ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҚҰРЫЛҒАН КҮН – 1 НАУРЫЗДЫ ЖЫЛ САЙЫН БАРЛЫҚ ЭТНОСТАРДЫҢ БІРБІРІНЕ ЖӘНЕ МЕЙІРБАНДЫҚ ТАНЫТЫП, ОЛ АДАМДАРДЫ ӨЗ ТУҒАНЫНДАЙ ҚАБЫЛДАҒАН ҚАЗАҚТАРҒА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ РЕТІНДЕ АТАП ӨТУ ӘДІЛЕТТІ БОЛАР ЕДІ. ОЛ КҮНІ БІЗДІ БҰРЫНҒЫДАН ДА ГӨРІ ЖАҚЫНДАСТЫРА ТҮСПЕК. БҰЛ КҮН МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ, БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ БІР-БІРІНЕ ДЕГЕН ДОСТЫҒЫ МЕН МАХАББАТЫНЫҢ ЖАРҚЫН МЕРЕКЕСІ БОЛА АЛАР ЕДІ.
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
(АБАЙ).
Жамбыл облысты о амды саяси газет
№25 (18219), Сейсенбі, 1 наурыз, 2016 жыл
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
АҚОРДА
1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ
«НҰРЛЫ ЖООЛ» БАҒДААРЛАМАСЫ: ИНФРААҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛААР ЖҮЗЕГГЕ АСУДА
МЕЙІРБАН ҚАЗАҒЫМЫЗДЫҢ АРҚАСЫНДА ТІРІ ҚАЛДЫҚ
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Маминді қабылдады. А.Мамин Елбасыға «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының 2015 жылғы қызметінің нəтижелері мен биылғы жоспарлары, сондай-ақ ұлттық компания операторлық ететін «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік жəне экспорттық əлеуетін жүзеге асыру үшін көлік-логистика кешенін дамытудың, экономиканы əртараптандырудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың жəне жиынтық ішкі өнімді ұлғайтудың маңыздылығын айтты. Қазақстан Президенті инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жəне экспортқа бағытталған жоғары технологиялық өндірістерді дамыту елдің экономикалық саясатының басымдығы болып саналатынына назар аударды. А.Мамин автомобиль жəне темір жол магистральдарын қайта жөндеу, Каспийдегі порт инфрақұрылымын жаңғырту, «Қорғас» ха лықара лық шекара лық ынтымақтастық орталығы мен арнаулы экономикалық аймақты дамыту жөніндегі жұмыстар кестеге сəйкес іске асырылып жатқанын айтты. «Қазақстан темір жолының» президенті 2015 жылы «Боржақты-Ерсай» темір жол желісі пайдалануға берілгенін, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнаулы экономикалық аймағының «құрғақ порты» іске қосылғанын, Ақтау портында жаңа нысандар, Астана қаласында Орталық Азиядағы ірі көлік-логистика орталығы жұмыс істей бастағанын мəлімдеді. Сонымен қатар, жыл аяғына дейін Маңғыстау облысындағы Құрық портында паром кешенінің, «Алматы-1 – Шу» темір жол учаскесінде екінші бағыттың құрылысын аяқтау, ал «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуы қарсаңында елорда əуежайының халықаралық терминалы мен жаңа темір жол вокзалының құрылысын бітіру жоспарланып отыр. А.Мамин сондай-ақ компания қызметті жетілдіру жəне шығыстарды қысқарту бағдарламасын жүзеге асырып жатқанын, оның экономикалық тиімділігі 2015 жылы 169 миллиард теңге болғанын айтты. Компанияның жаңа өкілеттіктерді дамыту жəне контейнерлік пойыздар қызметін ілгерілету бағытындағы жұмыстары Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік контейнерлік жүк ағынын 2014 жылмен салыстырғанда былтыр екі есеге ұлғайтуға, ал транзиттік тасымалдан түсетін табыстың үлесін 28%-ға жеткізуге мүмкіндік берген. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Алғыс айту күнін белгілеу туралы ойды алғаш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың сəуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мəңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбында өткен ХХІІ сессиясының ашылуында ортаға салған еді. «Сталин режімінде əр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды.
Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлерде қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді» деген Президенттің сөзін тыңдағанда, менің көз алдыма бала кезімнен еміс-еміс есімде қалған жүдеу көріністер келіп еді.
