ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢА АЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облысты о амды саяси газет
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Жуалы ауданы
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
БАЙЗАҚ
№60 (18094), Сейсенбі, 19 мамыр, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ҚАРАЖАТТЫҢ ИГЕРІЛГЕНІ – ІСТІҢ ІЛГЕРІЛЕГЕНІ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ЖІБЕРІЛГЕН КЕМШІЛІКТЕРДІ ТЕЗ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІ ТАЛАП ЕТТІ Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол». Тапсырманың тыңғылықты, жұмыстың жүйелі атқарылуы айналып келгенде қаржыға тіреледі. Бөлінген қаражаттың игерілгені – істің ілгерілегенінің белгісі. Ал игер, еңсер, ұтымды түрде ұқсат деп бөлінген қаржы белгіленген мерзімде өз орнымен жұмсалмаса, қазынаға қайтарылуы тиіс. Селекторлық режімде өткен аппараттық кеңесте облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев осылай деді. Негізі жиында 2015 жылдың қаңтар-сəуір айларындағы облыс бюджетінің қозғалысы, ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізуге байланысты жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарының жайы жəне балалардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын тиімді ұйымдастыру мəселелері қаралды. Бірақ, көтерілген үш мəселенің тақырыбы əртүрлі болғанымен, шешімі ортақ. Кəрім Нəсбекұлының сөзімен айтсақ, кемшіліктер қайталанбауы үшін айтылған сыннан қорытынды шығару керек. Ал мін түзелсін десек, мəселеге жол бермеу қажет.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Сарыкемер орта мектебінде «Тарихымызды ардақтаймыз» акциясы өтті. Онда осы айтулы датаға орай мектеп ауласына 550 түп ағаш отырғызылды. Дәстүрлі әнші-термешілер байқауымен қатар «Тарихты терең толғаған» атты аудандық жазба ақындардың жыр мүшәйрасы мәреге жетті. ЖУАЛЫ
Жеке кәсіпкер Жәнібек Омарбеков Нұрлыкент ауылындағы тұрмысы төмен отбасыларына көмек көрсетіп тұрады. Ол жақында ауылдағы М.Ломоносов атындағы орта мектептен аз қамтылған, толық емес отбасылардың және мүмкіндігі шектеулі балалары бар жалпы жеті отбасының тізімін алып, олардың әрқайсысына 1 қаптан ұн, қант, 1 қораптан май, шай, 5 кг макарон таратып берді. ҚОРДАЙ
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай аудандық мәслихат депутаттарының бастамасымен 25 сәуір мен 25 мамыр аралығында аудан орталығындағы «Сұңқар», «Навигатор», «555», «Такси-Қордай» және «Тұлпар» жекеменшік такси қызметтері соғыс ардагерлерін Қордай ауылының ішінде тегін тасымалдауда. Ал «Жолаушы» ЖШСның бағыттық шағын автобустары бұл қызметті бірнеше жылдан бері тегін атқарып келеді. Ол үшін қарттар жүргізушіге майдангер куәлігін көрсетсе жеткілікті.
ИГЕРІЛМЕГЕН ҚАРЖЫ ҚАЗЫНАҒА ҚАЙТАРЫЛАДЫ
ШУ
Аудандық Мәдениет үйінде «Жақсыбай Жантөбетов атындағы көркемсөз оқу шеберлері» атты аудандық байқау өтті. Оған мектеп оқушылары мен жас мұғалімдерден құралған 16 үміткер қатысты. Өлеңді жатқа айту, мәнерлеп оқу байқауында төлебилік, М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Жаңыл Мәделбек бас жүлдені иеленді. Шу қаласының өкілі Эльвира Азамат – бірінші орын, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептен Гүлнәз Шәми – екінші орын, Сауытбек ауылынан келген Әлімхан Абай мен Шоқпар ауылының өкілі Балнұр Ақділдаева жүлделі үшінші орынды бөлісті.
