ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №119 (17976), Сейсенбі, 19 тамыз, 2014 жыл
БИЛІК
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
l ТАРАЗ
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
Тараздағы «Rannar agrokulture» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әртараптандырылған ауылшаруашылығы кешені жобасын жүзеге асыруды қолға алды. Жобаға жеті ірі нысан кіреді. Дәлірек айтқанда, жем дайындау, осетра және бекіре балығын өсіру, тауарлы-сүт фермалары кешенін дамыту, каналды-жылыжай кешенін құру осы жобаға енеді. Жобаның құны 850 миллион теңгені құрайды.
«ҚАЗАҚСТАН – 2050»: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
ФИНЛЯНДИЯ ПРЕЗИДЕНТІМЕН УКРАИНА АХУАЛЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
l ЖУАЛЫ
ҚОРДАЙДЫҢ СҮТІ АЛМАТЫҒА
КЕТІП ЖАТЫР. НЕГЕ? Мал басының саны жөнінен республикада жетекші орын алатын біздің облысымызда мал шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде сүтті қайта өңдеу саласын жетілдіру маңызды. Өңірде осы салаға бейімделген шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында Үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасы аясында тұсауы кесілген орта кәсіпорындардың бірі – Қордайдағы «Үміт-Қордай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болатын. Бұған дейін аудан орталығында алкогольсіз салқын сусындар өндірісімен табысты айналысып келген серіктестік қырғызстандық инвесторлармен бірлесіп, Ауқатты ауылдық округіндегі бұрынғы «Трудовик» май-ірімшік зауытының көптен жұмыс істемей тұрған ғимаратын сатып алады. Сөйтіп, қазаққырғыз кәсіпкерлерінің бірлесе күш жұмсауымен бүтіндей жаңғыртылып, қайтадан іске қосылған бұл сүт зауытының ашылу рәсімі өткен жылдың сәуір айында өтті. Оған сол кездегі облыс басшысының өзі қатысып, лентасын қиып бергенді. Индустрияландыру картасымен іске қосылып отырған жаңа өндіріс орнының болашағынан зор үміт күтілген сонда. Серіктестіктің өз қаражаты есебінен 124 миллион теңге инвестиция тартылып, сүт өнімін түр-түрімен көптеп шығаруға және ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін осы замандық жаңа қондырғылар орнатылған зауыттың өндірістік қуатына толық жеткен кезде бүкіл аудан шаруашылықтары мен тұрғындарының сүтін қабылдап, өз өнімдерін өткеру аймағын кеңейтуге мүмкіндігі бар еді. Әрі жетпіске тарта адамға тұрақты жұмыс орнын беріп, бюджетке жылына 200 миллион теңгеге дейін салық түсімін беретіні болжанған болатын.
l ТАЛАС Елордадан арнайы келген Тұңғыш Президент қорының өкілі Гүлнара Ершіманова аудандағы балалар өнер мектебінде болып, 150 оқушыға оқу құралдары салынған сөмке сыйлады. Аудан әкімдігінің білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, биыл «Мектепке жол» акциясы аясында 994 аз қамтылған отбасының балаларына көмек көрсету жоспарланған екен. Қаратау қаласы әкімдігі қайырымдылық шарасы аясында 170 жеткіншекке мектепке қажетті керек-жарағын алып бермек.
l САРЫСУ Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңаарық ауылдық клубында «Ауылым – алтын бесігім» деген атпен жас ақындардың аудандық мүшәйрасы өтті. Мүшәйрада ақтоғайлық жас ақын Жұлдыз Оразымбетова бас жүлдеге лайық деп табылды. Жалпы жыр сайысына 7 ақын қатысты.
