Аталы сөз
БҰЛ ЖЫЛ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТ УЦ ИЯСЫ ҚАБЫЛДАНУЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ. ОСЫ ЖЫЛДЫҢ ОРТАҚ ТЕРЕҢ МАҒЫНАСЫ – БІЗДІҢ ҚОҒАМЫМЫЗДА ӨЗАРА ТҮСІНУШІЛІК, БІРЛІК, ДОСТЫҚ ПЕН БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҒЫН НЫҒАЙТА ТҮСУДЕ. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ, ХАЛЫҚ БІРЛІГІ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТІСТІГІ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫ ӨЛШЕМІ. ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАМЫН ЖЕП, ОЛАРДЫ ТЫҢДАП, КӨМЕК КӨРСЕТУ БІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ. БИЫЛҒЫ ЖЫЛ ЕЛІМІЗ ҮШІН АБЫРОЙЛЫ ДА, МӘРТЕБЕЛІ, ҚАРҚЫНДЫ ДА, ҚАРБАЛАС ЖҰМЫСҚА ТОЛЫ ЖЫЛ БОЛАЙЫН ДЕП ОТЫР. КӨРІП ОТЫРСЫЗДАР, ОҢАЙ БОЛМАЙДЫ. МЕРЕЙЛІ БЕЛЕСТЕР МЕН АССАМБЛЕЯ ЖЫЛЫН АБЫРОЙМЕН АТҚАРУ, ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ҚИЫНДЫҚТАРЫНА МОЙЫНСҰНБАЙ, ЖЕҢІП ШЫҒУ БӘРІМІЗДІҢ ОРТАҚ ПАРЫЗЫМЫЗ.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№21 (18055), Бейсенбі, 19 ақпан, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ҚАУІПСІЗДІК
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
ҰСЫНЫС ПЕН ҮМІТ
МӘЖІЛІС ЕЛБАСЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ХАТШЫСЫ НИКОЛАЙ ПАТРУШЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ұсынысы қаралды. Ол бойынша палата депутаттары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Үндеу жолдап, онда Президент сайлауын өткізу туралы ұсынысты қолдауды және сайлау мерзімін белгілеуді сұрады. Жалпы отырыстағы талқылаудан соң ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған
Кездесу барысында қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен келешегі, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде Украинаның оңтүстікшығысындағы жағдай да талқыланды. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың жекелеген мәселелерін қозғады, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы ахуалға байланысты жаңа сын-қатерлерді талқылады. Н.Патрушев елімізге Қазақстан мен Ресейдің Қауіпсіздік Кеңестері аппараттарының арасындағы жоспарлы консультацияларға қатысу үшін келді.
ПРЕЗИДЕНТ ПОШТАСЫНАН
Президенттің баспасөз қызметі Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу жөніндегі бастамасына байланысты келіп түскен хаттар мен жеделхаттар туралы хабарлады. Мемлекет басшысының атына ел өңірлеріндегі қоғамдық бірлестіктерден және экономиканың түрлі салалары мен әлеуметтік салада жұмыс істейтін азаматтардан көптеген хат-хабарлар келіп түсуде. Жұмысшылар, аграршылар, шағын және орта бизнес, ғылым және мәдениет, шығармашыл зиялы қауым өкілдері, студенттер өз хаттарында мемлекеттің әрі қарай дамуында маңызды рөл атқаруға тиіс бастамаға жан-жақты қолдау танытуда. Қолдау хаттың бірі облыстағы «Қазфосфат» ЖШС атынан келіп түскен. Онда алты мыңдық еңбек ұжымының негізгі тілегі – Нұрсұлтан Назарбаевқа сенетінін растау екені айтылған. «Дәл бүгін бірлікті, келісім мен тұрақтылықты нығайту маңызды, сондықтан біз Сізді ел Президенті лауазымына лайықты кандидат санаймыз. Қазіргі бақ-берекемізді және болашағымызды тек Сізбен байланыстырамыз», – делінген хатта.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІН НЫҒАЙТУ АСА МАҢЫЗДЫ
Елбасы Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесті. Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан өркениетаралық және дінаралық диалогқа үлес қосып отырғанына тоқталды. – Біз бастамашылық еткен Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі халықаралық тұрғыдан мойындалған сұхбат алаңына айналды. Елдеріңіздің делегацияларын биыл маусымда Астанада өтетін Бесінші Съезге шақырамыз. Биыл әлемдік қоғамдастық Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 70 жылдығын, Хельсинки Қорытынды актісінің 40 жылдығын және жаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясының 25 жылдығын атап өтеді. Осы мерейтойлық даталар қазіргі заманғы халықаралық қауіпсіздік саласындағы ахуал жөнінде терең ойлануға және ашық сөйлесуге себеп болуға тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Осыған байланысты Қазақстан Президенті Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығыс 5 мыңнан астам адамды қазаға ұшыратқанын еске салды. Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміз Минскіде 12 ақпанда өткен «норманд төрттігі» мемлекеттері басшыларының күрделі келіссөздерінің нәтижелерін құптайтынын атап өтті. Мемлекет басшысы әлемде жанжал ошақтары көбейіп отырған жағдайда халықаралық қауіпсіздік жүйесін нығайту аса маңызды екеніне назар аударды. – Қазіргі жағдайда халықаралық шарттар мен келісімдер бойынша өз міндеттемелерін ешқандай мемлекеттің қалыс қалмай сақтауы өте маңызды. Қазақстан теңдікті, мүдделерді өзара ескеру, негізгі проблемаларды халықаралық құқыққа және БҰҰның орталық рөліне сүйене отырып ұжымдық реттеу қағидаттарын бекітуді жақтайды, – деді
