19 мамыр пдф 2016

Page 1

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу Сар Са С Сары ар арысу ары су ауданы ау ауд ауда а у уд уда д да ан ны ы

Мой Мо М ойын йы й ын Мойынқұм а ау у уд уда дан да ауданы

Жамбыл облысты о амды саяси газет

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№57 (18251), Бейсенбі, 19 мамыр, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

НДА ЖАҺА

ПРЕЗИДЕНТ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

О.О.Сүлейменовке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Қаулы етемiн: Отандық əдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, сондайақ бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін ақын, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Мемлекет басшысының төрағалығымен елдің 2016 жылғы 4 айдағы əлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған кеңес өтті. Орталық мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың жəне Астана мен Алматы қалаларының əкімдері қатысқан кеңесте елдің 4 айдағы əлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, негізгі мемлекеттік бағдарламаларды өңірлерде жүзеге асыру мəселелері, Тəуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы талқыланды. Мемлекет басшысы экономикадағы қиындықтарға қарамастан, елдің өңдеуші өнеркəсібінде өсім байқалып отырғанын, ауыл шаруашылығында көлем 2,6%-ға, көлік саласында 4%-дан аса, құрылыста 6,5%ға ұлғайғанын атап өтті.

– Елдің тоғыз өңірінде өндіріс көлемінің өсімі қамтамасыз етілді. Былтыр инве стициялар индустрияландыру бағдарламасының басымдығы бар салаларында, соның ішінде машина жасау өндірісінде 7 е с е ге , т а ма қ ө н е р к ə с і б і н д е 30%-ға, мұнай өңдеу өнімдері өндірісінде 81%-ға өсті. Бұл – аталған салаларға тікелей шетел қаражатын с а лудың нəтиже сі. Жалпы, негізгі капиталға салынатын инвестициялар ел бойынша 15%-ға артты. Бұл инвесторлар тарапынан мүдделіліктің сақталып отырғанын айғақтайтын көрсеткіш, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев егіс науқаны аясында елдің ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер барлық қажетті нəрсемен қамтамасыз етілгеніне, соған байланысты бұл салада жақсы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

а с ы р ау ш ы с ы н а н а й ы р ы л у ғ а байланысты жəрдемақы көлемі 25%ға ұлғайды. Ынтымақты зейнетақы төлемдерінің көлемі 9%-ға көтерілді. Осының бəрі дағдарысқа қарсы уақтылы қабылданған шаралардың нəтижесі болып саналады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Бес институционалдық реформа аясында құрылымдық өзгерістер жүргізіліп жатқанын, олар экономиканың кез-келген жаһандық сын-қатерге қарсы тұру қабілетін нығайтуға бағытталғанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысқа қарсы шаралардың маңызды бөлігі индустрияландыру жəне «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру болып саналатынын айтты.

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 17 мамыр. №263

ТАҒАЙЫНДАУЛАР М е м л е ке т б а с ш ы с ы н ы ң Өкімдерімен: Айдос Ыдырысұлы Үкібай Қазақст ан Ре спубликасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметіне; Əділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақст ан Ре спубликасы Президенті Əкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

(Жалғасы 2-бетте).

БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ «НҰРЛЫ ЖОЛ» –

«ӘЛ ЕМ .Х ХІ Ғ

ЫР АС »М

ФЕСІ А НИ

АДАМЗАТТЫҢ ТАҒДЫРЫНА АЛАҢДАҒАН

нəтижелерге үміт артуға болатынына назар аударды. Қазақстан Президенті əлеуметтік саладағы оң көрсеткіштерге де тоқталды. – Біз жұмыссыздықтың артуына жол бермей, оның деңгейін бұрынғы 5 пайыздың деңгейінде сақтай алдық. Бюджет түсімдерінің қысқарғанына қ а р а м а с т а н , м е н м е м л е ке т т і ң барлық əлеуметтік міндеттемелерін орындауға нақты тапсырма бердім. Халық тұрмысының төмендеуіне жол беруге болмайды. Бұл – барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың негізгі міндеті. Біз биыл бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын білім беру саласында – 29%-ға, денсаулық сақтау саласында – 28%ға, өзге салаларда 40%-ға көтердік. Студенттердің стипендиялары, с о н д а й - а қ м ү г е д е к т і к ке ж ə н е

БИЫЛ ТАРАЗДА ЖЕТІ КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

МЕМЛЕКЕТТІК «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АЙМАҚТАРДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ БӨЛІНГЕНІ БЕЛГІЛІ. БҰЛ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ИГІЛІГІН ТАРАЗДЫҚТАР ДА КӨРІП ОТЫР. БИЫЛ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОЛДАРЫН КҮРДЕЛІ, ОРТА ЖӘНЕ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗУГЕ 1959,7 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАРАЖАТ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН БОЛАТЫН.

