1__

Page 1

НАУРЫЗ

МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН, АСЫЛ АНАЛАР МЕН АЯУЛЫ АРУЛАР! АБАИҒА

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№28-29 (18062-18063), Сенбі, 7 наурыз, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ПРЕЗИДЕНТ

КӨҢІЛДЕРГЕ НҰР СЕПКЕН «КӨКТЕМ ШУАҒЫ»

МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ – ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУ Елбасы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақордада Қазақстан әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесу өткізді. Кездесуге Мемлекеттік хатшы, Президент жанындағы әйелдері ісі және отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Г.Әбдіқалықова, Парламент Мәжілісінің депутаты Г.Қарағұсова, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму м и н и с т р і Т. Д ү й с е н о в а , П а р л а м е н т Мәжілісінің депутаты И.Аронова, Семей қаласының инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ректоры Ш.Құрманбаева, «Қазақ аруы-2014» республикалық арулар байқауының жеңімпазы Г.Жоланова, әртіс Б.Сүйіншәлина, «Астана Опера» МОБТ балет әртісі С.Суногава, теннисші З.Дияс, «Планета патшайымы-2014» атағының иегері А.Жұмабаева, бокстан әлем чемпионы Н.Қызайбай, «Қазақстан» РТРК балаларға арналған «Балапан» телеарнасының директоры Л.Сұлтанқызы, волейболшы С.Алтынбекова, танымал «Татьяналар триосының» қатысушылары Т.Бурмистрова, Т. П о л т а в с к а я ж ә н е Т. М а р т ы н е н к о , «Turkvizion-2014» ІІ халықаралық ән конкурсының жеңімпазы Ж.Доғалова, көп балалы ана М.Аксиева, Қазақстан жастарының арасында «жасыл бастамаларды» ілгерілету бастамашысы Т.Немцан, әскери қызметші Д.Рысбекова, профессор, Қазақстан инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі Қ.Аққошқарова, «Astana Solar» фотоэлектрлік модульдер құрастыру зауытының технигі А.Тащанова, жеке кәсіпкер А.Құрмашова, Қостанай облысынан аудандық аурухананың бас дәрігері Л.Финк, Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының доценті Д.Сиваракша, «Астана Опера» МОБТ жетекші солисі С.Ахметова қатысты. Мемлекет басшысы ханымдарды келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, Қазақстанның барша әйелдер қауымына бақыт, денсаулық және бақбереке тілеп, «Тәуелсіздік жылдарында біз көп нәрсені еңсердік. Қазір елімізде береке мен тыныштық орнады. «Қазақстан-2050»

сөйлейді, барлық интернет кеңістік, барлық ІТ технология. Бізге балаларды үш тілдікке үйрету керек», – деді ол. «Бізде мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ол сақталуы тиіс. Біз бәріміз осы тілде оқуымыз керек. Орыс тілі – ықпалдастық тілі», – деді Президент. АРТЫҚ ТАМАҚТАНУ – ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН Аталған жиында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды денсаулыққа мұқият қарап, спортпен айналысуға шақырды. «Денсаулықтың 12 пайызы ғана медицинаға байланысты екені дәлелденген, ал қалғаны - адамға байланысты. Көгерген су иістене бастайды. Диванның үстінде жатқанның бәрі де солай. Орныңнан тұрып, қозғалу қажет. Екіншіден, артық тамақ ішпеу керек. Әсіресе, менің замандастарым: біз артық тамақ ішпек түгілі, жейтін ештеңе болмайтын. Сондықтан екіншісі – тамақ мәдениеті», – деді ол Ақордада өткен әйелдермен кездесу барысында. «Спортпен айналыспайтын, кітап оқығысы келмейтін, сурет салмайтын, тіл үйренбейтін адам зерігеді. Бос уақытын қайда жұмсарын білмейді ...: карта ойнау, ішу, достармен қыдыру, яғни бұл адамның төменгі дәрежесі. Оларда рухани мұқтаждық жоқ. Әрине, егер оған: «Лев Толстойды ал да, оқы», десең ол сені мүлдем түсінбейді», - деді Назарбаев.