Облыстық қаржы басқармасының басшысы Асқар Қырықбаевтың мəлімдеуінше, жоспар бойынша есепті кезеңде облыс бюджетінің кірістері 61 миллиард 569,4 миллион теңгені құрауы керек болған екен. Бұл жұмыс 100,9 пайызға артығымен орындалып, 62 миллиард 94,7 миллион теңге кіріс түсіпті. Жоспарланған 62 миллиард 330,6 миллион теңгенің 59 миллиард 235,4 миллион теңгесі игерілген, ал 3 миллиард 95,2 миллион теңгесі игерілмеген. Сырттай қарағанда, бес пайызда тұрған ештеңе жоқтай көрінуі мүмкін. Бірақ, оның артында атқарылмаған жұмыс, орындалмаған тапсырма бар. (Жалғасы 3-бетте).
Д
А
ТАҒЗЫМ
Т
Ы
М
Р БА
! Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
ЕҢБЕК ЕРІНІҢ КӨШЕСІ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛДЫ
Дулат бабадан тарайтын Шымыр атаның Ташкенттегі кесенесіне барып, құран бағыштау облыс ақсақалдары үшін дəстүрге айналып келеді. Жылдағы дəстүрмен облысымыздан жүзге жуық делегат биыл да Ташкент шаһарына кіреберістегі «Шымыр баба» кесенесіне барып, баба рухына тағзым етті. Шымырдан тарайтын Бекболат, Темірболат, Шынқожа аталарды тарихтан жақсы білеміз. Иə, өткенді қадірлеу – ұрпақ парызы. «Шымыр баба, шын мəнінде де, тарихи тұлға. Біз өткенімізді ұлықтайтын, ұмытпайтын халықпыз. Тарихқа бас иген жұрт бабалар рухына əрдайым тағзым ете береді. Бүгін Шымыр баба рухына құран бағыштап, ас беріп жатқан барлық игі жақсыларға алғысымыз шексіз», – деді қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өз сөзін түйіндеп. Оңласын Есіркепов те өз пікірін, ойын, тиянақты жеткізе білді.
ШЕСІНДЕГІ ТҮЙТЕ ПІРІМҚҰЛОВ КӨ ДІ? ЖОЛ ҚАШАН ЖӨНДЕЛЕ
Ерінген ауыздағысынан айырылады. Ерінбеген арыстанның аузындағыны алады. Халық мақалы.
ЖАЗЫЛЫМ – 2015 Мұхамеджан ТАЗАБЕКОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Ж
(Жалғасы 3-бетте).
Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». Тараздың тотыдай таранып келе жатқаны қала тұрғындарын қуантуда. Əсіресе, 2013 жылы қайта бекітілген қаланың жаңа бас жоспары бойынша біраз инфрақұрылым ретке келтіріліп, əлі де болса бұл бағыттағы жұмыстар жүріп жатыр. Ал ел болып атап өткелі жатқан хандығымыздың 550 жылдығына дайындық аясында қалада көптеген қоғамдық нысанда қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Одан бөлек, қала билігі өз бюджеті есебінен 2015 жылы жалпы ұзындығы 46 шақырым жолға күрделі жəне орташа жөндеу жұмыстарын жоспарлаған. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1 928 589,00 мың теңге қарастырған. Оған оннан аса көшелердің жөндеу жұмыстары көзделген. Міне, осылайша шамамен 2 миллиард теңгеге жуық қаржы бөліп, жұмысқа бел шеше кіріскен Тараз əкімдігі биыл ауқымды жұмысты еңсергелі отыр. Жөндеу көретін көшелер негізінен қаланың орталығына жақын орналасқан. Қ а л а н ы ң о рт а л ы ғ ы д е м е к ш і , Абай даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысқан нүктесінде еңселі ғимаратта «Нұрсая» қонақ үйі орналасқан. Ал
сол қонақ үйдің тура қарама-қарсы бетінде Түйте Пірімқұлов атындағы көше жатыр. Екі көлік əрең сыятын тар көшенің ұзындығы да шамалы-ақ. Бұрын асфальті болған екен. Бірақ, жөндеу көрмегеніне көп уақыт өткенге ұқсайды. Əр жері бір ойылып кеткен. Қаланың қақ ортасында болса да бүгінгі жағдайы «бұл көше неге жөндеу көрмей жатыр екен?» деген ойға жетелейді. Таразды Қазақ хандығының 550 жылдық тойына дайындау мақсатында еліміздің əр облысы қаладағы аллея, саябақ, гүлзар сынды көнерген мəденикөпшілік демалыс орындарын жаңарту, жаңасын жасау сынды жұмыстарға белсене кіріскенін жазып келеміз. Бұл игі бастамаға елдегі ұлттық компаниялар мен ірі мұнай компаниялары да тартылып жатыр. Оларға берілетін нысандар мен олардың шығындары да əлі анықталу үстінде. Жөндеуіне аса көп шығын кете қоямайтын шағын ғана Түйте Пірімқұлов көшесін қала билігі қамқорлығына алып, бір компанияға бекітсе жөн болар еді. Себебі, «Нұрсая» қонақ үйінен шығып, қала көшелерін жаяу аралап көргісі келген қонақтарға Тараздың қақ төріндегі бұл көшенің қазіргі күйін көрсету ұят. Тараз қаласы.
