ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№143 (18177), Бейсенбі, 19 қараша, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. ОТЫРЫСТА БИЫЛҒЫ 10 АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІКЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ, ИНДУСТРИЯЛЫҚИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, СОНДАЙ-АҚ «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ» АҚ-НЫ ТРАНФОРМАЦИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ.
ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЖАҢА ФОРМАҒА КӨШУІНІҢ МЕЗГІЛІ КЕЛДІ Мемлекет басшысы қалыптасқан экономикалық жағдайда оған бейімделуге және әрі қарай дамуға қажетті мүмкіндіктерді табу маңызды екенін атап өтті. – Бүгінде мемлекеттік шығыстар 1,5 триллион теңгеге қысқарды және ол ауыртпалықсыз жасалды. Бюджеттің кіріс бөлігіндегі қиындықтарға қарамастан, мемлекет тарапынан әлеуметтік кепілдіктер уақтылы орындалуда. Бұл өте
маңызды, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен Парламент «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында бірлескен ауқымды жұмыс атқарғанын, нәтижесінде 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық институционалдық реформаларды жүзеге асырудың заңнамалық негізі қамтамасыз етілетінін айтты. Мемлекет басшысы әлемдік экономика өсімінің баяулауы негізгі
Азығымен жер мүсінді, Еңбегімен ер мүсінді. Халық мақалы.
шикізат тауарларына сұраныс пен бағаның төмендеуі жағдайында, сондайақ теңгенің еркін айналым бағамына көшуге байланысты дағдарысқа қарсы жүйелі және жедел шаралар қабылдау қажеттігі туындайтынына назар аударды. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті дағдарыс өзінің теріс салдарларымен бірге отандық экономиканы қайта құрылымдау үшін, оның бәсекелік қабілетін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер
ТОЙ
Өмірзақ ОЗҒАНБАЙ, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик, республикалық ардагерлер ұйымының төрағасы. Ұлы Дала еліндегі керегесін кең жайған, бүкіл әлемге әйгілі сақ, ғұн, түрік қағанаты секілді іргелі ұлыстардың аталуы әртүрлі болғанымен, солардың бәрінің тегі бір, бүгінгі Қазақ елі. Сол қазақ атауын алған елдің тарихын бүкіл әлемге танытатын, Ұлы Жібек жолы бойындағы көне Тараз қаласында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған ұлы тойдың куәсі болдық. Бұл тарихи той елордамыз Астанадан бастау алып, Жамбыл жерінде жалғасын тапты. Алқалы тойдың негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа бұдан бес жарым ғасыр бұрын шаңырақ көтерген Қазақ хандығының, Еуразияның төсінде дәуірлеген біздің заманымызға дейінгі сақ, үйсін мемлекеттерінің, бертіндегі Ұлы түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің ұлы мұрагері екендігін таныту болатын. Осынау игі іс-шара барысында тасқа қашалып түсірілген тарих шежіресі тағы бір жаңа парақпен толықты. Өйткені елдігімізді танытатын,
беретініне тоқталды. – Өзінің бәсекеге қабілетін көрсеткен күшті компаниялар ғана қалатын уақыт келді. Қалғандары кетуі тиіс, олардың орнына заманауи менеджмент, жаңа маркетингтік стратегия, жаңа мамандар әкелетін жаңа басқарушылар келеді. Бұл үдерістердің айқын регламенттелуі және ашық заңнамалық негізі болуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы (Жалғасы 2-бетте).