Əбдімомын ЖЕЛДІБАЕВ, күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ аст анасы В а ш и н г то н д а ə л е м н і ң 5 1 е л і н і ң президенттері мен премьер-министрлері жəне халықаралық беделді ұйымдар басшылары алдында сөйлеген сөзі тұлғалықты танытып қана қоймай, адамзатқа саналы да салмақты ой тастай білді. Қашаннан тереңнен сөз қозғайтын Елбасы бұл жолы да парасат пайымымен жаһандық мəселені орынды қаузай отырып, еларалық ынтымақтың əлемдік деңгейдегі ұйытқысы керектігін аңғартты. Иə, 130-дан астам ұлт пен ұлыстар мекен ететін Қазақстанда əлемге үлгі болатын сол татулық, ынтымақ, достық берік орныққанын мақтанышпен айта аламыз. Егер, ұлттар бірлігі дəл біздің еліміздегідей өзге мемлекеттерде де орнайтын болса, онда адамзаттың арманы – ынтымақ күллі жұмыр жер бетінде де нық беки түсіп, қауіп-қатерден аулақ тіршілік кешер едік. Жаһанның əр қиырын жайлаған бейқұт өмірдің тірегі бейбітшілік екенін естен шығармауымыз керек. Қазір əлемде бейберекетсіздіктер орын алып, қаншама мемлекеттер қауіп-қатермен бетпе-бет келіп қиналуда. Жетім бала, жесір ана, баз кешіп жүрген ерлер. Іріткі салып, халықтарды бір-бірімен қырқыстырып қойғандар қандай ұшпаққа шығар екен дейсің. Дүние дидарын алатопалаң қылған арам ниеттілер Алланың қаһарына ұшырайтынын білмегені ме сонда? Білсе де осындай тірлікке қалайша қадам жасайды? Өздерін қойшы, соңынан ерген ұрпағының болашағын ойламайтын неғылған қаныпезерлер еді деп, қайран қаласың. Өзгенің бейбіт өміріне қол сұғып, талай жанды еңіреткен, талай жанды қыршынынан қиғандар қалайша жер басып жүреді? Осының бəрін ой елегінен өткізген Нұрсұлтан Əбішұлы кезінде бірінші болып ядролық қарудан бас тартып, өзгелерді де қатарында болуға шақырған еді. Вашингтонда өткен саммитте де Елбасымыздың ХХІ ғасырда əлемге тыныштық керек, біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ойлауға тиіспіз, деп талас-тартыстардың соғыс арқылы шешілмейтіндігін талдап берді. «Ырыс алды – ынтымақ» деген бір ауыз сөзге тату тіршіліктің теңдессіз тартуы мол екендігін сыйдыра алған дана қазақ бейбітшіліктің дара сүрлеуін салып келеді. Демек, біз бейбітшілікті аңсап, ынтымақтастыққа ұмтылып отырған əлем халықтарына үлгі бола аламыз. Бір есте сақтайтын жайт, төрткіл дүниеде бейбітшілікті орнату қанша əлеуетті болса да бір мемлекеттің ғана қолынан келетін іс еместігін айтулы форумда Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обама да айтып өтті. Яғни, Елбасымыздың барша əлем елдерін бейбітшілікке үндеген манифесі қолдап, қуаттауға лайық маңызды құжат екендігі даусыз. Шу ауданы.

(Жалғасы 4-бетте).

АҚШ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ПАЙДАЛАНАТЫН ДРОН

Стэнфорд университетінің ғалымдары квадрокоптарды жетілдіріп, оны тік қабырғаға, төбеге қона алатын етіп жасады. Жаңа дронды тік қабырғаға қона алатын SCAMP квадрокоптарын жасаған мамандар әзірледі. Аталмыш аппарат төтенше жағдай орын алғанда қызметкерлерге қолдануға таптырмайтын көмекші құралға айналмақшы. ГЕРМАНИЯ ЖАҢБЫР ЖАУҒАНДА ӘН САЛАТЫН ҮЙ

Дрезден қаласының Нойштадт ауданындағы бір ғимараттың сыртында бірнеше жерден су ағатын құбырлар, су ағызғыштар және құйғыштар орнатылып, жаңбыр жауғанда, осы жүйеден әуенді дыбыстар шығады. «Қабырғадағы музыкалық аспаптар» арқылы ағып өтетін су тартымды, жанға жайлы әуен таратады. ФРАНЦИЯ РОБОТ-АДВОКАТ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНДЫ

Әлемдегі алғашқы робот-адвокат жұмысқа қ а б ы л д а н д ы . Ро б о т б а н к р о т т ы қ р ә с і м ге байланысты істі жүргізетін бөлімде жұмыс істейді. Қазір бөлімде 50 қызметкер бар. Ross кәсіби әдебиетке сілтеме мен дәйексөздер келтіре отырып, гипотезамен сұрақты түсініп, оған жауап беруге қабілетті. Осылайша, киберадвокат ауқымды орынсыз ақпараттарды електен өткізіп, заңгерлерге жәрдемдеседі және өтініштер санының артуына қарай тиімділігі арта түседі.

