ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №144 (18001), Сенбі, 18 қазан, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
l ТАРАЗ Облыс әкімдігінің дін істері және білім басқармалары «Жалған діни ағымдар және олардың зардаптары» атты білім беру мекелерінде дін саласындағы ақпараттық ағарту-түсінік жұмыстарын жандандыру бойынша онлайн режімінде конференция өткізді. Облыс әкімдігі білім басқармасының cabak. kz сайты бөлмесінде жүзеге асырылған конференцияға облыстың интерактивті тақта орналастырылған 45 мектебінің жоғары сынып оқушылары, «Дінтану негіздері» курсынан сабақ беретін мұғалімдері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Онда аталған тақырыпта жанжақты мәліметтер келтіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарылды.
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ
l БАЙЗАҚ Аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен батыр бабамыз Байзақ Мәмбетұлының 225 жылдығына орай «Ұрпақтары ерлерін ұмытпасын» атты облыстық жас ақындар айтысы болып өтті. Жас ақындардың сөз сайысында қазылар алқасының шешімімен Жамбыл ауданының намысын қорғаған Нұрлыбек Құрманов жеңімпаз деп танылды, оған түрлі түсті теледидар табыс етілді. Екінші орынға жуалылық Қанат Мырзаханұлы, үшінші орынға байзақтық Дархан Әбдіманатов ие болды.
l САРЫСУ
«Амир-Транс-Сервис» ЖШС мен жеке кәсіпкер С.Сердалиев бірлесіп, 16 жұмыс орнын ашты. Жобалықсметалық құны 18 миллион теңге болатын өндіріс орны «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қаржылай көмек алып, тұрмысқа қажетті темір бұйымдарын шығаруда. Өңірдегі шағын өндіріс орындарының жұмысымен танысқан аудан әкімі Қанатбек Мәдібек «Амир-Транс-Cервис» ЖШС-ның цехында да болып, темірден түйін түйіп жатқан жігіттердің еңбегіне табыс тіледі.
l МОЙЫНҚҰМ Биыл Ақбақай және Ақсүйек ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларға екі «жедел жәрдем» автокөлігі, аудандық орталық ауруханаға заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған екі «реамимобиль» автокөлігі берілді. Аудан тұрғындарына бір жылжымалы «флюро» автокөлігі қызмет көрсетуде. Орталық аурухана зертханасына «ИФА» аппараты орнатылған. Осының нәтижесінде қазіргі кезде инфекциялық ауруларды аудан орталығында анықтауға қол жеткізілді.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ
ПАРАДИГМАСЫН ӨЗГЕРТУ ҚАЖЕТ
Елбасы Италияның Милан қаласында өткен «АзияЕуропа» форумының 10-саммитінің пленарлық сессиясына қатысты. Мемлекет басшысы «Қаржылық және экономикалық ынтымақтастықты Еуропа мен Азияның кеңейіп келе жатқан өзара байланыстары арқылы дамыту» тақырыбына арналған пленарлық сессияда сөз сөйледі.
Елбасы өз сөзінде қазіргі қауіптер мен сын-қатерлерге лайықты жауап іздеу міндеті Еуропа мен Азия мемлекеттерін біріктірілген күн тәртібін қарастыруға мәжбүрлеп отырғанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысты еңсерудің ең тиімді жолы ретінде Еуразиялық өңірдің ықпалдастық әлеуетін ашуды атады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы
құрлықтағы ынтымақтастықтың болашағына қатысты өз көзқарастарын ортаға салды. Елбасының пікірінше, халықаралық ынтымақтастықтың парадигмасын өзгерту қажет, бұл протекционистік кедергілерді жою мәселесінде нақты іс-әрекеттерге көшуді, нарықтарды ашып, өзара сауданы ұлғайтуды білдіреді. Мемлекет басшысы тағы бір бағыт ретінде жаһандық қаржы архитектурасының трансформациясын, қаржы секторындағы теңгерімсіздікті еңсеруді, халықаралық капитал қозғалысын реттеудің тиімді моделін әзірлеуді атады. Сонымен қатар жаңа қаржылық дәнекер көпірлердің қажеттігін айтты және бұл орайда өңірлік қаржы орталығы – Алматының үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті. Тұтас өңірді дамытудың тағы бір негізгі шарты көлік-транзит инфрақұрылымын нығайту, соның ішінде Еуропаның Азияға қысқа әрі қауіпсіз жолын қамтамасыз ететін Ұлы жібек жолын жаңғырту болып саналады. Нұрсұлтан Назарбаев заманауи технологиялар мен
МӘДЕНИ МҰРА
Ердің ерлігі елінен танылар, Елдің байлығы жерінен табылар. Халық мақалы.
