19 кантар пдф 2016ж

Page 1

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу Са С Сары ар а ары рыс ры су у ау ауд ауда а уда уда уд дан ны ы ауданы

Мой Мо М ой йы ын ын Мойынқұм а ау уда у уд дан да ауданы

Жамбыл облысты о амды саяси газет

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№7 (18201), Сейсенбі, 19 а тар, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

НДА ЖАҺА

ПРЕЗИДЕНТ

ЖАПОНИЯ МӨП-МӨЛДІР ТЕЛЕДИДАР

Жапонияның Panasonic компаниясы мөлдір теледидар жасап шығарды. Теледидардың үлгісі 6-9 қаңтар аралығында Лас-Вегаста өткен халықаралық Consumer Electronics Show көрмесінде таныстырылды, – деп хабарлайды Hi-tech. Теледидар диагоналі 165 сантиметр болатын светодиодты қораптан тұрады. Сөніп тұрған кезде теледидар шкафтың жартылай мөлдір есігі, яғни теледидар қойылған жиһаздың элементі сияқты тұрады.

Елбасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен жəне Премьер-Министр Кəрім Мəсімовпен консультация өткізді. Кезде суге сондай-ақ Президент Əкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин қатысты. Консультация барысында кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы Мəжіліс депутаттарының бастамасы қаралды. Қазақстан Президенті бұл бастама қазақстандықтар арасында кеңінен қолдау тапқанын жəне мемлекет жүзеге асырып жатқан терең реформалар мен əлемдік нарықтағы ахуал тұрғысынан өзекті болып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бастаманың Мəжіліс пен мəслихат сайлауын біріктіруге, қаржылық жəне ұйымдастырушылық шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік беретініне назар аударды. Қ.Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізу жөніндегі бастама дер кезінде көтерілгенін, өйткені Мəжіліске бүгінде ел алдында тұрған міндеттерді нақты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа мандатын алу қажет екенін айтты. *

*

ГЕРМАНИЯ BMW КӨЛІК САТЫП РЕКОРД ЖАҢАРТТЫ

BMW-ның негізгі бәсекелестері – Audi мен Mercedes көліктері де 2015 жылы көп сатылды, алайда BMW-ны олар басып оза алмады. BMW автоконцерні 2014 жылмен (6,1 пайыз) салыстырғанда, 2015 жылы көлік сату бойынша рекорд орнатқан. BMW сатылу көлемінің өсімі – Еуропада – 9,4%, Америкада 2,8%, Азияда – 4,2%-ға артқан. Ал, Қытайда сатылым көлемі небары 1,7%-ға өскен. АҚШ АҚЫЛДЫ ТОҢАЗЫТҚЫШ

Samsung компаниясы Лас-Вегаста өтіп жатқан «CES» 2016 көрмесінде азық-түліктің бұзылғанын ескертетін ерекше тоңазытқышты ұсынды. Family Hub деп аталатын тоңазытқыштың ақылдылығы сол, адамнан қалыспайды. Оның басты қызметі – ішінде тұрған азық-түлік пен тамақ өнімдерінің жарамдылығын, бұзылғанын иесіне хабарлау. Family Hub іште тұрған тамақтың жуық арада таусылатынын айтып береді. Бұл ақпаратты ол өз иесінің смартфонына жібереді.

*

Мемлекет басшысы Парламент Мəжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповпен жəне Премьер-Министр Кəрім Мəсімовпен консультация ө т к і з д і . Ке з д е с у г е с о н д а й - а қ Президент Əкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин қатысты. Елбасы Мəжіліс депутаттарының кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы баст амасы түрлі пікірталас алаңдарында, сарапшылар арасында жəне бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланып жатқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық п і к і р д і а н ы қ т ау ғ а а р н а л ғ а н с ауа л н а ма д а б ұ л ұ с ы н ы с т ы ң кеңінен қолдау тапқанын көрсетіп о т ы р ғ а н ы н а н а з а р ауд а р д ы .

