1 шілде 2014

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №98 (17955), Сейсенбі, 1 шілде, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

l ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН l

l ТАРАЗ

ОТЫЗ

АСТАНАНЫҢ ТӨРІНДЕ ЖАҢА МЕШІТ

КҮН ОРАЗА (4-ШІ КҮН)

ЕЛБАСЫ НҰР­СҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АСТАНАДАҒЫ ҚАБАНБАЙ БАТЫР ДАҢҒЫЛЫ БОЙЫНДА ОРНАЛАСҚАН ЖАҢА МЕ­ШІТТЕ БОЛДЫ. Елбасы еліміздің барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айымен құттықтады. – Бұл айда жұрттар, Құран Кәрімде өсиет етілгендей, ораза ұстайды. Құран қағидаттарына сәйкес, осы айда адам баласы Аллаға жақындай түседі және олар мейірім, бақыт, берекебірлік, толеранттылық, өзге жандарға қайырымдылық жасау, күнәларынан арылу және медет тілеу жөнінде ойлануға тиіс. Еліміздің барша мұсылмандарына ұлық Ораза айының сынағынан сүрінбей өтуді тілеймін, – деді Қазақстан Президенті. «Пригородный» тұрғын алабында, Арнасай көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиы­лысында орналасқан жаңа мешітті көру барысында Нұр­сұл­тан Назарбаев оның елордадағы сегізінші мешіт екенін атап өтті. – Мешіт елордамызға ке­ле­тін қонақтар үшін қолайлы. Бо­ лашақта бұл мешіт тек ізгілік пен бірліктің құтты мекені болады деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы. Мешіттің жалпы алаңы – 1087,6 шаршы метр, жерінің ау­мағы – 8 гектар, мұнарасының биік­тігі – 28,9 метр. Ғимараты 1500 адамға лайықталған.

Қазақтың Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына – 80 жыл толуына орай Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған аталмыш институттың Жамбыл филиалының бір топ ғалым-агрономдары, ауылшаруашылығы мамандары қатысты. Конференцияда егіншілік мәдениетінің жайкүйі кеңінен сөз болды.

l ЖАМБЫЛ Аса ауылындағы халыққа қызмет көрсету орталығының еңселі ғимаратынан «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының орталығы ашылды. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында ашылған аталмыш орталықтың қызметіне әлден-ақ ауылдарда шағын кәсіпкерлікті ашуды ниет еткен адамдар жүгіне бастады.

