18 тамыз пдф 2015 ж

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№101 (18135), Сейсенбі, 18 тамыз, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ПРЕЗИДЕНТ

ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫСТАР ЕНГІЗІЛДІ Ақордада Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Жұмыс барысында әлемдік экономикадағы ахуал мен интеграциялық үдерістер аясында ұ л т т ы қ м ү д д е л е р д і қ о р ғ ау м ә с е л е л е р і қарастырылды. Отырысқа мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастықтары және «Атамекен» ҰКП басшылары, жетекші отандық сарапшылар мен ғалымдар қатысты. Сөз сөйлеушілер өңірлік экономиканы дамыту, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастық, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі ел алдына түрлі салаларда ұлттық мүдделерді қорғау және жүзеге асыру жөнінде жаңа міндеттер қоятынын атап өтті. Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев сарапшылар мен бизнес қауымдастықтарының ұсынымдарын ескере отырып, жауапты мемлекеттік органдарға экономикалық және ықпалдастық үдерістерді жан-жақты талдау және олардың барлық ықтимал салдары мен қатерлеріне болжам жасау қажеттігін атап өтті. Жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ықпалдастық бірлестіктеріне қатысуының тиімділігін арттыру жөнінде нақты ұсыныстар енгізілді. Сараптамалық кеңестің ұсынымдары Қауіпсіздік кеңесі жұмысында және Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын дайындау барысында пайдаланылатын болады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Жуалы ауданы

Меркі

Қордай ауданы Қордай

Бауыржан Момышұлы

=БАЙЗАҚ Облыс әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы мекемесінің ұйымдастыруымен Түймекент орта мектебінде жиын өтті. Жиынға Түймекент ауылдық округі әкімінің орынбасары Т. Мысықбаев, Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Ерзат Жақыпов және ауыл тұрғындары қатысты. Басқосу барысында дінімізді құрметтеу, экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелеріне баса назар аударылып, жат ағымдардың жетегінде кеткен қандастарымыз туралы бейнефильмдер көрсетілді.

=МОЙЫНҚҰМ Аудандық Мәдениет үйінде «Балаларға бірге көмек берейік!» атты «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Аз қамтылған және көп балалы отбасылары мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға аудан әкімдігінің бөлімдері, мәслихат, ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелердің басшылары, Жамбыл мектеп-гимназиясы, М.Жұмабаев, Т.Рысқұлов атындағы орта мектептер мен №8 Мойынқұм колледжінің 11 оқушысына заттай және қаржылай сыйлықтарын тапсырды.

=ШУ Қалалық «Локомотив» стадионында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар» МКҚК орталығының ұйымдастыруымен ҚР Конституциясына 20 жыл толуына орай «Ата заңым айбыным» атты аудан жастары арасында спартакиада өтті. Іс-шараға аудан жастары, Шу ауданы әкімдігінің спорт бөлімі, ауыл әкімшіліктерінің жастар ұжымы қатысты. Арқан тарту, қол күрес, кіші футбол ойындарынан үздік деп танылған жеңімпаздар Ә. Токулиев «Үздік шабуылшы», М. Орынбаев «Үздік қорғаушы», Ә.Қожа «Үздік қақпашы» номинациаларымен марапатталды.

Тойдың болғанынан боладысы қызық. Халық мақалы. Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Елбасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық аясында ұлттық компанияға зор жауапкершілік артылатынына назар аударды. Қазақстан Президенті

қойылған міндеттердің ауқымдылығын айта келіп, оларды дер кезінде және сапалы жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. А.Есімов алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

ШУ МЕН ҰЛЫТАУДЫҢ АРАСЫН... 68 ЖАСАР МАРАТ БАЛТАБАЕВ БАСТАҒАН ЖЕЛАЯҚТАР 1500 ШАҚЫРЫМДЫ ЖҮГІРІП ӨТЕДІ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ҚАРСАҢЫНДА ТАРИХИ ТАРАЗ ШАҺАРЫНДА ТАҒЫ БІР НЫСАН – АВТОБЕКЕТ АЙРЫҚША РЕҢККЕ ИЕ БОЛЫП, АБАТТАНА ТҮСУДЕ. МҰНДАҒЫ КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНА СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ 50 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ҚАРАЖАТ БӨЛДІ.

АВТОБЕКЕТ АЙРЫҚША АБАТТАНАДЫ

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ АЛМАТЫ МАРАФОНШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ЖҮЗЕГЕ АСҚАН «ШУ-ҰЛЫТАУ» МАРАФОНЫ ӨТКЕН СЕНБІДЕ ШУ ҚАЛАСЫНАН БАСТАУ АЛДЫ. ШУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРЖАН ӨМІРӘЛИЕВ КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК ХАН КӨТЕРГЕН КӨК ТУДЫҢ КӨШІРМЕСІН АЛМАТЫ МАРАФОНШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ БАСШЫСЫНА ТАБЫСТАП, СӘТ-САПАР ТІЛЕДІ. МАРАФОНШЫЛАРДЫҢ МАҚСАТЫ – СОЛ ТУДЫ ӨЗДЕРІ МЕЖЕЛЕГЕН ШАҚЫРЫМДАРДЫ ЖҮГІРІП ӨТКЕН СОҢ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МҰРАЖАЙЫНА ТАБЫС ЕТУ.

