазірдің өзінде 5-7 сантиметрге көтеріліп қалыпты. Жаздық арпалардың да қара жерден қылтиып шығып жатқанын көріп қуанып қалдым. Бұл көктемгі жауын-шашынның молдығынан әрі Шу топырағының құнарлылығынан деуге болады. Ал жаңа тамшылатып, жаңбырлатып суару құрылғыларының жұмысы егіншілер үшін өте тиімді болатыны сөзсіз. Өйткені, бұл арық-атыз тартып, құлақтар бұрып жүріп суарғанға қарағанда көп жұмыс, көп күшті аса қажет етпейді, – деді облыс басшысы Кәрім Нәсбекұлы. Сонымен қатар, ол «Ақсу» су қоймасының қазіргі жағдайымен де таныс болды. 500 миллион метр текше су сақтай алатын қоймада қазіргі күні 300 миллион текше метр су жиналған. Бұдан кейін облыс басшысы «Каz Mia» ЖШС-ның мия тамырын өндейтін зауытында болып, оның бүгінгі жай-күйімен де танысты. Жоба құны 600 миллион теңгені құрайтын зауыттың қуаттылығы жылына 2000 тоннаға дейін мия тамырын өңдеуге есептелген. – Ағымдағы жылы зауыт толығымен іске қосылады деп күтілуде. Десек те, екіүш жылдан бері біз жұмысымызды бастап кеткен болатынбыз. Жылына 300 тоннадан аса дайын өнім өндірудеміз. Бірінші кезеңдегі жұмысымыз өз нәтижесін ойдағыдай көрсетсе, екінші кезеңде тағы да зауыт бөлімшелерін салуға мүмкіндігіміз бар. Онда дайын дәрілер шығаруға да болады, – деді серіктестік басшысы Олжас Әбдешов.
Сондай-ақ, ол облыс басшысын жаңадан с а лынып біткен қойманың атқаратын қызметінен хабардар етті. Биіктігі – 8, ені –13, ұзындығы 40 метр болатын қойма жиналған мия тамырын кептіруге арналған. Онда мия тамырлары бір аптаға жетер-жетпес уақыттаақ кептірілетін көрінеді. Ал табиғи күн көзіне кептіру үшін айдан аса уақыт кетеді. Сондайақ, серіктестік басшысы көршілес Қытайда медицинада дәрілердің жетпіс бес пайызы осы тамырдан дайындалатынын және айтып берді. Бұдан кейін облыс әкімі «Тасөткел» су қоймасына соқты. Шу өңірімен қатар көршілес Мойынқұм, Сарысу және Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы жерлерін де сумен қамтамасыз етуге септігін тигізетін «Тасөткел» су қоймасының тарихы тереңде. Республикалық бюджеттен қыруар қаржы қарастырылып, күрделі жөндеуден өткен алып су қоймасының құрылысы осыдан қырық жылдай бұрын жүргізілген. – Бүгінгі күнде жиналған судың қоры 420 миллион текше метрге жетті. Секундына 75 текше метр су келіп жатса, 90 текше метр суды босатып отырмыз. Неге десеңіз, біз 26 сәуірде бөгетті толығымен жабамыз. Өйткені, Мойынқұм ауданы жуырда өзенді алты жерден байлағалы отыр. Олар байлаған соң ғана біз сұранысқа қарай суды босатып отырамыз. Ағымдағы жылдың аяғына дейін 450 миллион текше метр су қорын жинау біздің міндетімізде. Су өз арнасында, жергілікті халыққа ешқандай қауіп төндіріп отырған жоқ, – деді, «Тасөткел» су қоймасы өндірістік бөлімшесінің бастығы Әділхан Омаров. Ал балық өсіруші Қазақбай Байжұманұлы аталмыш су айдынында мекендейтін балық түрлеріне тоқталды. Мұнда табан, көксерке, мөңке, сазан мекендейді. Жыл сайын қоймаға
