ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №92 (17949), Бейсенбі, 19 маусым, 2014 жыл
Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы еліміздегі негізгі қоғамдық күш екеніне, оның жұмысының бір бағыты мемлекеттік саясатты түсіндіру болып саналатынына тоқталды. – Өңірлерде жұмыс істейтін партиялықтар жүргізіліп жатқан жұмысты халыққа жеткізуі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысын бақылауы тиіс. Партия беделі өте жоғары деңгейде сақталып, абыройы мұнтаздай болуы тиіс, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламаларды, әсіресе индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. – Шетелдік инвесторлар кеңесінің өткен отырысы кәсіпкерліктің мүдделілігі жоғары екенін көрсетті. Мен елдегі бизнестік ахуалды жетілдіру жөніндегі жаңа міндеттерді жарияладым. Барлық жерде шағын және орта бизнесті қолдап, тұрғындардың бизнес-жобалар әзірлеуіне, несиелеу көздерін тауып, салықтық және басқа да преференциялар туралы білуіне көмектесу керек. Шағын және орта кәсіпорындарды дамыту көптеген жұмыс орындарын қамтамасыз етеді, партияның осы мәселені өз қолына алғаны жөн, – деді Мемлекет басшысы. «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары өз кезегінде тұрғындармен кері байланысты қамтамасыз ету жұмыстары жолға қойылғаны туралы мәлімдеді. – Өткен жылдың қорытындысы бойынша партияның қоғамдық қабылдауына 800 мың адам келді. 39 мың арыз мемлекеттік органдардың қарауына жолданды. Партиялық бақылау мен орталық және жергілікті атқарушы органдармен іс-қимылды күшейту жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс жүргізілуде. Соңғы алты айда осы санаттағы 4000 адам жұмысқа орналастырылды, – деді Б.Байбек. Бұдан бөлек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Үкімет қызметінің нәтижелерін түсіндіру, «Қазақстан-2050» Стратегиясын, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық интеграцияны жүзеге асыру аясындағы жұмыс жөнінде хабарлады. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы, партия Көшбасшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру, халықпен тікелей өзара іс-қимыл аясын кеңейту, партияның өзін-өзі жан-жақты қамтамасыз етуі және оның алдына қойылған өзге де міндеттерді орындауы жөніндегі жұмысты одан әрі күшейтуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Көреген басшы елді өсіреді, Күшті майдан ерді өсіреді. Халық мақалы. Келіңіздер, көріңіздер!
КЕНЕН ТОЙЫ ӨТЕДІ Ұлы Жамбылдың өнерін жалғастырған шәкірті, жыршы, ақын, сазгер Кенен Әзірбаевтың туғанына 130 жыл толуына орай 20 маусым күні Қордайдың Кенен ауылында той өтеді. Той К. Әзірбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою, ақынның мемориалдық мұражайымен танысумен басталып, салтанатты жиынға ұласады. Қонақтар К. Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» атты республикалық әншілер конкурстарының лауреаттарының концертін, Қазақ күресінен түйе палуан жарысын тамашалайды.
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ҚАНАТ ҰШСА ҚАТАЯДЫ мектеп бітірушілерге арналған салтанатты кеште облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев түлектерге сәт сапар тіледі
Елбасы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
Б. Байбек кездесу барысында Мемлекет басшысы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыстың және 2050 Стратегиясын түсіндіру мен жүзеге асыру жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.
www. akjolgazet.kz
l ЖАМБЫЛ
Жас тyлек
«НҰР ОТАН» БАСШЫ, ЕЛ ҚОСШЫ
ak-jol-taraz@rambler.ru
МІНЕ, БИЫЛ ДА АЛТЫН ҰЯ – МЕКТЕПТЕР ӨЗ ҚАБЫРҒАСЫНАН БІТІРУШІЛЕРДІҢ ТАҒЫ ДА БІР ЛЕГІН ТҮЛЕТІП ҰШЫРДЫ. ОБЛЫС БОЙЫНША 9349 ОҚУШЫ «ТАРЫДАЙ БОЛЫП» ЕНГЕН БІЛІМҰЯЛАРЫНАН «ТАУДАЙ» БОЛЫП ШЫҚТЫ. ҮЛКЕН ӨМІР СОҚПАҒЫНА ТҮСІП, МАҚСАТ ТАУЫНА БЕТ АЛАР ӨРЕНДЕРДІҢ АЛДАРЫНДА ТОҚСАН ТАРАУ ЖОЛ, ТОЛҒАН МАҚСАТ КҮТІП ТҰР. БҰЛ ҰСТАЗДАР, АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДЕРІ ҮШІН ДЕ ҰМЫТЫЛМАС СӘТ, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒА. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА «ЖАС ТҮЛЕК» АТТЫ МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕР БАЛЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ЖЫЛМА-ЖЫЛҒЫ ЖАРАСЫМДЫ ДӘСТҮРГЕ ДЕ АЙНАЛДЫ. БҰЛ ШАРА КЕШЕ ЕРЕКШЕ СӘНСАЛТАНАТПЕН ӨТТІ.