ТОЛҒАНЫС ЕЙІНГІ К Н ДА
ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІКТІҢ ТАҒЫЛЫМЫ БОЛДЫ
мерейімізді асыратын Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында көне шаһар төрінде Керей мен Жәнібек ханның монументі бой көтерді. Исі қазақтың қай уақытта да болмасын, қонақ келсе ішкен асын жерге қоятын халық екендігі белгілі. Сол дәстүр-салтты ұстанған қасиетті Әулиеата өңірінің жұртшылығы дүбірлі тойға келген қонақтарды құшақтарын жайып қарсы алды. Әсіресе, ежелгі Ұлы Жібек жолының меруерт алқасы болған Тараз қаласы тарихи ескерткіштерімен, сәулетті ғимараттарымен және қызылды-жасылды гүлдерімен тотыдайын түрленіп тұрды. Жамбылдықтар облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың басшылығымен хандық тойын шын мәніндегі халық тойына айналдырып, мәре-сәре болып жатты сол күні. Той жасасаң, жамбылдықтар секілді етіп жаса деген түйінді ой әркімнің-ақ көңілінде бүрлеп, тамыр жайғандығына куә болдық. «Бәрін айт та, бірін айт» демекші, тойдан кейін білім беру сапасы мен материалдық-техникалық базасының байлығы жағынан колледждер арасында еліміздегі алғашқы озық ондықтың қатарына ілінген Жамбыл политехникалық колледжіне атбасын бұруды жөн көрдік. Аталған колледж директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Жанар Орынбаеваның білім ордасында атқарып жатқан көптеген игілікті істерін көріп тәнті болуымызға тура келді. Жанар Рымбекқызы елімізді индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оңтүстік өңірлер
бойынша Жамбыл политехникалық колледжінің «Кәсіпқор» Холдингінің серіктес колледждер желісіне республикамыздағы таңдаулы он орта арнаулы оқу орнының бірі ретінде еніп, алдағы жылдарда өңірдің химия кластерінің басым салалары үшін білікті мамандарды сапалы даярлайтын болатындығын жеткізді. Қазіргі таңда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Трир қаласының (Германия) Кәсіптік палатасының ұсынысына сәйкес 2015-2017 жылдары «Кәсіпорындарда дуальдік оқытуды ұйымдастыру» халықаралық жобасына колледждің «Электромеханикалық құралдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша қатысуы жоспарланғандығын таратып айтты. Әрине, мұның бәрі облыс әкімінің білім мен ғылымға, өскелең ұрпақтың баянды болашағына деген қамқорлығының арқасы. Сонымен қатар, колледж ұжымы Қазақ хандығының 550 жылдығына қатысу үшін көрші облыстардан арнайы келген меймандарды күтуде қазақ халқының нағыз қонақжайлылық дәстүрін көрсете білді. Қонақтар колледжде білім алып жатқан талантты студент жастардың өнеріне тәнті болды. Біз Тараз қаласынан Ұлы Дала елінің ұлағаты мол тойының тамашасы мен тағылымынан рухани нәр алып, қанаттанып қайттық. Сол үшін де тарихи тойға атсалысқан барша қазақстандықтарға, оның ішінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевқа деген алғысымыз шексіз. Астана.
ЖАЗЫЛЫМ – 2016
Менің ең сүйікті газетім ҚОСШЫҒҰЛ МАШАҚАЕВ, ЗЕЙНЕТКЕР, АУЫЛДЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ.
Мен облыстың бас басылымы – бұрынғы «Еңбек туы», қазіргі «Ақ жол» газетінің он жеті жасымнан бері тұрақты оқырманымын. Газеттің аты өзгергенмен, қамтитын аумағы, оқырманы, мәртебесі өзгерген жоқ. Бұл – менің ең сүйікті газетім. Қазір «Ақ жол» қай тұрғыдан болсын жақсы жағына өзгерді десем жаңсақ айтқандығым емес. Облыстағы, қала берді, дүние жүзіндегі жаңалықтарды, тағылым боларлық тарихи, әдебитанымдық дүниелердің талайын осы басылым бетінен тауып, оқи аласың. Оқырман қажеттілігін қанағаттандырады әрі қанаттандырады. Өзіме талайдан таныс, етене басылымның бір санын қалт жібермей, сүйіп оқимын. Көп жылдардан бері тарих, жастар тәрбиесі, еңбек озаттары тақырыптарында мақалалар жазып, қоғамдық негіздегі көмекшісі ретінде шамам келгенінше газетке ауылдықтардың көптеп жазылуы ісіне де атсалысумен келемін. Газеттің «Оқырман отауы», «Маздақ», «Айша бибі» деп аталатын арнайы беттерін ай сайын
үзбей, тұрақты беріп тұратыны ұнайды. Бұл беттер бүгінгі таңда жалпы оқырманның, жастардың, қыз-келіншектердің өзекті мәселелерін көпшілік талқысына ұсынып, ойласып, кеңесіп шешетін бірден-бір мінберіне айналып отыр. Алдағы уақытта газет бетінде жыр алыбы Жамбылдың ерекше құрмет тұтқан ақын шәкірттерінің бірі, кезіндегі «жаптым жала, жақтым күйе» науқанының құрбаны болған
жерлесіміз Бармақ Мықанбайұлы жөнінде жан-жақты жазылып көрсетілсе құба-құп болар еді. Сондай-ақ, «Ақ жол» өңірдегі ономастика мәселелерін де назарында ұстаса дейміз. Жалпы, еліміз үлкен өзгерістер мен айтулы оқиғалар алдында тұр. Қазақ елінің барлық жетістіктерін жаһанға жарқырата көрсетер ЭКСПО көрмесі өтетін жыл да алыс емес. Ауылдарымыз гүлденіп, көркеюде. Ауданның 7-8 мекемесіне газ тартылды. Біздің ауылымызға да «көгілдір отынның» келетінінен үміттіміз. Іргемізде «Тараз химия паркі» еңсе көтеріп келеді. Қысқасы, жағдайымыз жақсы. Шу халқы шаттыққа бөленуде десек те болады. Ал «Ақ жол» газеті аудандағы, жалпы өңірдегі болсын осындай жаңалықтардың бәрінен уақтылы хабардар етіп отырады. Былайша айтқанда, халықтың көзі, құлағы, сенімді серігі, сырласы. Сондықтан барша облыс тұрғындарын аға басылымға уақыт ұттырмай жазылуға шақырамын. Әсіресе, өзім тұрғылас қариялар оған жазылса, еш ұтылмайтынына сенемін.