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА
Алайда, арада бір жарым жылға жуық уақыт өтсе де, «Үміт-Қордай» сол үмітті ақтар емес. Облыс әкімінің соңғы аппараттық жиынында индустрияландыру картасына енгізілгенімен, жоспарлы қуатының 60 пайызына жетпеген тоғыз жобаның қатарында Қордайдағы осы кәсіпорын да аталды. Зауыттың орташа өндірістік қуаты тәулігіне 35 тонна сүт өңдеу болса, бүгінде
қабылданып жатқан сүт төрт-бес тоннадан аспай отыр. Мұндай аз сүт көлемімен зауыттың қалыпты жұмыс ырғағы қамтамасыз етілмейді. Сондықтан, үш-төрт күнгі сүтті жинағанның өзінде ол зауытқа екі сағаттық қана азық. Қалған уақытта өндіріс амалсыз тоқтатылады. Бұл жайды бізге ЖШС директоры Мұқтар Әлімбаевтың өзі айтты. (Жалғасы 3-бетте).
– » Ң Ы Т П А Л
«ТА
А Н Ы Р Я И Қ Л О М С Ы Н СҰРА
Өнім өндірудің жылдық жалпы көлемі 125 миллион теңгенің 500 тонна көкөнісін құрайды. Ауылшаруашылығының білікті маманы, «Талап» шаруа қожалығының басшысы Мауыт Әскербекұлын жылыжайда жолықтырдық. Үнемі ізденіс үстінде жүретін ол біздің келген мақсатымызды білген соң жылыжайда атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныстырды. – «Мұндағы жылыжай кешенін Оңтүстік Кореялық «JD AQRO» компаниясы ұсынып отыр. Кешен қабырғасына қолданылып отырған құрылғылар асбестті құбырлардан жасалған. Барлық үйшіктер үш қабатты пленка жабындылармен жабылған. Сондай-ақ, жылыжай кешені толығымен газдандырылып, жарықпен қамтамасыз етілген. Жылу жүйесі де қазіргі заманауи үлгіде орнатылса, әр кешенге үш жылыту қазандықтан тиесілі. Осынша аумақта тамшылатып суару технологиясы
ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ӨТКЕН КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ.
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАҒАН Ел тұрғындары үшін ең бастысы болып табылатын азық-түлік өнімдері бағасының соңғы уақытта біршама қымбаттағаны анықталды. Статистика департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, азық-түлік тауарларының 26 түрі, бағаларды тұрақтандыру бойынша облыстық штабтың мониторингі негізінде 12 түрі, ал «Қазагромаркетинг» АҚ мәліметтері бойынша 8 түрі қымбаттаған. Атап айтар болсақ, осы жылдың 11 ақпанындағы бағалармен салыстырғанда күріш – 1, бірінші сұрыпты ұн – 2,7, сиыр еті – 0,9, сүт – 5,4, айран – 3,7, сәбіз – 7,1, пияз 25 пайызға дейін қымбаттаған. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Абдалы Нұралиевтың хабарлауынша, азықтүлік бағасын тұрақтандыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, тұрақтандыру қорына 347 миллион теңгеге 5899 тонна азық-түлік өнімдері сатып алынған. Бұдан бөлек 500 тонна картоп, 300 тонна пияз, 50 тонна сәбіз, 10 тонна қызылшаны биылғы өнімнен сатып алу жөнінде форвардтық шарттар жасалған. Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында барлығы 637,5 тонна азық-түлік тауарлары сақталған. Ал кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Досан Рымтаев басқарма бастамасымен облыс орталығындағы
қолданылады. Құрылғы оңтүстіккореялық технология. Су жинайтын бөшкелердің әрбірінің сыйымдылығы бес тоннаны құраса, тыңайтқыш салатын бөшкенің сыйымдылығы бір тонна. Жалпы, жылыжай аумағында осындай құрылғылар бес жерге орнатылды. – Бүгінгі таңда жылыжай кешенінің құрылысы аяқталу үстінде. Әзірге бір гектардай аумаққа қияр мен бір үйшікке сынақ ретінде қызанақ өсіріп, алғашқы өнімдерін жинап жатқан жайымыз бар. Бүгінгі күнге дейін сексен тоннаға жуық қияр жинадық. Сапалы өнімге сұраныс та мол. Арысы Тараз қаласы мен берісі өзіміздің Сарыкемердегі сауда үйлері, дүкендер сұранысын қанағаттандырып отырмыз, – дейді Мауыт Әскербекұлы. Мұхтар МАНЕКЕЕВ, журналист. Байзақ ауданы.
