Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet
АҺАН Д
А
Ж
BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас
Жамбыл облысты о амды -саяси газет
Қаратау
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Жамбыл ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№6 (18656), Senbі, 19 qańtar, 2019 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. aqjolgazet.kz
Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady
ПРЕЗИДЕНТ
ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН ЖОБАЛАР ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН
НДА ЖАҺА АҚШ Уэстбрук қаласындағы өзенде диаметрі 90 метр болатын дөңгелек мұз пайда болды. Ал ғалымдар: «Бұл табиғи құбылыстың пайда болу сыры – өзендегі ағыстың төмендігінде», – дейді. Әлемде ең үлкен дөңгелек мұз 1987 жылы Швециядағы Пите өзенінде пайда болған.
АВСТРАЛИЯ Бұл мемлекет аптап ыстықтың зардабын тартып жатыр. Тіпті кей аймағында ауа райының ысуы рекордтық деңгейге жеткен. Жаңа Оңтүстік Уэльс, Оңтүстік Австралия мен Викторияда ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілді. Ел билігі тұрғындарға далада көп жүрмеуге кеңес берді.
БЕЛАРУСЬ Беларусь астанасында әлемдегі ең алғашқы криптовалюталар биржасы ашылды. «Каррэнси.ком» атты биржада виртуалды ақшамен қатар акциялар, индекстер және шикізаттық тауарлар да сатылады. Ал қаржылай операция биткоин, эфир сынды криптовалютадан басқа доллар, еуро, рубльмен де жүзеге асырылады.
ПАЛЕСТИНА Палестина БҰҰ шеңберіндегі ең беделді «77 тобы» ұйымына төраға болды. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш те бұл шешімнің маңыздылығын атап өтті. Бастапқыда 77 мемлекетті қамтыған ұйымға қазір 134 мемлекет мүше.
ҚЫРҒЫЗ Көрші елде көшеде түкірген адамның енді қалтасы жұқарады, өйткені әдеп туралы кодекс күшіне енді. Осыған сәйкес азамат әр түкіргені үшін 80 долларға дейін айыппұл төлейді.
Мемлекет басшысы Ақмола облысының Ақкөл қаласына жұмыс сапары барысында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы желілік магистралінің техникалық торабы Мəліметтерді өңдеу орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталық қаладағы барлық бейнебақылау, энергия ресурстарына экологиялық мониторинг, бақылау жəне есеп жүргізу, жол трафигін басқару, өртке қарсы қауіпсіздік жүйелерінен келіп түсетін мəліметтерді жинақтап, «Smart Aqkol» ахуалдық орталығына жолдайды. Мемлекет басшысы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған «Smart city – Ақылды қала»
заманауи технологияларды енгізу жөніндегі байқау жобасының қорытындыларымен танысты. Қазақстан Президенті «Smart Aqkol» ахуалдық орталығына барды. Нұрсұлтан Назарбаев атқарылған жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, цифрландыру саласында іске асырылып жатқан жобалар, ең алдымен, азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға, қолайлы əрі қауіпсіз орт а қалыптастыруға бағытталғанын айтты. – Менің тарапымнан əрдайым мемлекетті тиімді басқаруды қамтамасыз ету міндеті қойылды. Басқаруға қатысты шешімдердің бір
орталықта қабылдануы экономикада жақсы нəтиже береді, – деді Елбасы. Жоба жол жəне қоғамдық қауіпсіздікті, соның ішінде білім беру мекемелері мен əлеуметтік нысандарға бейнебақылау жүргізу, денсаулық сақтау саласына мониторинг жасап, басқару, сондай-ақ ғимараттар мен тұрғын үйлерді соңғы үлгідегі ақылды құралдармен жабдықтау арқылы қаланың қалыпты тіршілігін кешенді қамтамасыз етуге бағытталған. Ахуалдық орталық ведомствоаралық ісқимылды ұйымдастыру, қаланы тактикалық жəне ст ратегиялық тұрғыдан басқару, соның ішінде коммуналдық қызмет көрсету
мекемелерін басқару жөніндегі шешімдермен таныстыру, қала ресурстары жөніндегі шынайы жəне уақтылы алынған мəліметтерді жинақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Сонымен қатар аталған жобаны іске асыру барысында энергия тиімділігін қамтамасыз ету, экологиялық жағдайға мониторинг жасау, қылмыстардың алдын алу жөніндегі инновациялық тəсілдер енгізілді. Бұл елімізде ақпараттық технологияларды тəжірибеден өткізіп, Smart Сity тұжырымдамасын дамыту үшін Ақкөл қаласының үлгі ретіндегі алғашқы елді мекен болуына септігін тигізді.
