18 караша пдф

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм Шу ауданы

Талас ауданы

Жамбыл облысты о амды саяси газет

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса Жуалы ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

l ТАРАЗ

№159 (18016), Сейсенбі, 18 араша, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

ПРЕЗИДЕНТ

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

ТӨРТІНШІ ТОҚСАН

ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ЖАҢА ҚАЛАШЫҒЫН РЕСМИ ТҮРДЕ АШТЫ

ЖЕТІСТІККЕ ТОЛЫ БОЛМАҚ «KEGOC» АҚ 25 999 9 999 ҚАРАПАЙЫМ АКЦИЯЛАРЫН НАРЫҚҚА ШЫҒАРДЫ «KEGOC» АҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ «ХАЛЫҚТЫҚ IPO»-ҒА ШЫҒУҒА АРНАЛҒАН РОУДШОУ ШЕҢБЕРІНДЕ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МАРС ҮРКІМБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАСТАР САРАЙЫНДА ПОТЕНЦИАЛДЫ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ. ОҒАН ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БЕКБОЛАТ ОРЫНБЕКОВ, «KEGOC» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ ЖАҢАБАЙ БЕКСАРЫ ЖӘНЕ ОСЫ КОМПАНИЯНЫҢ ФИЛИАЛДАРМЕН ЖӘНЕ ЕБҰМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ МҰХТАР БЕКЕНОВ ҚАТЫСЫП, ОЛАР ӨЗ ХАБАРЛАМАЛАРЫНДА КӨПТЕГЕН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАР БЕРІП ӨТТІ. ЕЛІМІЗДІҢ ЭНЕРГЕТИКА НАРЫҒЫНДА 18 ЖЫЛДАН БЕРІ КЕЛЕ ЖАТҚАН «KEGOC» АҚ БҰЛ ЖОБАҒА 25 999 999 ҚАРАПАЙЫМ АКЦИЯСЫН САТЫЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ. ӘР АКЦИЯНЫҢ БАҒАСЫ 505 ТЕҢГЕГЕ БАҒАЛАНЫПТЫ.

Мемлекет басшысы Ұлттық ұланның елордадағы жаңа үлгідегі қалашығын ашу сәтінде құрылымның жеке құрамына айбын мен даңқтың символы – әскери туды тапсырды. Президент: «Мұнда әскери қызметшілердің отбасымен тұруына, қызмет атқаруына, әскери дайындығын шыңдауға барлық жағдай жасалған. Осының бәрі мемлекеттің қамқорлығын к$рсетеді. Сіздердің міндеттеріңіз – елдегі татулық пен тыныштықты сақтау, Қазақстан азаматтары құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету, қылмыспен күрес жүргізу. Республиканың Қарулы күштерінің бір б$лігі болғандықтан, сіздер сондай-ақ тәуелсіз елді қорғауға, шекарасының бүтіндігін қамтамасыз етуге дайын болуға тиіссіздер. Мемлекеттің қамқорлығына сіздер лайықты ерен еңбекпен және жоғары машықпен жауап беретіндеріңізге сенімдімін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев әскери қызметшілер мен офицерлерді әскери қалашықтың ашылуымен тағы да құттықтап, оларға табыс пен мықты денсаулық тіледі. Президентке әскери қалашықты аралап к$ру барысында айрықша айырым белгісі – «Бедерлі берет» және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағының т$сбелгісі тапсырылды. Жаңа әскери қалашықта жалпы алаңы 64 мың шаршы метр болатын 53 ғимарат пен құрылыс бір мезгілде пайдалануға берілді. 0скери қалашықтың инфрақұрылымы жеке құрамның жауынгерлік шеберлігін жетілдіруге, жедел бригаданың жауынгерлік дайындығын шыңдауға, Астана қаласындағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін сақтау ж$ніндегі күнделікті тапсырманы сапалы орындауға мүмкіндік береді. Қалашықтың аумағында штаб пен үш казарма ғимаратынан б$лек, авток$лік паркі, түрлі залдары мен мультимедиялық атыс тирі бар спорт кешені, стадион, спорт және оқу қалашықтары, мәдени-сауық орталығы, заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған лазарет бар. Офицерлер мен келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін отбасылы әскери қызметшілер үшін 104 пәтерлі тұрғын үй салынған.

(ЖАЛҒАСЫ 4-БЕТТЕ).

ҚАРАЛҒАН ҚАРЖЫ ТОЛЫҚ ИГЕРІЛУІ ТИІС

Ер жігіт елінің ұлы, Намысының құлы.

Облыс әкімі Кәрім К кірекбаевтың т рағалығымен ткен облыс әкімі аппаратының кеңесі басшылық қызметке жаңадан тағайындалған азаматтарды таныстырудан басталды. Кәрім Нәсбекұлы Асқар Тынысбековтің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, Шамсат Исабековтің «Тараз» &КК» басқарма т рағасы болып тағайындалғандарын айтып, басшы азаматтардың мір жолдарымен таныстырды. Сондай-ақ, Серғали Айдапкеловтің облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болғанын жеткізді. Одан әрі аппарат кеңесінің күн тәртібіне шығарылған «Облыс бюджетінің 2014 жылдың қаңтар-қазан айларында атқарылуы туралы» облыс әкімдігінің қаржы

Халық мақалы.