l ЖУАЛЫ БІР ХАДИСТЕ: «ҒАЙБАТ АЙТУ, СӨЗ ТАСУ, ЖАЛҒАН КУӘЛІК ЕТУ, БӨГДЕ АДАМҒА (ЕР БОЛСА ӘЙЕЛГЕ, ӘЙЕЛ БОЛСА ЕР КІСІГЕ) НӘПСІЛІК ҚҰМАРЛЫҚПЕН ҚАРАУ ОРАЗАНЫ БҰЗАДЫ», – ДЕЛІНГЕН. АЛАЙДА ИМАМ АҒЗАМ ӘБУ ХАНИФА ХАДИСТІ: «АТАЛМЫШ КҮНӘЛАР МӘКРҮҺ АМАЛҒА ЖАТАДЫ. ЯҒНИ, ОРАЗАНЫҢ ӨЗІН БҰЗБАҒАНМЕН, ОНЫҢ САУАБЫН КЕМІТЕДІ» ДЕП ТҮСІНДІРГЕН. ТАҒЫ БІР ХАДИСТЕ: «КІМДЕ-КІМ АУЫЗ БЕКІТКЕНІМЕН ЖАМАН ҚЫЛЫҚТАРЫН ҚОЙМАСА, ОНЫҢ ОРАЗАСЫ БЕКЕР», – ДЕП ОРАЗА САУАБЫНАН АЙЫРЫЛАТЫНЫ ЕСКЕРТІЛГЕН (БҰХАРИ, САУМ 8). АЛЛА ЕЛШІСІ (С.Ғ.С.): «ОРАЗА – ТОЗАҚТЫҢ ҚАЛҚАНЫ, ҒАЙБАТПЕН БҰЗЫЛМАЙЫНША ҚОРҒАЙДЫ. ОРАЗА ҰСТАҒАН АДАМ НАДАНДЫҚПЕН ЖАМАН СӨЗ СӨЙЛЕМЕСІН. ЕГЕР ОЛ БІРЕУМЕН СӨЗГЕ КЕЛІП ҚАЛСА «МЕН - ОРАЗАМЫН» ДЕСІН», – ДЕП МҰСЫЛМАНДАРДЫ ОРАЗА КЕЗІНДЕ ЕРЕКШЕ САБЫРЛЫЛЫҚҚА ШАҚЫРҒАН (БҰХАРИ, САУМ, 9). ҚОРЫТА АЙТҚАНДА, ЖАМАН ҚЫЛЫҚТАР ОРАЗАНЫҢ САУАБЫН КЕМІТЕДІ. ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ХАРАМИ ӘРЕКЕТТЕРДЕН НӘПСІНІ ТІЗГІНДЕУГЕ ТЫРЫСУ, ЖАҚСЫ ОЙДА ЖҮРУ ӘРІ ТІЛІМІЗБЕН ЗІКІРДЕ БОЛУ МӘНДҮП АМАЛДАРҒА ЖАТАДЫ. СОНДАЙ-АҚ, КӨЗ БЕН ТІЛІМІЗДІ ШАРИҒАТЫМЫЗ ТЫЙҒАН НӘРСЕЛЕРДЕН ҚОРҒАҒАНЫМЫЗДАЙ, ҚҰЛАҚ, ҚОЛ, АЯҚ, Т. Б. АҒЗАЛАРЫМЫЗДЫ ДА ҚОРҒАЙ БІЛУІМІЗ КЕРЕК. ҚҰРАНДА: «УА, ИМАН КЕЛТІРГЕНДЕР! СЕНДЕРДЕН БҰРЫНҒЫЛАРҒА ПАРЫЗ ЕТІЛГЕНДЕЙ ТАҚУАЛЫҚҚА ЖЕТУЛЕРІҢ ҮШІН ОРАЗА СЕНДЕРГЕ ДЕ ПАРЫЗ ЕТІЛДІ», – ДЕП ОРАЗА ҰСТАУ АРҚЫЛЫ ТАҚУАЛЫҚҚА ЖЕТУ НЕГІЗГІ МАҚСАТ ЕКЕНІ БІЛДІРІЛГЕН («БАҚАРА» СҮРЕСІ, 183 АЯТ).

Ауданда мал азығын дайындау қарқын алды. Биыл еңбеккерлер 24297 гектар көпжылдық, 1563 гектар екпе шөп, 780 гектар алқаптың табиғи шөбін оруды межелеп отыр. Бүгінгі таңда 5 мың гектар көпжылдық шөптен 10700 тонна пішен дайындалып, 2200 тонна пішендеме әзірленді. Аудандағы іргелі шаруашылық «Гамбург» ЖШС пішен дайындауда алда келеді.

l МЕРКІ Ойтал ауылының ауылішілік ойқы-шойқы жолы жөнделетін болды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында осы мақсатқа 9 миллион 300 мың теңге бөлінді. Тендерді ұтып алған жеке кәсіпкер Мақсат Имановтың құрылысшылар бригадасы бұл жұмысты бастап кетті.

l ТАЛАС Майтөбе ауылына кіреберістегі 2 шақырымдық жол әбден тозығы жетіп, көлік қатынасына қиындық туғызатын. Жергілікті бюджеттен бөлінген 25 миллион теңгеге «Жамбыл жол құрылысы» ЖШС осы жолды жөндеуден өткізіп, ауыл тұрғындарының ризашылығына бөленді.

l Т. РЫСҚҰЛОВ

l

СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?

