ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №106 (17963), Сенбі, 19 шілде, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
ЕГІН ОРАҒЫ - 2014
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
АҚЖОЛТАЙ ХАБАР
КӨКСАЙ КАНАЛЫНА
СУ ЖІБЕРІЛДІ
КӨКСАЙ ӨҢІРІНДЕ ҮЛКЕН ҚУАНЫШ. БІР ҚАУЫМ ЕЛДІҢ ТІЛЕГІНЕ ОРАЙ ҮКІМЕТТЕН 5,4 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНІП, ӨТКЕН ЖЫЛЫ КҮЗДЕ БАСТАЛҒАН ҚҰРЫЛЫС ТА АЯҚТАЛДЫ. КАНАЛҒА СУ ЖІБЕРІЛДІ.
l ТАРАЗ ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаменті кәсіби мерекелерін атап өтті. Департаменттің мәжіліс залында жеке құрамның қатысуымен салтанатты жиын болды. ҚР ҰҚК облыс бойынша департаментінің бастығы, полковник Н. Кәрібжанов жиналғандарды құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Жедел қызметтерінде оң нәтижеге қол жеткізіп, бастамашылдық пен табандылық көрсеткендер аталған комитет төрағасының, облыс әкімі мен департамент бастығының түрлі марапаттарына ие болды. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
l БАЙЗАҚ Үлгілі ауылының ауылішілік жолдары жөнделіп, тұрғындар қуанышқа кенелді. Әбден тозығы жеткен ұзындығы 3,2 шақырым, ені 6,2 метр келетін жолдың құрылысын «Рауан» серіктестігі атқарып шықты. Жол құрылысына 10-ға жуық техника, 20-дан астам адам қатысты. Бұл үшін 43 миллион теңге қаражат жұмсалды.
l МОЙЫНҚҰМ Күшаман ауылындағы Аманкелді орта мектебінің қазандығы тозып, жылу жүйелері істен шыққан болатын. Биыл бюджеттен бөлінген 41 миллион теңгеге осы істің орайы келетін болды. Қазір «Арқантас» ЖШС қазандық пен жылу жүйелерін қайта конструкциялау жұмыстарын қолға алып, іске кірісті. Құрылысқа ауылдың жұмыссыз жастары тартылады.
l САРЫСУ Жақында халыққа қызмет көрсету нысандары үшін 40 жер телімі аукционға түсті. Мақсаты – оның мейрамхана кешендерін, техникалық қызмет көрсету орталығын салу еді. Алғашқы бағасы небәрі 6-7 миллион теңгеге бағаланған жер телімдері ағылшындық тәсілмен сатылып, ақырында 30 миллион теңгеге бағаланып, ол қаражат жергілікті бюджетке түсетін болды.
l ТАЛАС
ДАЛА ТӨСІ ДҮБІРГЕ ТОЛДЫ БҰЛ КҮНДЕРІ АУДАННЫҢ ЕГІС АЛҚАПТАРЫНДА КҮЗДІК БИДАЙ МЕН ЖАЗДЫҚ АРПАҒА АСТЫҚ КОМБАЙНДАРЫ ТҮСІП, ДАЛА ТӨСІ ДҮБІРГЕ БӨЛЕНУДЕ. БИЫЛ ДИХАНДАР АУДАН БОЙЫНША 11921 ГЕКТАР МАСАҚТЫ ДӘНДІ-ДАҚЫЛДАРДЫҢ, ОНЫҢ ІШІНДЕ 6000 ГЕКТАР КҮЗДІК БИДАЙ МЕН 5921 ГЕКТАР ЖАЗДЫҚ АРПАНЫ ШАШПАЙ-ТӨКПЕЙ ЖИНАП АЛУҒА БЕЛ ШЕШІП КІРІСУДЕ. Шілденің шіліңгір ыстығына қарамай мол өнім жинауға ұмтылған дихандардың алғашқы адымы көңіл қуантарлық. Жиын-терінге жаппай кіріскен орақшылардың көш басында түймекенттік «Түймекент-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Достық-99» және бурылдық «Достық-Ш» шаруа қожалықтары келеді. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің апта басында берген мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күнге аудан шаруалары масақты дәнді-дақылдардың 1450 гектарына (12,5 пайыз) орақ салса, 885 тонна дән бастырып үлгерген. Әзірше ақ егістің түсім өнімділігі 6,1 центнерден айналуда. Аудан бойынша масақты дәнді-дақылдарды жинауға 14 комбайн қатысуда. Әр күні санаулы егін орағының ырғалып-жырғалып жүруді көтермейтіні орақшылар үшін жақсы таныс. Сондықтан әр күні жылға азық болып отырған дихандар еңбек қарқынын арттыра түсіп, бұл жұмысты қайткенде қысқа мерзімде аяқтауға күш салуда.
