18 кыркуйек пдф

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №131 (17988), Бейсенбі, 18 қыркүйек, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

Түймекент орта мектебінде әдебиет бірлестігінің ұйытқы болуымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, марқұм Қайыпназар Шотбасовтың шығармашылығына арналған «Қайыпназар қайырымдары» атты тұңғыш көркемсөз оқу шеберлерінің мектепаралық байқауы өтті. Мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, жатқа айтты. Байқаудың бас жүлдесі 9 «а» сыныбының оқушысы Ж. Байтұрсыновқа, бірінші орын 9 «б» сынып оқушысы Г. Бейсенбайға беріліп, қос жүлдегер аудандық байқауға жолдама алды.

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

www. akjolgazet.kz

ПРЕЗИДЕНТ

ӘЛЕУМЕТТІК АХУАЛ НАШАРЛАМАУЫ ТИІС

l БАЙЗАҚ

l ЖАМБЫЛ

ӨҢІР МЕРЕКЕСІН ӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ БАСТАДЫ

Аудандық «Жастар орталығында» аудан әкімдігі ішкі саясат және «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмаған жастардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында кездесу өтті. Онда облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке жасы толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау комиссиясының хатшысы Бақыт Жақсылықова, облыстық «Жастар орталығының» басшысы Е. Әмірбеков, «Отбасылық тәрбиелеу орталығының» Тараз қаласындағы психологы Д. Жамалова, ауданның бас имамы Ғ. Әмірбеков және АІІБ-нің полиция инспекторлары мен мектеп оқушылары қатысып, өз ойларын ортаға салды.

ХАЛЫҚ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒАСУДА

l ЖУАЛЫ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі Ғани Тілеубеков 2 мыңға жуық кітапты жерлестеріне сыйға тартты. Олардың арасында еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың кітаптары, Елбасы туралы қалам тербеген отандық және шетелдік қаламгерлердің тебірене жазған құнды еңбектері бар. Өзгесі көркем шығармалар. Аудан әкімі Б. Құлекеев осынау құнды дүниені аудандық орталықтандырылған кітапхана мен Бауыржан Момышұлы атындағы музейге салтанатты жағдайда тапсырды.

l ҚОРДАЙ Елімізде басталған «Зияткер ұрпақ» жобасы аясында Кенен ауылындағы Е. Қашағанов атындағы №42 орта мектепте өткен осы білім ордасының түлегі, республикаға танымал әнші, тележүргізуші Айгүл Иманбаевамен кездесуге жерлестерімен қатар, көрші Отар ауылдық аймағындағы №41 және №43 орта мектептердің оқушылары да келді. Олар қонаққа көңілде жүрген сұрақтарын қойып, өз өмірі және шығармашылығы туралы бүкпесіз әңгімесін тыңдады.