Аудан шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлері Алматы қаласында өткен жәрмеңкеге белсене қатысты. 8 ірі қара, 6 жылқы, 87 қой еті мен 3,5 тонна макарон, ұн өнімдері сөреге қойылды. Оған қоса 30 келі сарымай мен 30 келі құрт та әп-сәтте сатылып кетті. Каменка ауылының «Айдар» шаруа қожалығы 500 литр қымыз бен 300 литр шұбатты өткерді.

ЖӘРМЕҢКЕ

l

«УӘДЕ – ШІЛДЕНІҢ

l ШУ 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен Шу қаласы, Т. Рысқұлов алаңында «Жастар нашақорлыққа қарсы» акциясы өткізілді. Акцияға Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздің әр түкпірінен жиналған байкерлер қатысты. Аталмыш ісшара Тасөткел су қоймасы маңындағы демалыс орнында спорттық-туристік фестивальмен жалғасты.

1-ШІ ЖҰЛДЫЗЫ» Болат ЖАППАРҰЛЫ, «Ақ жол».

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ

ГАЗЕТІМІЗДІҢ ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛҒЫ 26 МАУСЫМ КҮНГІ САНЫНДАҒЫ «СУ – ЫРЫСТЫҢ КӨЗІ» АТТЫ МАҚАЛАДА ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНАН ҚОРДАЙ, МЕРКІ АУДАНДАРЫ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНА АЗДАП ТА БОЛСА СУ БЕРЕТІНІ ТУРАЛЫ ЖАЗҒАНБЫЗ. ОСЫНАУ СҮЙІНШІ ХАБАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ ҚАНДАЙ БОЛЫП ЖАТҚАНЫН БІЛМЕК МАҚСАТТА ШУ-ТАЛАС БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫМЕН ХАБАРЛАСҚАНЫМЫЗДА, МЕКЕМЕ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ҒАЛЫМБЕК ҚҰРАЛБАЕВҚА:

ЖГТУ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТТЫ. НЕГЕ? Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол».

– Сіз не дейсіз? – дегенбіз. – Дәл бүгінгі таңда Георгиев магистралды каналы бойынша секундына 14,7 текше метр су беріліп жатыр. Уәде бойынша шілденің 1 жұлдызынан, яғни бүгіннен бастап берілетін су мөлшері 18-19 текше метрге жеткізілуі керек, – деді. – Меркідегі 2 мың гектар қызылшаның жайы қалай болып жатыр? – Үлкен Шу каналының Меркі тармағы бойынша секундына 1 текше метр су берілуі керек. Оның да уағдалы күні – бүгін. Судың келіп қалуынан дәмеліміз. Аз да болса бұл судың жолы ауыр өзі. Сонау Тоқмақтан Меркіге жеткенше 200 шақырым шамасы. Ол су жолда сегіз аудан аумағын және Бішкек қаласын басып өтеді екен. Кешігіп жатқаны да сондықтан. Әзірге Аспарадан секундына – 1,3, Меркі өзенінен 0,4 текше метр су алып жан сақтап отыр шаруалар. Үнемшілдікке үйреніп қалды шаруалар. Әр тамшы су орнымен пайдаланылады. – Көксай каналынан да хабардар етсеңіз? – Мұнда жағдай қалыпты деп айтуға болатындай. Басынан секундына босатылатын 2 текше метр судың 1,6 текше метрі біздің еншімізге тиіп тұр. Жаман емес. «Жеті күн жауған жауыннан желіп өткен су артық» деген мәтелі бар ғой диқан бабаларымыздың. Ендеше ағын судың аз да болса болғаны дәтке қуат. Ал, мол болса, нұр үстіне нұр!

