1 тамыз пдф 2015 ж

Page 1

АБАИҒА

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№93 (18127), Сенбі, 1 тамыз, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

ПРЕЗИДЕНТ

www. akjolgazet.kz

құлақ түрейікші, ағайын!

МҰНЫҢ ҚАЛАЙ, БАТЫР-АУ? ІШІМ ӨЛГЕН, СЫРТЫМ САУ, КӨРІНГЕНГЕ ДЕЙМІН-АУ: БҮГІНГІ ДОС - ЕРТЕҢ ЖАУ, МЕН НЕ ҚЫЛДЫМ, ЯПЫРМ-АУ?! ӨЗ ҮЙІНДЕ ӨЗЕНДЕЙ, КҮРКІРЕЙДІ, АЙТСА ДАУ. КІСІ АЛДЫНДА КІРБЕҢДЕП, ШАБАН, ШАРДАҚ1 ЖӘНЕ ШАУ2 МҰНДАЙ МА ЕДІҢ АНА КҮН, МҰНЫҢ ҚАЛАЙ, БАТЫР-АУ? ҮШ КҮН АРҚАҢ БОСАСА, БОЛА ҚАЛДЫҢ БАС АСАУ. ЖАН ҚЫСЫЛСА, ЖАЙТАҢДАП, ЖАНДЫ ЕРІТКЕН ЖАЙДАРЫ-АУ. ЖАН ЖАЙ ТАПСА, СЕН НЕГЕ ЖАТ МІНЕЗСІҢ ЖАБЫРҚАУ? ҰРЛЫҚ ПЕНЕН ҚУЛЫҚҚА, БАЙЛАҒАНДА, КЕСТІҢ БАУ. БЕРЕРМЕНДЕ БЕСЕУІҢ, АЛАРМАНДА ЖӘНЕ АЛТАУ. ТОП БОЛҒАНДА КӨРЕРСІҢ ТҮРЛІ ДАУДЫ ЖҮЗ ТАРАУ. АЯҒЫНДА СЕНДЕЙЛЕР, КӨРМЕЙ ЖҮР МЕ ҚАНТАЛАУ? ҚАЙТЫП КЕЛЕР ЕСІКТІ, ҚАТТЫ СЕРІППЕ, ЖАРҚЫН-АУ! ЖЕТІЛСЕҢ ДЕ, ЖЕТСЕҢ ДЕ, КЕРЕК КҮНІ БІР БАР-АУ.

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

«ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

ЖАҢАНЫ ЖАТСЫНБАҒАН ДИХАН ТАБЫСҚА ЖЕТЕДІ ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ Елбасы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Бейжің қаласының 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының астанасы болып таңдалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Си Цзиньпинді Бейжіңнің 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығына ие болуына байланысты шын жүректен құттықтады. «Бұл оқиға жаңа Қытайдың зор мүмкіндіктерін әлемге тағы да паш етті. Қытай тарапының Олимпиадалық ойындарды жоғары дәрежеде ұйымдастырып, халықтар достығы мен бейбітшілікті дәріптейтін олимпиадалық дәстүрді одан әрі нығайтуға үлес қосатынына кәміл сенемін», – деп атап өтілген құттықтауда. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ ҚХР Төрағасына қысқы Олимпиада ойындарын табысты өткізуге, ал достас Қытай халқының бақ-берекесі артып, гүлдене беруіне тілектестік білдірді.

ЖЕРДІҢ АТЫ – ТАРИХТЫ Ң ХАТЫ

___________________________ 1 Дәрменсіз. 2 Тосырқап, тоқырап қалу.

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол». Кеше облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев облыстық «Егінжай-2015» семинар-кеңесіне қатысты. Семинар-кеңес ауыл шаруашылығы бойынша жақсы табыстарға жеткен Байзақ, Меркі аудандарының дихандар баптаған алқаптарында өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары, бірқатар басқарма мен аумақтық инспекция басшылары, аудан әкімдері, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары, ауылдық аймақ әкімдері, ауыл шаруашылық құрылымдарының жетекшілері және БАҚ өкілдері шақырылды.

НОВОСЕЛЬ

ПОДГОРНОЕ

МЕКТЕПТЕРДІҢ АТЫН ТҮЗЕДІК, ЕНДІ... Нұрболат ӘЛДИБЕКОВ, «Ақ жол».