Стратегиясы, «Нұрлы жол» және басқа барлық бағдарламалар осыны көздейді. Әйелдер, отбасын сақтаушы ретінде бақ-берекені ең алдымен балаларынан, дастарқанынан сезінеді, сол арқылы мемлекеттің қамқорлығын сезінеді», – деді Қазақстан Президенті. САЙЛАУ ЖӨНІНДЕ ЖЕКЕ ЖОСПАРЫМ БАСҚА ЕДІ Басқосу барысында Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президенттік сайлау өз жоспарына кірмегенін мәлімдеді. «Қазір сайлауалды науқан басталды. Кезектен тыс сайлау өткізу идеясын, негізінен, әйелдер қолдады. Мен бүгінде мыңдаған хат алып жатырмын. Бүгін таңертең үстелімде бір бума хат жатты, хат иелері менен сайлауға өз кандидатурамды ұсынуды сұраған. Менің жеке

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА

Ананың жүрегі ӘЛЕМНІҢ ТІРЕГІ ОБЛЫС ӘКІМІ К. Н. КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ 8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ Ардақты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қай қоғамда болсын әйелдер қауымының алар орны айрықша. Өйткені жер бетіндегі жақсылық, ізгілік пен ұлылық атаулының бәрі де әйел-ананың ақ сүті мен ақ ниетінен тарайды. «Ананың жүрегі – әлемнің тірегі» дегендей, аналар алмайтын шың, бағындырмайтын асу жоқ. Адамзаттың бас иіп, тағзым етер тәңірі де – ана. Оның ұлылығы мен қадір-қасиетіне жетер ештеңе жоқ. Бүгінгі әйел азаматтарының білім-білігі кемел, парасаттылығы биік, мәдениеті өскен, саяси-әлеуметтік белсенділігі жоғары, өркениетті қоғамның лайықты мүшесі. Отбасынан бастап мемлекеттік саясатқа дейінгі қоғамдық өмірдің барлық құрылымында әйелдер араласпайтын сала жоқ. Егемен еліміздің бүгінгі қол жеткізген жетістіктерінің барлығында сіздердің қолтаңбаларыңыз бар. Оны біз әрқашан мақтан тұтамыз. Бүгінде ана мен баланы әлеуметтік қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Жыл сайын сәбиді күтіп-бағуға берілетін жәрдемақы мен әлеуметтік көмек түрлері көбейіп келеді. Елімізде алтын құрсақты аналар жағдайын жақсартудың барлық шаралары жасалуда. Ана мен баланың бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру, елдің тыныштығын нығайту міндеттері мемлекет басшысының әрбір Жолдауында нақты көрініс табуда. Біздің облысымызда да ана мен баланы қорғауға, әйелдерді жұмысқа орналастыруға, әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсетуге, құрамының басым бөлігін қызкеліншектер құрайтын орта және шағын бизнес кәсіпорындарына жеңілдетілген несие беруге бағытталған бірқатар бағдарламалар іске асырылуда. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғастырылатын болады. Қымбатты аналар, аяулы арулар! Баршаңызды осы бір тамаша көктем мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Ана қуанышы, әйел қуанышы – үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Мерейлеріңіз әрқашан үстем, көңілдеріңіз аспандай ашық болсын.

жоспарым мүлдем басқа болатын, шынымды айтсам», – деді Назарбаев Ақордада Қазақстан әйелдерімен кездесу барысында. Мемлекет басшысы Қазақстанды көп жылдан бері басқарып келе жатқанына тоқталды. «Мен Тәуелсіздіктің бастауында тұрдым. Мүмкін, театрда айтатындай, декорацияны ауыстыратын кез келген шығар. Сингапурдың негізін қалаушы биліктен кеткенде, «неге кеттіңіз?» деп сұрадым. Ол «мен 31 жыл ел басқардым, соңғы кездері өзімді теледидардан қараған кезде, өзімеөзім ұнамай қалдым. Мен айттым: «мүмкін, теледидар дұрыс көрсетпеген шығар?». Менде де сондай жоспар болды. Бірақ қазір халық сондай ниет білдіріп, құлшыныс, ауызбіршілік танытып жатыр. Бүгінде маған ары қарай не істеу керектігі жөнінде Сіздермен ақылдасуға мүмкіндігім бар», – деді Мемлекет басшысы