Елбасы Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдады. К.Мәсімов Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы барысы, Үкімет жұмысы мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Қазақстан Президенті Ресей, Қытай және басқа елдердің басшыларымен Душанбеде өткен келіссөздер нәтижесінде экономикалық қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілгенін айтты. – Әлемдік нарықта біздің негізгі шикізатымыз – мұнай мен газ бағасының төмендеуі байқалуда. Металлургиялық өнеркәсіпте, мұнай өндіруде және кейбір өнімдердің экспортында құлдырау бар, сондай-ақ, таяу көршілерімізбен арада сауда төмендеген. Мұның бәрі әлемдік экономикалық үдерістердің ықпалына байланысты. Соған қарамастан біз экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне жол бермей, биылғы жылды тиісті деңгейде аяқтауға тиіспіз. Келесі жылдың бюджетін Қазақстанның барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатындай етіп түзуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев қандай жағдайда болса да, халықтың әлеуметтік ахуалы нашарламауы тиістігіне назар аударды. – Мемлекеттің зейнетақы, еңбекақы, сыйақы бойынша барлық төлемдері біз белгілеген деңгейде қалуы керек. Бұл оңай міндет емес, бірақ ол шешілуі тиіс, – деді Елбасы. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметтің әлемдік нарықтардың тиісті даму бағыттарына және ықтимал дағдарыс жағдайларына лайықталған әртүрлі сценарийлері болғаны жөн екенін айтты. – Барлық сценарийлер біздің қандай жағдайда не істеуіміз керектігі жөніндегі есептермен және нақты жоспарлармен бекітілген болуға тиіс. Біз дағдарысқа қарсы тиімді жоспарды іске асырып, 2007-2009 жылдардағы дағдарысты өткердік. Әлемдік тәжірибемен қатар сол тәжірибені де ескеру керек. Біздер индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында іске қосқан нысандардың барлығы толық қуатында жұмыс істеуі қажет, шағын және орта бизнес бюджеттің толығуы және жұмыс орындары жөніндегі өз жауапкершілігін сезінуі керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Өз кезегінде К.Мәсімов жағдайдың түрлі сценарийде өрбуінің алдын алу үшін Үкіметте Ұлттық банкпен және облыс әкімдерімен бірлескен арнайы жұмыс тобы құрылғанын айтты. – Осы жылы барлық әлеуметтік міндеттер толықтай орындалады. 2015 жылдың бюджеті де қалыпты жүзеге асатындай болып жасақталды. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, жағдайға әрекет етудің түрлі сценарийлері әзірленетін болады. Сізді сыртқы нарықта қандай жағдай болса да, еліміздегі ахуал нашарламайтындығына сендіргім келеді, – деді Премьер-Министр. * * * Мемлекет басшысы Бас прокурор Асхат Дауылбаевты да қабылдады. Кездесу барысында А.Дауылбаев елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, Мемлекет басшысының азаматтар құқықтары мен бостандықтарын, кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады. Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесінде таяуда болған өзгерістердің маңыздылығына тоқтала келіп, олар елдегі қылмыстылықтың азаюына септігін тигізетінін айтты. – Бүгінде тіркелетін қылмыстар саны артты, бұл жалпы қылмыстық ахуалды байыптауға оң әсерін тигізді. Барлық, тіпті ұсақ құқық бұзушылық та тіркелуге тиіс. Бұл жазадан құтылмау қағидатын іске асыруға мүмкіндік береді. Жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процестік кодекстер осы жұмысты күшейтуге бағытталған. Сонымен бірге міндетті түрде бостандығынан айырмай, айып салу секілді жазаның қаржылық түрлеріне ден қойған жөн. Осының бәрі қылмыстылық деңгейін төмендетуге және азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бас прокурор құқық қорғау органдарында азаматтар арыздарының 93 пайызы үш күндік мерзім ішінде қарала бастағанын айтты. Сонымен қатар, барлық қылмыстарды 100 пайыз тіркеу қамтамасыз етілген. Елдегі жалпы қылмыс деңгейі 5,7 пайызға төмендеді, бұл ретте аса ауыр қылмыстар саны 21 пайызға, ауыр қылмыстар 22 пайызға азайған. Бұдан бөлек, Бас прокурор бюджетті толықтыру және пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында қолданылып жатқан шаралар турасында әңгімеледі. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы заңдылық пен құқықтық тәртіпті бұдан әрі нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдікті күшейтуге, мемлекет пен қоғам мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берді.

l МОЙЫНҚҰМ

Гүлжан РАХМАН, «Ақ жол». Жамбыл облысының 75 жылдығына арналған халықтық театрлардың облыстық «Театр kz» фестивалі жалғасын табуда. Әр ауданнан түрлі жанрда спектакльдер әкелген өнер ұжымдарының додасын облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков тамашалап, аймақтардан келген өнерпаздарға ақ жол тіледі. – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев

зиялы қауымға арнаған үндеуінде: «Құрметті мәдениет қайраткерлері! Бүгінде мемлекет алдында, халық алдында қыруар міндеттер тұр. Бұл – ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеті. Әлем бір орнында тұрмайды. Тіпті, өзіміз қол жеткізген ұстанымдарды ұстап тұрғымыз келсе де, үнемі алға қарай қозғалуымыз қажет. Біз алдымызға әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына кіру міндетін қойдық. Өнер мен әдебиет – халықтың жаны. Төл мәдениетпен тәрбиеленген адам қашанда рухы биік, туған жерін, халқын сүйетін болады»

Өзім білем деген жігіттің, Басына ойран салғаны. Көп біледі деген жігіттің, Еліне қорған болғаны.

МЕРКІДЕН... БАХРЕЙНГЕ «ҚАЗАГРО» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕТ ЭКСПОРТТАУШЫЛАРЫНА ЖАҢА БАҒЫТ АШТЫ

МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

«АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ БАУЫРЫМ ДЕП» Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, «Ақ жол».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен қыркүйек айының үшінші жексенбісі «Қазақстан халқы тілдерінің күні» болып бекітілгені мәлім. Мерейлі мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шаралар легі алдымен «Тіл – татулық тірегі» атты жастар форумымен ашылды. Форумның ашылу салтанатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков кіріспе сөз сөйледі. «Қазақстан халқы тілдерінің күні» мерекесі аясында ұйымдастырылып отырған бұл шара – сан ғасырлар бойы қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен 140-тан астам этностардың ынтымағын одан әрі нығайтып, арман-тілегін бір арнаға тоғыстыратын мереке. Қазақ елі қазіргі таңда қабырғасы қатайған, пікіріне халықаралық қоғамдастық өкілдері құлақ асатын беделді елге айналды. Бұл ретте Елбасының сарабдал саясатымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамды біріктіріп, елімізде мекендеген ұлттар мен ұлыстардың арасында азаматтық татулық пен қоғамдық келісімнің сақталуына негіз қалап келеді» деп сөзін бастаған Бекболат Серікбекұлы одан әрі мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдеріне ризашылығын білдірді.

