1 қазан пдф 2016 ж

Page 1

ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ: ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

(АБАЙ).

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

ak-jol-taraz@rambler.ru

№114 (18308), Сенбі, 1 қазан, 2016 жыл

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ПРЕЗИДЕНТ

ВАЛЮТА НАРЫҒЫНДАҒЫ АХУАЛ ҚАЛЫПҚА ТҮСТІ

ЭКСПО ҚҰРЫЛЫСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АЯҚТАЛАДЫ

Мемлекеттiң әлеуметтiк дамуының негiзгi табыстары­ ның бiрi – демографиялық өсім. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде қол жеткізген табыстарымыздың бірі де осы елдегі миграциялық үдерісті реттеу болды. Еліміз егемендік алған алғашқы күнінен бастап елдегі халық санына, демографиялық, миграциялық үдерістерге ерекше көңіл бөлумен келеді. 1999 жылы өткен халық санағының қорытындысы бойынша жамбылдықтардың жалпы саны 988 840-ты құраса, тәуелсіздік жылдары бұл көрсеткіш біршама өсті. Бүгінде облыс халқының саны

1 миллион 115,2 мың адамға жетіп отыр. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады. Кездесу барысында Д.Ақышев Елбасына Ұлттық банктің қазіргі қызметі туралы баяндады. Қазақстан Президенті қаржы нарығын реттеуші ретіндегі Ұлттық банк жұмысының маңыздылығына назар аударды. Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысына валюта нарығы мен инфляция үдерістеріндегі жағдай туралы мәлімдеді. – Биылғы 8 айда инфляция 5,4 пайыз болды. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, Үкімет пен

жергілікті атқарушы органдар бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын іске асыруда. Мұнай бағасы мен Ресей рублі бағамының тұрақтануы жағдайында валюта нарығындағы ахуал қалыпқа түсті, – деді Д.Ақышев. Бұдан бөлек, Ұлттық банк төрағасы ұлттық валютадағы депозиттер санының артқанын айтты. Сондай-ақ, несиелендіруді жандандыру үдерісінде оң қарқын байқалады. Атап айтқанда, жыл басынан бері шағын кәсіпкерлік секторын несиелендіру 35 пайызға артқан. Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

КӨ Р

Ғылым теңіз, Білім қайық.

Ш

ҢІР ІӨ

Елбасы «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Кездесуде А.Есімов Мемлекет басшысына ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесіне дайындық барысы туралы баяндады. Сондай-ақ, «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы құрылыс жұмыстарының кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын және биыл жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді.

СЫ: Ы Н ТЫ Р Е Л

ТІЛ И БІЛІК Б І С Ә К

ІК ПЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

ҚЫЗЫЛОРДАДАН – КҮРІШ, ЖАМБЫЛДАН – ҚАНТ

КЕШЕ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ БАСТАҒАН ДЕЛЕГАЦИЯ БАРДЫ. ЖҰМЫС САПАРЫ БАРЫСЫНДА ЖАМБЫЛДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ «БАЙҚОҢЫР» ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНДАҒЫ МУЗЕЙ ЭКСПОЗИЦИЯСЫМЕН ТАНЫСЫП, «ГАГАРИН СТАРТЫ» АЛАҢЫНДА, ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДАҒЫ «ҚОРҚЫТ АТА» МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІНДЕ, ЗИЯРАТ ЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ. СОНДАЙАҚ, СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ НАҒИ ІЛИЯСОВ АУЫЛЫНА АТ БАСЫН БҰРЫП, ЕЛДІ МЕКЕННІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ.

ЫН

ДЕР МЕРЕКЕСІ ҚҰТТ МҰҒАЛІМ ЫБ ОЛ С

!

ТӨРДЕГІ ОРЫН ҰСТАЗДІКІ БОЛСА

Қазан айында павильондар – халықаралық қатысушыларға, ал тұрғын үйлер делегация мүшелеріне берілетін болады. Бұдан бөлек, А.Есімов 103 ел мен 17 ха лықара лық ұйымның көрмеге қатыс атынын раст ағанын айтты. Секциялардың 98 комиссары тағайындалды. Халықаралық ұйымдармен қоса, 82 ел көрмеге қатысатыны туралы келісімшартқа қол қойды. 61 мемлекет Ұлттық күнін өткізу үшін нақты датаны броньдады.