ТАРАЗ
Д БЫЛ М А Ж
А
«Арай» тұрғын алқабындағы 80 пәтерлі 1 арендалық тұрғын үй және «Бәйтерек» шағын ауданында 100 және 60 пәтерлі 2 арендалық тұрғын үй пайдалануға беріліп, тұрғындар қоныс тойын тойлады.
БАЙЗАҚ Аудандық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер С.Алтаева «Мұрагер» балабақшасында тәрбиеленіп жатқан көп балалы отбасынан шыққан 50 бүлдіршінге сыйлық жасап, атааналарына азық-түлік себеттерін берді.
ЖАМБЫЛ Кәсіпкер М.Иманалиев Пригродное ауылындағы тұрмысы төмен 5 отбасыға 2 тоннадан көмір түсіріп беріп, бір-бір қаптан күріш, сұйық май үлестірді.
ЖУАЛЫ
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕМЛЕСІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ 2018 ЖЫЛҒЫ 6 ЖЕЛТОҚСАНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ МАҚҰЛДАҒАН А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Ш.Шаяхметов атындағы «ТілҚазына» ұлттық ғылымипрактикалық орталығы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп дайындаған қазақ тілінің жаңа емлесін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
«Жаңа əліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» «Қазақ тілі əліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы 26 қазандағы №569 Жарлығына сəйкес бекітілген жаңа əліпби бойынша əзірленді. Жаңа əліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері (Ереже) – латын графикасындағы қазақ əліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші бар құжат. Сонымен қатар латыннегізді жаңа əліпби бойынша қазақ тілінің орфографиялық нормаларын тұрақтандыратын, дұрыс жазу мəдениетін қалыптастыратын басты нормативті қағидалар болып саналады. Ережеде алдымен ұлттық тілдің жазу-сызумен байланысты: тілдің жалғамалылығы; тілдің ықшамдалуы; тіл дыбыстарының үндестігі; дауыссыздардың бір-бірімен үйлесімділігі, т.б. негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктері ескерілді. Ереженің негізгі ұстанымы үшін фонематикалық принцип басшылыққа алынды. Сонымен қатар қазақ əдеби тілінің лексикалық құрамындағы көне жəне кірме тілдік қабаттардың кейбір түрлерінің емлесіне қатысты дəстүрлі жəне фонетикалық, ал төл сөздердің күрделі түрлері үшін морфологиялық принцип те қолданылды. Ережеде: латын негізді əліпби бойынша қазақ тілі дыбыстарының мəнін білдіретін əріптердің үндестікпен, үйлестікпен жазылу нормасы көрсетілді; сөздерді бірыңғай жуан немесе жіңішке жазу, соған сəйкес қосымшалардың жуан немесе жіңішке жалғану үлгісі берілді; қосар дыбыстарды (ұу/үу, ый/ій) дара əріппен (у, и əріптерімен) таңбалаудың үлгісі ұсынылды; қазақтың əдеби тіліндегі емлесі қиын сөздердің орфографиялану ерекшеліктері көрсетілді; латыннегізді жаңа əліпбиде жоқ ё, й, ц, щ, э, ю, я, ь, ъ əріптерінің жазылу баламасы берілді; бейүндес буынды кірме сөздерге қосымша жалғаудың орфографиялану тəртібі көрсетілді; шеттілдік сөздердің орфографиялану үлгісі ұсынылды; біріккен, кіріккен, тіркесті жəне қос сөздердің емлесі, сондайақ бас əріппен жазылатын атаулардың жазылуы мен тасымалдың тəртібі көрсетілді. (Жалғасы 4-5-беттерде).
