19 шілде пдф 2016 ж

Page 1

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

ak-jol-taraz@rambler.ru

№83 (18277), Сейсенбі, 19 шілде, 2016 жыл

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

НДА ЖАҺА

ПРЕЗИДЕНТ

АҚОРДА

АЛМАТЫДАҒЫ ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ТҮРКИЯДА ҚАРУЛЫ ТӨҢКЕРІС ЖАСАУ ӘРЕКЕТІ БОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ПРЕЗИДЕНТ РЕЖЕП ТАЙИП ЕРДОҒАНҒА ЖЕДЕЛХАТ ЖОЛДАДЫ

=АҚШ КҮЗЕТШІ РОБОТ КІШКЕНТАЙ БАЛАНЫ БАСЫП КЕТТІ Стэнфордтағы сауда орталығында күзетші робот 16 айлық баланы қағып құлатты. Бойы 1,5 метр, салмағы 136 келі робот баланың сол аяғын мыжып, балтырын қанатқан екен. Робот бойы аласа баланы байқамаған болып шықты. K5 күзетші роботын «Knightscope» компаниясы жасаған. Ол бейнекамерасы, лазерлік қашықтықты өлшеуіш, радар, микрофон және жылу сезгіш құралмен жабдықталған. K5 ғимаратты өзі күзетуге қабілетті, сезікті бірдеңе болса көмек шақырады. =ФРАНЦИЯ ШАШТАРАЗДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ – 10 МЫҢ ЕУРО

Жед е л хат т а Е л б а с ы н ы ң же ке л е ге н т е р і с п и ғ ы л д ы күштердің Түркияда қарулы т ө ң ке р і с ж а с ау ә р е ке т і туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдағаны атап өтілген. – Қайғылы оқиға салдары­ нан барлық қаза болғандар мен зардап шеккендер отбасыларының қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Бауырлас түрік халқын бірлікке және болған оқиғаға қатысты төзімділік танытуға шақырамыз. Жағдайдың тезірек ретке келетініне сенімдіміз. Т ү р і к ха л қ ы м е м л е ке т т і ң демократиялық жолмен сайланған қазіргі басшылығымен бірге барлық сын-қатерлерге төтеп беріп, демократия және өркендеу жолындағы тұрақты дамуын жалғастыратынына еш күмән келтірмейміз, – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Р.Ердоғанға тілектестігін білдіріп, достас елдердің жарқын болашағына сенімділігін жеткізді.

«ӘЛЕ

Франция Президенті Франсуа Олландтың төңірегінде дау шықты. Даудың мемлекет саясатына еш қатысы жоқ. Оның жеке шаштаразы айына 10 мың еуродай жалақы алатын болып шықты. Бұл министрлердің жалақысына тең екен. Шаштараз бұл қызметіне 2012 жылы кіріскен және барлық іссапарлар мен шараларда Франция Президентінің қасынан табылып отырған. Шаштаразшының жалақысы Президенттің жалақысынан 5 мыңға төмен екенін айта кетейік. =ҰЛЫБРИТАНИЯ КЭМЕРОННЫҢ ДҮНИЕСІ 330 ҚОРАПҚА ЗОРҒА СЫЙДЫ Ұлыбританияның Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон Лондондағы Даунинг-стритте орналасқан резиденциядан көшіп жатыр. Ол дүниесін буып-тиюге түрлі көлемдегі 330 қорап, 30 қап, 30 желім алдырған. Кэмерон отбасына жүктерін жинастыруға бір күн уақыт берілген. Үкімет басшысының қайда көшіпқонатыны белгісіз. Өйткені, Лондондағы Ноттинг-Хилл ауданындағы өз үйлерін жалға беріп қойған.

ЖАМБ

А ЫЛД

=ЖУАЛЫ Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті. Отырыс барысында Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы В.Жұмақановтың, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің басқа да мүшелерінің Алматы қаласындағы оқиғаларға қатысты баяндамалары тыңдалды. Қазақстан Президенті қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты және оларға мемлекеттік органдардың барлық қажетті көмекті көрсетуін тапсырды.

