БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
(АБАЙ).
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
1 қыркүйек Білім күні ak-jol-taraz@rambler.ru
№102 (18296), Бейсенбі, 1 қыркүйек, 2016 жыл
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ
ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
Мемлекет басшысы Астанадағы №84 мектеп-лицейде болды. Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, тәуелсіздік жылдарында білім беру саласын дамыту және қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру үшін мемлекет көп күш-жігер жұмсағанын атап өтті. – Көптеген жастарымыз шетел дерде білім алуда, бұл жылдарда еліміз бойынша 1700-ден астам мектеп, соның ішінде зияткерлік мектептер ашылды. Биыл 60 жаңа оқу орнын ашу жоспарлануда. Осы қадамдар жас ұрпақтың өсіпөркендеуі мен еліміздің болашағы үшін жасалып отыр. Бұл мектеп шейх Халифпен келісім негізінде соның қаражаты есебінен салынды. Сол үшін оған алғыс айтамын, – деді Қазақстан Президенті. Жалпы ауданы 14 мың шаршы метр болатын, 1200 оқушыға лайықталған жаңа мектептің 48 оқу кабинеті бар. Білім беру қазақ және орыс тілдерінде екі ауысым бойынша жүзеге асырылады. Оқу орнының инфрақұрылымы 30 орындық оқу залы бар
к і т ап ха н а н ы , 3 6 0 о р ы н д ы қ мәжіліс залын, спорт залын,
ж ү г і ру жол а ғ ы н , с о н д а й - а қ футбол, баскетбол, волейболмен
ШАРУАСЫ ШАЛҚЫҒАН ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ
ЕЛЕМЕС ЕРДІҢ ІСІН ҰРПАҚТАРЫ ЖАЛҒАУДА
БӘ
айналысуға арналған алаңдарды қамтиды.
ЭКСПО-2017 ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ
Қазақстан Президенті «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінде болды. Мемлекет басшысы «Қазақстан» павильоны құрылысының барысымен, сондай-ақ Конгресс-орталық ғимаратымен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев көрмені отандық және шетелдік ғылым үшін қызығушылық тудыратын сапалы инновациялық әзірлемелер а р қ ы л ы т о л ы қ т ы р уд ы ң маңыздылығын ат ап өтті.
ДІ! Л Е К РЕ
«ДИНАМО» СПОРТ КЕШЕНІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ МЕН КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАРАЗДАҒЫ «ДИНАМО» СПОРТ КЕШЕНІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ. ЗАМАНАУИ ТАЛАПҚА САЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН СПОРТТЫҚ НЫСАНДА ВОЛЕЙБОЛ, ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ҚҰРАМА ЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ЖАРЫС ҰЙЫМ ДАСТЫРЫЛДЫ. БҰЛ ШАРАҒА ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ҚАТЫСЫП, СПОРТШЫЛАРДЫҢ ҚУАНЫШЫН БӨЛІСТІ.
Бұрынғы «Кеңес» кеңшарында ұзақ жыл озат шопан болған Елемес Бекбасаровты Талас өңірінде білмейтіндер кемде-кем. Ол кісі жай ғана шаруа адамы емес, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» орденін иеленген майталман малшы болатын. Жұбайы Нұрсұлу Әлжанова екеуі 12 ұл-қызды тәрбиелеп өсіргені де талайға тағылым. Осыдан үш жыл бұрын 75 жасында бақилық болған Елекеңнің еңбегін, ерекшелігін тамсанып айтатындар Таласта көп-ақ. Мінеки, біз атбасын бұрған «Дүйсенбі» шаруа қожалығының іргетасын да Елемес қария қалап кеткен. Тіпті, еңбек ардагері, жаңашылдыққа ден қойған Елекеңе Көшек батыр кесенесіне келген сәтінде Елбасының өзі риза болғанын жұртшылық әлі күнге дейін айтып жүр. Бұл күнде аталған шаруа қожалықтың төрағасы – Елекеңнің үлкен ұлы Дүйсенбі Бекбасаров. Шаруашылықтың басында Дүйсенбінің қос ұлы Мадияр мен Мәди отбасымен отыр. Сондай-ақ, малшылар да бар. Бүгінгі таңда қожалықта 1200 қой,
Ұлттық павильон орналасқан ш а р т ә р і зд е с ғ и ма р ат т ы ң тақырыптық тұжырымдамасы «Болашақ энергиясының мұражайы» ретінде көрініс тапқан. Ғимараттың 7 қабатында энергияның негізгі түрлерін таныстыру жоспарлануда. Конгресс-орталық ха л ы қ а р а л ы қ ко н г р е с т е р , конференциялар, симпозиумдар, концерттер және басқа да ісшаралар өтетін көп функциялы мәдени-сауықтыру нысаны болмақ.
Өнер - бұлақ, Білім - шырақ.
(Жалғасы 2-бетте).