сазанның, тұқының миллиондаған уылдырығы жіберілетінін білдік. Қазір уылдырық шашатын, яғни балық аулауға тыйым салынған шақ екенін еске салған Қ.Байжұманұлы әр тұстағы қорықшылар оны барынша бақылап, қадағалап отырғанын айтты. Е с к і - Ш у, Жа ң а жо л , Б і р л і к ү с т е м ауылдық округтеріндегі тамшылатып суару технологиясын енгізу жұмыстары мен жаңа техникаларымен танысқан облыс әкімі бұл құрылғылардың алпыс миллион теңгеге алынғанынан хабардар болды. Жиырма жылға дейін жұмысы шыдас беретін бұл жаңа құрылғылардың түтіктерін ғана жыл сайын ауыстырып отыру қажет екен. Демек, жылдық шығын мөлшері көпке түспейді. Тағы бір тиімділігі – бұл жаңа технологиямен бір сағатта елу гектар алқапты суаруға болады. Ал үнемділігі жағынан алар болсақ, осыған дейін гектарына отыз литр ағын су жұмсалған болса, жаңа құрылғы арқылы 3-ақ литр су жеткілікті. Адам күшін де аз қажет ететін мұндай құрылғыларды облыс басшысы өңіріміздегі егістік алқаптарға көбірек пайдалану керектігін алға тартты. Сонымен қатар, Кәрім Нәсбекұлы Қонаев ауылындағы Азиялық газ құбырының III тармағына қосылатын КС-5 құрылысымен, Ескі-Шу ауылдық округіндегі Белбасар ауылындағы демеушілердің қаражатына салынған жаңа үлгідегі футбол алаңымен және «Марк и К» ЖШС мен мемлекеттік серіктестік бағдарламасы бойынша Шу қаласында соғылып жатқан балабақша құрылыстарымен де танысты. Белбасар ауылындағы ұзындығы 105 метр болатын жаңа үлгідегі футбол алаңының Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепке сыйға берілгенін естіп марқайып қалдық. Оның ұйымдастырушысы, демеушісі
САЛҒАН НДА ЖА А Т С АҚ ҚАЗ
р а л а п ы й О
ОРНЫ БАР
МА ЖӘ ДАРЛА
НЕ БҰҚАР
=ЖАМБЫЛ
пайдалануға беріледі деп күтілуде. Осы туралы баяндаған құрылыс басында жүрген серіктестіктің бас инженері Көбей Өтебаев қазіргі таңда мұнда 140 адам үздіксіз жұмыс жасап жатқанынан хабардар етті. Олардың отыздан астамы шулықтар екенін де естен шығармады. Жұмысшылардың жалақылары 60-120 мың теңге. Кәрім Нәсбекұлы мектеп директоры Ақмарал Жандабаева мен ауыл әкімі Болатжан Төлендиевтен ескі мектеп ғимаратының жайын сұрады. «Осыған дейін 3395 тұрғыны бар ауылымыздағы 637 бала ескі мектептің тар ғимаратында екі ауысымда оқып келген еді. Бұйырса, келер оқу жылында біз үшін, балалар үшін үлкен қуаныш болғалы тұр. Жаңа,үлкен мектепте оқушыларымыз бір ауысымда ғана оқып, жан-жақты білім алатын болады», деді А.Жандабаева. Облыс басшысы аудан әкімі Бақытжан Нүркеновке ескі мектепті мүмкіндік болса балабақша секілді керек мекемеге айналдыруды тапсырды. Сондай-ақ, К. Көкірекбаев мектеп құрылысы сапалы түрде жүру керектігін ескертті. Соңыра Кәрім Нәс бекұлы Төле би ауылындағы аудандық оңалту және бейімдеу орталығында болды. Ескі аурухана ғимараты 27,4 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліп, аталмыш орталыққа айналғалы тұрғындардың ықыласына бөленіп келе жатыр. Өткен жылдың қараша айында ғана пайдалануға берілген ғимаратта қазіргі таңда 25 бала тәрбиеленуде. Әлі де келушілер, баласын әкелуге ниетті ата-аналар саны артып отыр екен. Мекеме басшысы Естай Қыстаубаева жартылай стационарлық орталықта тәуліктің күндізгі уақытында 3-18 жас аралығындағы психоневрологиялық жартылай ауытқуы бар балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі балаларға барынша қызмет көрсетіліп отырғанын айтты. Облыс басшысы тағдыр тауқыметін тартып отырған балаларға қамқорлығын аямайтын жандарға тек қана алғыс айтылу керектігін жеткізді. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың Шу ауданындағы сапары аудандық әкімдікте өткен актив жиналысымен түйінделді. Өңір басшысы өз сөзінде аудандағы іссапарына көңілі толғанын айтты. Сонымен қатар, сапар барысында көптеген жайттарға қаныққанын жеткізді. Әсіресе, тамшылатып, жаңбырлатып суару жаңа технологияларының тиімділігін алға тартты. Су жөнінен сексен пайыз көрші Қырғызстанға тәуелді болып отырған аймақта үнемдейтін жаңа технологиялардың көбейгені қаншалықты пайдалы екенін сөз етті. Сондай-ақ, Кәрім Нәсбекұлы Қазақ хандығының облысымызда тойланатынын, алыс-жақын өңірлерден, шетелдерден келуші қонақтардың Шу теміржол вокзалы арқылы өтетінін ескеріп, вокзал маңын абаттандыруды тапсырды. Аудан әкімі Бақытжан Нүркенов тапсырманың таяу арада орындалатынын жеткізді. Облыс әкімі жиында бірқатар басқарма басшыларына тапсырмалар беріп, аудан әкімі орынбасарларының жұмыстарын жандандыруы қажеттігін де ескертті. Шу ауданы. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
А
Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол». – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы арқылы құзырлы органдарға берген жиырма тапсырмасының әрқайсысы мемлекетіміз үшін үлкен маңызға ие. Бұл тапсырмалар бізді жайлы болашаққа, дамыған өркениетке, дағдарысқа қарсы тұрар тегеурінділікке бастайды, – деді ол. – Бұл мақалада Елбасымыз адамзаттың барлық игілікке тек еңбек арқылы жететінін ерекше қадап айтқан еді. Осыған орай дүниеге
ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ БАҚЫТ САХАТОВ ӨЗ ИГІЛІГІН ӨЗДЕРІ ЖАСАЙТЫН АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА КӨБЕЙІП КЕЛЕ ЖАТҚАНЫН АЙТАДЫ.
Ю.Гагарин атындағы орта мектепте «Тарихқа көз жүгіртейік» атты тақырыпта «Жайдарман» жарысы өтті. 7-10 сынып оқушылары арасында өткен бұл жарысқа «Інілер», «Әдеміай», «Жастар», «Мұрты жоқ», «Красавчики», «Ұшқыштар» командалары қатысып, өзара бақ сынады. Нәтижесінде «Мұрты жоқ» командасы кубокты иеленсе, бірінші орынды «Ұшқыштар» командасы жеңіп алды. Екінші орын «Әдемі-ай» командасына бұйырып, үшінші орынды «Інілер» командасы еншіледі. Үздік ойынмен танылған Нұрзат Бейсен «Мистер КВН» атағына ие болып, Нұртуған Құрманбеков «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.
=ЖУАЛЫ Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі болып өтті. Оған жұмыссыз азаматтар, шаруа қожалық төрағалары мен жеке кәсіпкерлер және басқа да жұмыс берушілер қатысты. Жәрмеңке барысында жұмыссыз 57 адам жұмысқа орналастырылды.