АТПАЛ АЗАМАТ 76 ЖАСҚА ҚАРАҒАН ШАҒЫНДА 15 ТАМЫЗДАН 16 ТАМЫЗҒА ҚАРАҒАН ТҮНІ ҚАЙТЫС БОЛҒАН. БҰЛ ҚАЗА БҮКІЛ ҚАЗАҚТЫҢ ҚАБЫРҒАСЫН ҚАЙЫСТЫРЫП, ӘРБІР ЖҮРЕКТІ СЫЗДАТАРЫ АНЫҚ. ӨЙТКЕНІ, АЗАТТЫҚТЫҢ АҚ ТАҢЫ АСТЫНДА КӨК ТУЫМЫЗДЫҢ АСҚАҚ ЖЕЛБІРЕУІНДЕ ШӘКЕН АҒАНЫҢ СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ДЕ МЕНМҰНДАЛАЙДЫ.
ШИРАТА ТҮСУДІ ТАПСЫРДЫ КАРТАСЫ – 2020» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. ҚАРАШОЛАҚОВ
ӨМІРДЕН КІМ ӨТКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
МЕН «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОЛ
Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс XXVІІІ-сессиясы 2014 жылдың 22 тамызында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 11.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. Жамбыл облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі; 2. «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №20-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 3. Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихаттың жиырма тоғызыншы сессиясының төрағасын сайлау туралы. * * * Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2014 жылдың 22 тамызында сағат 10.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2014 жылдың 22 тамызы күні сағат 10.00-де басталады.
АУДАНДА ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫҢ САНЫН АРТТЫРУ МEН ЖАҢА ТҮРЛЕРІН КӨБEЙТУ БАҒЫТЫНДА БІРШАМА ІСТEР АТҚАРЫЛУДА. СОЛАРДЫҢ БІРІ ӘРІ БІРЕГЕЙІ – ДИХАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ОРНАЛАСҚАН «ТАЛАП» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ИЕЛІГІНДЕГІ АУМАҒЫ 2,5 ГЕКТАР БОЛАТЫН ЖЫЛЫЖАЙ. ЖОБАНЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰНЫ – 255 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ.
Халық мақалы.
БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДАРУ ШАРАЛАРЫ
Ауданда жеміс көшеттерін сататын 6 шаруашылық бар. Алманың үздік сұрыптарын өсіретін Меркі жеміс-жидек шаруашылығы жылдан-жылға табысын молайтуда. Оларға қоса жеке шаруа қожалықтар да алма өсіруді қолға алды. Андас ауылының тұрғыны Үсен Қабылбеков өткен жылы бауынан 150 тонна жеміс жинаса, биыл 110 тонна алма жинауды көздеп отыр.
ИННОВАЦИЯ
Тұлпардан тұяқ қалар, Сұңқардан қияқ қалар.
НЕГІЗГІ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ
l МЕРКІ
Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол».
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия президенті Саули Ниинистёмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы ахуалды талқылады. Әңгіме барысында Украинадағы ахуал жөнінде пікір алмасылды. Қантөгісті, әсіресе бейбіт тұрғындардың арасындағы қантөгісті тоқтатудың және Украина дағдарысы бойынша келіссөздер үдерісін бастаудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен даму перспективалары жайлы сөз қозғады. Бұған дейін Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Украинаның оңтүстікшығысындағы ахуал мен Батыс елдерінің Ресейге қатысты санкцияларын телефон арқылы талқылағаны хабарланған болатын. Сөйлесу кезінде «Еуразиялық үштік» пен Украина тарапының Минскіде кездесуі мүмкін екені айтылды. Өткен аптада Назарбаев Владимир Путинмен және Александр Лукашенкомен де телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан мен Беларусь басшылары Ресей мен басқа елдердің және халықаралық ұйымдардың Украинадағы жанжал аймағындағы бейбіт тұрғындарға көмек көрсету жөніндегі қадамдарына қолдау білдірді.
Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол».
Жуалы аудандық сотының ұжымы Конституция күні қарсаңында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Судьялар мен сот қызметкерлері аз қамтамасыз етілген отбасыларға ақшалай көмек ұсынып, азық-түлік, балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтарын алып берді.
«Дос-Нар» сауда орталығы мен «Бек» базарында сауда орындарын жалға алу құны 30 пайызға, «Ауыл Береке», «Қайқармет» базарларында 50 пайызға дейін төмендетілгенін айтты. Басқарма басшысы осылайша бағаны өсірмеуге болатындығына сендіргісі келді. Ал облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев биыл ауа райының қолайсыздығына байланысты өнім түсімі аз болуы ықтимал екенін, сондықтан әлі де болса бұл бағытта жұмыстар ширатыла түсуі керектігін ескертті.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ «ЖЫРЫ» КӨП «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында биыл 6,7 миллиард теңге қаралса, оның әзірге 76,8 пайызы игерілген. Биыл бағдарлама бойынша 13999 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, оның небәрі 4449-ымен әлеуметтік келісім-шарт жасалған. Бағдарламаның бірінші бағыты – инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамту бойынша барлығы 109 жобаға бөлінген қаржының 91,2 пайызы игерілген. Есепті мерзімге қаралған қаржыны игеру деңгейі Шу ауданында – 70, Қордай ауданында – 75, Мойынқұм ауданында – 84, Талас ауданында – 84,5, Меркі ауданында – 88,7 пайыз шамасында ғана болып отыр. Осы бағыттағы барлық жобаларда 1876 жұмыс орнын құру жоспарланса, бүгінде 1664 азамат қана жұмысқа орналасқан. Оның 852-сі жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен келген. Бағдарламаның екінші бағытына сәйкес, 920 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылған. Шағын несие беру бойынша «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы тарапынан 352 адамға 815,2 миллион теңгенің несиесі берілген. Жалпы, несие алған азаматтар алдымен салық органдарында тіркеліп, әрқайсысы кем дегенде 1 қосымша жұмыс орнын ашу туралы аудан әкімдеріне нақты тапсырма берілген-ді. Бірақ, әзірге 352 адамның тек 96-сы қосымша жұмыс орындарын ашқан. Орын алған олқылықтар мұнымен бітпейді. Тарқатып айтар болсақ, несие алушылардың жетіспейтін инженерлік инфрақұрылым нысандарын жүргізу
жұмыстарына қаралған қаржының 46 пайызы ғана жұмсалған. Жуалы, Байзақ, Т. Рысқұлов, Мойынқұм, Сарысу аудандары осы мақсатқа бөлінген соманың бір тиынын да тиісті мақсатқа жұмсамаған. Өзге аудандардың көрсеткіштері де мәз емес. Тек Жамбыл мен Талас аудандары ғана есепті кезең қаражатын толығымен игерген. Мұнымен қоса, Мойынқұм мен Жуалы аудандары ешбір нысанға конкурс жарияламаған. Т. Рысқұлов ауданы 20 нысанның тек 5-еуінде, Сарысуда 15 нысанның 4-еуінде, Меркіде 8 нысанның 2-еуінде ғана жеңімпаздар анықталып, жұмыс басталған. Бағдарламаның үшінші бағыты – оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бағыты аясында оқытылуы тиіс 1666 адамның 1288-іне білім берілген. Оқуларын бітірген 716 адамның 508-і жұмысқа орналасқан. Жұмыс таба алмай отырғандардың дені Талас, Жуалы, Сарысу, Шу аудандарында және Тараз қаласында шоғырланған. Жастар тәжірибесі бойынша Мойынқұм ауданы осы мерзімге қаралған қаржының 52,5 пайызын ғана игерген. Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубековтің хабарламасы осындай, көңіл көншітерлік болмай шықты. Сондықтан да облыс әкімі: – Жақында мен іссапармен Қордай ауданында болдым. Сонда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі бойынша жол құрылысында 3500-ге жуық адам жұмыс істейтін көрінеді. Соның тек 12-сі ғана сіздердің басқармаларыңыз арқылы келген. Облысымызда дипломы сандықтың түбінде сарғайып жатқан қаншама азаматтар, жастар жұмыссыз жүр? Оқымағандарының саны қанша? Олар немен айналысып, қалай күн көруде? Бұл туралы басқарма басшысы да, аудан әкімдері де бейхабар. Оларды жұмысқа орналастыру жағын ойлап тіпті де бас қатырғылары келмейді. Мүгедектердің жайы нешік? Олар да жұмыс істегілері келеді емес пе? Оқтатекте ғана тек жәрмеңке өткізіп қойып отыра береміз бе? Сонымен қатар, түрмеден шыққан азаматтар бар. Оларды да қайта оқытып, жұмысқа тарту жағын неге қарастырмасқа?! – деді кейіп. Жорабек Баубеков аталған мәселелер бойынша жұмысты ширататындықтарын жеткізді. Кәрім Нәсбекұлы жылдың тәмамдалуына аз уақыт қалғанын ескерте отырып, аудан әкімдері мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.