Кешегi кеңестiк кезеңде көптеген елдi мекендерiмiз тоталитарлық жүйеге бе й i м д е л ге н ат аул а рм е н аталғаны белгiлi. Қазiр бiзге тәуелсiздiгiмiздi дәрiптейтiн, халықты бiрлiкке үндейтiн атаулар қажет. О с ы р е т т е ауд а н д а ғ ы алты білім мекемелерінің атауын ауыстыру мәселесі күн тәртібіне қойылып отырғаны қуантады. Атап айтсақ, №1 мектеп-лицейіне Әбу Насыр әл-Фараби, №2 орта мектебіне Мұхаммед Хайдар Дулати, «Октябрь шаруа» орта мектебіне Сәкен Сейфуллин, «Қызыл шаруа» орта мектебіне Мұқағали М а қ ат а е в , « П од го р н о е » орта мектебіне Дінмұхаммед Қонаев, Қызылту орта мектебіне Төле би есімдерін беру мәс еле сі көтеріліп, құжаттары тиісті орындарға ұсынылыпты. Бұл мәселе ономастика мәселесі

бойынша жарияланған мораторийдің уақыты бітсе, өз шешімін табады деген үміт бар. Д е г е н м е н , ауд а н д а Луговой ауылы, Каменка ауылы, Ново сель ауылдық округіне қарасты Юбилейный ауылы секілді кеңестік кезеңдегі атауларды ауыстыруды қажет етеді. Аудан басшылары мұндай ат аул а рды ұ л т т ы ң т iл i , тарихы, мәдениетiмен тығыз байланысты болатындай етiп өзгертуге тиіспіз деп отыр. Қай елде ұлттық нышандар елдi мекендердiң, к ө ш е л е рд i ң ат т а р ы н а н менмұндалап тұрса, сол елдiң мерейi үстем, бетбейнесi айқын. Ал «Жердiң аты – тарихтың хаты» е ке н i н б а б а л а р ы м ы з бұрында айтып кеткен. Т. Рысқұлов ауданы.

Айбынды салтын ел бұзбас, Адамдық антын ер бұзбас. Халық мақалы.

ЕРЕН ЕРЛІК – ЕЛ ЖАДЫНДА

КАМЕНКА

ЮБИЛЕЙНЫЙ

Кеңеске қатысушылар өз жұмыстарын Байзақ ауданындағы «Шарипов» шаруа қожалығының 70 гектарға тамшылатып суару тәсілімен өсірілген пияз алқабынан бастады. Аталған қожалық алқабына тамшылатып суару технологиясын енгізуге 22,4 миллион теңге жұмсалыпты. Шаруашылық басшысы Тимур Шарипов былтыр 40 гектар пияз егіп, гектарына 120 тоннадан өнім алғанын, биыл да сол межеден төмендемейтінін жеткізді. Есесіне үлкен несиені екі-үш жылда өтеп тастауға мүмкіндігі мол. Қожалық төрағасының іскерлігіне, жаңашыл істен жасқанбайтын батылдығына облыс басшысының көңілі толды. (Жалғасы 3-бетте).

БАТЫР АҚӘДІЛ СУХАНБАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ҚОЙЫЛДЫ Наурызбек САРША, «Ақ жол». Етігімен қан кешіп, Отан үшін оқ пен оттың ортасында жанын садаға еткен ерлер еш ұмытылмақ емес. Қайта уақыт өткен сайын олардың ерен ерліктері ел жадында жаңғыра түсетіндей. Сондай ерлердің қатарында жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаев та бар. Жау пульеметінің аузын кеудесімен жапқан ерлігі аңызға бергісіз батырдың сол өшпес ерлікті жасаған күні 31 шілдеде еске алу митингісін өткізуді Тараз жұртшылығы дәстүрге айналдырған еді. Сол дәстүрден жаңылмай кеше батырдың ескерткішіне гүл қою рәсімі болып, митингі өткізілді. Оған қала әкімі Нұржан Календеров, қалалық мәслихат хатшысы Балабек Нарбаев, соғыс және еңбек ардагерлері, жастар көптеп қатысты. Қала жұртшылығы ескерткіш алдында батырды бір минут үнсіздікпен еске алды. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден

Тілеумұрат сөз сөйлеп, батырдың өшпес ерліктерін жастар арасында насихаттау керектігін тілге тиек етті. Келесі кезекте облыстың Құрметті азаматы Амангелді Кәрентаев сөз сөйлеп, батырдың өнегелі өмірінен сыр шертсе, жазушы-публицист Арғынбай Бекбосын батырдың ерлік істерін ерекше тебірене жеткізді: – Парсының ұлы ақыны, ардақты Фирдаусидің біраз жырларын қазақша тәржімалаған едім. Сонда мынандай бір жолдар кездеседі: «Ұмытылар бәрі мына опасы жоқ жалғанда, Екі-ақ нәрсе ел есінде қалып жатса таңқалма: Қаһарманның ерлігі мен асыл сөзі дананың, Өте берер бұзып, жарып ғасырлардың қамалын!» Не деген шыншыл сөз! Мың жыл бұрын айтылса да, ақиқатын дәлелдеген сөз! Ақәділ батырдың мына жарық дүниеде жоқтығына міне, 71 жылға аяқ басты. Тараз жұртшылығының бұл күні ескерткіш жанына жиналып, құшақ-құшақ гүл шоқтарын қоюы, азалы-салтанатты митинг өткізуі,

