2__

Page 1

2

www.akjolgazet.kz

19 сәуір, 2014 жыл

l Ұлттық қордың қаржысын ұтымды пайдаланайық

БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН МИЛЛИАРДТАР «БӘЙТЕРЕК» ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГІ МЕН 13 ОТАНДЫҚ БАНК АРАСЫНДА КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ, ОҒАН СӘЙКЕС ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН БӨЛІНГЕН ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ 100 МИЛЛИАРДЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУҒА ЖҰМСАЛАДЫ. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕР АҚШАЛАЙ ТРАНШТЫ 6 АЙДА ИГЕРІП БОЛУЫ ТИІС. БҰЛ ОРАЙДА ӘҢГІМЕ ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ҒАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН БІРГЕ, ЕСКІЛЕРДІ САУЫҚТЫРУ ЖӨНІНДЕ ДЕ БОЛЫП ОТЫР. ЖОБАЛАРДЫ ТАҢДАУДА ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНА НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУІ ТИІС. БАНКТЕР АҚШАЛАЙ ҚАРЖЫНЫ «БӘЙТЕРЕК» ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГІ МЕН «ДАМУ» ҚОРЫНАН 20 ЖЫЛ МЕРЗІМГЕ АЛАДЫ. БАНКТЕР БОЛСА, ОСЫ АҚШАЛАЙ ҚАРЖЫНЫ АЛҒАН СОҢ ЖЫЛДЫҚ 6 ПАЙЫЗБЕН 10 ЖЫЛ МЕРЗІМГЕ НЕСИЕЛЕР БЕРЕДІ.