кездесуге келген әйелдерге. БАЛАЛАРДЫ ҮШ ТІЛГЕ ҮЙРЕТУ КЕРЕК Жоғары сыныптарда барлық пән ағылшын тілінде өтуі тиіс. Бұл туралы да Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен әйелдермен кездесу барысында мәлімдеді. «Біз былай істеп жатырмыз, ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыту керек болады. Ал 11-12 сыныптарда сабақтар ағылшын тілінде өтуі тиіс», - деді Назарбаев. Мемлекет басшысы Малайзияның тәжірибесін мысал ретінде келтірді. «Соғыстан кейін тәуелсіздік алып, малай тілін мемлекеттік тіл деп жариялауға шешім қабылдады. Бірақ оны әлемде ешкім білмейді. Сөйтіп қайтадан ағылшын тіліне ауысты. Сингапурда да дәл солай. Ұнайды, ұнамайды емес, бәрі сол тілде

құлақ түрейікші, ағайын!

ҚЫЗ СЫНЫ ҚАҚТАҒАН АҚ КҮМІСТЕЙ КЕҢ МАҢДАЙЛЫ, АЛАСЫ АЗ ҚАРА КӨЗІ НҰР ЖАЙНАЙДЫ. ЖІҢІШКЕ ҚАРА ҚАСЫ СЫЗЫП ҚОЙҒАН, БІР ЖАҢА ҰҚСАТАМЫН ТУҒАН АЙДЫ. МАҢДАЙДАН ТУРА ТҮСКЕН ҚЫРЛЫ МҰРЫН, АҚША ЖҮЗ, АЛ-ҚЫЗЫЛ БЕТ ТІЛ БАЙЛАЙДЫ. АУЗЫН АШСА, КӨРІНЕР КІРСІЗ ТІСІ, СЫҚЫЛДЫ ҚОЛМЕН ТІЗГЕН, ІШ ҚАЙНАЙДЫ. СӨЙЛЕСЕ, СӨЗІ ӘДЕПТІ ӘМ МАҒЫНАЛЫ, КҮЛКІСІ БЕЙНЕ БҰЛБҰЛ ҚҰС САЙРАЙДЫ. ЖҰП-ЖҰМЫР, АҚ ТОРҒЫНДАЙ МОЙЫНЫ БАР, ҮЛБІРЕГЕН ТАМАҒЫН КҮН ШАЛМАЙДЫ. ТАҚТАЙДАЙ ЖАУЫРНЫ БАР, ИЫҒЫ ТІК, ЕКІ АЛМА КЕУДЕСІНДЕ ҚИСАЙМАЙДЫ. СОРАҚЫ ҰЗЫН ДА ЕМЕС, ҚЫСҚА ДА ЕМЕС, НӘЗІК БЕЛ ТАЛ ШЫБЫҚТАЙ БҰРАҢДАЙДЫ. ЕТІНДЕЙ ЖАС БАЛАНЫҢ БІЛЕГІ БАР, ӘЖІМСІЗ АҚ САУСАҒЫ ІСКЕ ЫҢҒАЙЛЫ. ҚОЛАҢ ҚАРА ШАШЫ БАР ЖІБЕК ТАЛДЫ, ТОРҒЫНДАЙ ТОЛҚЫНДЫРЫП КӨЗ ТАҢДАЙДЫ. ҚАНДАЙ ҚЫЗДА ЛӘЗЗАТ БАР ЖАН ТАТПАҒАН? СҰЛУЫ БҰЛ ЗАМАННЫҢ ТЕК ЖАТПАҒАН. ОН СЕГІЗ, ОН ТОҒЫЗҒА КЕЛГЕННЕН СОҢ, АЛМАСЫ ӨКПЕ БОЛАР ҚОЛ БАТПАҒАН. БҰЛАРДЫҢ КЕЙБІРІНІҢ МІНЕЗДЕРІ: ЕШНӘРСЕ КӨРМЕГЕНСІП, БҰРТАҚТАҒАН. КЕЙБІРІ ЖАЙДАРЫ, АШЫҚ БОЛАМЫН ДЕП, ОРЫНСЫЗ АДАМДАРМЕН ЖЫРТАҚТАҒАН. ӘУЕЛДЕН СҰЛУ ЖАЙЫ БІЗГЕ МӘЛІМ: ЖІГІТТІ ЖҰРТ МАҚТАҒАН ҚЫЗ ЖАҚТАҒАН. КЕЙ ЖІГІТ МАҚТАН ҮШІН ҚЫЛЫҚ ҚЫЛМАЙ, БОЙЫНА МАЙДАЛЫҚПЕН СЫР САҚТАҒАН. КЕЙ ЖІГІТ АРСЫЗДЫҚПЕН ҰЯТСЫНБАЙ, ҚОЛЫ ЖЕТПЕС НӘРСЕГЕ ТЫРТАҚТАҒАН. ОРЫНДЫ ІСКЕ ЖҮРІП, ОЙ ТАППАҒАН, НЕ БОЛМАСА ЖҰМЫС ҚЫП, МАЛ БАҚПАҒАН. ҚАСИЕТТІ БОЛМАЙДЫ ОНДАЙ ЖІГІТ, ӘНШЕЙІН ҚҰР БЕКЕРГЕ БҰЛҒАҚТАҒАН.