Құранға қол жаюы дәстүрге айналды. Ерлік жасау адам баласы өміріндегі ұлы қасиет. Отан алдындағы борышын адал орындап, әскери антына адалдық танытқан, нағыз ерлерше қаза тапқан боздақ жауынгердің есімі мәңгілік өшпейді. Мына батырдың мүсініне көз салайықшы. 2005 жылы осы орнатылған ескерткіштің авторы – мүсінші Сейіткерім Момыш батыр рухын қалай дәл бере білген. Қарасаңыздар, алға ұмтылып, ажалды жеңген батырдың рухы тұр алдарыңызда. Ол ажалға қарсы ұмтылып, жеңіп, міне бүгінгі күнге дейін өмір сүріп келеді, – деді Арғынбай Бекбосын. Сонымен қатар, ардагер журналист Ақәділ туралы кітап авторы Тұрсынхан Толқынбайұлы ерекше ерлік иесін Александр Матросовтың ерлігін қайталаушы деп айтудың дұрыс еместігін, осы жөнінде көптен бері мәселе көтеріп, республикалық басылымдарда мақала жазғандығын айтты. Суретті түсірген Виктор БАРБАШ.

ІНШІ! СҮЙ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

БАСШЫ ІСТІҢ БАСЫНДА ЖҮРУІ ТИІС

БАСҚАРМА БАСШЫЛАРЫНЫҢ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЕСЕПТЕРІН ТЫҢДАҒАН ОБЛЫС ӘКІМІ ОСЫЛАЙ ДЕДІ

Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».

жұмысы жүргізіле ме?» деген сауалына «иә» деп жауап берген Жомарт Амангелдіұлы облыс басшысының «облыстағы ірі кәсіпорын «Казфосфаттың» сары фосфорына сұраныс азайып, өнімі төмендеген жағдайда оның орнын қай өнім түрімен қанша көлемде толтыра аламыз?» деген сұрағына мардымды жауап бере алмады. «Сары фосфордан өзге қандай өндірісті дамытуға болады. Тек не бар, не жоғын айтып қана отырасыңдар. Талдау, сараптау болатын болса, неге сондай ұсыныспен шықпайсыңдар?» деген ескерту жасады Кәрім Нәсбекұлы.

Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ Амангелді тобы кен орнынан жаңа геологиялық қор тапты. Қ о р « Қ а з Тр а н с Га з » А Қ с е й с мо б а рл ау жұмыстарын жүргізу барысында «Батыс Сұлт анқұдық» құрылымынан т абылған. Ат а л м ы ш қ ұ р ы л ы м « Ш у - С а р ы су » депрессиясының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Мойынқұм ойпатында орналасқан. Жаңа кеніште алдын ала геологиялық барлау есептері бойынша көмірсутек шикізатының қоры 32,7 миллиард текше метр, алынатын қор 24,5 миллиард текше метр болады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде Амангелді тобының газ-кен орындарын одан әрі дамытып, табиғи газ бен газ конденсатын өндіру көлемін арттырады. Еліміздің оңтүстік өңірлерін отандық газбен қамтуға септігін тигізеді.

(Жалғасы 3-бетте).

«Ақ жол-Ақпарат».

ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫН АЛҒА ТАРТЫП, ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ, НАРЫҚТЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНА АСА БЕЙІМДІЛІКПЕН ЖҰМЫС ІСТЕП, ҚАЙ ШАРУАНЫ ДА ШАТҚАЯҚТАТПАУ – ОБЛЫСТЫҢ БІРІНШІ БАСШЫСЫНАН БАСТАП, БАРША АТҚАМІНЕРЛЕРДІҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМЫ ЕКЕНІ ДАУСЫЗ. ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ БҰЛ МӘСЕЛЕНІ БАРЛЫҚ ЖИЫНДАРДА ЕСКЕ САЛЫП, ОНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ЖІТІ ҚАДАҒАЛАП ОТЫРАДЫ. СОНЫҢ АРҚАСЫНДА БІРАЗ ІЛКІМДІ ІС ТЫНДЫРЫЛСА, КЕЙБІР БАСШЫЛАРДЫҢ ӨЗ МІНДЕТІНЕ ДЕГЕН САЛҒЫРТТЫҒЫ МЕН ЖҰМЫСЫНА ЖҮРДІМ-БАРДЫМ ҚАРАУЫ КӨПТЕГЕН КӨРСЕТКІШТЕРДІ КЕРІ ТАРТУДА. ОБЛЫС ЭКОНОМИКАСЫ ДАМУЫНЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛҒАН ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ МӘЖІЛІСІНДЕ ОСЫНДАЙ БІРҚАТАР БАСШЫНЫҢ ІСІН ОБЛЫС ӘКІМІ СЫНҒА АЛДЫ.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ САРАПТАУ ЖОҚ Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірхановтың сөзіне сүйенсек, облыстың экономикалық жағдайы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға артқан. Өсім ауыл шаруашылығы, сауда және көлік салаларында да бар. Ал облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында керісінше өсім көлемі 6,1 пайызға төмендеген. Осы секілді көптеген деректерді келтірген басқарма басшысына облыс әкімі бірқатар сұрақтар қойды. Мысалы, «түрлі өндіріс өнімдеріне сараптау, талдау

МОЙЫНҚҰМНАН ЖАҢА ГАЗ КЕН ОРНЫ ТАБЫЛДЫ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.