ҚАЗАҚ ЕЛІМЕН БІРГЕ ЖАСАЙ БЕРЕДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫНЫҢ АВТОРЫ ШӘКЕН НИЯЗБЕКОВ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ К ө к б а й р а ғ ы м ы з көкке көтерілген сайын жамбылдықтардың жүрегін қос қуаныш кернейді. Оның біріншісі – тәуелсіз еліміз бен оның айшықты белгісі Туымызға деген мақтаныш болса, екіншісі – сол көк байрағымыздың авторы, облысымыздан түлеп ұшқан еліміздің тұлғалы перзенті Шәкен Ниязбековке деген мақтаныш. Кіндік қаны киелі Әулиеата жерінде тамған, балалық шағы мен жастық дәурені Тараз қаласында өткен ағамызбен жетпіс жасқа келген мерейтойы кезінде біздің тілшімізге сұхбаттасудың сәті түскен еді. Сонда ағамыз көк Туымыздың қалай өмірге келгенін жүректі тебіренте отырып, былай баяндап берген болатын. «...Күндіз-түні қалың ой құшағында жүрдім. Тәуелсіз қазақ елінің көк байрағы қандай болуы керек? Әрине, ол халқымыздың ерлік пен өрлікке толы тарихи тамырымен үндестік табуы тиіс. Тудың келбетінен
ұлтымыздың, халқымыздың болмысы көрініп тұруы керек деп ой түйдім. Ойлана келе ұлттық бояудың реңі ретінде көк түсті таңдадым. Өйткені, ол – әуелі өзіміздің Көк Тәңірінің түсі. Ол ынтымақ пен бірліктің, бейбіт өмірдің белгісі саналатын ашық аспанға меңзейді. Күн образы арқылы еліміздің дархан даласындағы байлық пен берекені, қазақтың күндей
жылы мейірімділігі мен ақпейіл, дархан мінезін бергім келді. Халқымыздың қанында бар қаһармандық пен мәрттікті, биікке ұмтылысымызды зеңгір көкте қалықтаған қыран арқылы бейнелегенді жөн көрдім. Қошқар мүйізді ою рухани болмысымыздың бір арнасы болып үн қатсын деп түйдім. Міне, мемлекеттік Ту осылай пайда болған еді». Содан бері де жылдар жылжып өтті. Бүгінде көк байрағымыз Ақорданың төбесінде, Біріккен Ұлттар Ұйымының алдында асқақтай желбіреп тұр. Аспан түстес Туымыздың астында Тәуелсіздігіміздің аясында ғаламат жетістіктерге қол жеткіздік. Көк байрағымыздың аясында әлі талай асуларды алатынымызға да сенімдіміз. Алайда, Шәкен ағамыз енді ортамызда болмайды. Бірақ, Мәңгілік Тәуелсіз еліміз барда, оның көк аспанында Көк Туымыз асқақ желбіреп тұрғанда Шәкен ағаның рухы қазақ елімен бірге жасай береді!