Балуан Шолақ ауылы, Шу ауданы.
ЭКСПО ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН БОЛСЫН Елбасы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді Отырысты ашқан Мемлекет басшысы ЭКСПО көрмесі отандық экономикаға және жаңа технологияларды игеру ісіне серпін бере алатын ұлттық жобаға айналғанын айтты. Сондай-ақ, көрме нысандарының құрылысы кестеге сәйкес жүріп жатқанын атап өтті. – Көрменің ашылуына бір жарым жыл қалды. Барлық құрылыс жұмыстары келесі жылдың күзіне дейін аяқталуы тиіс. Күрделі экономикалық ахуалға қарамастан, біз көрмені дайындауға қажетті барлық қаражатты бөліп жатырмыз. Құрылысқа Қазақстанда мол жұмыс тәжірибесі бар мердігерлерді тарттық. Сондай-ақ, Миландағы көрмені өткізу тәжірибесін тыңғылықты зерделедік. Сондықтан ЭКСПО-ны ұйымдастыру ісіне қатысты түсініксіз ештеңе жоқ, – деді Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Президенті шығыстарды оңтайландыру мақсатында барлық әрлеу жұмыстарын отандық өнімдерді барынша пайдалана отырып жүргізу қажеттігіне назар аударды. Бұл мәселе айрықша бақылауға қойылды. Мемлекет басшысы көрменің жарияланған тақырыпқа сай мазмұнмен толығуы мәселесіне назар аударды. – Барлық жерде, шетелдерге сапар кезінде, елдердің лидерлерімен, ірі компаниялардың басшыларымен кездесулерде мен «ЭКСПО-2017» туралы айттым. Олардың бәрі алдағы көрмеге зор қызығушылық танытып, қатысуға дайын екендерін мәлімдеді. Осыны пайдалана білген жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті бұл бағыттағы жұмыстың жанданғанын айта келіп, әрі қарай жалғастыруды тапсырды. – Ұлттық және трансұлттық компаниялардың әлеуеті мүлде пайдаланылып отырған жоқ. Бұл жалпықазақстандық іс болғандықтан, олар да көрмеге қатысуға тиіс. Жер қойнауын пайдаланушылардың барлығын тарту керек, олар да өз үлесін қосулары керек. Жер қойнауын пайдаланушы 39 компанияның тек екеуімен ғана ынтымақтастық туралы меморандумға және демеушілік туралы бір ғана шартқа қол қойылған. Бұл жеткіліксіз, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев жер қойнауын пайдаланушы ірі компаниялармен жұмыс кезінде олардың беделін «ЭКСПО-2017» көрмесіне жаңа технологияларға ие «Siemens», «Samsung», «Toyota» сияқты және басқа озық компанияларды тарту үшін пайдалану керектігін айтты. Жер қойнауын пайдаланушылардың осындай компаниялармен жолға қойылған байланыстары бар, олардан миллиардтаған қаржыға жабдықтар мен технологиялар алады. Біз осы байланыстарды барынша пайдалануға тиіспіз. Жер қойнауын пайдаланушылардың әрқайсысы әлемдік брендтермен «ноу-хауларының» алғашқы таныстырылымын біздің көрмеде жасауы керектігі жөнінде уағдаласқаны абзал. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев «ЭКСПО-2017» көрмесінің дайындығына Үкіметтегі жауапты тұлға ретінде осы мәселелермен айналысуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы ең алдымен балама технологиялар саласындағы көшбасшы елдерді тарту қажеттігіне назар аударды. – Қатысушылардың сандық құрамы маңызды, бірақ өздерін жаңа әзірленімдер саласында көшбасшы ретінде танытқан елдерді тарту мәселесі одан да өзектірек. Бұл мәселе Үкімет пен Сыртқы істер министрлігінің айрықша бақылауында болуға тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті көрмеде Қазақстанның мәдениетін, тарихы мен дәстүрлерін көрсетудің маңыздылығын айтты. – Отандық мәдениет қайраткерлерінің өнер көрсетуіне басымдық беру керек. Мәдени-думанды шаралар көрме аумағында ғана емес, бүкіл қалада өтуі қажет. Музейлер, көрмелер мен театрлар қонақтарды ең жоғары деңгейде қарсы алуға дайын болуы тиіс. Мәдени-думанды шаралар жоспары әлі күнге дейін келісілген жоқ. Барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді қызмет еткені керек, осы жұмысты жеделдетуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев көрменің дайындығы мен өткізу жұмыстары кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің де мән-маңызына тоқталды. – Көрмедегі бұқаралық шаралар кезінде қандайда бір келеңсіздіктерге жол бермеу үшін алдын алу шараларын қабылдау қажет. Бұл шараларды бүгіннен бастап пысықтаған жөн. Арнаулы қызметтер мен құқық қорғау