Байзақ ауданы.
ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН
КҮН ОРАЗА (22-ШІ КҮН) БІР КІСІ АРДАҚТЫ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗҒА (С.Ғ.С.) КЕЛІП: «УА, АЛЛАНЫҢ ЕЛШІСІ! ИСЛАМДАҒЫ ЕҢ ЖАҚСЫ ІСТІ АЙТЫҢЫЗШЫ?», - ДЕДІ. СОНДА МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.Ғ.С.): «ТАМАҚ ЖЕГІЗУІҢ ЖӘНЕ ТАНИТЫНДАРЫҢА ДА, ТАНЫМАЙТЫНДАРЫҢА ДА СӘЛЕМ БЕРУІҢ», – ДЕДІ. ҚАСИЕТТІ ҚҰРАНДА «АДАМ» ДЕП АТАЛАТЫН СҮРЕ БАР. СОЛ СҮРЕДЕ НАҒЫЗ ЖАҚСЫ МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ АҚИРЕТТЕГІ СЫЙЫ БАЯНДАЛАДЫ. АЛ «ИНСАН» СҮРЕСІНІҢ 8-АЯТЫНДА МҮМІНДЕРДІҢ БҰЛ ДҮНИЕДЕГІ БІР МІНЕЗІ БЫЛАЙША СИПАТТАЛАДЫ: «ОЛАР ӨЗДЕРІ ҚАТТЫ ҚАЛАП ТҰРСА ДА, ТАМАҚТАРЫН ПАҚЫР-МІСКІНДЕРГЕ, ЖЕТІМДЕРГЕ ЖӘНЕ ТҰТҚЫНДАРҒА ЖЕГІЗЕДІ». ӨЗГЕГЕ, ӘСІРЕСЕ, ЖЕТІМЖЕСІР, ҒАРІП-МІСКІНДЕРГЕ АЛЛА РАЗЫЛЫҒЫ ҮШІН ТАМАҚ БЕРУДІҢ АҚИРЕТТЕГІ СЫЙЫ ӨТЕ ҮЛКЕН. ӨЙТКЕНІ, ЖҰРТҚА ТАМАҚ БЕРУ – БАУЫРМАШЫЛДЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ. СҮЙІКТІ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.Ғ.С.) ТАҒЫ БІР ХАДИСІНДЕ: «СӘЛЕМДЕСУДІ ЖАЙЫҢДАР, ТАМАҚ БЕРІҢДЕР, АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ СЕНДЕРГЕ БҰЙЫРҒАНЫНДАЙ БАУЫР БОЛЫҢДАР!», – ДЕГЕН. «ҚОНАҚ КҮТЕ АЛМАҒАНДАРДА БЕРЕКЕ ЖОҚ» ДЕГЕН ХАДИС ТЕ БАР. БІР КҮНІ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.Ғ.С.) ТҮЙЕСІ МЕН СИЫРЫ КӨП БАЙДЫҢ ҮЙІНЕ КЕЛЕДІ. БІРАҚ БҰЛ КІСІ МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫ (С.Ғ.С.) ТИІСІНШЕ КҮТІП АЛМАДЫ. АРТЫНША БІРНЕШЕ ҚОЗЫДАН БАСҚА МАЛЫ ЖОҚ БІР ӘЙЕЛДІҢ ҮЙІНЕ КЕЛЕДІ. ОЛ КІСІ ҚОЗЫЛАРЫНЫҢ БІРЕУІН СОЙЫП, ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫ КҮТІП АЛАДЫ. ОСЫНЫҢ БӘРІН БАЙҚАП КЕЛЕ ЖАТҚАН АЛЛА ЕЛШІСІ (С.Ғ.