Облыстағы тұрғындарының саны 100-ден асатын 355 елді мекеннің барлығы қоғамдық көлікпен қамтылды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Басқосуда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
Басқарма басшысы алдымен 2018 жылы жол саласында атқарылған жұмыстар туралы тоқталып өтті. Былтыр бұл бағытта 12,1 миллиард теңге бөлінсе, оның 1,8 миллиард теңгесі республикалық, 10,3 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен қаралған. Б ұ л қ а р ж ы ғ а б а рл ы ғ ы 5 3 2 , 6 шақырым жол күрделі, орт аша жөндеулерден өтіп, шағалды жол салу жұмыстары атқарылды. Оның 145,4 шақырымы облыстық, 211 шақырымы аудандық маңызы бар автожолдар болса, 187,4 шақырымы – елді мекен көшелері. Сондай-ақ 1 көпірдің құрылысы жүргізіліп, 2 жол өткелі қайта жаңғыртылған. Ал «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында
3,1 миллиард теңгеге 7 жоба іске асқан. Нақтылай айтсақ, 1 нысан жаңа көпір құрылысы, 1 нысан күрделі жөндеу жəне 5 нысан орташа жөндеуден өтуі жоспарланған. Оның 3-еуі былтыр пайдалануға берілсе, 4-еуі осы жылға өтпелі болып табылған. Ес епті жиында көлік с а ласы бойынша атқарылған жұмыстар да назардан тыс қалған жоқ. Атап өтсек, елді мекендерді қоғамдық көлікпен қамту мəселесі толығымен шешілген. Облыст а с а лынуы көзделген 5 автостанса тізімге енгізіліп, белгіленген межеге қол жеткізілген. Бүгінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында
интеллектуалды көлік жүйесінің жобаларын іске асыру бойынша жол картасы бекітілген. Жол картасында қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру жүйесін енгізу бойынша тиісті шаралар ағымдағы жылдың м ау с ы м а й ы н а н б а с т а п қ о л ғ а алынбақшы. Б а с қ о суд а о ң н ə т и же л е рм е н бірге өзекті мəселелер де айтылып, талқыға түсті. Өткен жылы тұрғындар тарапынан түскен 78 арыз-шағымның 56-сы Тараз қаласына тиесілі болған. Оның 44-і жолаушылар көлігіне, 34-і автомобиль жолдарына қатысты. Асқар Исабекұлы түскен арызшағымдармен жүйелі жұмыс жасау ке р е кт і г і н б а с а а й т ы п , « Б ат ы с Қытай–Батыс Еуропа» автожолының бойындағы тазалық, жолаушыларға жайлы жағдай жасау жұмыстарының əлсіздігін сынға алды. Өңір басшысы жол белгілерін тиісінше орнату, жөнделген жолдың сапалылығы, бекітілген іс-шара бойынша жұмыстар жүргізу керектігін де тілге тиек етті. Облыс əкімінің баспасөз қызметі.