(Жалғасы 2-бетте).

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі қазақстандық мал шаруашылықтары үшін экспорттың жаңа бағытына жол ашты. Мысалы, биыл облыс шаруашылықтары қой еттерінің алғашқы партиясын Бахрейн Корольдігіне жібере бастайды. Сондай-ақ, етті Иран мен Қытайға экспорттаудың мәселелері де шешілуде. Тарқатып айтсақ, «ҚазАгро» холдингінің құрамындағы «ҚазАгроӨнім» АҚ еншілес компаниясы мен оның серіктес-экспортшы компаниясы «Empire Group Corporation» ЖШСның шақыруымен Бахрейн мал шаруашылығы м а м а н д а р ы ел і м і з ге кел д і . С а п а р д ы ң мақсаты – республиканың ветеринарлық жағдайын зерттеу және мемлекетіміздің қой шаруашылықтары мен етті қайта өңдеу кәсіпорындарының «Халал» стандарттарына

ТӨЛ БАСЫЛЫМ ТӨРІҢНЕН ТАБЫЛСЫН, ОҚЫРМАН! ЖАЗЫЛЫМ – 2015

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында Жаңатас қаласында 3 миллиард теңгеге су құбыры желілерін жаңарту жүргізіліп жатса, 1,6 миллиард теңгеге кәріз жүйесі ауыстырылуда. Жыл соңына дейін жұмыс толық аяқталады. 2,7 миллиард теңгеге шайынды суды тазарту имаратын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, аудан орталығын абаттандыру үшін 335,8 миллион теңге бөлініп, жұмыс жүргізілуде.

АГРОӨНЕРКӘСІП: БАРЫС-КЕЛІС, АЛЫС-БЕРІС

ОҚЫРМАН ЖӘНЕ ГАЗЕТ

Әңгіменің ашығын айту керек, облыстық «Ақ жол» газеті соңғы уақыттарда безендірілу ерекшелігі ғана емес, мазмұны жағынан да түрленіп шыға келді. Өңірдің бас басылымы болған соң аймақта атқарылып жатқан сан салалы жұмыстармен қатар ойды қозғайтын, рухани серпіліс сыйлайтын тұшымды дүниелер күтетініміз рас. «Ақ жол» бұл тұрғыдан келгенде озды. «Пырақ», «Оқырман отауы», «Шөкеңнің шошаласы» арнайы беттерін сүйсінбей оқу мүмкін емес. Айына бір рет тұрақты шығып келе жатқан «Тылсым дүние» қосымшасы да елді елең еткізді. Біздің ең басты құндылығымыз – егемендігіміз. Тәуелсіздік – қазақтың басына ауып қонбаған, тауып қонған бақ. Сондықтан да оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Еңселі елдігімізді, Отанымыздағы орныққан ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімді кеңінен ашып көрсетудегі «Ақ жолдың» атқарып жатқан істері орасан. Әлеуметтік желілерде «Қазақстан Ресейдің губерниясы болу керек» деп көкіп жүрген, өзін «тараздықпын» деп таныстыратын Ермек Тайчибеков туралы «Тойып секірген

l САРЫСУ

Халық мақалы.

«Ақ жол-Ақпарат».

Жандар КӘРІБАЕВ, саясаттанушы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы.

деген болатын. Демек, өнерге де бәсекеге қабілеттілік қажет. 79 жылдық тарихы бар облыстық қазақ театры облыс өнерінің қара шаңырағы болып саналады. Бүгін осы қара шаңырағымызда үлкен өнер бәйгесі өтуде. Үш күн бойы халықтық театрлардың өнер сүйер қауымға қойылымдар ұсынуы әртістердің шеберлігін насихаттап, халықтық театрлардың бір-бірімен бәсеке алмасуын жетілдіретін игі қадам, – деді. (Жалғасы 6-бетте).

Аудан орталығындағы Амангелді көшесінің бойынан мойынқұмдық жеке кәсіпкер Сиязбай Сағымбаев жаңа қымызхана ашты. Қымызхана құрылысы соңғы үлгімен соғылған, іші-сырты ерекше көз тартады. Онда қымызбен бірге басқа да ас-ауқаттың бірнеше түрлері дайындалады.