Облыстық әкімдікте

ҚЫС ШАНАҢДЫ ЖАЗ САЙЛА Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БЕКБОЛАТ ОРЫНБЕКОВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫНА СӘЙКЕС ӨМІРЛІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫ 20142015 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚҰРЫЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ШТАБТЫҢ СЕЛЕКТОРЛЫҚ РЕЖІМДЕ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. Штаб отырысын ашқан Бекболат Серікбекұлы: « Тараз қаласы және аудан әкімдері, басқарма басшылары мен отынэнергетика кешені кәсіпорын басшыларының көздеген мақсаты бір – өмірлік маңызы бар нысандарды, орталық жылу қазандықтарынан жылу алатын көпқабатты тұрғын үйлерді және барлық инфрақұрылым желілерді жылыту маусымына уақтылы және сапалы дайындау» деді. Одан әрі ол жылыту маусымында жылу-электр желілеріндегі ақаулар, ұзақ-қысқа мерзімді тоқтаулар, қазандықтарда технологиялық ережелердің сақталмауы, операторлардың жеткілікті біліми дәрежесінің болмауынан қазандықтарда орын алып жататын апаттар, бюджеттік нысандардың маусымға уақтылы дайындалмауы, ғимараттардың есіктерезелерінің бүтінделмеуі, жылу жүйелерінің ескіруі сияқты кемшіліктер ғана орын алып қоймай, тікелей адам өміріне қауіп төндіретін жағдайлардың орын алатынын атап көрсетті. – Осындай оқиғаларды болдырмауға және олардың алдын алуға тікелей сіздер жауаптысыздар. Алдағы жылыту м ау с ы м ы н д а ата л ға н ке м ш і л і к те р д і болдырмау мақсатында барлық тиісті іс-шаралардың уақтылы атқарылуы осы отырысқа қатысып отырған барлық жауапты тұлғалардан талап етіледі,-деді. Алдағы бес ай көлемінде нысандарды қайта жаңғырту және бюджеттік жобалардың, отын-энергетика кешені кәсіпорындарымен жоспарланған жөндеу жұмыстарының, инвестициялық бағдарламалардың уақтылы орындалуы басты назарда болуы керек. Кәсіпорындардың дебюторлық-кредиторлық берешектерінің жойылуы, көпқабатты тұрғын үйлердің жылу энергиясын қабылдауға дайындығы облыстық штабтың тұрақты бақылауында болатынын атап көрсеткен Б.Орынбеков кемшіліктерді жоюда шарасыздық танытқандарға тиісті шара қолданатынын еске салды. Облыс әкімдігінің энергетика, тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұхтар Төлеулиев өмірлік маңызы бар нысандарды, бюджеттік мекемелерді алдағы жылыту маусымына дайындау туралы хабарлама жасады. Осындай штабтың барлық аудандар мен қалаларда құрылғанын, облыста жылыту маусымы бірқалыпты өткізілгенін еске салған басқарма басшысы алдағы маусымға 374 аймақтық қазандықты, 325 шақырым жылу желілерін, 9858,82 шақырым электр желілерін жөндеуде, 758 білім беру, 433 денсаулық сақтау нысандарын және орталықтан жылу алатын 1409 көпқабатты тұрғын үйді дайындауда аса ауқымды жұмыс күтіп тұрғанына тоқталды. Ол өткен жылы орын алған бірқатар кемшіліктерді де атап көрсетті. Талас, Сарысу аудандары әкімдерінің орынбасарлары Қайрат Рахымжанов, Мағия Тоқсанбаева және Шу ауданының әкімі Бақытжан Нұркенов жылыту маусымына дайындық және коммуналдық төлемақының жиналуы туралы қойылған сұрақтарға жауап берді. Мойынқұм ауданының әкімі Болат Мәдікенов қала және аудан әкімдеріне, кәсіпорын басшыларына аудан аумағындағы «Құлан» көмірін алуға кеңес берді. Бекболат Серікбекұлы өз өңіріміздегі отынды тұтынсақ қыруар қаржы облыста қалатынын айта келе, дегенмен, отынның сапалылығына сертификат алуды М.Мәдікеновке ескертті. Б.Орынбеков облыстық штаб отырысын қорытындылап Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне, отын-энергетика кешені кәсіпорын және басқарма басшыларына алдағы жылыту маусымына дайындықты ұйымшылдықпен жүргізу үшін бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Мәселені оған қатысушылар былайша түсіндіреді: Қуандық БИШИМБАЕВ, «Бәй­­терек» Ұлттық басқарушы хол­дин­­гі» АҚтың басқарма төрағасы: – Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың көреген сая­сатының арқасында Қазақстанның Ұлттық қорының ресурстары отан­дық өнеркәсіпті, әсіресе, тамақ және сусындар өндірісіне, сондай-ақ тігін, металлургия саласы фармацевтика және басқаларды қолдауға бағытталады. Президент Ұлттық қор қаржылары ұзақ және жеткілікті дәрежеде арзан болуы тиіс деген міндет қойды. «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес құрылымы «Даму» қорына өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды жүзеге асырып жатқан шағын және орта бизнесті дамытуға бөлінген 100 миллиард теңгенің 50 миллиард теңгесі жаңа жобаларға, оның ішінде 25 миллиарды тамақ өнімдерін өндіруге бағытталады. Қалған бөлігі, яғни 50 миллиард теңге олардың одан әрі табысты өндірістік қызметпен айналысуы үшін қазіргі заемшыларды қайта қаржыландыруға жұмсалмақ. Кәсіпкерлер бұл қаржыны қазірдің өзінде екінші деңгейлі банктерден жылдық 6 пайызбен 10 жыл мер­зімге ала алады. Бұл біздің елімізде де, ТМД елдерінде де болып көр­меген өте тиімді жағдайлар. Отандық 13 банкпен келісімге қол қою – бұл Мемлекет басшы­с ының экономикаға шұғыл кө­мек көрсету және оның 6-7 пайыз дең­­гейіндегі жылдық өсімін қамта­­масыз ету жөніндегі тап­сырмасын жүзеге асырудағы алғашқы қадам. Бұл бүтіндей алғанда, инвестициялық қызметті ынта­лан­дырып, түпкі нәтижеде Қазақ­станның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуі үшін маңызды қадам болып табылады.