ЕЖЕЛДЕН САН ҚАТПАРЛЫ, ЕКІ МЫҢ ЖЫЛДАН АСТАМ ТАРИХЫМЕН ТАНЫС ӘЙГІЛІ ТАРАЗ ШАҺАРЫНЫҢ ТАРИХЫ АЛДАҒЫ ЖЫЛДАРЫ ДА АШЫЛЫП, ТУРИЗМ СЕКТОРЫ ДАМЫМАҚ. БҰЛ ТУРАЛЫ ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ, ЮНЕСКО КӨЛЕМІНДЕ МОЙЫНДАЛҒАН ҚАЛАШЫҚТАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАЛҒАН БРИФИНГТЕ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ.
ТАРАЗҒА ТУРИСТЕР
АҒЫЛАТЫН КҮН АЛЫС ЕМЕС
ЖАЗЫЛ
Ы
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
М
- 20
15
«АҚ ЖОЛ» – БИЛІК ПЕН БҰҚАРА
АРАСЫНДАҒЫ ДӘНЕКЕР
Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол».
ӘРБІР БАСЫЛЫМ ӨҢІРДЕГІ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҒАНА ЕМЕС, ОНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫН, ХАЛЫҚТЫҢ МҰҢ-МҰҚТАЖЫН ДЕР КЕЗІНДЕ ЖЕТКІЗУІМЕН ҚҰНДЫ. ОЛАЙ БОЛМАҒАН КҮНДЕ, ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ «ТӨРТІНШІ БИЛІК» ӨКІЛДЕРІНЕ ДЕГЕН СЕНІМІНІҢ ЖОҒАЛАРЫ ХАҚ. Облыстың бас басылымы – «Ақ жол» газетінің бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы, бас редактордың бірінші орынбасары Ақылжан Мамыт, саясат бөлімінің меңгерушісі Тұрсынбек Сұлтанбек, фототілші Ақәділ Рысмахан және осы жолдардың авторынан құралған топ кезекті кездесуін Меркі ауданында өткізді. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылған бұл жиынға негізінен мектеп мұғалімдері жиналыпты. Біраз зейнеткерлер де келіпті. Басқосуды жүргізген аудан әкімінің орынбасары Төленді Рысқұлбеков алғашқы сөзді бас редактор Көсемәлі Сәттібайұлына берді. (Жалғасы 3-бетте).
Баспасөз мәслихатын ашып жүргізген облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев: «Археология – нақты ғылым. Бұл бағыттағы жұмыстар біраз жылдың бедерінде нәтижелі жүргізіліп келеді. Ағымдағы жылы облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев республикамызға танымал тарихшы ғалымдарды жинап, қаламыздың өткені, кешегісі, бүгінін зерделеп, алдағы уақытта қандай жұмыстар атқаратынымызды нақтылаған болатын. Соған сәйкес, жұмыс ауқымын ұлғайтып, шаһарымыздың тарихына дендеп бойлау керектігі белгіленіп, археологиялық қазба жұмыстары аясын кеңейту тілге тиек етілген еді. Ол үшін облыстық қазынадан жүз миллион теңге бөлінгені де аян. Мұның бәрі Ұлы Жібек жолының бойындағы өркениетті, сәулетті өңірдің тылсымын ашу үшін жасалып отырған қамқорлық. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде табылған қыш құмыралар, монеталар, керамикалық бұйымдардың бәрі сауда-саттығымен, өркениетімен танылған қаламыздың өткенінен сыр шертіп тұр. (Жалғасы 8-бетте).
l ТАЛАС Қаратау қаласына 8 қазаннан бастап жылу беру маусымы басталды. Қаладағы 136 көпқабатты тұрғын үйдің 122-сі, 46 әлеуметтік нысан түгелдей жылумен қамтылды. Жылу пайдалануға берілген жаңа қазандық пен қосымша қазандықтан берілуде. Әзірге жылу берілмеген 14 көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесіндегі құбырлар мен кейбір пәтерлердегі жылу желілерін қалпына келтіріп, жақын күндері жылу беру көзделуде.