1943 жылы қоңыр күзде кавказдықтар Қазақстанға күштеп қ о н ы с ауд а р ы л д ы . О л а р д ы ң қатарында біздің қарашай мен балқарлар да бір түнде пойызға тиелдік те, жол тарттық. Қолға іліккендерді ғана алып, туған үйіңді, дүние-мүлкіңді қалдырып, беймəлім жаққа қоныс аудару қайдан оңай болсын?! Баратын жағымыздағы
тілі де, дəстүрі де бөлек халық қалай қарсы алады деген дүдəмал ой үлкендерді мазалайды. Оның үстіне, алда қаһарлы қыс келе жатты. Ол кезде мен тоғыз жасар баламын. Бала да болсам ұлтымыздың басына төнген ауыртпалықты сезінемін. Біздің отбасында үлкен əжем, əкем, шешем жəне үлкеніміз он бес, кішіміз екі жастағы алты баламыз.
Əлі есімде, бір эшелон қоныс аударылғандарды Фрунзеден жанжаққа бөлді. Көбі Қырғызстанда қалды. Біразы ат арбалармен Қордай өңірінің Георгиевка, Успеновка, Благовещенка, Красногор, Қасық ауылдарына жеткізілді. Алғашқыда өте қиын болды. (Жалғасы 2-бетте).
ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ЖАНҒА ДӘРУ ЖАС ОРМАН ОЛ 900 ГЕКТАР АЛҚАПТА ЖАЙҚАЛЫП ТҰРАТЫН БОЛАДЫ Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». Облыстың орман қорларын м о л а й т у, е л д і м е к е н д е р д і көгалдандыру мен жасыл аймақтар құру жұмыстарының барысы облыс əкімдігінің аппарат отырысында қаралды. Өңір басшысы Кəрім Көкірекбаевтың басшылығымен өткен жиынға басқарма басшылары, аудан əкімдері мен өзге де тиісті орган өкілдері қатысты. Табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Қойбақов аталған мəселе бойынша баяндама жасады. Бүгінде облыс аудандарында 14 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі мен «Орманды қорғау жедел қызметі» мекемесінде 753 адам қызмет етеді. Ормандар қ о р ы н ы ң ж а л п ы аум а ғ ы 4 миллион 434 мың 191 гектар болса, оның орманды жері 2 миллион 234 мың гектарды құрайды. Биыл ормандарды сақтау, қорғау, молайту іс-шараларына же р г і л і кт і б юд же т т е н 8 9 , 1 миллион теңге қаржы бөлініп, оның е себінен өртке қарсы профилактикалық шаралар, тұқымбақтарды қалпына келтіру мен көшеттер өсіру, ормандарды қалпына келтіру мен оны өсіру шаралары іске асырылмақ. Нақтырақ айтқанда, ерте көктемде орман қоры аумағында сексеуіл, жүзген жəне қарағаш көшеттерінен 900 гектар жерге жаңадан ағаш көшеттері отырғызылып, күзде 4100 гектар а л қ ап қ а с е кс еу і л т ұ қ ы м ы н себу жоспарланыпты. Аталған жұмыстарға арналған жер бүгінде жыртылып, əзірленген. Ал басқарма қарамағындағы
м е м л е ке т т і к м е ке м е л е р д і ң техникалық базасын жақсарту мақсатында 2011-2015 жылдар ара лығында 315,6 миллион теңге бөлініпті. Баяндамасында осындай ақпараттарды келтірген Серік Мамыртайұлы: «Ормандарды қорғау жедел қызметі» мекемесінің қатысуымен өткен жылы 510 рейд ұйымдастырылып, 254 əкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде, сексеуіл ағашын заңсыз кесіп тасымалдаушыларға 89 хаттама толтырылып, 26 адамның ісі ауд а н д ы қ і ш к і істер бөліміне өткізілді. Қазіргі таңда 8 адамға ҚР ҚК 339-бабымен қ ы л м ы с т ы қ іс қозғалып, Мойынқұм аудандық с от ы н ы ң ү к і м і м е н 7 адам бір-бір жылдан бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Аудандық орман жəне жануарлар дүниесін қ о р ғ ау м е к е м е с і н е 1 8 3 , 3 текше метр сексеуіл отындық ағаштары өткізілді. Заңсыз аң аулау оқиғаларына 62 хаттама тол т ы р ы л д ы . Ө т ке н ж ы л ы толтырылған хаттама бойынша 2 миллион 900 мың теңге айыппұл салынды. Оның 2 миллион 300 мыңы өндірілді. Ал келтірілген зияны 11 миллион 600 мың теңге болса, оның өндірілгені – 8 миллион 900 мың теңге», – деді. Сонымен қатар, басқарма басшысы елді мекендерді көгалдандыру арқылы жасыл аймақ пен белдеулер жас ау жобасымен таныстырды. Бұл шараға əр ауданнан ондаған гектар жер телімі бөлініп, қаржыландыру көздері қаралуда екен. Баяндамадан соң облыс əкімі басқарма басшысы мен бірқатар аудан əкімдеріне күн тəртібіне қойылған мəселеге қатысты сұрақ қойып, өз ұсынысын білдірді.