Үндеуді Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов оқыды. «Конституцияға сәйкес бiз, депутаттар, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесiнiң кезектен тыс Президент сайлауын өткiзу ұсынысын қолдау өтiнiшiмен шығуымыз қажет» деген төменгi палата спикерi депутаттар атынан Елбасына жолданған Үндеуiн оқып бердi. Үндеуде кезектен тыс сайлау өткiзу бастамасын барша қоғам қолдап отырғандығына назар аударылған. «Мәжіліс депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу туралы бастама жасады. Осыған ұқсас ұсыныстар Парламентке еліміздің барлық өңірлерінде тұрып жатқан сайлаушылардан және халықтың түрлі әлеуметтік топтарынан бірнеше мәрте түскен болатын. Бұл бастама еліміздегі саяси партиялар тарапынан, азаматтық қоғам институттарынан, жастар мен кәсіпкерлер қауымдастығынан да қолдау тапты. Кезектен тыс сайлау өткізу туралы қоғамдық пікір Қазақстанға да әсер етпей қоймайтын объективті геосаяси және сыртқы саясаттағы жағдайларға байланысты болып табылады», - деді Қ. Жақыпов. Үндеуде Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлау Қазақстан мемлекеттігінің одан әрі нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдіреді. «Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы! Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесiнiң ұсынысын қолдауды және Конституциясының 41-бабының 3/1-тармағына сәйкес, кезектен тыс Президент сайлауын өткiзу мерзімін белгiлеудi қарастыруды сұраймыз», – деді Мәжіліс спикері. Осыған байланысты депутаттар Мәжілістің Үндеуін бірауыздан қолдады. «Ақ жол-Ақпарат».
Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті 2010 жылы желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитіне қатысушы мемлекеттер біздің еліміздің ортақ еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығын құру туралы идеясын қолдағанына тоқталды. Елбасы ядролық қатер бүгінгі заманның ең салмақты проблемаларының бірі болып отырғанына да назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев сөз соңында біздің еліміз Қазақстандағы дипломатиялық корпус өкілдерінің қызметін толық қолдайтынын айтып, олардың мемлекеттерімен арадағы қатынастардың дамуына үміт артатынын білдірді. Дипломатиялық корпус дуайені, Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті елшісі М.Бочарников Қазақстандағы барлық шетелдік дипломаттар атынан Мемлекет басшысына және бүкіл Қазақстан халқына табыс пен бақ-береке тіледі.
«БІЗ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАЙМЫЗ!»
Жақсы болсаң жердей бол, Бәрін шыдап көтерген; Таза болсаң судай бол, Бәрін жуып кетірген.
«ДОСТЫҚ» ҮЙІНДЕ ӨТКЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР ОСЫЛАЙ ДЕДІ Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».
МАРАПАТТАЛДЫ Облыстық мәслихат хатшысының өкімімен көп жылғы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін облыс бойынша қазынашылық департаменті Республикалық бюджеттің мемлекеттік мекемелерінің шарттарын тіркеу бөлімінің басшысы Сәуле Темірханқызы Көпбосынова Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Халық мақалы. Қ АЗА
Ж А СА Л ҒА ҚСТАН ДА
Н
ЖАҢА
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ
ТАРАЗДЫҢ ТІЛ
үйіретін халуасы
Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол». ХАЛУА – ЖҰРТ ЕЖЕЛДЕН ЖАППАЙ ТҰТЫНАТЫН ЖЕҢСІК АСТЫҢ БІРІ. СЫРТҚЫ ҚАПТАМАСЫ СӘНДІ, «ТАРАЗ ХАЛУАСЫ» ДЕГЕН ЖАЗУЫ БАР ТАУАР БАЗАРЛАР МЕН ДҮКЕН СӨРЕЛЕРІНДЕ ҰЗАҚ ТҰРМАЙДЫ. ІШКІ НАРЫҚТА ОҒАН ДЕГЕН СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ. ДӘМІ ТІЛ ҮЙІРЕТІН ТАҒАМДЫ ТАРАЗДАҒЫ ТЕМІР ЖОЛДЫҢ ЖОҒАРҒЫ ЖАҒЫНДАҒЫ АУМАҚТА «АХАНОВ» ЖЕКЕ КӘСІПОРНЫ ӨНДІРЕДІ. БҮГІНДЕ КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ НҰРЛАН АХАНОВ КЕЗІНДЕ ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАҒАНЫН ОЙЛАСА, КӨҢІЛІ МАРҚАЙЫП ҚАЛАДЫ. НҰРЛАННЫҢ МАМАНДЫҒЫ – ҚҰРЫЛЫСШЫ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ 1990 ЖЫЛДАРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ МҮЛДЕ ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕЛДІ. КӨПТЕГЕН ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ ЖАБЫЛЫП ҚАЛДЫ. ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛҒАН Н. АХАНОВ ОТБАСЫН АСЫРАУ ҮШІН ӘУЕЛІ ӨЗГЕ ЖҰРТ СИЯҚТЫ БІРАЗ УАҚЫТ АЛЫПСАТАРЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСТЫ. ХАЛҚЫМЫЗ: «САУДА ТҮБІ – БОРЫШ, ШАРУА ТҮБІ – КЕНІШ» ДЕП ТЕККЕ АЙТПАСА КЕРЕК. КӨЗІ АШЫҚ, КӨКІРЕГІ ОЯУ НҰРЛАН ШҮКІРЖАНҰЛЫНЫҢ САУДАГЕРЛІККЕ КӨҢІЛІ ТОЛМАДЫ. ҰЗАҚ ОЙЛАНЫП, ӨЗ ІСІН АШУҒА БЕКІНДІ. (ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).