Аса ауылындағы ескі универмаг ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді. Кәсіпкер Бауыржан Садықов одан тәулік бойы жұмыс істейтін «SN МARKET» сауда орталығын ашты. Онда ауылдың ондаған тұрғыны жұмысқа орналасты. Жаңа сауда орталығында тұрғындардың тұрмысына қажеттіліктің бәрі бар.
l ЖУАЛЫ Көксай каналының ұзындығы 24,5 шақырымды құрайтын жаңа құрылысы аяқталып келеді. Еріген мұздақтардың суын жинайтын құз ішіндегі басты құрылым салынып бітті. 1240 метр темір-бетон құбырдың 1 шақырымы салынып қойылды. Канал секундына 3,5 текше метр су өткізуге лайықталып жасалынуда. Құрылыс 1 шілдеге дейін аяқталады деп күтілуде.
l МОЙЫНҚҰМ Алматы қаласында өткен «Ғұмырдария» VI Халықаралық ән-би байқауына Мойынқұм аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының шәкірттері қатысып, жүлдемен оралды. Мәселен, «Халық әні» үйірмесінің оқушылары Сәбит Жанна мен Айжан ШаҺархан («Бұлбұл дуэті») «вокалды топ» аталымы бойынша 1-орынға ие болса, «мәнерлеп өлең оқу» аталымы бойынша «Көркемсөз оқу» үйірмесінің оқушылары Диана Мұратбай бас жүлдені, Шапағат Міташ 1-орынды жеңіп алды.
l САРЫСУ Өндіріс ауылындағы Мұстафа Әбдіқұлов атындағы орталық саябақ күтімге алынып, абаттандырылу үстінде. Қарағандылық жеке кәсіпкер Шолпан Мұсаева тендерде ұтып алған қаражаты есебінен саябаққа 614 түп сәмбіталдың көшетін әкеліп, отырғызды. Ауылдық округ әкімдігі жас шыбықтарды күтіп баптау жұмысымен айналысуда
l
Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол». Бұл күні орталық «Достық» алаңы да мерекедегідей безендіріліп, жасанып, жайнай түскендей. Жастық рухы мен қуаты, алабұртқан сезім мен арман атшаптырымдай алаңның кенересінен асып төгіліп те жатты. Қуаныш та, жеңіл мұң да, қимастық та аралас сезім шарпуындағы түлектер үшін «Көңілде толқыныс, жүректе мол арман» дейтін әсерлі сәт. Салтанатты кешке бітірушілердің ата-аналары мен ұстаздары, қала жұртшылығының өкілдері де көптеп келіпті. Сахнадан сырлы әуен себездей төгілумен тұр. Биыл қала мектептерін барлығы 2438 оқушы бітіріп отыр. Олардың 1817-і ҰБТ-ға қатысып, 275-і жүзден жоғары балл жинаса, 24-і «Алтын белгі», 14-і үздік аттестат иегерлері атанған. Мектеп бітірушілердің 76-сы республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларына қатысып, 41-і жүлделерге ие болса, 10-ы жеңімпаз атанып, алтын медаль еншілепті. Кешке қатысушылар қатарында, сондай-ақ, облыстық дарынды балаларға арналған мектепинтернаттарының үздік түлектері де бар.