БОСАҒАЛАРЫҢ БЕРІК БОЛСЫН! Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің қыз-келіншектеріне бірнеше кеңес берді. «Әйел, ең алдымен, өз балаларынан, өз үстелінен, дүкенге барғанда өз қалтасынан әл-ауқатты сезінеді. Сондықтан мемлекет халықтың әл-ауқатын ойлаған кезде, ол, ең алдымен, отбасының ұйытқысы – сіздер туралы ойлаған болып шығады. Ал біз, ерлер, сіздерсіз қайда барамыз?! Төңіректеріңізде жүреміз. Бірақ бізді де тұсаулап ұстау керек: айналып-айналып қазығын табатындай. Сонда отбасы берік болады», – деді ол. Кездесу соңында Мемлекет басшы-сы көп балалы аналарды – М.Аксиеваны Алтын алқамен және А.Жұмабаеваны Күміс алқамен марапаттады. Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысына ана мен балаға қамқорлық жасауға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған саясат жүргізіп отырғаны үшін алғыстарын айтты.

ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН ЕЛ ҰТАДЫ

СЕНІМ КҮШІ – ҚУАТТЫ КҮШ

Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі ұсынысын Парламент Мәжілісі мен Сенаты, басқа да қоғамдық ұйымдар мен жекелеген белгілі қоғам қайраткерлері және зиялы қауым өкілдері бірауыздан қабылдап, баспасөз беттері мен телеэкран арқылы өз пікірлерін қызу білдіруге кірісіп кетті. Мемлекет алдында тұрған аса маңызды ұсыныстарды ой таразысынан өткізіп үлгірмей, салған жерден қолдай кету, ақиқатына жүгінер болсақ, көңілге күдік ұялататыны рас. «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды» деп Абай айтқандай,

өткізіп барып саналы түрде қолдау. Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жайлы Ассамблеяның ұсынысын өз басым алғашқы кезде екіұдай халде қабылдадым. Өз елінің бүгіні мен ертеңгі болашағын ұдайы ойлап, қуанышы мен уайымы қабат шарпысқан мынадай алмағайып та аласапыран заманда ұлт пен мемлекет тағдырына тікелей қатысы бар ұсыныстарды ә дегеннен қолдай кету ойсыз адамға болмаса, ойлы адамға көп сауал тудыратыны анық қой. Мен көп ойландым. Сондағы қысқаша сезім шежіресі мынаған саяды: «Еліміз тыныш. Әркім күнделікті өз жұмысымен айналысып жатыр.