С.): «МЫНА ЕКІ КІСІНІҢ МІНЕЗІНЕ ҚАРАҢДАРШЫ. ӘЛБЕТТЕ, КӨРКЕМ МІНЕЗДІ БЕРЕТІН АЛЛА ҒОЙ. ЖАҚСЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ҚАЛАҒАН ҚҰЛЫНА БЕРЕДІ», - ДЕДІ. ЖАРАТУШЫ ИЕМІЗ АЛЛА ТАҒАЛА ҚИЯМЕТ КҮНІ АЙТАДЫ ЕКЕН: «ӘЙ, АДАМ БАЛАСЫ! МЕН АШ ҚАЛЫП ЕДІМ, СЕН МАҒАН ТАМАҚ БЕРМЕДІҢ ҒОЙ». СОНДА АДАМДАР: «УА, АЛЛА ТАҒАЛАМ! СЕН БҮКІЛ ҒАЛАМДАРДЫҢ РАББЫСЫҢ! САҒАН ҚАЛАЙ ТАМАҚ БЕРУІМІЗ МҮМКІН?» ДЕЙДІ. СОНДА ЖАРАТУШЫ ИЕМІЗ: «ДІНДЕС БАУЫРЫҢ АШ ОТЫРДЫ. СОҒАН ТАМАҚ БЕРГЕНІҢДЕ МАҒАН ТАМАҚ БЕРГЕН БОЛАР ЕДІҢ», – ДЕЙДІ. БҰЛ БӘРІМІЗДІҢ ДЕ БАСЫМЫЗҒА ТҮСУІ МҮМКІН ЖАҒДАЙ. СОНДЫҚТАН ШАМАМЫЗ КЕЛГЕНШЕ, ЖҰРТҚА АС ІШКІЗУГЕ КҮШ-ЖІГЕРІМІЗДІ ЖҰМСАУЫМЫЗ КЕРЕК.
жұмыс жайын ақылдасты. Әзірге каналмен секундына 500 текше метр су ағуда. Кейін канал толық біткеннен кейін судың көлемі секундына 2,5-3,5 мың текше метрге дейін жетпек. – Диқандардың қуанышында шек жоқ. Елбасы мен Үкіметке, сондай-ақ облыс әкіміне алғысымыз шексіз. Жаңа канал шаруа қожалықтарының табысын молайта түсетіні сөзсіз. Біз де картоп алқабын ұлғайтатын боламыз, – дейді «Злиха» шаруа қожалығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Керімқұл Бегалиев. Гүлмира ДЕМБАЕВА. Жуалы ауданы.
БАСПАХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Облыстық «Ақ жол» газетінің директор – Бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы облыс орталығындағы «Сенім» баспаханасында болып, газетті басып шығару процесімен танысты. Баспахананың бас директоры Лаврентий Кан заманауи талапқа сай шведтік «СТР-Kоdаk» және «Solnа» баспа техникасының газет ісіндегі сапалы қызметін сөз етті. Жаңа ғимаратқа орналасқан бұл қондырғылар сағатына 30 мың дана газетті басып шығара алады екен. Бұрынғы баспахана қондырғысының қуаты 14 мың данадан артпайтын. Соның салдарынан газеттің кешеуілдеп басылып шығуы тапсырыс беруші тараптардың орынды ренішін туғызатын. Енді баспахана бұл қиындықтан құтылыпты. Бас редактор К. Сәттібайұлы баспахана директорына баға мәселесін де қозғап, көрші Алматы мен Шымкент қалаларындағы дәл осындай заманауи технологиямен жабдықталған баспаханаларда газеттерді едәуір арзанға бастырып әкелуге болатынын сөз етті. Баспахана директоры Л. Кан баға мәселесінде тараптардың ортақ келісімге келуге болатынын айтты. «Ақ жол-Ақпарат».
Мұхтар МАНЕКЕЕВ, журналист.