ҰБТ – 2019
БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ БИЫЛ ТӨРТ РЕТ ӨТЕДІ Ардақ ҮСЕЙІНОВА
ҰБТ-ны өткізу ережесінің жыл сайын жаңаратынына көпшіліктің еті үйренген. Əйтеуір жаңа оқу жылы басталысымен ата-аналар да, мұғалімдер де «Енді қандай өзгеріс енгізер екен?» деп елеңдеп отыратын болған. Содан кейде қоңыр күзде, кейде көктемге с алым нақтыланатын жаңа талапты жұртқа түсіндіру науқаны қызу жүреді. Күн с айын
айта берген соң шығар, бұл жаңалықты оқушылар да аса жатырқай қоймайды. Бірақ жылдағыдай емес, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің төрт рет өтетіні ертерек белгілі болды. Өйтетін де жөні бар, себебі жоғары оқу орнына ақылы н е г і зд е о қ у ғ а м ү м к і н д і к беретін алғашқы сынақты қаңтардың 18-19 күндерінде өткізу жоспарланған. Жаңа жылдың күнтізбе сін жаңа ашып бастағанымыз кеше ғана сияқты еді, əне-міне дегенше екі онкүндікті де артқа
қалдырып үлгердік. Сөйтіп жүргенде кеше қаңтардағы тестілеудің бірінші легі де басталып кетті. Жалпы 2019 жылдан бастап талапкерлерге жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ-ны жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз) тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Ал білім беру грантын т а ғ а й ы н д ау ко н к у р с ы н а қ ат ы с у ү ш і н т ү л е к т е р г е маусым айында өтетін ҰБТға қатысуы қажет. Алғашқы лекте тапсырған үміткерлер кейін конкурсқа қатысамын
деп шешсе, маусымда қайта те ст т апсыруына рұқс ат. Оған дейін өзінің дайындық деңгейін сынап аламын десе, шектеу жоқ. Ұлттық тестілеу орталығының облыс бойынша базалық филиалы берген мəліметке сүйенсек, осы қаңтарға белгіленген сынақтың екі күнінде облыс бойынша 1993 талапкер тест тапсыруға өтініш білдіріпті. Филиал басшысы Жамбыл Ізтұяқтың айтуынша, тестілеу өңірде 5 пунктте өткізілген. (Жалғасы 6-бетте).
Орталық Мәдениет үйінде «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты аудандық іріктеу айтысы ұйымдастырылып, 6 ақын бақ сынады. Үздік деп танылған Қ.Мырзахан мен Ә.Үркімбаев облыстық ақындар айтысына жолдама алды.
МОЙЫНҚҰМ «Асар» ұйымының басшысы С.Хабдулина Шығанақ ауылындағы тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 15 отбасыға көмек көрсетті. Балаларға ойыншықтар, қарттарға азық-түлік себеттері тапсырылды.
Ерінбей еңбек істесең Етек-жеңің кеңейер, Етек-жеңің кеңейсе, Терезең жұртпен теңесер. И НТЕРНЕТ И
ІРІ М Д Е Р І
Біздің сайтты ашып қара, сырласым! Газетіміздің сайты жаңарды. Сөйтіп, заманауи дизайнмен жасалған cайттың бұдан былайғы айтары мен қамтитын тақырыптарының аясы да кеңейе түсті. «Жаңалықтар», «Саясат», «Экономика», «Əлеумет», «Мəдениет» жəне «Спорт» айдарлары бойынша газетте шыққан мақалалармен қатар жер-жаһандағы маңызды жаңалықтармен енді күн құрғатпай танысуға мүмкіндік туды. «Аq jol» ТV айдарындағы қызықты, тағылымды сюжеттер де назар аударуға тұрарлық. Мақалалар сондай-ақ «Фейсбук», «Инстаграм» əлеуметтік парақшаларына газет шыққан күндері жарияланып тұрады. Сізді газет тарихы, редакция құрамы қызықтырып жатса, олар жайлы да деректер бар. Елді елең еткізер жаңалықтарыңыз бен тың тақырыптарыңыз болса немесе жарнама берем десеңіздер де, сайтта көрсетілген байланыс нөмірлеріне қоңырау шалсаңыз жеткілікті. Бір сөзбен айтқанда, «Aq jol» газетінің сайтынан ендігі жерде «Тілегенің алдыңнан, іздемей-ақ табылады»! Ол үшін www.aqjolgazet.kz сілтемесі арқылы біздің сайтты ашып, пернетақтаны басып қара, сырласым! «Аq jol-Aqparat».