Тайчибеков қашанғы тайраңдайды?», «Тайчибековке тұсау жоқ па?» деген тақырыптармен шыққан мақалалар осы сөзіміздің бір ғана дәлелі. Идеология деген осы! Конституциямен қорғалған біздің төл Тәуелсіздігімізге қол сұғуға ешкімнің қақысы жоқ. Басылым осы мәселені батыл қозғаған. Сонымен қатар «Ақ жолдың» «Ел және Елбасы» айдарымен бере бастаған дүниелері де көңілден шықты. Тағы бір аңғарғаным, басылым бетінде шалғай ауылдардың, мысалы Жайлаукөл, Қамқалы, Шығанақ елді мекендерінің өмірі, ауылшаруашылығындағы ауқымды тірліктер кеңінен қамтылуда. Шешімін күткен әлеуметтік мәселелері де көтерілуде. Өйткені, ауылшаруашылығы – ең негізгі сала. Қазақтың кіндігі байланған ауылды ұмытпау керек. Осыны ескерген басылым басшылығының облыстың ең шалғай деген ауылдарының тынысын танытатын мақалалар беруге ден қойғаны байқалады. Соңғы бір ай бедерінде газет тілшілерінің іссапардан жазған «Мойынқұмда ауылым», «Шаруаң қалай, шалғай ауыл?» атты мақалаларын сүйсіне оқып шықтым. Осындай дүниелер басылым мен оқырманның арасын жақындастырып, байланысын арттыра түседі. Міне, сондықтан да болар өз басым «Ақ жолдың» әр санын асыға күтетін болдым. Төл басылым сенің де төріңнен табылсын, оқырман!

сәйкестігін сараптау. Бахрейн Корольдігі азық-түлік және аграрлық сала комитетінің төрағасы Халед Әли Рашид Аламин бастап келген делегацияда мемлекеттік ветеринарлық қызметтің, карантиндік қауіпсіздік, логистика және бизнес қызметтерінің өкілдері де бар. Іссапар барысында Бахрейн мамандары облысымыздағы бірқатар мал шаруашылықтары мен ет комбинаттарын аралап, онда қойларды бағу, ветеринарлық қауіпсіздік, инфрақұрылым жағдайымен, малды сою және етін сақтау ережелерімен танысты. 2020 жылға дейін қой шаруашылығы

саласын дамыту жоспары шеңберінде қой етінің экспорттық әлеуетін жүзеге асыру үшін «ҚазАгроӨнім» АҚ өткен жылдан бері қой етін экспорттауды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды іске асырып келеді. Компания мамандарының пікірінше, «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің көмегімен ашылып жатқан жаңа сату нарықтарының пайда болуы отандық шаруашылықтар мен қайта өндірушілердің жұмыс қуаттылықтарын күшейтуге ынталандырады. Бахрейн мамандары Меркі ауданындағы «Племзавод «Меркі» АҚ шаруашылықтардың жайылымдықтарын аралап, өрістегі малдың жай-күйімен танысты. Сонымен қатар, делегация мүшелері «Мeat & Product Service» ЖШС және «Меркі-ет» ЖШС ет комбинаттарының мал сою орындарының жұмысымен және мүмкіндіктерімен танысты. Бахрейн мамандары ұсынылған мал бастарының қоңдылығын жоғары деп бағалап, өңірдегі малды бағу мен азықтандыру жағдайының экологиялық тұрғыдан мінсіздігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, қазақстандық қой етінің дәмі мен жұғымдылық қасиеттеріне жоғары баға берді. Малды союға байланысты ережелер мен шарттар бойынша ескертпелерін де айтты. Қазақстандық тарап ескертпелерді орынды деп тауып, оны жақын арада талапқа сәйкестендіруге міндеттенді. Барлық қажетті шаралар дайын болғаннан кейін Меркі қойының етін Бахрейнге жеткізу тірі салмақта жүзеге асырылады. Одан соң тоңазытылған түрінде жөнелтіле бастайды. Меркі ауданы.

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті XXІХ сессиясы 2014 жылдың 25 қыркүйегінде облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. Облыс аумағында орын алған төтенше жағдайлар, онымен күрес және алдын алу жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы; 2. Жамбыл облыстық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс және әйелдер істері мен отбасы-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі; 3. Әртүрлі мәселелер. * * * Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында (3-қабат) 2014 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 11.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2014 жылғы 25 қыркүйек күні сағат 14.00-де басталады. Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
18 кыркуйек пдф by akjolgazet - Issuu