ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№34 (18068), Бейсенбі, 19 наурыз, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ
ЕЛДІҢ ЕҢ ҮЛКЕН БАЙЛЫҒЫ – ДЕНСАУЛЫҚ Елбасы Президенттің іс басқармасының медициналық орталығының Клиникалық оңалту кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы көпсалалық жаңа кешенді аралап көрді және оның ұжым мүшелерімен әңгімелесті. Нұрсұлтан Назарбаев тиісті кәсіби персоналы, жоғары сапалы жабдықтары, қажетті секциялары түгел функционалды ғимараты бар медициналық мекеме барлық заманауи талаптарға сай екенін атап өтті. Қазақстан Президенті денсаулық сақтау саласының одан әрі дамуы маңызды екеніне, бұл ел тұрғындарының денсаулық сапасына оң әсерін тигізетініне тоқталды. – Қазақстандықтар ем алу үшін шетелге барады. Осындай кешендердің пайда болуымен медициналық туристер легі біздің елге бағыт алатын болады. Мұнда толыққанды жұмысқа қажетті жағдайдың бәрі жасалған, енді сіздерге өз міндеттеріңізді сапалы
орындап, халық денсаулығын жақсарту керек, – деді Мемлекет басшысы. Мекеме қызметкерлері Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне назар аударып отырғаны үшін алғыс айтып, осындай бірегей кешенде жұмыс істеу зор құрмет екенін әрі жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Олар халыққа білікті медициналық көмек көрсетуге дайын екендіктеріне Қазақстан Президентін сендірді. 13 ғимаратты қамтитын, бір ауысымда 1000 адам қабылдайтын 4 емханасы, 35 құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ 200 орындық стационары бар кешеннің жалпы аумағы 84 мың шаршы метр болады. Кешен бөлімшелері озық медициналық техникалармен жабдықталған. Мекемеде жоғары білікті мамандар, соның ішінде медицина ғылымдарының 11 докторы мен 24 кандидаты жұмыс істейді. Дәрігерлердің жартысынан астамы жоғары санатқа ие.
ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР ЖҰМЫСЫ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ Елбасы «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорының директоры Аружан Саин мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеевті қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы әлеуметтік бастамаларға ж а н - ж а қ т ы қ о л д ау к ө р с е т у д і ң маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан Президенті қорлардың әрқайсысына 300 мың доллардан берілетінін, бұл оның Қытайға сапары кезінде алған «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығының қаражаты екенін айтты. – Бұл қаражат, әрине, барлық түйткілді шешпейді. Бірақ оның берілуі біздің қоғамды қайырымдылыққа көбірек көңіл бөлуге үндейтін белгі болып саналады. Біз Наурыз мейрамы қарсаңында кездесіп отырмыз. Бұл мерекенің мәні – бір-бірімізге, әсіресе балаларға көмектесу, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорының ауыр науқасқа ұшыраған балаларға көмек көрсету тәрізді маңызды әлеуметтік бағыттағы жұмыспен айналысатынын, бұл істе оған бүкіл қоғамның қолдауы қажет екенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ мемлекеттік тілді дамыту ел болашағы үшін маңызды мәнге ие екенін атап өтті. – Бұл мәселе тез шешіле қоюы мүмкін емес, ұзақ уақыт жұмыс жүргізген жөн. Мұны өскелең ұрпақтан бастау қажет. Тілдің дамуына жанжақты көмек көрсету керек. Зиялы қауымды тартып, өзекті шығармаларды талқылау, тілді үйренудің жаңа әдістерін ілгерілету маңызды, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы қоғамдық бірлестіктер жұмысының әлеуметтік тұрақтылық үшін айрықша маңызы бар екенін, ол мемлекеттің басымдығы бар бағыттарына сай келетінін атап өтті. – Қоғамның әл-ауқаты неғұрлым жоғары болған сайын, ол мұқтаждарға, соның ішінде науқас балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, зейнеткерлерге соғұрлым көбірек көмектесетін болады. Қазақстанның балалары ата-анасы бола тұрып, балалар үйінде тәрбиеленбейтіндей, ал балалары бар ата-аналар қарттар үйіне түспейтіндей жағдай жасау маңызды. Осының барлығы үшін қоғам мен мемлекет бірлесіп жұмыс істеуі керек. Сіздер сияқты энтузиаст жандар елдің табысты дамуы мен оның болашағы үшін өте қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы А.Саин
КӨ
МГ КТЕ
РБ А І ҚА