М. Х ХІ Ғ

АС Ы

ФЕСІ НИ МА

Масат БЕРІК, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Р»

МАНИФЕСТІҢ МӘЙЕКТІ МАҢЫЗЫ БАР

Жер жүзі жаралғалы бері 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген екен. Осынау ғарасат майдандарда жүздеген миллион адам ажал құшыпты. Күйреген қалалар мен елдер, жойылған мәдениеттер мен өркениеттер қаншама! Ең өкініштісі, мұндай жағдайлар бүгінгідей таңғажайып ашылымдар заманында да жалғасуда. Адамзатты соғыс вирусы өкшелеп қалар емес. Әлемдік өркениет ядролық қаруды таратпау туралы келісім үдесінен шыға алмауда. Өйткені, халықаралық лаңкестік құбылыстары бұл іске кедергікесірін тигізіп бағуда. Ендігі жерде не істеу қажет? Елбасымыз Вашингтондағы саммитте мұның нақты жауабын алға тарту арқылы жаһан елдеріне үлгі болды. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Әбішұлы «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесінде жаһандық тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда адамзаттың не нәрсеге баса назар аударуы керектігін бүге-шүгесіне дейін тарата айтып берді. «Адамзатқа «ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем» атты кең ауқымды бағдарлама қажет, – деп атап көрсетті аталған құжатта Елбасымыз. – Бұл жаһандық стратегия ұлттың соғыстар мен жанжалдардың вирусын жою жөніндегі үйлесімді және жауапты іс-әрекеттерін айқындауға тиіс... Адамдардың өткен ғасырдағы жасағаны секілді, ХХІ ғасырда да бейбітшілік үшін байыптылықпен және табандылықпен күресу керек. Біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ойлауға тиіспіз. Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдарының, бизнесмендерінің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдарының күш-жігерін жұмылдыру қажет. Іс-әрекетсіз отыру немесе бітімгершілік қызметпен айналысқан кейіп көрсету әлемдік апатпен барабар... Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біз үшін қазір және таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ». Әлемде ең алғаш атомдық алапаттың зардабы туралы дабыл қағып, қоғамға қозғау салғандардың ілкі басында «Невада-Семей» қозғалысы тұрғанын ешкім де жоққа шығара алмас. Қозғалыс басталған тұста оның мүшелерi Семей ядролық полигонын жабу мен әлемдегi осындай сынақ полигондарын тоқтату сияқты биік мақсаттарды алға қойды. Задында қазақ елінің ғаламдық ауқымдағы бастамаларының қай-қайсысының да жаһандық тыныштық пен тұрақтылықты сақтаудағы, халықаралық саясатты тиімді қалыптастырудағы ықпалы зор. Жалпы, ядролық қауiпсiздiк жөнiндегi жаһандық саммиттердiң маңызы айрықша елеулі. Мұндай дүниежүзілік ауқымдағы жиындарға абыройлы жолы, байламды сөзi бар мемлекеттер ғана қатыса алады. Вашингтон саммитiнде Елбасының манифест жариялауы әлем мемлекеттері алдындағы мерейімізді үстем етіп, мәртебемізді асқақтатып-ақ тастағаны анық. Онда ортаға салынған мәселелер тек бiр ғана аумақтың емес, күллі әлемнің келешектегі ғұмырын айқындап отыр. ХХІ ғасырда әлемге тыныштық керек! Бұл – шетін мәселе! Манифестің мәйекті маңызы, міне, осында.

– Бүгін Алматыда, өкінішке қарай, тағы да адам құрбандығына ұшыратқан террорлық акт болды. Зардап шеккендер мен қаза болғандардың жақындарына көңіл айтамын, оларға тиісті психологиялық және материалдық қолдау көрсету керек. Сондай-ақ құқық қорғау органдарына қаладағы құқық тәртібін қамтамасыз ету тұрғысынан барлық қажетті шараны қабылдауды т ап с ы р а м ы н , – д ед і Н ұ р с ұ л т а н Назарбаев. Мемлекет басшысы азаматтарды ақпараттық кеңістіктегі ықтимал аран­дату­ шылықтарға бой алдырмауға шақырды.