Ләззат ИБРАГИМОВА, «Да­му» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тың басқарма төрайымы: – Банктерге осы бағдарлама шеңберінде қандай да бір комиссиялар, айыппұлдар, өсімпұлдар алуға тыйым салынады және бұлар Ұлттық қор ресурсы болғандықтан олар отандық өнеркәсіпті – тамақ, тігін, металлургия, машина жасау салаларына қолдау көрсетуге бағытталады. «Даму» шағын және орта бизнес өкілдері несиені қарастыру барысында артық комиссия тө­лемеуі үшін барлық процедура­ларды егжей-тегжейлі қадағалайтын болады. Сондай-ақ, біз банктерді ын­таландырып, оларды қоса қаржы­ландырамыз және жобаларға өзге де қосымша ресурстар тартатын боламыз. Мұрат НҰРҒАЗИН, «Цес­н а­б анк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары: – Бұл бағдарлама бүгінгі күні ШОБ кәсіпорындары үшін уақ­тылы және пайдалы болып отыр, ол қазіргі жағдайда кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, тауар санын көбейтуге жағдай жасайды. Осындай қолдауы үшін Мемлекет басшысына рахмет. Шухрат САДЫРОВ, «Сбер­банк» АҚ басқарма төрағасы­ның орынбасары: – «Сбербанк» пен «Даму» кәсіп­кер­лікті дамыту қоры шағын және орта бизнес субъектілерін қаржы­ландыру үшін 6 млрд. теңгеге кредиттік келісімге қол қойды. Несиелеу шарттарына сәйкес, банк 6 ай ішінде бөлінген қаржыны өңдеу саласы кәсіпкерлерінің жо­баларын қаржыландыруға бағыт­тайды. Олардың бір бөлігі қазіргі бар заемдарды қайта қаржы­ландыруға жұмсалмақ. «Сбербанк» тамақ өнеркәсібін несиелеуге басымдық беруді жоспарлап отыр. Біздің клиенттік базамыз бен ағымдағы қоржынымыз бұл транш­т ы айтарлықтай шапшаң игеруге мүмкіндік береді. Кәсіпкерлер мемлекет қолдауының тиімділігін мүмкіндігінше тезірек сезінуі тиіс. Өз тарапымыздан біз бизнес­мендерді өз өтініштерін белсен­дірек беруге шақырамыз. Біз бұл бағдарламаның ШОБ-тың дамуы­на жаңа серпін беретініне және елдегі кәсіпкерліктің жаңа сапалы деңгейге шығуына жағдай туғызатынына сенімдіміз. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан».

l Елге ел қосылса – құт

ЕҢБЕК ЕТЕМ ДЕГЕНГЕ ЕСІК АШЫҚ Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, Сейсен ҚОЖЕКЕ, «Ақ жол». ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ САЛАМАТ АМАНБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫС КҮШІН ПАЙДАЛАНАТЫН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКЕН ЖИЫНДА ЕРЕКШЕ ШАРТТАР БОЙЫНША ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУДЫҢ ТӘРТІБІ, ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА МОЛ МАҒЛҰМАТ БЕРДІ. Елімізде шетелдік азаматтарды жұмысқа тартудың өзіндік заңдылықтары бар. Өткен жылдың 10 желтоқсанында Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қон мәəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Онда шетелдіктердің елімізде жұмыс істеуінің тəәртібі белгіленген. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 11-бабына сəәйкес, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында елімізде шетелдік жұмыс күшін тартуға жыл сайын квота бөлінеді. Қазақстанда 2014 жылы еңбек ететін шетелдік жұмысшылар саны республиканың экономикалық белсенді тұрғындарының 0,7 пайызынан аспауы тиіс. Бұл туралы Үкіметтің 2013 жылы 31 желтоқсандағы тиісті қаулысы Қазақстан нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттыққұқықтық жүйесінде жарияланды. Көші-қон комитетінің төрағасы мекеме басшыларына міндеттелген ерекше шарттар бойынша қазақстандық азаматтарды оқыту, қайта оқыту, біліктілігін арттыру және шетел мамандарын жергілікті мамандармен алмастыру жұмыстарының маңыздылығын да түсіндіріп өтті. Шетелдік жұмыс күшін тартып істейтін кәəсіпорындар міндетті түрде осы ерекше шарттарды орындауы қажет. Сонымен қатар, ол өткен жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан облыстағы барлық

жұмыс берушілерге шетел азаматтарын жұмысқа тартуға 2013 жылы 2063 квота бөлініп, 810 рұқсат берілгенін атап өтті. Ал, биыл шетел азаматтарын жұмысқа тартуға 700 квота бөлінген. Сала басшысы еңбек мигранттары туралы да айтты. Оның да өзіндік ережелері мен заңдылықтары бар. Мәселен, кезкелген жеке тұлғаның бес адамға дейін өзге елден келген азаматтарды жұмысқа жалдауына қақысы бар. Алайда, жұмысқа кіріспес бұрын олармен