мен А.Шәуеевке атқарып отырған қызметтері үшін алғыс білдіріп, оларға табыс тіледі. А.Саин мемлекеттің қайырымдылықпен айналысатын ұйымдарын қаржыландыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына көмек көрсетіп отырғаны үшін Елбасына алғыс айтты. Сонымен қатар ол балаларда кездесетін туабітті жүрек аурулары жөнінде бұрындары қорға жиі өтініш жасалғанын алға тартты. – Қазақстанда ол кездері жаңа туған нәрестелерге ота жасайтын клиникалар болған жоқ. Сіздің бес жыл бұрын берген тапсырмаңыздың нәтижесінде еліміздің түрлі өңірлерінде бүгінде бірнеше клиника осындай ота жасайды. Нәтижесінде, біздің қорға мұндай диагнозбен қазір ешкім келмейді, бұл мәселе ел ішінде жүйелі шешімін тапты. Сондай-ақ
бес жыл бұрын Қазақстанда балалар мекемесінде 16 мыңға жуық бала тәрбиеленетін. Бүгінде олардың саны 9,8 мыңға дейін азайды. Бұл – Сіздің заңнамаға өзгерістер енгізу және басқа да шаралар қабылдау жөніндегі бастамаңыздың нәтижесі, – деді «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорының директоры. Мемлекет басшысына А. Шәуеев өзі басқаратын қордың қызметі туралы баяндай отырып, қазақ тілін дамытудағы мемлекеттік қолдаудың айрықша мәнін атап өтті. Ол Қазақстан Президентінің көреген саясатының арқасында елімізде мемлекеттік тілді қолдану мен нығайту үшін барлық жағдай жасалғанын айтты. – Біздің қор қазіргі заманғы мүмкіндіктерді, соның ішінде Интернетті пайдалана отырып, халыққа мемлекеттік тілді тегін үйретумен айналысады. Бұл ел азаматтарына ғана емес, шетелде тұратын отандастарымызға да қатысты. Біздің www.soyle.kz порталымызды бір жылда шамамен 300 мың адам пайдаланды. Осы ресурс арқылы күн сайын тіл үйренушілердің саны 20 мыңнан асады. Балаларға арналған жеке веб-ресурс жасалды. Оны жұмыс істей бастаған үш ай ішінде күн сайын 5-6 мың өскелең ұрпақ өкілі кіріп көреді. Біз күн сайын балабақша және балалар үйлерімен, мектептермен, жоғары оқу орындарымен тікелей жұмыс істейміз, – деді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры. А.Шәуеев бөлінген қаражат өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді үйренуін қолдауға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға арналатынын атап өтті.
«Бір тал кессең, он тал ек!» қағидасын мықтап ұстанған қазақ үшін тал егу – соңына ұрпақ қалдыру секілді ұлы іспен тең. Сол үшін де халқымыз әуел бастан Наурыз мерекесіне ерекше даярланған. Көктем келіп, күн қыза бастағаннан-ақ ауланы, тал-дарақ маңын қайыра тазалап, аталарымыз немерелерін ілестіріп, айналаға жас шыбықтар отырғызған. Себебі, жас ұрпақ бұл күні мезгілдің, жылдың жаңаратынын ғана емес, қазыналы қарттарымыздың «атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген тәмсілді ісімен дәлелдегенінен де тағылым алуы керек. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 11/24 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары ТҰРҒЫН ЫСҚАҚҰЛЫ СЫЗДЫҚОВТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ РЕТІНДЕ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес 2015 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1947 жылы туған, қазақ, Көкшетау қаласында тұратын, «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы.
Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы бірқатар елдердің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Атап айтқанда, сенім грамоталарын Кувейттің Төтенше және Өкілетті Елшісі Тарек Абдулла әл-Фарадж, АҚШ Елшісі Джордж Альберт Крол, Пәкістан Елшісі Абдул Салик Хан, Болгария Елшісі Васил Петков, сондай-ақ, Сауд Арабиясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Гурм бен Саид әлМилхан тапсырды. «Баршаларыңызды дипломатиялық қ ы з м е т т е р і ң і з д і ң Ас т а н а д а б а с т а л у ы м е н құттықтаймын! Сіздерге өз мемлекеттеріңіз бен біздің ел арасындағы екі жақты қарымқатынасты бұдан ары дамыту, ынтымақтастықты күшейту жүктелген. Осы орайда міндет абыроймен орындалатынына сенемін. Сіздердің жұмыстарыңыз әлемдегі күрделі кезеңге тап келді. Бұл біздің мемлекет үшін де өз салмағын салып отырғаны белгілі. Жаңа сын-қатерлер жағдайларында Қазақстан үшін ішкі тұрақтылықты, қоғамдық келісімді сақтау және мемлекеттің дамуын одан әрі жүргізу өте қажет болып отыр»,– деді Елбасы. Осы орайда Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөнінде ұсыныс жасағанын, бұл ұсынысты бүкіл халық қолдағанын айтты. «Бұл оқиға еліміз үшін саяси кемелденудің, демократиялық құндылықтар мен заң үстемділігінің беріктігін көрсетеді. Қазақстан барынша ашық әрі әділ сайлау үдерісін қамтамасыз етуге ниетті»,-деді Н. Назарбаев.