– Қазір құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр, қаскүнемдердің кім және қандай мақсат көздегенін анықтауда. Жұрт көп жиналатын орындарды қорғап, жараланғандарға медициналық көмек көрсету жөнінде жедел шаралар қабылдау керек. Қылмыскерлерді анықтау үшін шұғыл түрде толық тергеу жүргізу қажет. Сондай-ақ Алматы тұрғындарына тұрақты түрде мәлімет беріп, жалпы қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету керек. Қауесет таратушылардың аяусыз түрде жолын кесіп, арандатушыларды анықтау маңызды. Алматыдағы және республикадағы барлық азаматтар

тәртіпті ретке келтіру үшін ең қатаң шаралар қабылданып жатқанына сенімді болуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті. Отырыс қорытындысы бойынша Нұрсұлт ан Назарбаев Ішкі істер министріне оқиға орнына баруды және Алматы қаласының әкімімен бірлесіп, қаладағы жағдайды тұрақтандыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы А қ п а р ат ж ә н е ком м у н и ка ц и я л а р министрлігіне азаматтардың барлық сауалдарына жедел жауап беріп, халыққа уақтылы және толық ақпарат беріп отыруды тапсырды.

73 ТУРИСТІК БАҒЫТ ЖАСАЛДЫ

«Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясы отандық туроператорлармен бірлесе отырып, мазмұны жағынан м а ң ы зд ы ә р і м е й л і н ш е қызықты түрлі экскурсия бағытын әзірледі. Демек, көрмеге келген әрбір турист Аст анамыздың көрікті жерлерімен танысып қана қоймай, Қазақстанның тарихи және мәдени нысандарын көру мүмкіндігіне ие болады. Бүгінгі таңда туристік тізімге еліміздің ұлттық парктері (Шыран шатқалы, Бурабай) бойынша э кол о г и я л ы қ ту рл а р , ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне кіретін тарихи-мәдени нысандарды ( Қ о ж а А х м е т Я с с ау и , Тамғалы) аралау бағыттары, сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш

айлағында зымыранның аспанға ұшырылуын бақылау арнайы турлары ұйымдастырылды. Ө ң і рл е рд е г і ту р и с т і к қызмет көрсету арнасын кеңейту Астана қаласында өткізілетін Халықаралық

мамандандырылған ЭКСПО – 2017 көрмесінің аясында жүргізіліп жатыр. Бұл қазақстандық трэвел-индустрияның дамуына ықпал етері анық. 2016 жылдың 10 мау с ы м ы н а н б а с т ап

«Астана ЭКСПО – 2017» көрмесіне билеттер сатыла бастады. Қазіргі таңда туроператорларға арнайы тиімді баға қойылып отыр. Яғни 2016 жылдың 10 шілдесі мен 10 тамызы аралығындағы промо кезеңде туроператорлар көрмеге билетті арнайы бағамен сатып ала алады. Б а з а л ы қ п а ке т 2 0 0 0 теңгеден басталып, күні белгіленген немесе күні белгіленбеген билеттерден құралады. Сатып алатын билет көлемін неғұрлым ұлғайтқан с айын билет құнына деген жеңілдік те соғұрлым тиімді болады. Сатып алынатын билеттердің көлеміне шектеу қойылмайды. «Ақ жол-Ақпарат».

016 ЕГІН ОРАҒЫ – 2

АСТЫҚТЫ АЛҚАПТА – АЛЫМДЫ ТЕХНИКА Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол».

ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫНАН ШЫҒАБЕРІСТЕ ЖОЛЫҢЫЗДЫ ҮШБАС ӨЗЕНІ КӨЛДЕНЕҢ КЕСІП ӨТЕДІ. ОЛ КӨРШІЛЕС СОЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ АТАҚТЫ ҚЫЗЫЛКӨЛГЕ БАРЫП ҚҰЯДЫ. ТҮРКІСТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ҚАРАСТЫ Ә.БҮРКІТБАЙҰЛЫ АУЫЛЫ ОСЫ ТҰСТА. АЛ АУЫЛҒА БАСТАП БАРАТЫН ТАСЖОЛДЫҢ ҚОС ҚАПТАЛЫНДА ЖАЙҚАЛА ӨСКЕН МАСАҚТЫ ЖӘНЕ МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР ЕГІСТІГІ КӨЗ ЖАУЫН АЛАДЫ. – БИЫЛ АУДАН БОЙЫНША 18342 ГЕКТАР ЕГІС АЛҚАБЫН ИГЕРДІК, – ДЕЙДІ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ОЛЖАС КӨКЕЙ, – БҰЛ ИГЕРІЛУГЕ ТИІСТІ ЕГІСТІК ЖЕРДІҢ 90 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫН ҚҰРАЙДЫ. ӨЗГЕ АЛҚАПТЫ КЕЛЕР ЖЫЛДЫҢ КҮЗДІГІ ҮШІН ПАРҒА ҚАЛДЫРЫП ОТЫРМЫЗ.

(Жалғасы 2-бетте).

«ТАУ САМАЛЫНДА» 1200 ОҚУШЫ ДЕМАЛАДЫ Берікқара шатқалында орналасқан «Тау самалы» демалыс орталығында биыл 1200 оқушы демалады. Мұнда күні бүгінге 600 оқушы демалысын өткізді. Табиғаты ерекше, сан алуан шөп, гүл түрлері өсетін осынау аймақ биыл ерекше құлпырып тұр. Мұнда Алматы, Астана және Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының мектеп оқушылары жазғы демалыстарын қызықты өткізді. Қазір Тараз қаласының оқушылары демалуда. =ТАЛАС ЖЫЛЫНА – 300 МЫҢ ТОННА ЦЕМЕНТ Ауданда жалпы құны 3,4 миллиард теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба индустрияландыру картасына енгізілген еді. «Жамбыл-Недр» ЖШС жылына 300 мың тонна М-400, 500 маркалы цементін өндіреді. Шикізат көзі ретінде «Сүлейменсай» карьерінің әктасы мен топырағын пайдалану көзделуде. Қаратау қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан карьерге электр желілерін тартуда. =ШУ ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫНА ГАЗ КЕЛДІ Аудан орталығы Төле би ауылына «көгілдір отын» келді. Бүгінде 247 үйге көшеден өтетін газ құбырынан ішкі үй құбырлары пайдалану нүктелеріне дейін жүргізіліп, 343 үй келісімшарт жасады. Газ кіргізу жұмысының құны 570 мың теңгені құрайды. Енді тұрғындар ай сайын 70 мың теңге төлеуі тиіс. Аталмыш елді мекенге газ тарту жұмыстарымен «Париев» ЖШС айналысып келеді.

Бірлік қайда болса, еркіндік сонда. Еркіндік қайда болса, елдік сонда. ЖАЗЫЛЫМ – 2016

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады».

«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН

Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3185,10 теңге 1 жылға – 6370,20 теңге ИНДЕКСІ 15457

Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2935,08 теңге 1 жылға – 5870,16 теңге ИНДЕКСІ 65457

Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2849,76 теңге 1 жылға – 5699,52 теңге ИНДЕКСІ 15457

Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2599,74 теңге 1 жылға – 5199,48 теңге ИНДЕКСІ 65457

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН: «Эврика-пресс» ЖШС, «Тараз-пресс» ЖШС, «ERNUR-PRESS» ЖШС бөлімшелері арқылы жазылуға болады.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
19 шілде пдф 2016 ж by akjolgazet - Issuu