(Жалғасы 3-бетте).

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Алтыншы шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті бесінші сессиясы 2016 жылдың 7 қазанында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы. 2. Жамбыл облыстық мәслихатының құқықтық тәртіп, әлеуметтік-мәдени салалар, гендерлік саясат және қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі. 3. Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің «2016 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша Жамбыл облысының аумағында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы» есебі. 4. Әртүрлі мәселелер. * * * Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2016 жылдың 7 қазанында сағат 11.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2016 жылдың 7 қазаны күні сағат 14.00-де басталады. Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы.

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАЛАЙ? Мұғалім мәртебесі туралы сөз бола қалса, «Ұстазға деген құрмет қашанда жоғары» дейміз еш ойланбастан. Сол сәтте шын мәнісінде, қоғам үшін педагогтің қызметі қаншалықты маңызды екенін салмақтай да бермейміз. Мұғалімдер күніне орай «Баласағұн» орталық концерт залында өткен салтанатты шара бізге осыны саралап көрсеткендей болды. Мерекелік концерт облыс педагогтеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қойған жоқ, еліміздің 25 жылдың бедерінде қол жеткізген жетістіктеріне ұстаздардың қандай үлес қосқанын таразылап, өлшеусіз еңбектің бағасын берді. Сахнадағы шағын қойылым басталғанда алыстан мұнартып көрінген Мәңгілік Елдің іргесі, берік қақпасы көз алдымызда бірте-бірте биіктей түсті. Білімді жастар сол қақпадан нық басып адымдап келе жатты. Тәуелсіздіктің еркін ойлы жастарының кемелденген еліміздің келешегіне деген сенімі де зор. Әрі қарай ән де, күй де осы бір ізгі ойды жалғап жатты. Кешегі ұстаз алдындағы шәкірттер бүгінде экономиканың әр саласында еңбек етуде. Тәуелсіздіктің 25 жылдық белесіндегі басты табысымыз – халқымыздың татулығы десек, мұғалімнің елеусіздеу көрінетін еңбегі де осы татулықтың тәрбиешісі болуында. Өнегелі тәрбие алып, білім нәрімен сусындаған олар өнер-ғылымға ден қойып, ішкі ауызбіршілікті сақтауға ұмтылды. (Жалғасы 3-бетте).

Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол».

Кезекті алқа мәжілісі әдеттегідей емес, құттықтаудан басталды. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Ұлттық экономика министрлігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған бірінші орынбасары Бекболат Орынбековке еңбегінің табысты болуына тілектестік білдірді. Жалпы, мемлекеттік бағдар­ ламалардың қалай жүзеге асырылып жатқаны үнемі бақылауда болатыны баршаға белгілі. Ал бірақ, көпшілік мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасы, мемлекеттік органдардың актілері мен қаулыларының орындалу деңгейінің де сараланатынын қаперге ала бермейтін секілді. Аудандар мен ауылдық округ әкімдерінің о р ы н д ау ш ы л ы қ м ә с е л е с і н д е жіберген басты кемшілігі де осы. Әкімдік мәжілісінде осыған көз жеткіздік. Әкімдік мәжілісінде мемлекеттік бағдарламалар, тиісті актілер мен

қаулылардың орындалу барысы және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын баяндаған облыс әкімі аппаратының басшысы Рахметілдә Рахманбердиев атқарылып жатқан ау қ ы м д ы ж ұ м ы с т а рм е н қ ат а р , кемшіліктерге де тоқталды. – Мемлекеттік органдардағы орындаушылық тәртіп мәселесі – мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың басты тетігі. Бұны Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында айқындап берді. «Қазақстан – 2050» Стратегиясында да мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінген. Облыс әкімі аппараты бұл бағытта тиісті ж ұ м ы с т а р д ы а т қ а р уд а . Ат а п айтсақ, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің біліктіліктерін арттырып, қайта даярлау, мемлекеттік органдар арасында қызметкерлерді тағылымдамадан өткізіп, тәжірибе алмасу, жалпыға бірдей құқықтық оқыту жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұл жұмыстар нәтиже сіз еме с. Мәселен, жыл сайынғы мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін

бағалауда облыс әкімінің аппараты екінші жыл қатарынан облыстар арасында жоғары бағаланып келеді (2014 жылы – 1-орын, 2015 жылы – 3-орын). 2 0 1 4 ж ы л ы о р ы н д ау ш ы л ы қ тәртіп пен құқықтық қамтамасыз ету бағыттары жоғары бағаланса, 2015 жылы персоналды басқару және стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және оларды іске асыру бағыттарындағы жұмыстар тиімділігін көрсетті. Дегенмен, төмен көрсеткіштерге ие болған бағыттарды да атап өткен жөн. 2015 жылдың қорытындысында а қ п а р ат т ы қ т е х н о л о г и я л а р д ы қолдану бағыты бойынша біздің өңір облыстардың ішінде 15-орынға (2015 жылы 10-орында) жайғасса, бюджеттік қаржыларды басқару бағыты екінші жыл қатарынан 5-орыннан жоғары көтерілген жоқ. Себебі, 2015 жылы және биыл мемлекеттік органдарды автоматтандыруға қаржы бөлінбеді, – дейді аппарат басшысы. Рахметілдә Сегізбайұлы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы да облыс әкімі

аппаратының бақылауында тұрғанын айтады. Бұл бағытта атқарылып ж ат қ а н ж ұ м ы с т а р ау қ ы м д ы болғанымен кемшіліктер де жоқ емес екен. Мәселен, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдыинновациялық дамыту, денсаулық сақтау, білім, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жаст ар с аяс аты мәс елелері, ж ұ м ы с п е н қ а м туд ы ү й л е с т і ру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма лары және ішкі істер департаменті мен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалында 2 0 11 - 2 0 1 5 ж ы л д а р ғ а а р н а л ғ а н өңірлерді дамыту бағдарламасының базалық көрсеткіштер тізбесіндегі 10 нысаналы индикаторлар мен 5 тікелей нәтижелік көрсеткіштер орындалмаған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының орындалуында да олқылықтар бар. Мәліметтерге сүйенсек, биыл ат алған бағдарламаны қаржыландыруға 10,3 миллиард теңге бөлініп, бірінші бағыт бойынша барлығы 1480 жұмыс орындары ашылып, 830 адам жұмыспен қамту

орталықтарының жолдамаларымен жұмысқа орналастырылған. Дегенмен, Тараз қаласында – 115, аудандар арасында Жуалыда – 36, Қордайда – 42, Меркіде – 73, Шуда– 81, жалпы 347 адамның 1 қыркүйекке дейін міндетті зейнетақы жарналары аударылмаған. Бағдарламаның екінші бағыты б о й ы н ш а б а рл ы ғ ы 3 3 7 а д а м ғ а 926,4 миллион теңге шағын несие беріліп, несие алушылар қосымша тұрақты 156 жұмыс орнын ашқан. Алайда, Жуалы, Қордай, Меркі, Талас аудандарында жалпы 161 несие алушы бар болғаны 19 адамды жұмыспен қамтыса, Мойынқұмда 25 несие алушы бір де бір жұмыс орнын ашпаған. Ал қайта даярлау курстарына жіберіліп, біліктілігін арттырған азаматтардың Қордайда – 6-ауы, Мойынқұмда – 5-еуі, Шуда 9-ы жұмысқа орналастырылмаған. «Бұл аталған аудан басшыларының мемлекеттік бағдарламаның тиісті деңгейде орындалуына көңіл бөлмейтіндігін көрсетеді», – дейді Рахметілдә Рахманбердиев. (Жалғасы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.