ЫЛ ЖАМБ

ДА

ТАРАЗ ЖОБАЛАУ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қ.Жақыпов партиялардың сайлаушылардан жаңа сенім мандатын алу, кең қоғамдық ұйысу, сондай-ақ жүргізілетін реформаларды барлық деңгейде жүзеге асыру үшін Мəжіліс пен мəслихаттар іс-қимылын сəйкестендіру қажеттігі мұндай шешімнің қабылдануына басты себеп болғанын атап өтті. *

*

*

Елбасы Конституциялық кеңес

төрағасы Игорь Роговпен консультация өткізді. Кездесу барысында кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу мəселесі талқыланды. Ме м л е ке т б а с ш ы с ы М ə ж і л і с депутаттарының үндеуін алғанын, онда аталған бастамаға реформаларды жəне мемлекет белгілеген дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру қажеттігі негіз болғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Парламенттің қос палатасының төрағаларымен жəне Премьер-Министрмен консультация өткізгенін айтты. И.Рогов Конституцияның 63-бабының 1-тармағына сəйкес, Парламентті немесе Парламент Мəжілісін Қазақстан Президенті Парламент палаталарының төрағаларымен жəне ПремьерМинистрмен консультациядан кейін тарата алатынын айтты. Сонымен

бірге, Конституциялық кеңес төрағасы кезектен тыс сайлау Парламент немесе Парламент Мəжілісі өкілеттігін мерзімінен бұрын доғарған күннен кейін екі ай ішінде өткізілетініне назар аударды. И.Рогов Мəжіліске кезектен тыс сайлауды алдағы барлық деңгейдегі мəслихат сайлауымен бір мезгілде өткізу Конституция нормаларына толық сай келетінін атап өтті.

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде құрылатын біртұтас көліктік, логистикалық және коммуникациялық құрылым аясында «ОрталықОңтүстік» жобасы іске асырылады. Оның аясында облыс аумағынан өтетін республикалық маңызы бар «Ресей Федерациясының шекарасы – Алматы» автожолының 210 шақырымын қайта жаңғыртуға жобалау-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. БАЙЗАҚ ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНУДА

Қазіргі таңда облыста 5 мектеп үш ауысыммен жұмыс істеп келеді. Осының ішінде 2 мектептің құрылысы жүргізілуде. Соның бірі – Түймекент ауылында 300 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. ҚОРДАЙ

АРҚАНЫ КЕҢГЕ САЛУҒА БОЛМАЙДЫ ОБЛЫС ӘКІМДІГІ АППАРАТЫНЫҢ КЕҢЕСІНДЕ ҚАУЗАЛҒАН ЖАЙТТАР ОСЫНДАЙ ОЙҒА ҚАЛДЫРДЫ Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Нұрым СЫРҒАБАЕВ, «Ақ жол». «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мəжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» жобасы аясында «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылды. Жиынды филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдəзімов ашып, жүргізіп отырды. Басқосу барысында ол партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы еліміздің барлық өңірінде белсенді жүзеге асырылып жатқанына, облыс аумағында бұл мəселеге қатысты бірнеше əлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, көптеген ауқымды іс-шараларды атқаруға мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен іс-қимыл бойынша өзара ықпалдастық туралы меморандумдар арқасында қол жеткізілгеніне тоқталды. Елбасының Жарлығымен «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң қабылданып, ол жаңа жылдан бастап қолданысқа енген болатын. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет жəне жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының міндетін атқарушы, Тəртіптік кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев: «Ендігі жерде мемлекеттік қызметшілер арасында этикалық нормаларды бұзуға əкелетін жəне жемқорлық құбылыстарын туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша қатаң шаралар қолға алынбақ. Осылайша мемлекеттік қызметшілерге талап қою арқасында сыбайлас жемқорлықтың жойылуына қол жеткізілмек. Жаңа Заң аясында қарқынды жұмыс жүргізу мəселелері де қарастырылу үстінде. Сонымен қатар, бұрынғы мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстағы департаменті мемлекеттік қызмет жəне жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті болып екіге бөлінбек. Мұның бəрі жемқорлықты түбегейлі жою үшін қолға алынып жатқан шаралар»,– деп тарата айтып берді. Сот органдарының ардагері, облыстық соттың экс-судьясы Асылхан Дармурзаев пен заң ғылымдарының кандидаты Қайрат Нұрманбетов Елбасымыз ұсынған бес институттық реформа «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының тəжірибелік кезеңі басталғанын, барлық мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар жəне азаматтық қоғам институттарының бас қосып жемқорлыққа қатысты «дөңгелек үстел» өткізуі – күні бүгінге дейін атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, алдағы күндері қолға алынатын жұмыстарды екшеумен қатар, өзге де мəселелерді жүзеге асыруға серпін беретінін атап көрсетті. Тараз қаласы.