ОТЫЗ
Құрылыс облыс және аудан басшыларының тұрақты назарында болды. Онда жұмыс істеген «Адгезия», « Ж і ге р - 2 0 0 4 » , « С ұ ң қ а р » Ж Ш С құрылысшыларының да қарқынды қимылдағанын айту керек. Содан да барлық негізгі жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталып, каналға су жіберілді. Әрине, жол жөндеу, канал төңірегін тазалау сияқты жұмыстар біртіндеп атқарыла бермек. Ең бастысы су мәселесі шешілді. Каналға су жіберу барысын облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың тапсырмасы бойынша оның орынбасары Мұратбай Жолдасбаев пен аудан әкімі Батырбек Құлекеев арнайы барып көріп, құрылысшылармен ендігі атқарылар
Қаратау қаласындағы «Жастар» саябағын одан әрі абаттандыру мақсатында моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 100 миллион теңге бөлінген болатын. Осы жұмысты «Таза қала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алып, кірісіп кетті. Қамқорлықтан шет қалған саябақ енді күтімге алынып, құлпыратын болды.
АУЫЗ БЕКІТКЕН ҚАУЫМҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІП, АУЫЗАШАР БЕРУ – САУАПТЫ ІС. ОСЫ ДӘСТҮРГЕ САЙ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРЖАН КАЛЕНДЕРОВ «БАҚ САРАЙЫ» МЕЙРАМХАНАСЫНДА БЕС ПАРЫЗДЫҢ БІРІН ОРЫНДАУҒА НИЕТ БІЛДІРГЕН, ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНДА ОРАЗА ТҰТҚАН ЖАМАҒАТҚА АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫН ЖАЙДЫ.
ҚАЛА ӘКІМІ АУЫЗАШАР БЕРДІ Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».
Жергілікті билік өкілдері, зиялы қауым, қаладағы 28 мешіттің имамдары мен жамағаты жиылып, Рамазан айының ұлылығын ұлықтады. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының облыстағы өкіл имамы Данияр Жұмабаев отыз күн Оразаның қадір-қасиеті туралы насихат-уағыз айтып, Құран оқыды. Он екі айдың сұлтаны – Рамазан айы Аллаһ Тағаланың мейірім нұры жауатын, сабырлыққа шақыратын кешірім айы екеніне кеңінен тоқталды. Қала әкімі Нұржан Календеров жиылған жамағатты қасиетті аймен құттықтады. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеуқабыл Төребеков ізгі тілегімен бөлісті. Ауызашар дастарханынан соң жұртшылық құптан және тарауих намаздарын оқуға бет алды.
с ой ы О
БАЙСЕРКЕНІҢ БАТАСЫ
Азамат ТАЛАСИ. Байсерке шешен жолаушылап келе жатып бір ауылға ат басын бұрады. Бір ақ үйдің сыртында қырық құлынның байлаулы тұрғанын көріп, сол үйге түспек болады. Бірақ үй иесі Байсерке шешеннің тобымен самарқау сәлемдесіп тұрып: “Жұбайым жолаушылап кетіп, үйде жалғыз отыр ем. Ет аспақ тұрмақ, қымыз құйып беретін адам жоқ” дейді сазарып. Сараң байдың сөзінен көңілі қалған Байсерке атын тебініп кете барады. Осы кезде әңгімені құлағы шалып қалған кедейлеу бір қазақ шешеннің тізгініне жармасып: “Ауыл деген атымыз бар емес пе, менің үйіме жүріңіздер”, – деп, Байсерке бастаған сал-серілерді үйіне қоярда қоймай ертіп әкеледі. Қымызға қанып, кедейдің кең пейіліне де разы болған Байсерке кетерінде «Бес биенің қымызы, бес дуан елге жетсін, қырық биенің қымызы, қыдырымпаз қатынмен кетсін. Әумин! – деп бата беріпті. Аузы дуалы шешеннің батасы туралы гу-гуді естіген сараң бай сал-серілер тобының артынан өкшелей қуады. Бірақ текті топ оның айғайлап шақырғанына қайырылмай жүре береді... Ораза айы аяқталуға жақын қалды. Бірақ өңіріміздегі аттары белгілі байлар мен бағыландардың ауыз бекіткен мүміндерді үлкен дастарханға шақырып, ауызашар бергені туралы ел ішінен жылы сөз естіген жоқпыз. Ауыз бекіткен мұсылманға ауызашар беріп, қал-қадерінше қызмет жасап жатқан сол баяғы облыс әкімі, қала әкімі және аудан әкімдері. Сосын сол баяғы бір айлыққа қарап отырған бюджет қызметкерлері. Осындайда өткен ғасырлардағы Байсеркенің батасы еріксіз еске түседі екен де. Тараз қаласы.