Тараздық ана Айткүл Киікбаева Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа алғыс айтып, Ақордаға хат жолдапты. Онда былай делінген: «Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Сізді жаңа жылда шын жүректен құттықтаймын! Денсаулығыңыз зор болып, мол табысқа жетуіңізге тілектеспін. Наурыздың нұрлы нұры жаусын! Елбасы ретіндегі ел алдындағы атқарып жатқан қыруар жұмыстарыңызды көріп, біліп отырмыз. Сіздің өміріңіз, ерен еңбегіңіз келер жас ұрпаққа үлгі-өнеге деп білемін. Еліміз өсіп-өркендеп, күннен-күнге құлпыра түсуде. Бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін бейбіт те тоқшылық заманда өмір сүргеніне бақытты деп білемін. Айналамызда, өзге елдерде болып жатқан ұрыс-керіс, тапшылық, Құдайға шүкір, бізде жоқ. Мұның бəрі Сіздің, Нұрсұлтан Əбішұлы, ұлтты ұйыстырып, дұрыс саясат жүргізіп отырғандығыңыздың арқасы. Осы даналықтан арылмаңыз! Ұзақ өмір сүріңіз!».
Тараз қаласы, 11 шағын ауданы, 8 үй, 17 пəтердің тұрғыны Айткүл Саттарқызының осы жүрекжарды тілегіне байланысты жуырда Астанадан төмендегідей хат келді. Онда: «Құрметті Айткүл Саттарқызы! Жаңа жылмен құттықтап, жақсы тілектеріңізді айтып жазған хатыңыз бен өлеңдеріңіз Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевқа таныстырылды. Президент құттықтауыңыз бен өлеңдер арнаған ізетқұрметіңіз үшін Сізге алғысын жəне зор денсаулық пен бақыт тілеген сəлемін жеткізуді тапсырды. М.ҚАСЫМБЕКОВ, Қазақстан Республикасы Президенті кеңсесінің бастығы» делінген. Отбасы, ошақ қасында отырса да, елдегі тірлікке риза болып Елбасына алғысын айтқан анаға «Ақ жол» газеті ұжымы да, оқырмандары атынан рахмет айтады. «Ақ жол-Ақпарат».
Қарасқан алғыс алар, Қағынған қарғыс алар.
0 ЖАМБЫЛ – 17
ЖАМБЫЛ ЖЫРАУ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 170 ЖЫЛ ТОЛДЫ. АЙТЫС ӘЛЕМІНІҢ АҚТАҢГЕРІ АТАНҒАН АБЫЗ АҚЫННЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ ЕЛ КӨЛЕМІНДЕ КЕҢІНЕН ТОЙЛАНУДА.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». Ұлы ақынның туған күніне орай Төле би көшесінің бойындағы ақын ескерткішіне гүл қою рəсімі өтті. Бұл күні күн көкжиектен көтерілісімен қала жұртшылығы орталық алаңға таяу маңдағы жыр алыбының еңселі ескерткішіне қарай ағылды. Олар алдымен мерейтой барысында ұйымдастырылған облыстық, қ а л а л ы қ « Жа м б ы л о қ ул а р ы » байқаулары мен ақынға арналған мүшəйралар жеңімпаздарының өнерін тамашалады. Талантты ұлқыздардың бір парасы жүз жасаған алып бəйтеректің өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқыса, жас ақындар Жамбылға деген балаң жүректерін жарып шыққан жауқазын жырларын арнады. Облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев бастаған облыс, қала əкімдіктерінің барлық басқарма, департамент, бөлім жəне мекеме ұжымдары гүл шоқтарын с а л т а н ат т ы т ү рд е е с ке р к і ш ке
қойып, тағзым етті. Өңіріміздегі жоғары оқу орындарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар бірлестіктерінің мүшелері де өз ықыластарын жеткізіп, ақын тұғырын гүлмен көмкерді. Облыстың Құрметті азаматтары, зиялы қауым өкілдері мен əдебиет жанашырлары да осы игі шара барысынан табылды. * * * Осы күні тараздықтар «Баласағұн» орталық концерт залында «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тапсырысымен түсірілген «Аңызға айналған, заманы қайраған Жамбыл» деп аталатын бір жарым сағаттық толық метражды фильмді тамашалады. Ғасыр жасаған замана жыршысының өмір жолы мен шығармашылығы туралы б а я н д а л ғ а н ка р т и н а а л д а ғ ы уақытта отандық телеарналардан ел көрермендеріне жол тартпақ.
Тараз қаласы.