энергетикалық ресурстарға қолжетімділіктің маңыздылығына да назар аударды. Қазақстан Еуропа мен Азия үшін тұрақты түрде энергетикалық ресурстар жеткізуші ретінде энергетикалық бағдарларды одан әрі әртараптандыруды күшейтуге күш салуда. Өңірдің орнықты дамуы үшін Еуразиялық Экономикалық Одақ негізгі буынына айналатын жалпықұрлықтық инфрақұрылым қалыптастыру басым маңызға ие болып саналады. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Азия мен Еуропаға бір-бірін қайта тани түсу, өзара ықпалдастықтың мүлде жаңа негізін қалау қажет болып отырғанын атап өтті. Экономика және қаржы саласындағы халықаралық әрекеттерді үйлестірудің платформасына Қазақстан ұсынған «G-GLOBAL» бастамасы айналуы мүмкін.Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан «Азия-Еуропа» форумының толыққанды мүшесі ретінде диалог пен ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты көмек көрсетуге әзір екенін айтты.
l ШУ Аудандық Мәдениет үйінде аудандық мешіт пен «Жастар орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен «Діні беріктің – діңгегі бұзылмас» атты Құран сүрелерін мәнерлеп оқу байқауы өтті. Жастар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған бұл байқауға 21 үміткер қатысты. Олар имамдардан құрылған қазылар алқасының тарапынан бағаланып, нәтижесінде сүре оқуда мақамы ерекше Дінмұхамед Желдібаев жеңіске жетті. Екінші орынды А. Жалалиев алса, үшінші орын Н. Қадыровқа бұйырды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен, дипломмен марапатталды.
ҮЙРЕНЕТІН ҮРДІС
АУДИТОРИЯДА ОҚЫП,
АЛҚАПТА ТӘЖІРИБЕ ЖАСА ТИГУ-ДЫҢ АГРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ АШЫЛДЫ Болат ЖАППАРҰЛЫ, «Ақ жол». ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҒЫЛЫМИЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ, ТЕОРИЯНЫ ТӘЖІРИБЕГЕ ҰЛАСТЫРУ – ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ДӘСТҮРЛІ ЖОЛДАУЛАРЫНДА ҮНЕМІ АЙТЫЛЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН МӘСЕЛЕ. БҰЛ – ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ БАСТЫ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ. (Жалғасы 3-бетте).
і с е н е с е к т а б б а х а Ұлы м ПА
АҢДАТ
Кеше Мойынқұм ауданындағы Ұланбел ауылдық округіне қарасты Кіші Қамқалы ауылында Құралай сұлудың қайта жаңғырған кесенесі салтанатты түрде ашылды. Шалғай елді мекендегі тарихи оқиғаға облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысты. Кесененің құрылысына Мойынқұм ауданының тумасы, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, профессор Ерболат Саурықов демеушілік жасады. Ал құрылыс архитектурасының авторы, белгілі суретші Айдархан Сихаев. Ақын Иса Байзақтың поэмасына арқау болған Құралайдың тағдырына ешкім де бей-жай қарай алмайды. (Бұл жөніндегі мақаланы газетіміздің келесі санынан оқисыздар).
ЖАЗЫЛЫМ – 2015
“АҚ ЖОЛҒА”
жазылыңыздар, ағайын! « ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН
Ауыл тұрғындары үшін Қала тұрғындары үшін
1 жылға
6 айға
Индексі
4227.0 теңге
2113.5 теңге
65457
3768.36 теңге 1884,18 теңге
65457
КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН 1 жылға
6 айға
Индексі
Ауыл
4726.92 теңге 2363.46 теңге
15457
Қала
4268.28 теңге 2134.14 теңге
15457