алған елсіздігін і алысЕліміз тәу ардан бер ың д л ы ж ы қ алғаш н 255 м т елдерде зға е ш н ы қ а ж мы асы орта қазақ отб л, осы жылдың .А оралыпты і біздің облысқа бер елген. басынан сы көшіп к а б т о қ а з 291 қа

екіжақтың мүддесін қорғайтын арнайы келісімшарт жасалуы тиіс. Еліміз тәуелсіздігін алған алғашқы жылдардан бері алыс-жақын шетелдерден 255 мың қазақ отбасы ортамызға оралыпты. Ал, осы жылдың басынан бері біздің облысқа 291 қазақ отбасы көшіп келген. Биыл еліміздің көші-қон саясатында біршама өзгерістер болды. Үкіметтің жиырмасыншы наурызда қабылданған қаулысына сәйкес, енді сырт елден тарихи Отанына оралғысы келетін қандастарымыз еліміздің солтүстік және батыс аймақтарындағы жеті облысқа барады. Көшін сол аймақтарға қарай бұрған қандастарға мемлекет тарапынан арнайы квота бөлініп, төрт жыл мерзімге ықтиярхат беріледі. Ал, қаулыда көрсетілген облыстардан өзге аймақтарға қоныстанғысы келетіндердің жеке есепшоттарында 2 миллион теңгеден астам қаражат болуы керек. Саламат Аманбаев оралмандардың қатысуымен де жиын өткізіп, көші-қон саясатындағы жоғарыдағы жаңалықтардың жай-жапсарын түсіндірді. Өзге елдегі қандастарымыз ортамызға тегіс оралғанша,

қазақ көшінің толастамайтынын айтты. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қон мəәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларға да егжей-тегжейлі тоқталды. Оралмандарды қазақстандық қоғамға бейімдеу және кіріктіруді іске асыруда, жұмыспен қамту мақсатында елімізде атқарылып жатқан жұмыстардың жайы да осы жиында ортаға салынды. * * * Өткен бейсенбіде Т. Рысқұлов ауданының орталығы Құланға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің этникалық көші-қон басқармасының басшысы Марат Тоқсанбаев пен облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сейдахмет Сейітбеков келіп, алыс-жақын шетелден атажұртқа оралған қандастарымызбен жүздесті. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Бейсенбек Әлпейісов ашып, алғашқы сөзді М.Тоқсанбаевқа берді. Ол: «Алғашқы көш Моңғолиядан басталды. Мен Ауғанстан, Пәкістан, Иран жерінде болып, ондағы қандастарымызбен бетпебет жүздестім. «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша ұлы көш басталды. Содан бері миллионнан аса қандасымыз өздерінің тарихи Отанына оралды. Оларға Үкімет квота берді, қомақты қаражат та алды. Колхоз-совхоз тұсында көшіп келгендердің өздері баспана алып, малды болып қалды. Қазір сол «оралман» аталып жүрген қандастарымыз егеменді еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп, ортақ іске өз үлестерін қосып жүр» деді. Сонымен қатар, министрліктен келген өкіл еліміздің көші-қон саясатында орын алған өзгерістер жөнінде ұғынықты түрде айтып берді. Жиналған жұрт тарапынан сұрақ көп болды. Олардың кейбіреулері құжаттарын жоғалтып алған, енді біреулері әлі күнге дейін Қазақстан азаматтығын ала алмай, енді біреулері үй салуға және кәсіпкерлікпен айналысу үшін жер ала алмай жүргенін айтты. Олардың арасында жұмыссыздар да, алған үйлерін рәсімдей алмай жүргендер де бар екен. Лауазымды басшылар оралмандардың проблемаларын шешіп беруге уәде етті. Ал, жер, су, газ, кәсіпкерлік пен жұмысқа орналасу мәселелерін жергілікті атқарушы органдар, көші-қон полициясы мен жұмыспен қамту орталықтары арқылы шешуге болатынын жеткізді. ТАРАЗ-ҚҰЛАН-ТАРАЗ.

l Тәртіптік кеңесте

ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ Заңға мойынсұнбағандардың мәселесі қаралды

ЕЛІМІЗДІҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ НҰҚСАН КЕЛТІРІЛМЕУІН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МІНДЕТІ ЖҮКТЕЛІНГЕНДЕРГЕ ДЕГЕН ЕЛ-ЖҰРТТЫҢ СЕНІМІНЕ СЕЛКЕУ ТҮСПЕУІН ДІТТЕП, РЕСПУБЛИКА ПАРЛАМЕНТІНІҢ КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢДАР МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІН ҚАБЫЛДАҒАНДЫҒЫ ӘРІ ОНЫ ЕЛБАСЫНЫҢ БЕКІТКЕНІ МӘЛІМ. АЛАЙДА, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА АЛҒАН ЗАҢНАМАҒА КЕЙІН ДЕ БІРШАМА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛІП, ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАТАЙТЫЛҒАНЫМЕН АУМАҚТАҒЫ ЛАУАЗЫМЫ ӘР ҚИЛЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ТАРАПЫНАН ІШІНАРА БОЛСА ДА ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА САЛЫНАТЫНДАРДЫҢ ТАБЫЛЫП ҚАЛАТЫНЫ ЖАСЫРЫН ЕМЕС. МІНЕ, СОНДАЙЛАРДЫҢ БІР ПАРАСЫНЫҢ ІСІ СӘРСЕНБІ КҮНІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ОБЛЫС БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ-ТӘРТІПТІК КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛАТ ИСАҚОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ӨТКЕН ТӘРТІПТІК КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА ҚАРАЛЫП, ТАЛҚЫЛАНДЫ. Сапарғали ӘЛІБАЙ, «Ақ жол». Кеңесте облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабының талаптары мен Шу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 6 мамырдағы №188 қаулысымен бекітілген «Аудандық жер комиссиясы туралы» Ережені бұзып, Қордай ауданындағы «GS-Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 10000, «Бай-Нұр» мен «Али» шаруа қожалықтарына 17143 және 5737,6 гектар жайылымдық жер телімін 49 жылға уақытша пайдалануға беруде қолданыстағы заңнамаға қайшы қадамдарға барған Шу аудандық жер комиссиясының мүшелері: Шу ауданы әкімінің орынбасарлары Ержан Өмірәлиев пен Әлихан Балқыбековтің,

Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Жұмабек Қасымовтың мәселелері қаралды. Тәртіптік кеңестің отырысы күн тәртібіне қойылған істі талқылай келе Шу ауданының әкімі Бақытжан Нұркеновке ауданның мемлекеттік органдарында ҚР Жер кодексінің талаптарын бұзуды болдырмаудың алдын алу шараларын қарастыруды, аудандық Жер комиссиясында жер телімін беру туралы әр өтінішті жанжақты, заң талабына сәйкес қарауды жолға коюды ұсынды. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Ержан Өмірәлиевті Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңының 12-бабының 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес, өз құзыретіне кіретін өзге де мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін әлденеше рет бұзу сипатындағы құқықбұзушылық жасағаны

үшін, ал, аудан әкімінің тағы бір орынбасары Әлихан Балқыбеков пен аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Жұмабек Қасымовты еліміздің Мемлекеттік қызметшілерінің Арнамыс кодексінің 5-тармағының талаптарын бұзғандарына байланысты атқаратын қызметтеріне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тарту жөнінде аудан әкіміне ұсыныс енгізді. Тәртіптік кеңесте қаралған өзге де мемлекеттік қызметшілердің мәселелерін талқылай келе, кеңес мүшелері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі талаптарын бұзған Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Сейтмағамбет Уәлиев пен экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Әсияхан Тойшыбекованы, әлденеше рет сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдай туғызатын құқықбұзушылық жасаған Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Бахытжан Сүгірбековті атқаратын қызметтеріне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, ал, облыс бойынша кедендік бақылау департаментінің кадр жұмысы бөлімінің басшысы Медер Убакеевті қызметінен төмендету түріндегі тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныс енгізу жөнінде шешім қабылдады. Сол сияқты, Тәртіптік кеңесте қаралған облыстық ІІДнің көші-қон полициясы басқармасының заңсыз көші-қонмен жұмыс бойынша арнайы ротасының командирі, полиция подполковнигі Сағатбек Әділхановтың, №2 арнайы взводының командирі, полиция майоры Марат Усмановтың, осы взводтың инспекторы, полиция капитаны Бахытбек Ділдәбаевтың тәртіптік істері бойынша материалдар тиісті шешім қабылдау үшін облыстық ІІД-не жолданды. Қабылданған шешімдері бойынша қолданылған шаралар туралы заңда белгіленген мерзімде Тәртіптік кеңеске хабарлау міндеттелді.