органдары қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз етуі тиіс. ІІМ, ҰҚК және «Сырбар» осы бағыттағы үйлесімді жұмысты жалғастыруға тиіс, елорданың және көрменің қауіпсіздігі осыған байланысты. Қауіпсіздік кеңесіне осы мәселені тұрақты бақылауда ұстауды тапсырамын, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы көрмеге қатысушылар мен қонақтарға қолайлы жағдай жасап, көрмеге келудің тыңғылықты кестесін әзірлеу қажеттігін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ өзге бағыттарды да, соның ішінде еріктілерді дайындау, өз отандастарымыздың көрмеге қолжетімділігін қамтамасыз ету жайын тиянақты ойластыру керектігіне назар аударды. Қазақстан Президенті Үкіметке барлық мәселені тиісті деңгейде үйлестіруді және жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы үнемі баяндап отыруды тапсырды. Соңында Мемлекет басшысы алдағы көрме бүкіл қазақстандықтар үшін маңызды шара екеніне тағы да назар аударды. – Әлемде дағдарыстық ахуал байқалып отыр, ол біздің елге де әсер етуде. Соған қарамастан, Қазақстан халықаралық көрмеге дайындықты, индустриялық саясат аясында жаңа нысандар салуды, жаңа жұмыс орындарын ашуды жалғастыруда. Бұл біздің экономиканың қарқыны мен мүмкіндіктерін көрсетеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кеңесте көрмеге дайындық пен Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы А.Есімов баяндама жасады. Ол көрме кешені құрылысына арналған шығыстарды оңтайландыруға айрықша көңіл бөлді. Атап айтқанда, компания құрылымын өзгерту аясында департаменттердің қызметі нақтыланып, басқарма төрағасының орынбасарлары мен басқарушы директорлар саны екі есе қысқарды. Бұл 150 миллион теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. А.Есімов кейбір сәулет-құрылыс жобаларын қайта қарау есебінен шығыстар көлемі 78 миллиард теңгеге азаятынын, бұл ретте жалпы сәулет келбеті мен нысандардың функционалдылығы сақталатынын атап өтті. – Бюджет қаражатын мақсатқа сай пайдалану тиімділігіне айрықша назар аударылды. Қазақстандық қамту үлесін ұлғайту мен отандық кәсіпкерлерді тарту да үнемдеу шараларының бірі болып саналады. 10 өңірмен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, нәтижесінде 20 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыған 220 отандық кәсіпорын құрылысқа тартылды. 30 миллиард теңгенің өнімі жеткізілді, – деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы. Сонымен қатар, ұлттық компания басшысы көрме имиджін ілгерілету және оны тақырыптық жағынан толықтыру жұмыстарының барысы туралы да баяндады. А.Есімовтің атап өткеніндей, бүгінде 53 ел және 11 халықаралық ұйым көрмеге қатысатынын растаған. Кеңес барысында сондай-ақ Энергетика министрі В.Школьник, Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов, Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Астана қаласының әкімі А.Жақсыбеков және мердігерлік ұйымдардың басшылары сөз сөйледі.
ЕК ДЕР
ЕК ПЕН ДӘЙ
ӨНДІРІС КӨЛЕМІ 7 АУДАНДА ӨСТІ 2015 жылғы қаңтар-қазан айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары, атап айтқанда, шағын, қосалқы және үй шаруашылығы секторлары 215712,3 миллион теңгенің өнімдерін өндірді. Олардың нақты көлем индексі 89,8 пайызды құрады. Өндіріс көлемі облыстың жеті ауданында өскен. Тараз қаласында 139432,4 миллион теңгенің өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 90 пайызды құраған. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында өнімнің нақты көлем индексі 75,5 пайыз болса, түсті металдар кендерін өндіру біршама кеміген. Ал өңдеу өнеркәсібінде өнімнің нақты көлем индексі 12,8 пайызға азайған. Қант, фосфор, натрий үш полифосфатын өндіру төмендесе, керісінше, макарон өнімдері және ұн өндірісі өсті. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау өнімдерінің нақты көлем индексі 106,8 пайызды құраған және электр энергиясын өндіру артқан. «Ақ жол-Ақпарат».
«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа!
«Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ.
«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457
КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457