Жақсы - арына құл, Жаман - малына құл. Халық мақалы.
ЖГТУ СТУДЕНТТЕРІНІҢ НАЗАРЫНА! Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиясының қайтарып алынуына байланысты осы жоғары оқу орнының студенттерін 2014 жылғы 20 тамызға дейін М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне немесе Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына ауысуға шақырады.
ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚТЫҢ БАРЫСЫ ҚАНДАЙ?
ЕРТЕ ҚАМДАНҒАН ЕСЕСІН ЖІБЕРМЕЙДІ Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ «Ақ жол». ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДА АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Б.ОРЫНБЕКОВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН САРЫСУ ЖӘНЕ ТАЛАС АУДАНДАРЫНЫҢ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКА КЕШЕНІ, ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК НЫСАНДАРЫНЫҢ 2014-2015 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ӘЗІРЛІГІ ТУРАЛЫ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБТЫҢ ЖЫЛЖЫМАЛЫ КЕҢЕСІ ӨТТІ. ОНДА ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ЭНЕРГЕТИКА, ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ М.ТӨЛЕУЛИЕВ ХАБАРЛАМА ЖАСАДЫ.
Ол өз сөзінде Сарысу ауданында білім саласы бойынша 27 мектеп, 7 балабақша, 6 мектептен тыс мекемелер, оқу өндірістік комбинаты, 3 колледж және 4 спорт мектебінде қазандықтарды жөндеудің өз деңгейінде жүргізіліп жатқандығын баяндай келе, Сарысу орта мектебінің жылыту пешінің санитарлық құрылыс нормаларына сәйкес келмейтінін, пайдалануға жарамсыздығын, сондықтан ол жерге жаңа қазандық салу қажеттігін алға тартты. Сол сияқты аудандағы Жаңа талап орта мектебі мен Жаңатас қаласындағы Абай мектебіне облыстық бюджеттен 130 миллион қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, мектептің қазандығы ішінде қалып, оны қысқа дайындаудың жүргізілмегенін сынға алды. Бұдан бөлек қаладағы көпқабатты 11 тұрғын үйдің инженерлік құбырлары тез арада жөндеуді қажет етеді екен. Жалпы алғанда мәдениет саласының қысқа дайындығы 60 пайыз, денсаулық сақтау саласы бойынша 68 пайызға орындалған. «Жаңатас Су-Жылу» қазынашылық мемлекеттік кәсіпорыны бойынша жылу беру маусымына дайындық бекітілген іс-шаралар бойынша жүргізілген. Дегенмен де бұл мекемеде коммуналдық қызметке дебиторлық қарыз 29997,0 мың теңгеге жеткен. Қысқы кезеңге 11620 тонна мазут, 5525 тонна көмір, 228 тонна дизель отынын дайындау қажет. Бұл жұмыс біршама атқарылуда. Талас ауданының қысқы жылу маусымына даярлық барысына келсек, аудандық білім бөліміне қарасты 59 мекемеге қажетті қаражаттар қаралған. Мұның ішінде көмірмен жылытылатын 38 мекемеге 4800 тонна көмір алуға 46500 мың теңге, дизельдік отынмен жылытылатын 4 мекемеге 13500,0 мың теңге қаралыпты. Сонымен қатар, 8 мекеменің қазандықтарын газдандыруға жобалық құжат дайындалып, құжаттар аудан әкімдігінің құрылыс бөліміне тапсырылған. Аудан бюджетінен бөлінген 14646,0 мың теңге қаржыға мектеп ғимаратының сыныптарына, жылу жүйелеріне, шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бір сөзбен айтқанда, мектептердің қысқы әзірлігіне аз қаражат бөлініп отырған жоқ. Соған қарамастан С. Шәкіров ауылындағы Ш. Смаханұлы атындағы орта мектеп, Ойық ауылындағы Д. Қонаев атындағы орта мектеп, Алғабас және Көктал ауылдарындағы орта мектептердің ғимараттары көмірмен жағылатын