Қазақст ан Ре спубликасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығында облысымызда жалпы құны 581,7 миллиард теңгені құрайтын 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы өңір басшысы Кəрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен облыс əкімдігі аппарат кеңесінде айтылды. Облыс əкімдігі кəсіпкерлік жəне индустриялды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ағабеков аталмыш жобаларды іске асыру барысында салынатын құрылыс жұмыстары кезінде 6,6 мың адам жұмысқа тартылып, ал іске

қосылғанда 5,7 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын мəлімдеді. – Былтыр жалпы құны 30,5 миллиард тенгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылып, 425 жаңа жұмыс орны ашылды. 2015 жылы іске қосылған жобалар 3 миллиардтан астам теңгенің өнімін өндірді. Индустриялықинновациялық жобалар мемлекет тарапынан əртүрлі қолдау тауып отырды. Биыл 12 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, олардың жалпы құны 65,6 миллиард теңгені құрайды. 1378 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде, – дей келе Олжас Пернеханұлы мемлекеттік бағдарламаның екінші бесжылдығында атқарылатын жобаларға тоқталып өтті. Басқарма басшысы орынбас арының айтуы бойынша, Индустрияландыру картасына Тараз

қаласынан – 8, Қордай ауданынан – 4, Шу жəне Мойынқұм аудандарында – 3, Жамбыл, Меркі, Т.Рысқұлов жəне Сарысу аудандарында бір-бір жобадан енген екен. Баяндамашы «Бизне стің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру бағытында атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті. Аталмыш бағдарламаны іске асыру үшін 2015 жылға республикалық бюджеттен 2220,7 миллион теңге бөлінген. Оның ішінде субсидиялауға 1256,8 миллион теңге, жетіспейтін инфрақұрылымды дамытуға 828,9 миллион теңге, кредиттерге кепілдік беруге 116,0 миллион теңге, гранттық қаржыландыруға 19,0 миллион теңге қарастырылған. (Жалғасы 4-бетте).

АУДАН ОРТАЛЫҒЫ 600 ГЕКТАРҒА КЕҢЕЙЕДІ

Қордай ауылдық округі бойынша тұрғын үйлер салатын жер учаскесін алуға кезекте тұрғандардың саны алты мың адамнан асты. Олар үшін округ аумағынан бөлінген 600 гектар жер телімінің бас жоспары дайындалып, онда қажетті инфрақұрылымдар жүргізудің сметалық құжаттары бекітілді.

Біреудің ат көтермес бөзі бар, Біреудің ат көтермес сөзі бар.

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

БАБЫНДА ТҰРҒАН БРЕНДТІҢ БАҒЫ БАЙЛАНБАСЫН Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА, «Ақ жол». Суы мол, топырағы құнарлы, шөбі шүйгін жерге жан бітіру кезкелген диқанның арманы. Көкөніс, астық, бау-бақша өнімдерін өсіруді жылдан-жылға жандандырып, жер-ананың ырзығын молынан п а й д а л а н ы п ж ү р г е н ш ул ы қ егіншілердің айы оңынан туып тұр. Ал 2011 жылы инвестициялық жоба негізінде іске қо сылған «Kaz-Ir-Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауданның аграрлық саласының жаңа тынысын ашқандай болды. Бұрын-соңды жергілікті кəсіпкерлер көзін таба қоймаған майлы дақыл – мақсарыны Иран елінің азаматы Алинагиян Хамедреза Забихоллах

отандық брендке айналдырып, Бірлік ауылында аталмыш дақылдан май өндіретін зауыт ашқан. «Бабын тапсаң – байлық жерде» деген осы. Шетелдік бизнесменнің кəсіпорынды Шу өңірінен ашуы бекер емес. Себебі, аудан аумағындағы жер мақсары егістігіне өте қолайлы. Бұл жобаның құны 5,7 миллион АҚШ долларын құрайды. Негізінен кəсіпорын басшылығы 2006 жылдан бері осы бастаманы қолға алады. Серіктестік иелігінде еліміздің солтүстік өңірінде де жері болғанмен, басымдықтарын сараптай келіп, таңдау Шу ауданына түскен. Кəсіпорын толықтай соңғы үлгідегі германиялық с апалы құрылғылармен жабдықталған. Талапқа сай зауыт тəулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп тұруы тиіс.

Қыркүйек айында шикізат толық жиналып алынғаннан кейін ғана жүрегі соғатын алып техниканың жылына 3 мəрте ғана кідіруге мүмкіндігі бар. Ал жоспарсыз үзіліс кəсіпорынды орасан шығынға батыратын көрінеді. Құрылтайшы Марина Фетисованың айтуынша, ондай келеңсіздіктер жарықтың ойламаған жерден сөніп қалуына байланысты бірнеше мəрте орын алған екен. Жел тұрса болғаны, ауыл аумағындағы тозығы жеткен электр желілері жұмысынан жаңылады деседі. Бұл жайттың алдын алу үшін қуаты 3 сағатқа жететін қосымша генераторларын іске қосқанмен, жарықты кейде тəуліктеп күтуге тура келетін сəттер де болған көрінеді. (Жалғасы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.