қолдаудың да екі түрі бар. Бірі – дүрмекке ілесіп қолдау, екіншісі – ой таразысынан

САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

АНАЛАР - АСЫЛ ЖАНДАР, ШУАҚ БОП ШАШЫЛҒАНДАР! Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». Әйел - Ана, Әйел - Өмір, Әйел - отбасының өзегі, шаңырақтың шаттығы. Адамзатқа ұрпақ сыйлаған ұлы құдірет иесінің есімі қашанда қастерлі. Сол себепті де ұлы ғұламалар «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деп бекерге айтпаған. Құрсағы алтын аналардан адамзаттың небір алыбы жаратылған. Ана сонысымен асыл, сонысымен тұғыры биік, әр сөзі өсиет. Баршамыз үшін оның жүрегі мейірімді, қолы қайырымды. Адамзат бастан өткерген небір тар жол тайғақ кешу мен алмағайып ауыр кезеңдерде де ана артта қалған емес, ұрпағының аман-есендігі үшін жанын садаға еткен. Міне, осы үшін бүкіл әлем аналар мерекесін ерекше қастерлейді, зор қуанышпен қарсы алады. Ол той көктемнің алғашқы күнінен-ақ басталып жататыны содан. Сондай мереке легі облысымызда әр жерде өтуде. Кеше облыс орталығындағы «Баласағұн» орталық концерт залында облыс басшыларының қатысуымен үлкен салтанатты жиын өтті. Мереке иелерін құшақ жая қарсы алған облысымыздың бас мәдениет сарайынан шын мәнінде ерекше жылылық пен мейірімнің лебі есіп тұрғандай сезілді. Кіреберіс дәлізден бастау алған мерекелік безендірудің соңғы нүктесі сахнада түйінделген. Ортада орналасқан алып экранды жан-жағын көмкере қырыққа жуық орта көлемдегі лэд-экрандар гүл бейнесінде топтастырылып, ерекше үйлесімділік тапқан. Ондағы графикалық оюлар да сахна көркіне одан сайын көрік бере түсті. (Жалғасы 6-бетте).

Алмауыттан ат мінсең, Жақын болар алысың. Әдепті, арлы жар сүйсең, Оңғарылар бар ісің.

(Жалғасы 2-бетте).

АССА М БЛ

Халық мақалы.

ЕЯ

ЖАМАҒАТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУҒА ШАҚЫРҒАН ТАЙҚАЗАН СӘРСЕНБІНІҢ СӘТІНДЕ САРЫСУ АУДАНЫНА ҚАРАЙ ЖОЛ ТАРТТЫ. МОНОҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ІСІН ҚОЛҒА АЛҒАЛЫ БЕРІ ТАМЫРЫНА ҚАН ЖҮГІРІП, ЖАНДАНА БАСТАҒАН АУДАН ОРТАЛЫҒЫ – ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЛАҢЫНА АУДАННЫҢ КӘРІЖАСЫ КӨПТЕП ЖИНАЛДЫ.

ТАЙҚАЗАН ЖЕТІСУҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек биыл Ассамблея жылы болып жарияланғалы атқарылған ізгі істерге тоқтала келе, алдағы уақытта Ұлы Отан соғысына қатысқан 3 ардагердің үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін, «ЕуроХим-Тыңайтқыш» ЖШС қаладағы ең көне білім ошағының бірі – М. Әуезов атындағы мектепгимназиясына 208 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізіп беретінін, биыл жаңатастықтар 5 мың ағаш көшетін егуді жоспарлап отырғанын қуана хабарлады. Сондай-ақ, алдағы уақытта аз қамтылған отбасынан шыққан және үздік оқитын 30 оқушыға Астана қаласын тамашалап қайтуға жолдама берілетінін жеткізді. Ал шара барысында көп балалы аналар ас үй пешін сыйға алды. Соңыра аудан басшылығы мен эстафетаны табыстаушы топ алаң маңына

ағаш көшеттерін отырғызды. Талас ауданындағы жақсылықтар тізбегі қайырымдылық концерттен бастау

алыпты. Одан түскен қаржыға ҰОС ардагерінің үйіне жарық жүргізілген. І топтағы 9 мүгедек азаматқа дәрі-дәрмек алынып, 3 отбасыға азық-түлік себеті тарту етілген. Болашақта тағы бір ардагердің үйіне 300 мың теңгеге табиғи газ кіргізіліп, өзгелеріне тіс протездері мен есту аппараттарын сатып алу жоспарланыпты. Ал ҰОС ардагері Қаратау қаласындағы «Балалар өнер мектебінде» ұйымдастырылған концерттік қойылымда Бестен Тілепов атамыз теледидарға ие болды. (Жалғасы 6-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.