тұрмыстық пештермен жылытылады. Пештердің жылу қуаттылығы өте төмен, әрі санитарлық-құрылыс нормаларына сай емес. Мәжіліс залдары мен дәліздерді жылытуға күші жетпейді. Тіпті, Ойық ауылындағы Қонаев атындағы орта мектептің 3 бөлігі сыртта орнатылған шағын, тозығы жеткен пештермен жылытылып келген. Биыл ғана аталған мектептердің жылу қазандықтарын алмастырып, жылу желілерін жөндеу қажеттігіне негізделген жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға өткізілген. Сонымен қатар Ақкөл ауылындағы орта мектептің қазандығының насосы, Майтөбе ауылындағы А. Дәулетбеков атындағы орта мектепте қазандықтың шатырын жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, суды айдайтын насос жөндеуден өтпеген. Баяндамашы одан әрі Қаратау қаласының қысқа дайындығын жан-жақты сөз етіп, бірқатар жұмыстардың атқарылғанына рет-ретімен тоқталды. Штаб отырысында Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Қ. Әукенов қысқа дайындықтың барысы жөнінде айтып, жіберілген кемшіліктердің таяу арада түзейтіндіктеріне сендірді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбеков ауданның қысқы дайындығына қатысты әлі де атқарылатын жұмыстардың қыруар екендігін баса айтты. – Сарысу ауданы бойынша дебиторлық қарыз 29 миллион теңгеден асып отыр. Әне-міне дегенше қыс та келеді. Қарызды жинап үлгере аласыздар ма? – деді ол. Бұл сауалға Жаңатас қалалық жылыту мекемесінің басшысы Е. Қозыбақов бізде дебиторлық қарыз 8 миллион теңге деп анықтама берді. Облыс басшысының бірінші орынбасары бұл цифрды
дәйектеуді тапсырды. Штаб отырысында ауданның «Жаңғырту» бағдарламасы бойынша көп қабатты тұрғын үйлерді қалпына келтірудің де өз дәрежесінде емес екендігі сөз болды. «Оған қажетті жобалықсметалық құжаттар дайындау жұмысы жеделдетілуі тиіс» деді Бекболат Серікбекұлы. Талас ауданының қысқа дайындығы жөніндегі есеп берген аудан әкімінің орынбасары С.Дадабаев нысандарды жөндеуге тиісті қаражаттардың бөлініп, көптеген жұмыстардың атқарылып жатқандығынан хабардар етіп, үстіміздегі жылы 8 елді мекендегі мемлекеттік әлеуметтік нысандар көгілдір отынмен жылытылатын болады деп сендірді. Отынмен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен жеткілікті қаражат қарастырылған. Оны тасымалдау жұмысы да кестеге сай жүргізілетін болады. Б. Орынбеков өз кезегінде ауданда қысқа дайындық бойынша жұмыстың жүргізіліп жатқандығымен, Қаратау қаласындағы жұмыстың сапасына көңілі толмайтындығын жеткізді. Осы орайда, қаладағы лицейді жөндеу аяқталғанына қарамастан осы күнге дейін қабылдау актісіне қол қойылмай отырғандығын сынға алды. Қаладағы «Игілік» көпсалалы кәсіпорнының басшысы Р.Сейдәлиевке жаңадан қосылуға тиісті қалаішілік жылыту құбырлары құрылысының сапалы жүргізілуін қадағалауды және аудан әкімдігіне көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту бағытында бөлінген қаржының өз мақсатында жұмсалынып, уақытысында игерілуін назарға алуды тапсырды. Штаб отырысында қаралған мәселелер бойынша шешім қабылданды. Тапсырмаларды өз дәрежесінде орындамағандарға қатаң шара қолданылатыны ескертілді. Қаратау қаласы.