= ҚОРДАЙ Күнбатыс-1 ауылында Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған ескерткіш ашылды. Бұл шағын елді-мекеннен қырықтан аса адам соғысқа аттанса, олардың 23-і қан майданнан оралмаған. Олардың есімдері гранит тақтаға ойып жазылды. Сонымен қатар, соғыстан аман келіп еңбек майданына үлес қосқан, кейіннен дүниеден өткен майдангерлердің есімі келесі тақтаға жазылды. Бүкіл күнбатыстықтар үшін қастерлі орынға айналған бұл ескерткіш ауыл кәсіпкерлері мен сырттағы меценаттарының күшімен тұрғызылды.
=Т. РЫСҚҰЛОВ Құлан ауылында Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткіш қайта салынып жатыр. Оның құрылысын «Темір-Байлық» ЖШС жүргізуде. Республикалық бюджеттен бөлінген 34 миллион теңгенің жұмысы еңсеріліп қалды. Бұған қоса ауыл аймақтарда орналасқан 11 ескерткіш те күрделі жөндеу жұмыстарынан өтуде. Құрылысқа аудандық жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыз азаматтар белсене қатысуда.
=САРЫСУ Ауданда егіс дала жұмыстары жүріп жатыр. Өткен жылы 2020 гектар алқапқа күздік бидай өсірген сарысулық дихандар биыл арпаны – 1500, жүгеріні – 1000, мақсарыны – 6200, картопты –120, көкөністі – 215, бақшаны – 200 және 700 гектар алқапқа жоңышқа егуді жоспарлаған. Дән себу жұмыстары басталғалы бері Түркістан ауылдық округінде дихандар 800 гектар жерді айдап, 430 гектарға жаздық арпа мен 1400 гектарға мақсары еккен.
Намысы бар жігіттің, Нар күшіндей күші бар. Намысы жоқ жігіттің, Намыста не ісі бар? Халық мақалы. былтырдан бері пайда бере бастаған. Ерте көктемнен қияр мен қызанақты тонналап базарға шығарып, Алматыдағы жәрмеңкеге де апарған. Жылыжайда көкөніс өсірудің қырларын жақсы меңгерген екі дүнген азаматы жұмыс істейді. Маусым бойы айына 150170 мың теңге жалақы алатын олар жұмысқа бар ынтасымен кіріскен. Жылыжайлардың біріне ақпан айында отырғызылған «Жәмила» сортты қызанақ жаппай гүлдей бастапты. Жылыжайдың төбесіне дейін тартылған жіптерді бойлап биіктеп өсе беретін көрінеді. Оның өнімі мамырдан тамызға дейін жиналады. Ал келесі жылыжайда қияр бой көтеріп
«ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ» ШАПАҒАТЫ
Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол». Экологиялық жағынан таза, сапасы жоғары азық-түлікке сұраныс қашанда жоғары. Кейінгі кезде шетелдік тауарлардың қоспасы көп, олардың денсаулыққа зиян екеніне көз жеткізген тұтынушылар жергілікті өнімді тұтынуға бет бұруда. Жуалы ауданындағы Лечи Оздамиров жетекшілік ететін «СМТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұрғындар және шаруа қожалықтарынан сүт қабылдап, оны өңдеумен шұғылданады. Серіктестік сары ірімшіктің 7 түрін, сары май, чечел, брынза және сулугуни өндіреді. Өндірілген өнім Алматы, Астана, Шымкент және Тараз қалаларына өткеріледі. Кәсіпорынның нарықта ойып алар өз орны бар. 2004 жылы құрылған серіктестік кейінгі кезде жыл сайын 25 миллионнан астам теңгенің өнімін өндіріп келеді. Салыққа және міндетті төлемдерге қарызы жоқ. Зауыт тәулігіне 10 тонна сүт өңдей алады. Қыста сиырлардың көбі суалуына байланысты күнделікті 3 тонна шикізат қабылданады. Жазда бұл көрсеткіш едәуір артады. Қазір оларға сүт өткізушілердің қатары 300 ауладан асқан. Оның әр литріне 69 теңгеден төленеді. Сапалы шикізат өткізгендер тұрақты ынталандырылып, оларға қосымша ақша