l ҚАЗАҚСТАН АСТАНАДА СӘУЛЕ ЖАНПЕЙІСОВАНЫҢ ЛЕКЦИЯ-КОНЦЕРТІ ӨТТІ АСТАНАДА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ СӘУЛЕ ЖАНПЕЙІСОВАНЫҢ ЛЕКЦИЯ-КОНЦЕРТІ ӨТТІ. «Дәстүрлі ән – ұлттық құндылық» атты тақырыппен өткен лекция-концерттің мақсаты – дәстүрлі ән мектептерінің стильдік ерекшеліктері, ән өнерін заман талабына сай, сол ерекшеліктерді сақтай отыра дамыту және өнер майталмандарының шеберлік кластары мен лекциялары арқылы дәстүрлі ән-күй өнерімізді насихаттау болып табылады. Концерт соңынан жиналғандар әншіге өз сұрақтарын қойып, қазақтың дәстүрлі әндерінің тарихы мен бүгіні, ертеңі туралы мазмұнды әңгімелерін тыңдады.

l РЕСЕЙ 1000 ШАРШЫ МЕТРЛІК КИІЗ ҮЙ ТАБЫС ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯҒА СӘЙКЕС РЕСЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ДУМАСЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫНА ТИЕСІЛІ ЕҢ ҮЛКЕН ҮЙ - 1064 ШАРШЫ МЕТРЛІК КИІЗ ҮЙ. Ол Бурятия парламентарийі, «Әділетті Ресей» фракциясының мүшесі Иринчей Матхановқа тиесілі екен. Атап өтейік, 16 сәуірде Ресей Мемлекеттік думасының депутаттары өз иеліктеріндегі мүліктің 100ден аса түрін декларациялады. Оның ішінде, киіз үй, апартаменттер, көшпелі тамбурлар, монша және мейрамханалар, тіпті кәріз жүйелері бар.

l УКРАИНА РЕСЕЙ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ЕЛГЕ КІРУІН ШЕКТЕДІ УКРАИНАНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ЕЛГЕ “ӘСКЕР ЖАСЫНДАҒЫ” ЕР АДАМДАРДЫҢ КІРУІНЕ ШЕКТЕУ ҚОЮ МАҚСАТЫНДА РЕСЕЙМЕН ШЕКАРАДА БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТЕТІНІН ХАБАРЛАДЫ. Ресейдің мемлекеттік “Аэрофлот” әуе компаниясының хабарлауынша, Украина билігі ел аумағына ресейлік 16 мен 60 жас аралығындағы ер адамдардың кіруіне тыйым салған. Ресей сыртқы істер министрлігі Киевтен тыйымның не себептен салынғанын түсіндіруін талап етті. Министрліктің хабарлауынша, Мәскеу бұған “жауап шараларын” қарастырмақ.

l ИРАН УРАН ҚОРЫНЫҢ 50 ПАЙЫЗЫН ЖОЙДЫ МАГАТЭ-НІҢ МӘЛІМДЕУІНШЕ, ИРАН ӨЗІНДЕГІ ЖОҒАРЫ БАЙЫТЫЛҒАН УРАН ҚОРЫНЫҢ ЖАРТЫСЫН ЖОЙДЫ. Осы арқылы Теһран ирандық ядролық бағдарламасына байланысты проблемаларды реттеу аясында өзінің міндеттемелерін орындай бастады. Жоғары байытылған уран қорын бейтараптандыру - Иранға қарсы санкцияларды жеңілдету тұрғысындағы талаптардың бірі. Бұл санкцияларды осының алдында Батыс елдері енгізген болатын. Естеріңізге сала кетейік, Иран жағы уранды байыту үшін жаңа центрифугаларды орналастырудан бас тартып, өздерінің ядролық нысандарына халықаралық сарапшыларды кіргізуге және қаруға негізделген плутонийді өндіруге техникалық тұрғыда қауқарлы ядролық реактордың құрылысын тоқтатуға келісті. Өз кезегінде бұл елге қатысты экономикалық санкциялар біршама жеңілдетілетін болады.