А
Қ
НЫ СЫ
Ң А Т Ы , А Қ Ы Н Н Ы Ң Х А Т Ы Ө Л М Е Й ДІ
ЖУАЛЫДАН АТЫЛҒАН ЖЫР-ЖАНАРТАУ ЖЕРЛЕСТЕРІ ТАЛАНТТЫ АҚЫН БАУЫРЖАН ҮСЕНОВТІ ЕСКЕ АЛДЫ Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
жазылыңыздар, ағайын!
ЕРТЕ ҮЗІЛГЕН ЕРКЕ ҮМІТ «Естіген жоқ адамдар даусымды əлі, Сенің отты құшағың қаусырғалы. Поэзия, шығандау бекетіне, Ақиқат, құстай ұшқан жаушың бары...» деп қазақ по эзия əлеміне өз даусымен ентелей енген, жыржартасына жаңғырық салып кеткен ақын кім десек, көз алдымызға сағымданған əлемнен менмұндалап Мұқанның ұлы Бауыржан Үсеновтің бейнесі сылаң қаға береді. Адам тағдыры – Жаратқанның жазуы. Жазмыштан озған кім бар? Əсілінде ғұмырдың келте келіп, шорт кесілуі пешене жолағындағы жолдарға ғана тəуелді. Аз ба, көп пе, маңыздысы ол емес. Тек сол өлшеніп берген ғұмырда кімнің ізсізге жол салғаны немесе артынан қандай мұра қалдырғаны ғана
«АҚ ЖОЛҒА» ӘР АЙДЫҢ 28-ІНЕ ДЕЙІН КЕЛЕСІ АЙҒА ЖАЗЫЛЫМ ҚАБЫЛДАНАДЫ. ҚАЛАДАҒЫ ОҚЫРМАН БІР АЙҒА – 314,03, ҮШ АЙҒА – 942,09, АЛТЫ АЙҒА – 1884,18 ТЕҢГЕГЕ, АЛ АУЫЛДАҒЫ ОҚЫРМАН БІР АЙҒА – 352,25, ҮШ АЙҒА – 1056,75, АЛТЫ АЙҒА – 2113,5 ТЕҢГЕГЕ ЖАЗЫЛА АЛАДЫ.
қымбат. Өлең кісінің бойына Жаратушының құдіретімен кие болып қонады. Сол қонған киені үркітпей, кемеліне жеткізіп ұсынған ақын бақытты десек, небəрі 31-ақ жыл өмір сүріп, өлеңде өз сүрлеуін сала білген Бауыржан да солай
ете білді. Бұл да болса ақжарма ақынның жаңағы біз негіздеп отырған өлшеулі ғұмырында өзіндік орнын айшықтай алғандығының ақиқаты дер едік. (Жалғасы 8-бетте).
МЕКЕМЕЛЕР БІР АЙҒА – 355,69, ҮШ АЙҒА – 1067,07, АЛТЫ АЙҒА – 2134,14 ТЕҢГЕГЕ ЖАЗЫЛАДЫ.
ЖАЗЫЛЫМ «ҚАЗПОШТАНЫҢ» БАРЛЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.