ӨНДІРЕ БІЛГЕН, ӨТКЕРЕ ДЕ БІЛЕДІ Алматыда жамбылдық шаруалар мен дихандардың жәрмеңкесі табысты өтті

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол». Қа с и ет т і Ра м а з а н а й ы н ы ң а л ға ш қ ы к ү н і жамбылдықтар Алматы қаласының тұрғындары үшін үлкен сый жасады. Бұл күні оңтүстік астананың «Астана» алаңында облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жоғары деңгейде өтті. Алаңға кіреберісте орнатылған айшықты арка алыстан көз тартады. Қаз-қатар тігілген сауда орындарының маңында таңғы сағат 7.00-ден бастап

қарбалас тіршілік. Жамбыл облыстық филармониясының ұжымы дайындап келген концерттік бағдарлама да көпті өзіне ұйыта түсті. Әсіресе, патриоттық әуендер елжұрттың рухын көтеріп тастағандай. Бір сөзбен айтқанда бұл күні «Астана» алаңы мереке құшағына бөленді. Елбасының Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру туралы тапсырмасына сәйкес өткізіліп жатқан жәрмеңкені Алматы қаласы мен Жамбыл облысының әкімдері Ахметжан Есімов пен Кәрім Көкірекбаев бірге аралап шықты. Еліміздегі ірі мегаполистің басшысы алматылық тұрғындар үшін молшылық жасаған жамбылдықтарға риясыз

ризашылығын жеткізді. – Бүгін міне, Жамбыл облысынан көптеген ауылшаруашылығы өнімдерінің әкелінгеніне көзіміз жетіп отыр. Жалпы, облыстың агроөнеркәсіп құрылымдарының қатысуымен мұндай жәрмеңке жыл сайын өтеді. Бұл бастама жақсы дәстүрге айналып келе жатыр. Алдағы уақытта да жалғастырамыз. Жамбылдықтарға қала тұрғындарының және өз атымнан ризалығымды білдіргім келеді, – деді Ахметжан Есімов. (Жалғасы 3-бетте).

Кеше Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарын жаңғырту мәселелері бойынша өңірлік комиссияның, Білім және ғылым министрлігінің, жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен оқу орны ұжымы және студенттерімен кездесу өтті. Жиын барысында үстіміздегі жылдың бірінші шілдесінен бастап ЖГТУ-дың білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиясы заңдық күшін жоятыны туралы айтылды. Өйткені, Тараз қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот алқасы 2014 жылғы 28 сәуірде №3-1895-14 ісі бойынша аталмыш университеттің білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген мемлекеттік лицензиясынан айыру туралы шешім шығарған болатын. Бұл шешімді облыстық сот үстіміздегі жылдың тоғызыншы маусымдағы №3A-127/2014 қаулысымен өз күшінде қалдырған. Осы сот шешімінің негізінде Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ЖГТУ-дың білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген мемлекеттік лицензиясының қолданысын тоқтату туралы 2014 жылғы 18 маусымда №1029 бұйрығын шығарды. Бұйрыққа сәйкес жоғары оқу орнының білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген мемлекеттік лицензиясының қолданысы осы жылдың 1-ші шілдесінен бастап тоқтатылады. Осыған байланысты ЖГТУ ректоры Ж.Қошқаров 2014 жылғы 10 шілдеге дейін білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген мемлекеттік лицензияны уәкілетті органға қайтаруы тиіс. (Жалғасы 3-бетте).

ТАЗАЛЫҚ ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

Кілем сатсаң ауылдасыңа сат, Бір шетіне өзің отырасың. Халық мақалы.

с ой ы қ О ӘЙ, ИТ ТІРЛІК-АЙ!.. Қасқыр: – Әй, Ит, қожайыныңды көрсең құйрығыңды бұлғаңдата беретінің қалай? Ит: – Қасеке, құйрығымды бұлғаңдатпасам итаяғыма тамақ құймайды. Ең аяғы қураған сүйекті де қимайды. Қасқыр: – Әй, ит тірлік – ай!.. Азамат ТАЛАСИ.

КҮН КҮЙІП ТҰР ДЕП КӨЛЕҢКЕ САҒАЛАЙТЫН КЕЗ ЕМЕС облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев тиісті мекеме басшылары мен аудан әкімдеріне жемшөп дайындау, егін орағына дайындалу, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтап, суды үнемдеуді міндеттеді

Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».