l МЕКСИКА

ГАБРИЭЛЬ ГАРСИА МАРКЕС КӨЗ ЖҰМДЫ ӘДЕБИЕТ БОЙЫНША НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ ГАБРИЭЛЬ ГАРСИА МАРКЕС 87 ЖАСЫНДА МЕКСИКАДА КӨЗ ЖҰМДЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ РИА НОВОСТИ. Габриэль Гарсиа Маркес 1927 жылы Колумбияның Аракатака қаласында дүниеге келген. Колумбиялық проза жазушысы, журналист, саяси қайраткер. 1982 жылы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері атанған. Маркес колумбиялықтардың арасында алғашқы болып аталған сыйлыққа ие болған. 1989 жылы дәрігерлер оның өкпесінен қатерлі ісік тапқан. Күніне үш қорап темекі шеккен жазушының дертін осы әдетімен байланыстырған еді.

l АҚШ ДЖОХАР ЦАРНАЕВТЫҢ ХАТЫ ЖАРИЯЛАНДЫ АҚШ-ТА ДЖОХАР ЦАРНАЕВТЫҢ ХАТЫ ЖАРИЯЛАНДЫ. ОЛ БҰЛ ХАТТЫ ПОЛИЦИЯ ТҰТҚЫНДАРДЫҢ АЛДЫНДА ЖАЗҒАН. ХАТТА ОҚТЫҢ ІЗДЕРІ БАР ЖӘНЕ МӘТІННІҢ КЕЙБІР БӨЛІКТЕРІ ОҚЫЛМАЙДЫ. «АҚШ билігі біздің кінәсіз азаматтарымызды өлтіріп жатыр, сіздердің көпшілігіңіз мені осындай жағдайдың жазасыз қалып отырғаны қынжылтатынын білесіздер. Біз, мұсылмандар - бір адамдаймыз. Бір адам өлсе, бәріміз қиналамыз», - делінген хатта. Еске сала кетейік, Джохар Царнаев 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостондағы марафон кезінде лаңкестік ұйымдастырды деп айыпталып отыр. Онда жарылыс кезінде 3 адам қаза болып, 260-тан астам адам жараланған еді. Тергеу деректері бойынша, Джохар бұл қылмысты өзінің ағасы 26 жастағы Тамерланмен бірлесіп жасаған. Ал ол ұстау операциясы кезінде өлтірілді.

ЕРІКТІ ТҮРДЕ ТҮРМЕГЕ ОТЫРҒАН ЕРІККЕН АҚШ-ТА ЕР АДАМДЫ ӨЗІНІҢ СҰРАУЫ БОЙЫНША ТҮРМЕГЕ ҚАМАДЫ, ДЕП ЖАЗАДЫ ШЕТЕЛДІК БАҚ. Түрмеде отырып шыққан 74 жастағы Уолтер Унбехаун бостандыққа шыққан соң іші пыса бастайды. Түрме туған үйіндей болып кеткендіктен, ол сол орынға қайтып келуді шешкен. Уолтер бір банкке келіп, кассирді тапаншамен қорқытып, кассадағы барлық ақшаны алып кетеді де, жақын маңда орналасқан қонақ үйлердің бірінде полицияның келуін күтіп жатады. Ал сотта ол бостандықта іші пысқандығын, түрмеге қайтып оралғысы келетіндігін айтқан. Сот оның бұл өтінішін орындап, 3,5 жылға бас бостандығынан айырған.

l ҚЫТАЙ ӘКЕСІ 6 ЖАСТАҒЫ ҰЛЫНА ТАНКІ СЫЙЛАДЫ ҚЫТАЙДА ӘКЕСІ АЛТЫ ЖАСАР ҰЛЫНА ТОЛЫҚ ӨЛШЕМДІ, АТАТЫН ТАНКІНІ СЫЙҒА ТАРТТЫ. Бұрынғы флот офицері Цзянь Линнен ұлы туған күніне танк әперуін сұраған екен. Баласының тілегін орындау үшін әкесі 7 мың доллар жұмсапты. Ұзындығы 5, ал биіктігі 2 метр болатын әскери көлікті құрастыру үшін екі айдан астам уақыт жұмсаған. Айта кетерлігі, Цзянь Линнің құрастырған көлігі – бұрындары Қытай әскерінде пайдаланылған Type 63A танкісінің көшірмесі болып табылады, деп жазады day.az Интернет материалдары негізінде әзірленді.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.