басқармасының басшысы Асқар Қырықбаев хабарлама жасады. Басқарма басшысы облыс бюджетінің 2014 жылдың 1 қарашасына орындалуы кірістер бойынша 173 миллиард 519,7 миллион теңгеге жоспарланғанын, алайда 172 миллиард 554,8 миллион теңге сомасында қамтамасыз етілгенін, бұл к рсеткіш 99,4 пайызды құрайтынын атап к рсетті. Облыс бюджетіне бүгінгі күнге дейін бюджетке меншікті кірістер бойынша 29 миллиард 441,3 миллион теңге жоспарланып, 28 миллиард 762,8 миллион теңге сомасында түсімдер түскен. Жоспар 97,7 пайыз орындалып, бюджетке 678,6 миллион теңге кем түскен. Облыстың бас қаржыгерінің хабарынша бюджетке түсетін салықтар мен т лем жоспарларының орындалуы Жамбылда – 100,1, Жуалыда – 90,1, Қордайда – 99,9, Т.Рысқұловта – 100,5, Меркіде – 87,2, Мойынқұмда – 103,1, Сарысуда – 106,7,

l МЕРКІ

Жуырда Меркі ауданының Қордай ауданындағы мәдени күндері өткен болатын. Енді қордайлықтар Меркіге келіп қол жеткен жетістіктерін паш етті. Мәдениет үйінің сөресінде көрме ұйымдастырылып, сахнада өнерпаздар тартымды концерт қойды. l ҚОРДАЙ

«Қазпошта» аудандық филиалының бас офисінде «Баспасөзге жазылушылар күніне» орай акция өтті. Оқырмандарға газеттер мен журналдарға жазылудың саяси маңыздылығын түсіндіру көзделген шара барысында жергілікті газеттерге жеңілдікпен жазылым ұйымдастырылды. Акцияға белсенді атсалысқан Ауқатты ауылының тұрғыны Н. Шаронина аудандық пошта торабының басшысы Жамбыл Есенбаевтың қолынан арнайы жүлде алды. l Т. РЫСҚҰЛОВ

Өткен сенбіде аудан орталығы – Құлан ауылында ауылшаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге аудандағы бар ауылдық округтің шаруа қожалықтары белсене қатысты. Ет өнімдерімен қатар көкөністің түр-түрі базар бағасынан арзан саудаланды. Бұл күні 4 миллион теңгенің өнімі өткерілді. l САРЫСУ

Жайылма ауылдық округінде күзгі тазалық айлығы ұйымшылдықпен өтуде. Округ бойынша соңғы аптада өткізілген тазалық жұмысына 13 мекемеден 97 адам қатысқан. Қоқыс қалдықтары тиісті орындарға жеткізілді. Ауыл көшелері толықтай ретке келтірілді. Ауыл тұрғындары бұл игі істен шет қалып отырған жоқ. Олар өз аулаларын тазалап, ауыл мәдениетіне мән беруде.

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

Амангелді 0БІЛ, «Ақ жол».

Ұлттық валюта күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Жамбыл филиалында өткен Ашық есік күнінде мекеме қызметкерлері келушілерге банк қызметі, облыстың қаржы нарығындағы жағдай, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, валюталық реттеу және қадағалау туралы жанжақты түсінік берді. Филиал директорының орынбасары Нұрлан Берікбосынов ісшара мақсатын түсіндіргеннен кейін бейнетаспа арқылы ақшаның тарихы, қолданыстан шыққан және қолданыстағы теңге номиналдары көрсетіліп, олардың мерейтойлық шығарылымдары туралы айтылды. Келушілерді тағы бір қызықтырған бағалы металдардан жасалған монеталар көрмесі болды. Онда алтын мен күмістен жасалған монеталарды сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған.

l ТАЛАС

Байзақта – 107,3, Таласта – 108,8, Шу ауданында – 98,4 және Тараз қаласында 99,3 пайыз қамтамасыз етілген.Облыстық бюджетке жоспардағы кірістер 14 миллиард 116,5 миллион теңге болса, осы соманың 13 миллиард 557,3 миллион теңгесі ғана түскен. Облыс қазынасына 559,2 миллион теңге кем түсіп, жоспар 96 пайызға орындалған. А.Қырықбаев облыс бойынша бюджеттік қаражаттың игерілуіне де кеңінен тоқталып, слайд арқылы баяндап берді. Жоспардағы 176 миллиард 795,1 миллион теңгенің 169 миллиард 634,4 миллион теңгесі ғана игерілген. Бұл-95,9 пайызды құрайды. 7 миллиард 160,7 миллион теңге бюджет қаражаты игерілмей қалды. Дегенмен, ткен жылдың 1 қарашасымен салыстырғанда оң згерісті аңғаруға болады дейді хабарламашы. Былтыр ол 93,1 пайызды құрап, 11 миллиард теңгеден астам қаржы игерілмепті. (Жалғасы 2-бетте).