Жаздың алғашқы айы аяқталды. Бұл мезгіл шаруалар үшін қауырт шақ. Қыстың қамын жаз ойлап, жемшөптің мол қорын жасайтын шақ. Одан ары егін орағы басталады. Шіліңгір шілде түсісімен күн ысып сала берді. Облыстың кей өңірлерінде күннің ыстығы 40 градустан асып кетті. Аспан айналып, жерге түсердей ыстық болып тұрса да шаруа баққан ел жан тыныштығын ойлап, алаңсыз отыра алмайды. Оған облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімі аппаратының апталық дәстүрлі селекторлық режімдегі кеңесінде тағы бір көз жеткізгендей болдық. Мал азығын дайындау және егін орағына дайындық барысы туралы хабарлама жасаған облыстық әкімдіктің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Абдалы Нұралиевтің мәлімдеуіне қарағанда биылғы көктемнің жауынсыз және суық болуына байланысты, шабындықтағы шөптің шығымы төмен көрінеді. Дегенмен, облыс әкімінің берген тапсырмасына орай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен аудандық әкімдіктер мал қыстауларын жемшөппен жеткілікті қамтамасыз етілуін қатаң бақылауға алыпты. Ауа райының қуаңшылығы тұрғындарға жергілікті ақпарат құралдары арқылы хабарланып, өзен-көлдердің жағалаулары мен сағаларын, арықтар мен тоғандардың жиектерінен құрақ шөп дайындау жан-жақты түсіндірілген. Алдағы қысқа түсетін малға қажетті сабақты мал азығы 1159,2 мың тонна, оның ішінде 1021,7 мың тонна пішен (табиғи, көпжылдық және бір жылдық шөпті қоса есептегенде) 27,9 мың тонна пішендеме, 66,9 мың тонна сүрлем және 109,4 мың тонна сабан дайындау жоспарланған. Сонымен қатар, 364,9 мың тонна құнарлы жемшөп дайындау қажет. Облыс бойынша 26 маусымға 328,1 мың тонна пішен дайындалып, тапсырманың орындалуы 32,1 пайызды құраған. 5,6 мың тонна пішендеме дайындалған. Бұл 20 пайызды құрайды. Одан әрі басқарма басшысы қай ауданның қанша мал азығын дайындағанын нақты цифрлар келтіре баяндап, егін

орағына дайындық барысы туралы әңгімеледі. 2014 жылдың өнімі үшін ауылшаруашылық дақылдары 566,8 мың гектарға орналастырылып, өткен жылғыға қарағанда 29 мың гектарға ұлғайған. Өңірде 237,6 мың гектар масақты дәнді-дақылдар егін орағына түседі деп жоспарлануда. Хабарламашы жауапты науқанды ұйымшылдықпен атқару үшін техниканың, жанар-жағармай қоры мен астық қабылдау орындарының дайындығына да назар аударды. Кәрім Нәсбекұлы күннің аса ыстық болып тұрғанын сөз ете келе, Шу ауданында температура – 43, Мойынқұм ауданында 40 градустан асқанын еске салды. Тараз қаласында да күн күйіп тұр. Ауа райының мұндай кезінде егінге су ауадай қажет екені айтпаса да түсінікті. Облыс аумағынан өтетін өзендердегі және су қоймаларының жағдайы туралы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл филиалының директоры Өмірбек Жампозов пен «Шу-Талас» су инспекциясының басшысы Жұмабек Мұхатовтың хабарларына қарағанда жылдағыдай емес, биыл су аз. Облыстағы су шаруашылығының басшылары Шу, Талас және Аса өзендеріндегі, су қоймаларындағы судың мөлшерін айтып берді. Жуалы ауданының аумағындағы «Көксай» каналынан келіп жатқан су мөлшері де мәз емес. Әйтеуір, бар суды тиісті мекеме басшылары мен аудан әкімдері тиімді пайдаланып жатқандарын жеткізді. Облыс әкімі малдың және әр түк шөптің бағасы қалай болып жатқанына дейін назар аударды. А.Нұралиевтің берген мәліметіне қарағанда бір түк шөптің бағасы 350 теңге. Ал, ірі қара және жылқы бағасы бұрынғы қалпында көрінеді. Облыс әкімі қолда бар малдан айырылып қалмауды басқарма басшысы мен аудан әкімдеріне нықтап тапсырды. Күн күйіп тұрғанда өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауды, аз суды үнемді пайдалануды тиісті құрылым жетекшілері мен әкімдерге мықтап жүктеді. Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Болат Әмірғалиев «Жасыл даму» бағдарламасының 2013 жылғы және 2014 жылдың 6 айында орындалу барысы туралы» хабарлама жасады. -Жамбыл облысының мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 4 миллион 434 мың 201 гектар. Оның орманды жерлері 2