Бұл күнгі мереке қалалық мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының би студиясының тәрбиеленушілері мен қала мектептері оқушыларының «Мектеп вальсін» орындауымен ашылды. Салтанатты кеште өңіріміздің барлық мектеп бітірушілерін айтулы күнге орай құттықтаған облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев өңір мектептерінің материалдықтехникалық базасы жақсаруы, салаға бөлінетін қаржы көлемінің де жылдан-жылға артуы оқушылардың білім көрсеткіштері жақсара түсуіне айтарлықтай септігін тигізіп отырғанына кеңінен тоқтала келе: – Жас достар, мен сіздердің болашақта білікті маман болып облысымыздың өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіремін, – деп түлектердің үлкен өмір жолына басқан қадамдары сәтті болуына шынайы тілектестігін жеткізді. Бұдан әрі іс-шара бірқатар түлектерге «Алтын белгі» тапсырып, сый-құрмет көрсету рәсімімен жалғасты. «Жан достарым», «Балалық шақ», «Мектебім», достық, арман, жарқын болашақ арқау етілген «Қазақстан», жас түлектердің балалық шақтарымен қоштасуы түріндегі вокалды-хореографиялық қойылымдар, «Алтын
белгі» иелерінің «білім сандығын» ашқанда одан шар түріндегі кіл «бестіктердің» ұшып шығуы, «ағаш аяқты» әртістердің қатысуымен лазерлік анимацияның көрсетілуі, бейбітшілік құсы – көгершіндер мен тілек шарларының көкке ұшырылуы, әсіресе, «Лимузин» автокөлігімен жеткізілген бүлдіршіндердің би билеп, жүрекжарды тілектерін жеткізуі айрықша әсерлерімен баурады. Салтанат соңы отшашуларды тамашалауға, концерттік бағдарламаға ұласты. * * * Осы күні Тараз қалалық әкімдігінде «Жас түлек» салтанатты кеші аясында қала әкімі Н. Календеров биыл мектеп бітіргелі отырған дарынды оқушылар, республикалық, халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба жарыстарының, спорт және өнер байқауларының жеңімпаздары және қатысушыларымен кездесті. Қала басшысы түлектерге ризашылық білдіре келе сәт сапар тілеп, олардың алдағы уақытта оқуда, қызметте болсын ұшқан ұя - мектептерінің абыройын еш аласартпайтынына, ұстаздары мен атааналарының сенімдерінен шыға беретіндігіне сенім білдірді. Бітірушілерге қала әкімі тарапынан тиісінше сый-құрмет көрсетілді.
Облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы «Қазақстан Журналистер Одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. Бұрнағы күні өткен өңір журналистері өкілдерінің жалпы жиынында осындай шешім қабылданды. Басқосуда алғаш сөз алған облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жәмилә Бекбосынова «Қазақстан Журналистер Одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының қоғамдағы орны туралы ойын айта келе, оның жетекшілігіне белгілі журналист Көсемәлі Сәттібайұлының кандидатурасын ұсынды. Ұсынысты жиынға қатысқан журналистердің барлығы бірауыздан қолдады. Жиын барысында облыстық «Знамя труда», «Арай», Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газеттерінің директор-бас редакторлары Бекет Момынқұл, Гүлнұр Ембердиева, Эльмира Мырзағали, Болат Бекжанов, «Қазақстан» ұлттық арнасының, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшілері Ғани Қалмахан, Оралхан Дәуіт, тағы да басқа әріптестер сөз алып, жаңа төрағаның қызметіне табыс тіледі. Сонымен қатар ұйымның жұмысын жандандыру мақсатында ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ортақ іске бірге атсалысуға дайын екендіктерін білдірді. Жиналыста, сондай-ақ, «Қазақстан Журналистер Одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасарлары мен басқарма мүшелері де бекітілді. «Ақ жол-Ақпарат».
«ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ
БАЙЛЫҒЫН МОЙЫНДАТҚАН МОЙЫНҚҰМ балығымен де, салығымен де, кенімен де, көркімен де өсе бермек Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА, Лесбек САЙЛАУБЕК, «Ақ жол». Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев бұрнағы күні Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен атбасын бұрып, өлкенің қуатты келешегіне кәміл сенім білдірді. Алдымен өндіріс орындарын аралаған облыс басшысы Кәрім Нәсбекұлы әлеуметтік нысандарға да бас сұғып, аудан активімен кездесті. Сапар барысында алдағы жоспарлар мен күтілетін нәтижелер легі пысықталып, жаңа өндіріс орындарының жұмысына бағдар жасалды. Өндірістің қызу қарқыны бүгінде аудандағы шалғай аймақтарда айқын сезілуде десек, бұл тұста Мыңарал ауылдық округіне ерекше тоқталуға мүмкіндік бар. Балқаш көлін жағалай орналасқан елді мекеннің халқы осы уақытқа дейін балық аулау кәсібін табыс көзіне айналдырып келген. Ал, 2010 жылы мұнда балық өңдеумен айналысатын «Компания Мыңарал» ЖШСның құрылысы басталып, округ аумағында 1990-1965 жылдары аралығында жұмыс істеген өндіріс қайта жанданады. Жобаның құны 600 миллион теңгені құраса, зауыт толық күшіне енген соң жылына 3000 тоннаға жуық өнім алуды жоспарлап отыр. Облыс әкімі бастаған топ ең алдымен осы кәсіпорынға табан тіреп, ондағы құрылыстың аяқталу сатысында екендігіне куә болды.