БАҒ
Болат Сауранбаевтың алаң жанына спорт секциясын салсам деген ниетін құптаған облыс әкімі оның бұл игі ісіне аудан, облыс басшылық тараптарынан да көмек болатынын жеткізді. «Бектібай» шаруа қожалығының 1,29 гектар жерді құрайтын жылыжайында болған облыс басшысы оның көлемін әлі де ұлғайта беру керектігін айтты. Мұнда отыз мың түп қызанақ отырғызылса, оның әрқайсысынан 5-8 келіге дейін өнім алу көзделуде екен. – Былтыр мамыр айында бес жылыжай болса, ағымдағы жылы оған алтау қосылып, он бірге жетті. Өткен жылы сексен тонна өнім алғанбыз, биыл өнім көлемін екі есеге арттырып, жүз елу тоннадан аса өнім алсақ деп мақсат қойып отырмыз, – дейді аталмыш шаруа қожалық агрономы Арман Ишанқұлов. Бұдан кейін облыс басшысы Жаңа жол ауылындағы «Айшот» ЖШС-ның шағын сүт зауытында болды. Былтыр жүзеге асырылып, ағымдағы жылдың наурыз айында ғана іске қосылған сүт зауытының өнімдері шулықтардың игілігіне жұмсалуда. Аудан бойынша жалғыз сүт өңдейтін зауыттың жо б а с ы н ы ң қ ұ н ы 3 4 м и л л и о н т е ң ге . Кәсіпорынның құрылыс жұмысы толығымен кәсіпкердің өз демеушілігімен жүзеге асқан. К.Көкірекбаев жаңа ғана жұмысын бастаған шағын сүт зауытына сәттілік тіледі. Оған қоса аудан басшылығына кәсіпорынға қажет болған жағдайда қарайласып тұруды да тапсырды. Аймақ басшысы Кәрім Нәсбекұлы түстен кейінгі сапарын Бірлік ауылындағы мердігер «Ник Тараз» ЖШС салып жатқан Дулати атындағы 600 орындық мектеп құрылысымен танысумен жалғады. Сметалық құны 930 327 000 теңгені құрайтын құрылыс жұмысы өткен жылдың 20 тамызында басталған. Ол ағымдағы жылдың келер оқу жылына дейін аяқталып,
Этномәдени бірлестік өкілдері «Өз ағашыңды отырғыз» акциясын өткізді. Бұл «ҚХА-20 ізгілікті іс» республикалық шарасының шеңберінде ұйымдастырылды. Оған аталған бірлестіктердің басшылары мен өкілдерінен бөлек, жастар да атсалысты. Акция барысында 200-ге тарта көшет отырғызылды. Іс-шара жоғары көңіл-күй, достық, ауызбіршілік жағдайында өтті. «Радонеж» орыс қауымдастығының орындаған көңілді әндері де қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
төленеді. Өткізуші жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтарына кәсіпорын ай сайын тұрақты 15 миллион теңге төлейді. Соның нәтижесінде, серіктестікке сүт өткізушілер қатары біртіндеп көбейіп келеді. – Мемлекетіміз шағын және орта бизнесті өркендетуге үлкен қолдау мен көмек көрсетуде. Ауыл шаруашылығын өркендету үшін көптеген бағдарламалар қабылдануда. Кейінгі кезде бұрынғыдай негізсіз тексерулер азайды. Өндірген өніміміз үшін субсидия төленуде. Ол кейінгі кезде сары ірімшік пен сары майға да беріле бастады. Биыл оны алу үшін құжат әзірлеп, тиісті мекемелерге өткіздік. Субсидия алатын болсақ, материалдық және техникалық базамызды жақсартуға мүмкіндіктер ашылады. Жұмысшыларымыздың жалақысын өсіреміз. Қазір бізде тұрақты 9 адам жұмыс істейді, жазда олардың саны 15-ке дейін жетеді. Келешекте өнім өндіру көлемін арттыру көзделуде. Мұның өзі тағы да бірнеше жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, – дейді Лечи Оздамиров. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН. Жуалы ауданы.