БҮГІН – БІЛІМ КҮНІ
АЛҒАШҚЫ АШЫҚ САБАҚ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ
70 жылқы, 70 түйе, 80 сиыр бар. Қажетті техника жетерлік. Еңбек адамы Елеместің ұрпақтары, келіндері де береке-ынтымақта екенін, еңбек еткеннің мәртебесі биік болатынын түсінеді. Алыс малды ауылда жүрміз-ау деп қабақ шытпайды. Мал өсіруге арналған мекен демесеңіз, бұл жер – бір ауыл дерсің. Электр жарығы бар, шаруашылықтың басына үш там тұрғызылған. Заманауи желіге жалғанған теледидар. Шаруашылықтың айналасы тал-дарақ. Тіпті, 100 түп жеміс ағашы, 200 түп терек, қара ағаш егілген. Бір гектар жерге себілген жоңышқаны биыл үш мәрте орып алыпты. Бұл жер Тектұрмас, Қарадөң жайлауы (қыстау да осы) деп аталады екен. Қысқасы, қажетіңе не керектің барлығы бар. Ең бастысы, ірімшік, құрт, шұбат, қымыз, қаймақ дастарқаннан үзілмейді. Әулеттің қос келіні Гүлнұр Айдынбекова мен Гауһар Исмайлова түйе сауудың нағыз мамандары екен. Елекең қария мен батыр ана Нұрсұлу апаның немерелері Нұртай, Алматай, Нұрасылдар шаруаның бір жағына жарап жүр. Әсіресе, Нұрасылдың елгезектігіне, аттың құлағында ойнайтын шеберлігіне, тұлпарды секіртіп, орғытып ойнайтын ерекшелігіне сүйсіндік. Біз барғанда Нұрсұлу апамыз да осы шаруашылықтың басында, балаларының қасында екен. Тараздан 200 шақырым қашықтықтағы қызыл құммен шектескен ауыл болса да, бұл жерге де су жетіп отыр. Ал марқұм Елемес Бекбасаровтың ұлдары да, немерелері де шетінен шабандоздар, көкпаршылар. Жегені – жылқының еті, ішкені – қымыз, түйенің шұбаты, тартқаны – көкпар, шапқаны – бәйге. Бұл шаруашылықтан нағыз қазақтың ұлттық болмысын көрдік, еңбектің көзін, берекенің өзін байқадық. Көшек батыр ауылы, Талас ауданы.
Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол». Алтын күздің келгенінен хабар беріп мектептерде алғашқы қоңырау соғылды. Жаздай алаңсыз демалған жамбылдық 210 мыңнан аса оқушы алғашқы сабақ күнін бастап та кетті. Олардың арасында биыл мектеп табалдырығын жаңадан аттаған 26379 бүлдіршін де бар. 1 қыркүйек – Білім күнінде барлық сыныптарда ашық сабақтар «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі шеңберінде өткізіліп, бірыңғай «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбын арқау етті. Жаңа оқу жылының алғашқы сабағы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды. Ашық сынып сағатында жас өрендер еліміз тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде қол жеткен жетістіктеріміз бен Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтары туралы деректер мен дәйектерге қанықты. Жаңа оқу жылы жамбылдық оқушылар үшін жағымды жаңалықтармен басталды. 1 қыркүйек – Білім күнінде облыста 5 мектеп пайдалануға берілді. Төрт білім мекемесі жаңа ғимаратқа қоныстанса, біреуі жұмысын енді бастамақ. Нақтырақ айтсақ, бұған дейін өңірімізде 449-ы жұмыс істеп келсе, биыл олардың қатары толығып, 450-ге жетіп отыр.
Түймекент ауылындағы 300 орындық мектеп байзақтықтар үшін Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында тарту етілген тамаша сый болмақ.
Облыстық білім басқармасы берген мәліметке сүйенсек, Білім күнінде есігін айқара ашқан балабақшалар мен мектептерді есептемегенде,
ағымдағы жылы 9 білім нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Жалпы, құрылыс жұмыстары жүргізілген 19 нысанға 6,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның 7-еуіне (4 мектеп, 3 балабақша) қаржы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Қазақст ан Ре спубликасының Ұлттық қоры есебінен берілген. Білім нысандарының құрылысы қарқынды жүруінің арқасында апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі де кезең-кезеңімен өз шешімін тауып отырғанын айту керек. Жыл басында апатты жағдайда тіркелген 11 мектептің екеуі 1 қыркүйекте пайдалануға берілді. Олар: Талас ауданы, Есейхан ауылындағы 120 орындық және Жуалы ауданы, Қошқарата ауылындағы 180 орындық орта мектептер. Келесі жылы апатты 3 мектептің мәселесі өз шешімін таппақ. Іргесі қаланып, құрылыс жұмыстары қарқын алған Тараз қаласы, «Салтанат мөлтек» ауданындағы 1000 орындық №30 орта және Сарысу ауданы, Досбол ауылында 50 орындық, Талас ауданы, Қараой ауылында 50 орындық негізгі мектептер 2017 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бір айта кететіні, жаңа оқу жылының орта мектептер үшін ғана емес, білім берудің алғашқы сатысы саналатын балабақшаларда да жаңалығы көп. Білім күнінің қарсаңында облыста 5 балабақша пайдалануға беріліп отыр.