ТА ІШКІ НАРЫҚ ЖОҒАРЫ ИЕ СҰРАНЫСҚА
ЖА З Ы Л
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастамасы бүгінде жер-жерде қызу талқылануда. Осындай мақсаттағы басқосудың бірі облыстық «Достық» үйінде өтті. Оған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің мүшелері, этномәдени орталықтардың жетекшілері, осы орталықтар жанындағы ақсақалдар алқасының, аналар кеңесінің, жастар қанаттарының өкілдері түгел жиналды. Дөңгелек үстел отырысын ашқан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының басшысы Лариса Лысова басқосудың мән-маңызына тоқталды. – Баршаға белгілі, апта аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастама көтерген болатын. Өз басым бұл дер кезінде жасалған ұсыныс болды деп ойлаймын. Тәуелсіздік жылдарында еліміз толайым табыстарға қол жеткізді. Әлем елдері қызыға да, қызғана да қарайтын күнге жеттік. Мұның бәрі Елбасы-Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегінің жемісі. Біздің алға қойған мақсаттарымыз да айқын. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты – сол биіктерге жетелейтін қадам. Міне, сондықтан да біз тұрақты даму тенденциясын сақтай отырып, жарқын болашаққа ұмтылуымыз керек. Елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу – осы бағыттағы оңды бастама. Оның үстіне, келер жылы Парламент сайлауы қатар келіп тұр. Ал бір жылда қос сайлаудың бірге өткізілуі конституциялық нормаларға да қайшы келеді. Әлемде геосаяси жағдай мен экономикалық ахуалдың күрделене түсуі де бізді ойландыруы тиіс. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Үндеуі осындай негіздерді ескере отырып жасалған дұрыс бастама болды деп ойлаймын, – деді Л.Лысова. Басқосуда сонымен қатар «Дніпро» украин, М.Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени орталықтарының жетекшілері Федор Клименко мен Махаббат Тұрдыева, тағы да басқа азаматтар сөз сөйлеп, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің бастамасын қолдау елімізде орныққан татулық пен тұрақтылықты қолдау екендігін айтты. Көптің пікірі осылайша бір арнада тоғысты. Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар мұнан соң Үндеу қабылдады. Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері сонымен қатар осындай жиындарды аудандарда да өткізуге уағдаласты.
Ы
М-
2015
«АҚ ЖОЛҒА» жазылу жалғасуда ӘР АЙДЫҢ 28-ІНЕ ДЕЙІН КЕЛЕСІ АЙҒА ЖАЗЫЛЫМ ҚАБЫЛДАНАДЫ. АҚПАН АЙЫНЫҢ 28-ІНЕ ДЕЙІН ЖАЗЫЛСАҢЫЗ, НАУРЫЗ АЙЫНАН БАСТАП ҮЙІҢІЗГЕ «АҚ ЖОЛДЫ» АЛА АЛАСЫЗ.
ҚАЛАДАҒЫ ОҚЫРМАН БІР АЙҒА – 314,03, ҮШ АЙҒА – 942,09, АЛТЫ АЙҒА – 1884, 18 ТЕҢГЕГЕ, АЛ АУЫЛДАҒЫ ОҚЫРМАН БІР АЙҒА – 352,25, ҮШ АЙҒА – 1056,75, АЛТЫ АЙҒА 2113,5 ТЕҢГЕГЕ ЖАЗЫЛА АЛАДЫ. МЕКЕМЕЛЕР БІР АЙҒА – 355,69, ҮШ АЙҒА – 1067,07, АЛТЫ АЙҒА 2134, 14 ТЕҢГЕГЕ ЖАЗЫЛАДЫ.
Жазылым “Қазпоштаның” барлық бөлімшелерінде жүргізіледі.