(ЖАЛҒАСЫ 8-БЕТТЕ).

БҰЛ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СЫЙЛЫҒЫ

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына! Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, XXХІХ-сессиясы 2015 жылдың 21 тамызында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) сағат 11.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. Жамбыл облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі. 2. «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №33-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 3. Шу қаласын 2016-2020 жылдары дамытудың кешенді жоспарын бекіту туралы. 4. «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидалары туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №17-8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 5. «Бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, экология, табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясын құру және оның төрағасын сайлау туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 20 қаңтардағы №1-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 6. «Жеке және заңды тұлғаларға адам мен жануарлардың денсаулығына ерекше қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу бойынша арнайы комиссия құру туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы №25-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 7. «Азық-түлік» тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы және сапалы қалыптастыру мен пайдалану қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылдың 12 қарашасындағы №8-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 8. «Жамбыл облысында ұн, нан және мал шаруашылығына кебек өндіретін кәсіпорындарды анықтау бойынша үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылдың 27 наурызындағы №22-44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 9. «Мал шаруашылығын субсидиялау мәселелері жөніндегі облыстық комиссия туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылдың 26 наурызындағы №35-17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. * * * Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) 2015 жылдың 21 тамызында сағат 10.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2015 жылдың 21 тамыз күні сағат 09.30да басталады. Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.ҚАРАШОЛАҚОВ.

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

Біраз уақыт бұрын басталған шаруаны мердігер компания байзақтық «Бурыл-Бетон» ж ау а п к е р ш і л і г і ш е к т е у л і серіктестігі жүргізуде. Құрылыс басына барғанымызда еңбекке тартылған 25 адамның тынымсыз тер төгіп жатқанын көрдік. Жұмысшылардың орташа айлық табысы – 80-90 мың теңге көлемінде екен. Автобекет маңында жобаға сәйес субұрқақ салынады. Күніне мыңдаған жолаушы сапарға шығатын нысанның айналасы гүлдермен көмкеріліп, жасыл төсеніштер төселеді. Жағалай жарық шамдар қойылады. – Автобекет – мыңдаған жолаушылардың аялдайтын орны. Сондықтан, мұндағы абаттандыру ерекше үлгіде болуы тиіс. Сол жағына баса ден қойдық. Субұрқақтан су атқылап, түрлі гүлдер төңіректі сәнге бөлегенде, келушілердің көңілдері де көтерілетіні белгілі. Жұмысқа 5-6 техника жұмылдырылған. Жұмысымыз кестеге сай жүргізіліп жатыр, – дейді «Бурыл-Бетон» ЖШС-ның аға прорабы Христафор Врасиди. Тараз қаласы. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ТАРИХТЫ ТАНЫТПАЙ, ТУРИЗМ ДАМЫМАЙДЫ Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың шикізаттық емес секторын дамыту және басым салалар негізінде оның бәсекеге қабілетті кластерлік үлгісін қалыптастыру қажеттілігін атап өткені мәлім. Солардың қатарында туризм саласы да бар екенін ескергеніміз ләзім. Облысымызда бұл саланы дамыту Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған шаралармен бірге жүзеге асуда. Кейінгі жылдары облысымызда туризм саласы бойынша бірқатар ілгерілеу байқалады. Бұл туралы облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың

төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде жан-жақты қаузалды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасаған облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалдыинновациялық дамыту басқармасының басшысы Алмас Мәдиев алдымен атқарылып жатқан жұмыстардың барысын айтты. – Статистикалық зерттеу қорытындысына сүйенетін болсақ, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда қызмет көрсетілген келушілердің саны 8,7 пайызға артып, туризм саласында қызмет көрсететін нысандардың саны да біршама өскен. Орналастыру орындары қызметінің көлемі де өткен жылдың аталмыш екі айының қорытындысымен салыстырғанда 38,5 пайызға артқанын аңғарамыз.

Өңірімізге келушілер сапарының басым көпшілігі, яғни 52,9 пайызы жеке мақсаттармен саяхаттаушылардан болып отыр. Келушілерді орналастырумен шұғылданатын 96 орналастыру орны бар. Олар арқылы 21480 адамға қызмет көрсетіліп, 187,7 миллион теңгенің қызметі ұсынылған, – деді Алмас Өскенбайұлы. Сондай-ақ, ол көрсетілген 96 қонақ үйдің басым көпшілігінің сервистік қызмет көрсету деңгейі салыстырмалы түрде төмен деңгейде екенін тілге тиек етті. Олардың ішінде 10-15 қонақ үйге жоғары, 25-30 қонақ үйге ортадан жоғары деп баға берсек, қалғандары қанағаттанарлық деген бағаға ғана лайық болып отыр. (Жалғасы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
18 тамыз пдф 2015 ж by akjolgazet - Issuu