Дәстүрлі ән орындаудан облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы жас талант Мәулен Нұржанов келешегінен мол үміт күттіреді. Ол Ресейде өткен балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық VI халықаралық «Арт-Соло» конкурсында еліміздің атынан қатысып, «Саз аспаптары жанры» бойынша Гран-при жүлдесін иеленді. l ШУ

«Қамқор локомотив» ЖШС филиалы – Шу локомотив жөндеу зауытының қазандығы толықтай көгілдір отынға көшті. Кәсіпорын аумағындағы жерасты, жерүстіндегі 1000 метрге жуық жылу құбырлары толығымен жаңартылды. Жылына 3984 тонна мазут жағатын кәсіпорын енді бұл қиындықтан құтылды. Осыған орай өткен салтанатты шарада зауыт директоры М. Ақжігітов жұмысшыларды құттықтады.

СҮЙЕР ҰЛЫҢ БОЛСА, СЕН СҮЙ, СҮЙІНЕРГЕ ЖАРАР ОЛ!

ЖАЗЫЛЫМ – 2015 ЖАЗЫ

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

“АҚ ЖОЛҒА”

жазылыңыздар, ағайын! « ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН 1 жылға

6 айға

Индексі

Ауыл тұрғындары үшін

4227.0 теңге

2113.5 теңге

65457

Қала тұрғындары үшін

3768.36 теңге

1884,18 теңге

65457

КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН 1 жылға

6 айға

Индексі

Ауыл

4726.92 теңге

2363.46 теңге

15457

Қала

4268.28 теңге

2134.14 теңге

15457

ң ы д л ы б Жам

ЖАМПОЗЫ

ЖАСҰЛАН ҚЫДЫРБАЕВ ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚАЗАҚ ЗІЛТЕМІРШІЛЕРІНІҢ АРАСЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

СҮЙІНШІ! АУЫР АТЛЕТИКАДАН АЛМАТЫДА ӨТКЕН ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНДЕ ЖАМБЫЛДЫҚ ЗІЛТЕМІРШІ ЖАСҰЛАН ҚЫДЫРБАЕВ ТОП ЖАРДЫ. ИЛЬЯ ИЛЬИННІҢ БҰРЫНҒЫ САЛМАҒЫ САНАЛАТЫН 94 КЕЛІДЕ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ НАМЫСЫН ҚОС БІРДЕЙ ОҒЛАН ҚОРҒАДЫ. БҰРЫННАН ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ ВЛАДИМИР СЕДОВТАН АЛТЫН ЖҮЛДЕ КҮТІП ОТЫРҒАНЫМЫЗДА ӘЛЕМДІ ЖАСҰЛАН ЕСІМДІ ЖАС ПЕРІ СЕЛТ ЕТКІЗДІ. СЕДОВ ЖҰЛҚА КӨТЕРУДЕ ӘЛЕМДІК РЕКОРДТЫ ҚАЙТАЛАП, 188 КЕЛІМЕН ТОП БАСТАП, КІШІ АЛТЫНДЫ ЕНШІСІНЕ ЖАЗҒАН СОҢ, БІЗ ДЕ ВЛАДИМИР СЕДОВТЫҢ ТЕҢДЕССІЗ АТАНАРЫНА СЕНГЕН ЕДІК. ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ДОДАНЫҢ АЛТЫНЫНА ЖАСҰЛАН ҚЫДЫРБАЕВ ТА ТАЛАСАДЫ ДЕГЕНГЕ КӨП АДАМНЫҢ ИЛАНБАҒАНЫ ДА АНЫҚ. ОСЫ ОРАЙДА ЖАСҰЛАН ҚЫДЫРБАЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАНЫН АЙТА КЕТУ КЕРЕК. ОЛ ТУРАЛЫ ОБЛЫС ӘКІМДІГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЖАН ЖОЛДАСБЕКОВКЕ ХАБАРЛАСҚАНЫМЫЗДА ОЛ БІЗДІҢ МӘЛІМЕТІМІЗДІ НАҚТЫЛАЙ ТҮСТІ. «ЖАСҰЛАН 2011 ЖЫЛДАН БЕРІ БІЗДІҢ ӨҢІРДЕ ЖАТТЫҒАДЫ. ОЛ КЕЗДЕ СПОРТ ШЕБЕРЛІГІНЕ ҮМІТКЕР БОЛАТЫН. КЕЙІННЕН СОЛ АТАҚТЫ ҚОРҒАДЫ. ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНЕ ДЕ БІЗДІҢ ОБЛЫСТЫҢ АТЫНАН ҚАТЫСТЫ. БАПКЕРІ МИРАС ҚОЖАХМЕТОВ» ДЕЙДІ ОЛ ӨЗ ОЙЫН САБАҚТАЙ ТҮСІП. (ЖАЛҒАСЫ 8-БЕТТЕ).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.