Биыл қыркүйек айында толық қарқынмен іске кірісуді көздеп отырған өндіріс орны әзірге балық қабылдау, оларды мұздату сияқты жұмыстармен ғана айналысуда. Зауыт директоры Сергей Нидің айтуынша, бүгінде жартылай фабрикат, қылтанақтарынан ажыратылған балық етін дайындау, балық қалдықтарынан ұн жасау және компрестік цехтарының құрылысы аяқталып, тек тазалау құрылғыларының жұмысы аяқталмай тұр екен. Аталмыш цехтардың барлығы іске қосылғаннан кейін зауыт 250 адамды жұмыспен қамтитын болады. Берік мақсаттарға бағыт алған серіктестік алдағы уақытта Балқаш көлінен ауланатын балықтың барлық түрлерін өңдеп, шетелдерге экспорттамақ. Облыс әкімі К. Көкірекбаев зауыттың толыққанды іске қосылуға қаншалықты дайын екендігін сұрап, проблемалық мәселелеріне үңілді. Компанияның осы уақытқа дейінгі шешілмеген бір мәселесі тоқ күшінің төмендігіне байланысты болып келген еді. Алайда, бұл олқылықтың орны толатын күн алыс емес. Себебі, бүгінде 1600 ваттық трансформатор орнатылып жатыр. Зауыт басшысы Сергей Константинович қазіргі күрмеуі қиын проблема компания меншігіндегі балық аулау учаскесінің тапшылығына келіп тірелетінін жеткізді. «Зауыт еш тежеусіз бар қуатымен іске қосылу үшін осы мәселенің түйіні тарқалу қажет», дейді ол. (Жалғасы 2-бетте).
ЕГІН ЕККЕН ЕЛ ТОҚ
А
технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек» деген тапсырмасынан туындағаны айтпаса да түсінікті. Іс-шара тәжірибелік алқапқа орналастырылған масақты дақылдар сұрыптарымен, олардың шығымдылығымен танысудан басталды. Бұл міндетті мойнына алған ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Рақым Оразалиев басқосуға арнайы қатысқан облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевқа масақты дақылдың әр сұрыбының өнімділігі, шығымдылығы, экономикалық тиімділігі туралы жан-жақты баяндап берді. Білгеннің айтқаны – бір төбе, жарты ғасырдан астам ғұмырын осы салаға арнаған ғалым бидай сұрыптарын Қазақстанның әр аймағында өсіру жолдарына кеңінен тоқталды. Әрине, облыс аумағында өсіруге болатын масақты дақылдың күтімі, агротехникалық талаптар мәселесі де ескерусіз
нан таң
қа лған а с е м ес
...КЕЙІН ЖӘНЕ ...ДЕЙІН
Қаттылығы мен қамырлылығы еліміздің солтүстік өңірлерінде өсірілетін бидайдан кем соқпайтын “Қарасай” сұрыбын көптеп егуді қолға алатын кез жетті
Егін шаруашылығында екі күннің бірінде жаңалық жасаса артықтығы жоқ. Өйткені, жер-ананың жемісін жеу үшін оның күтімі, экономикалық тиімділігі, тозбауы басты назарда болуы керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс әкімдігі, «ҚазАгроИнновация» АҚ, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты облыстық филиалы және Қазақ су шаруашылығы ҒЗИ ұйымдастырып, өткізген «Ауыл шаруашылығы өндірісіне-инновациялық технологиялар» тақырыбындағы «Егінжай күні» ғылыми-тәжірибелік семинар-кеңестің мақсаты да сол. Бұл басқосудың Елбасының Қазақстан халқына биылғы Жолдауындағы: «Жаһандық ауылшаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болды. Жермен жұмыс істейтіндер алдымен, жаңа
l
ІСКЕ СӘТ, ЖАҢА ТӨРАҒА!
• СЕМИНАР-КЕҢЕС: ИННОВАЦИЯ ИГІЛІГІ
Болат ЖАППАРҰЛЫ, «Ақ жол».
АУЫС-ТҮЙІС
Елімізде спирттік ішімдіктерді кешкі сағат 21:00-ден кейін және күндізгі сағат 12:00-ге дейін сатуға тыйым салынды
қалған жоқ. – Біз семинар-кеңесте лайықты сипаттама берілген масақты дақылдарды облыстың климаты жағдайына қарай аудандастыруды ойластырамыз, – деді облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев журналистер сұрақтарына қайтарған жауабында. – Қазіргі нарықтық экономика жағдайында дақылдың суармалы, тәлімі, тіпті шөлейтті
аймақтарда өсірілуі, оның агрономиялық сипаттары қатаң ескеріледі. Бүгінгі басқосудың да мақсаты осы. Сондықтан, мамандарымыз өз өңірлерінде бидайдың немесе арпаның қандай сұрыбын өсіруге болатынын ойластыра беруі керек.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев күшті алкогольдік сусындарға қатысты Заңға қол қойды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Заңмен мейрамхана, дәмхана және барларды қоспағанда спирттік ішімдіктерді сату уақыты мен орындарын шектеу мақсатында кешкі 21 сағаттан күндізгі 12 сағатқа дейін жұмыс және демалыс күндеріне қарамастан, күштілігі жоғары спирт ішімдіктерін сатуға тыйым салынады.
(Жалғасы 3-бетте).
«Ақ жол-Ақпарат».