миллион 224 мың 543 гектар. «Жасыл даму» салалық бағдарламасы аясында 2010-2013 жылдары облыста барлығы 27150 гектар орман алқаптары орналастырылды. Оның ішінде 4120 гектары көшеттер арқылы егілсе, 23030 гектары тұқымдары арқылы себілді. Осы жұмыстарға облыстық бюджеттен 146 миллион теңге бөлінді. Отырғызылған екпелердің орташа шығымдылығы 67 пайызды құрады. 2014 жылы ерте көктемде 1400 гектар алқапқа шөлге төзімді сексеуіл, жүзген, қарағаш көшеттері отырғызылса, күз мезгілінде 5100 гектар алқапқа сексеуіл тұқымын жинап себу көзделуде, бөлінген қаржы 49,9 миллион теңге,-деді басқарма басшысы. Басқарма тарапынан бұдан да бөлек атқарылып жатқан шараларды слайд арқылы кеңінен әңгімелеген ол бірқатар проблемаларды да алға тартты. Облыстағы орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің орман қоры аумағында орман орналастыру жобасы бойынша 103 орманшы үйі (кардон) болуы тиіс, ал қазір бары 58-ақ үй екен. Осы кардон үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 75 миллион теңге қажет көрінеді. Жуалы және Қордай аудандарында мекеме ғимараттары жоқ екен. Тағы бір мәселе –мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің айлық-жалақылары Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарымен салыстырғанда 1,5-2 есеге дейін аз. Соның салдарынан мекемелерде орта буын қызметкерлер тұрақтамайды дейді. Облыс әкімі осыдан екі апта бұрын орман шаруашылығы мекемелерінің басшыларының қатысуымен жиын өткенін, онда көтерілген мәселелерді еске сала келе, бірқатар аудандардағы мекеме басшыларының атына сын айтты. Басқарма басшысына жұмысына немқұрайлы қарайтын басшыларды орнынан босатуды тапсырды. Сонымен қатар, мия тамырын жинаушылар жерді шұрқ тесік қылып жатқанын да атап көрсетті. Кеңесте басқа да мәселелер күн тәртібіне шығарылып, қаралды. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев аппарат кеңесінің жұмысын қорытындылай келе, күн тәртібіне шығарылған және облыстың тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелер бойынша басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді.

Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА

» С А Т Қ А «ЖҰМБ Р Ұ Т П Е Р І С ЖЕТІМ

ҚАЛАДАҒЫ «ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ САЯБАҒЫ» МАҢАЙЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ ДЕМАЛУЫНА БІРҚАТАР ЖАҚСЫ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛҒАН. АШЫҚ АСПАН АЯСЫНДА «КИНО ӘЛЕМІ» АКЦИЯСЫМЕН КӨРСЕТІЛЕТІН КИНОФИЛЬМДЕРДІ ЖҰРТШЫЛЫҚ ӘР ЖҰМА, СЕНБІ КҮНДЕРІ ТАМАШАЛАУДА. БҰДАН БӨЛЕК, ОСЫНДА СУ ТОҒАНЫ ЖАНЫНДА ӘҢГІМЕ-ДҮКЕН ҚҰРЫП, ТАЗА АУАМЕН ТЫНЫСТАП ОТЫРАТЫН ОРЫНДЫҚТАР ДА БАРШЫЛЫҚ. МІНЕ, ОСЫ ЖЕРДЕ «ӘТТЕҢ-АЙ» ДЕГІЗЕТІН ЖАЙТТЫ АЙТПАСҚА БОЛМАЙДЫ. (Жалғасы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.