МАРАПАТТАЛДЫ Облыстық мәслихат хатшысы Б.Қарашолақовтың өкімімен көп жылғы жемісті еңбегі, қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін және мемлекеттік мереке Наурыз мейрамына орай «Тараз-Aqwa-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Анар Абжапарқызы ДОСЫМБАЕВА, Меркі ауданы, Ақарал ауылы №5 орта мектебінің кітапханашысы Зикен Аумаханқызы ОТАРБАЕВА, көп жылғы жемісті еңбегі, әлеуметтік әріптестіктің және кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін Жамбыл облысы шағын және орта бизнес қызметкерлерінің кәсіптік одағы бірлестігінің төрағасы Асанбек Нілдібайұлы НАУРЫЗБАЕВ Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Аруанаға жүгіңді арт, Белі талмастан бұрын. Денсаулықтың қадірін біл, Науқастанбастан бұрын.
Қ А ЗА Қ СТ А Н Д А Ж А С А Л Ғ А Н
ЛАС
ДАЛА ТӨСІНДЕГІ
дүбір
ЖАҢА
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ
ауданға оператор болып бекітілген «Элемир» ЖШС шаруашылықтардың тапсырысына сәйкес литрін 80 теңгеден босатуда. Ауыл шаруашылығы техникасының көктемгі дала жұмыстарына дайындығы жоғары деңгейге жеткізілді. Атап айтқанда, 743 трактор, 294 соқа, 264 тұқым сепкіш, 1645 тырма, 133 культиватор, 21 тұқым дәрілегіш 98-100 пайыздық дайындық сапына қойылды. Биыл агроқұрылымдар тарапынан 5770 тонна минералдық тыңайтқышқа, оның ішінде 4050 тонна аммиак селитрасы мен 1720 тонна аммафосқа тапсырыс берілді. Диқандар көктемнің қолайлы сәттерін тиімді пайдаланып, агрегаттарды егіске шығаруда. Бүгінге дейін мың гектардан астам жерге арпа себілді. Нұржан МОЛДАБЕКОВ, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы. Қордай ауданы.
БӘСЕКЕ БАР ЖЕРДЕ ЖАҢА
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ
ӨТКЕН КҮЗДЕ 17500 ГЕКТАРҒА КҮЗДІК БИДАЙ ТҰҚЫМЫН СЕПКЕН ҚОРДАЙЛЫҚТАР ЕНДІ КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫН ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗУГЕ ҚАМ ЖАСАП ЖАТЫР.
Алдағы күндері арпа – 25000, дәндік жүгері – 6500, майлы дақылдар – 8200, оның ішінде 1400 гектарға қытай бұршағын, мақсарыны – 6000, күнбағыс – 800, сондайақ, көкөністі – 3800, бақша өнімдері – 600, картоп – 2400, жоңышқа – 1500, сүрлемдік жүгері 900 гектар алқапқа егіледі. Сонда биылғы барлық егістік көлемі күздік бидайды қоса есептегенде 107 700 гектарға жетіп, былтырғыдан 6400 гектарға артпақ. Сонымен қатар, қант қызылшасын егетін шаруашылықтарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көктемгі дала жұмыстарын тиімді мерзімде ұйымдастыру шаралары қолға алынды. Бүгінге дейін сүдігер көтерілген алқаптардың 8710 гектарында жер өңдеу жұмыстары жүргізілсе, 2200 гектар жер жыртылып, тұқым дайындалуда. Алдын ала есеп бойынша биыл дала жұмыстарына 5691 тонна жанаржағармай қажет болады, оның ішінде көктемгі жұмыстарға жеңілдетілген бағамен 1340 тонна жағармай бөлінді. Оны
ЕЛДЕСТІРМЕК ЕЛШІДЕН
3 КҮН ҚАЛДЫ
Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол». РЕСЕЙДЕ РУБЛЬДІҢ ҚҰНЫ ҚҰЛДЫРАП, ОЛ ЖАҚТАН ЕЛІМІЗГЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ АҒЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІЛЕР ӨНІМ ӨТКЕРУДЕ ЕЛЕУЛІ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ БАСТАН КЕШІРУДЕ. ОЛАР НАРЫҚТАН ЫҒЫСТЫРЫЛЫП ҚАЛМАУ ҮШІН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ, БАҒАСЫ ҚОЛ ЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ӨНІМ ӨНДІРУДІҢ АЛУАН ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРУДА. МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫНА СҮЙЕНІП, НАРЫҚТАҒЫ ӨЗІНІҢ БРЕНДІ МЕН ОРНЫН САҚТАП ҚАЛУ ЖОЛЫНДА ҮЛКЕН ІЗДЕНІСТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫП ЖАТҚАН КӘСІПОРЫННЫҢ БІРІ – МЕРКІ АУДАНЫНДАҒЫ «МЕРКІ ІРІМШІК ЗАУЫТЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ТОЛЫҚ СЕРІКТЕСТІГІ. (ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).
Халық мақалы.
бақ жанады