ЫЛ ЖАМБ

ДА

ТАРАЗ МЕКТЕПТЕР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Қаладағы бірнеше мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталады. №32 орта мектептің ғимаратын күрделі жөндеуге – 211миллион 155 мың, №37 орта мектебі үшін – 131 миллион 479 мың, №21 балабақша ғимаратын ішінара күрделі жөндеуге – 99 миллион 36 мың, №24 гимназия ғимаратын сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеуге – 257 миллион 862 мың теңге бөлініп отыр. МЕРКІ СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

Аудан әкімдігінің қаулысымен Меркі ауылында спорт түрлерінен облыстық құрама командаларының оқу-жаттығу кешенін салу үшін 7 гектар жер бөлінді. Сондай-ақ Ойтал ауылындағы бұрынғы «Журавушка» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізіп, оны №18 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне беру көзделуде. Т.РЫСҚҰЛОВ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

Аудан аумағында негізгі әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандағы өнім өндіретін іргелі шаруашылықтар облыс, республика аумағындағы кәсіпкерлік субъектілерімен сауда-саттық меморандумдар жасасты. Бүгінгі таңда аудан бойынша келісімге келген меморандумдардың жалпы мөлшері 1 миллиард 803 миллион теңгені құрап отыр.

Жер жарасты көрінер өзенімен, көлімен, Ел жарасты көрінер еңбегі жанған ерімен.

САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ

ӨРТТЕН ОПЫҚ ЖЕП ҚАЛМАЙЫҚ! Жер жаһанда болып жатқан су тасқындары мен өрт жалындары жолындағы елді мекендерді жайпап, қаншама адамдар үйсізкүйсіз босқынға ұшырап жатыр. Осындайда ата-бабаларымыздың «Е, Құдайым, өрттен, судан сақта» дегені ойға оралады. Көп жыл бойы еңбекпен балашағаңды асырай жүріп, жиғантергенің бір-ақ сəтте топан су тасқыны немесе өрт жалыны жалмап, далада қаңғып қалғаннан артық қорлық бар ма? Шетелдерде болып жатқан табиғат апаттарын телеарналардан көргенде жаның түршігеді. Биыл жауын-шашын мол болып тұр. Егін бітік өсіп, дала төсіне шөп ырғын шықты. Облыс аумағында əсіресе далалы жерде күздік бидайдың, табиғи шөптің адам бойы өскенін көріп, таңғалып жүрміз. Маусым айы туып, жаз шыға-ақ Сарысу, Талас, Мойынқұм аудандары жерінің шөптері сарғайып қурай бастайды. Құмды өңірлерде малдың көзіне кіріп, жабысып қалатын қылпық деген шөп бар. Жылда 10-15 см

өсетін қылпықтың биіктігі қазір 1 метр болды. Мұның бəрі күн ысығанда өрттің шығуына себеп болатыны даусыз. Өрт қайдан шығады? Салғырттықтың əсерінен көп

нəрс еге жол беріп а ламыз. Темекінің тұқылын өшірмей жол бойына лақтыра салу, от жағып тамақ пісірген жерлерді өшіріп көміп кетпеудің салдарынан өрт шығатыны анық. Найзағайдан,

көрінген жерге лақтырып тастаған бо с шөлмектен от шығады. Мұны біз ұзақ жылғы жұмыс тəжірибемізден көріп жүрміз. Осындай шөп қалың өскен бір жылы Талас ауданында

қой отарымен жанып кеткенін білеміз. Жылда өрт қауіпсіздігін с а қ т ау т у р а л ы о б л ы с т ы қ табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бұйрығы, жеке

тұлғалардың орман қоры жерінде себепсіз болмауы туралы облыс əкімдігінің өкімі де шығады. Басқармаға бағынышты 14 ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау КММ-нің ішінен ұйымдастырылған өртке қарсы бөлімшелері 1 сəуірден бастап оқу-жаттығу кестелерін өткізіп, техникалары қажетті құралсаймандарымен сақадай сай. Жүрген жерімізде жолыққан малшыларға, ауыл тұрғындарына өрттен сақ болудың жолдарын айтып жүрміз. Отқа абай бол, қора маңын жарты шақырым айналдыра мал жайып тақырлап таста, өрт шыға қалса, қоражайың, тұрған үйің, қыстан қалған маядағы шөпті аман алып қалудың бір жолы осы. Сақ болсаң, Құдай сақтайды деген. Ертан ЖАНТАЕВ, облыс əкімдігінің табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ормандарды қорғау жедел қызметі КММнің бас маман-инспекторы.

ЖАЗЫЛЫМ – 2016

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». «ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457

КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.