келген «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының шапағатымен біздің ауданда көптеген жұмыссыз азаматтар еңбекке тартылып, өздерінің отбасылық бюджетін толықтырып отыр. Б. Сахатовтың айтуынша, аталған бағдарламаның үш бағыты да ауылдағы жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға және аз қамтылған отбасы мүшелеріне арналған. Бағдарлама былтырдан бері аудан тұрғындары арасында кеңінен насихатталып, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Ол үшін орталық мамандары ауылдық округтерге бекітіліп, ондағы шалғай ауылдарға іссапарға шығып келіпті. Сонымен қатар, бекітілген кестеге сәйкес елді мекен тұрғындарымен кездесулер өткізіп, медиажоспар бойынша жергілікті газеттер арқылы бағдарламаға түсініктеме және оған қатысушылар туралы мақалалар жариялап отырған. Міне, осының арқасында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысуға тілек білдірушілер қатары былтыр мың жарым адамға жеткен. Олардың комиссиялық сараптаудан өтіп, өз ісін ашуға арналған бизнес-жоспарлары қолдау тапқандарына шағын несиелер беріліп, мамандығы сай келетіндер бос жұмыс орындарына жолдама иеленді, үшінші тобы қайта даярлау курстарына жіберілді. Тек өткен жылы ғана өз ісін ашқысы келетін 85 азаматқа 210 миллион теңге сомасында шағын несиелер беріліпті.
Біз осылай Үкіметтің қолдауымен жеке ісін ашқан Өтеген ауылындағы жеке кәсіпкер Бейбіт Бегалиевтің шаруа жайымен танысып қайтқан едік. Ол кеңес үкіметі кезінде колхозда шопан да, жүргізуші де, дәнекерлеуші де болған. Кейіннен жұмыссыздар қатарын толықтырған. Сосын отбасы болып ақылдаса келе, 2013 жылы ауыл шетіндегі үлкен бақшалығын түгел алатын екі бірдей жылыжай салыпты. Әуел бастан іс білетін бесаспап дәнекерлеуші шебер емес пе, құрастыру жұмыстарын өз қолымен жасаған. Қасына үлкен жылыту қазандығын орнатыпты. Өз қаражаты бар, «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша алғаны бар, барлығы он миллион теңге жұмсалған ісі
қалыпты. Жылыжайдың жыл сайын пленкасын ауыстырып тұрғаны болмаса, құрылысына басқа шығын жұмсала қоймайды. Бейбіт Бегалиев мұнымен ғана қоймай, өз үйінің жанынан ағаш тілетін цех та ашыпты. Ресейлік «Тайга» аталатын қондырғыны 1 миллион 300 мың теңгеге сатып алып орнатқан. Жаңа үлгідегі бұл қондырғы үлкен бөренелерді бойлатып тілуге арналған. Тапсырыс берушінің қалауына қарай кез-келген өлшемде тақтайлар, белағаштар, рейкалар тіліп шығарады. Қазір ауылдық жерде тұрғын үйлер, қора жайлар құрылысы қызып тұрған кезде ауылдастары үшін іздегенге сұраған болып тұр. Кесілген, әкелінген теректердің тау болып үйіліп жатқанына қарағанда, мұнда жұмыс істейтін әкелі-балалы Алтынбек пен Ержан Бітебаевтарға ертелі-кеш жұмыс мол. Оның көлеміне қарай жалақылары да жоғары. Осылайша, өз ісін ашып, төрт-бес ауылдасын жұмыспен қамтып отырған ауыл кәсіпкері бұған мемлекеттік қолдаудың арқасында қол жеткенін айтады. Екі қолға бір жұмыс таппай дағдарып жүргендерге «Жұмыспен қамту» бағдарламасы жол картасының шапағатын сезініп отырған осы тәжірибе үлгі боларлық.
Қордай ауданы.