20тамыз 2016ж пдф

Page 1

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса Жуалы ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

ak-jol-taraz@rambler.ru

№97 (18291), Сенбі, 20 тамыз, 2016 жыл

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

НДА ЖАҺА

ПРЕЗИДЕНТ

МОРАТОРИЙ 5 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ

Елбасының төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономика лық даму қорытындылары және Жер реформасы жөніндегі комиссияның қызметі туралы кеңес өтті. Ке ң е с к е П р е м ь е р - М и н и с т р К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Премьер-Министрдің орынбасары -Ауыл шаруашылығы минист рі А . М ы р з а х м е то в , П р е з и д е н т т і ң көмекшісі-Қауіпсіздік кеңе сінің хатшысы Н.Ермекбаев, Ұлттық экономика министрі Қ.Бишімбаев қатысты. Іс-шара барысында Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс қорытындылары талқыланып, жер заңнамасының өзгерістеріне мораторийді 5 жылға ұзарту туралы шешім қабылданды. – Же р ко д е к с і н і ң б і р қ а т а р нормаларына мораторий енгізілген кезден бастап комиссия маңызды жұмыс жүргізді, елдің барлық өңірінде кеңес өткізіп, азаматтардың пікірін тыңдады. Жұмыс барысында олар жақсы ұсыныстар айтты, атап айтқанда, жалға беретін телімдердің шекті көлемін, жерді пайдалану тәсілдері мен оны тиімсіз пайдаланған жағдайда қабылданатын шараларды анықтау туралы ұсыныстар енгізілді. Осылайша, бәрі жерді 49 жылға дейін жалға беру институтын сақтау қажет деген ортақ шешімге келді. Сонымен бірге, әлемдік тәжірибені тағы да зерттеп, қосымша уақыт қажет екені туралы тұрғындарға біліктілікпен түсіндіру керек. Сондықтан комиссияның мораторийді тағы 5 жылға ұзарту туралы ұсынысын қабылдаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Үкіметтің жер заңнамасына өзгерістер

енгізу туралы шешім қабылдаған кезде агроөнеркәсіп саласына қаражат тарту мақсатын басшылыққа алғанын атап өтті. – Ауылдық жерлерде халықтың шамамен 40%-ы тұрып жатыр, 20%-ы ауылда еңбек етеді. Ауыл шаруашылығын өркендету көптеген с а л а л а рд ы ң д а м у ы н а с е п т і г і н тигізеді. Ауыл шаруашылығымен а й н а л ы с ат ы н д а р д ы ң б а р л ы ғ ы бұл салаға қолдау көрсету үшін

мемлекеттің қандай күш-жігер жұмсағанын жақсы біледі. Жыл сайын аграрлық секторға айтарлықтай қаражат жұмсалады, бірақ ол өзін ақтай бермейді. Нарықтық экономикада олай болмайды. Мұның с ебебі ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің төмендігінде жатыр, ал оны арттыру үшін қосымша қаражат салу керек. Бүкіл әлем аграрлық секторға инвестиция тарту ісімен айналысуда. Біздің мемлекетіміз де

С

ауыл шаруашылығын дамыту үшін көбірек капитал тартуды қалады. Егер бұл жұмыс түсіндіруден басталып, тек содан соң ғана заңдар қабылданса, онда ахуал басқа болар еді, – деді Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, кеңесте республика­ н ы ң ә л еум е т т і к - э ко н ом и ка л ы қ дамуының негізгі мәселелері, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар қарастырылды.

– Елдің экономикалық дамуы әлемде болып жатқан үдерістер салдарынан зор қысым көріп отыр. Қазіргі қаржылық-экономикалық дағдарыс, сандық экономиканың жаңа парадигмасына көшу бізден мүлде жаңа қадамдар талап етеді. Біз соны таба білуіміз керек, бұл үшін елде ресурстар жеткілікті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Өз баяндамасында А.Мырзахметов Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған комиссия Астанада, сондай-ақ бірқатар өңірде жұртшылықтың қатысуымен көшпелі отырыс өткізгенін айтты. – Азаматтардың арыз-шағымдары үшін арнаулы сайт ашылып, callорталықтар құрылды, бүгінде оларға 13 мыңнан астам телефон қоңырауы т ү с ке н . Т ү с і н д і ру ж ұ м ы с т а р ы барысында жұртшылықты барынша кеңірек қамту үшін әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңе стер іске тартылды, халықтың 67 мың өкілімен кездесу өтті, – деді ПремьерМи н и с т рді ң о р ын ба с а р ы- Ау ыл шаруашылығы министрі. А.Мырзахметов комиссияның негізгі ұсыныстары, соның ішінде ауыл шаруашылығы жерін жалға беру институтын сақтап, одан әрі дамыту, жалға берілетін жер телімдерінің шекті көлемін белгілеу қажеттігі жөнінде де айтты. Сондай-ақ, халықтың жайылымдар мен шабындық жерлерге қатысты мүддесі мен талаптарын ескеру керектігі, жеке тұрғын үй салу үшін жер берудің нақты ережелері мен тетіктерін анықтау қажеттігі аталып өтті. Мемлекет басшысы кеңе с қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.

Й, СҮЙІНЕРГЕ ЖАР ЛСА, СЕН СҮ АР ОЛ О Б Ң Ы Л Ұ Р ҮЙЕ

ДАНИЯРДА – АЛТЫН, ӘДІЛБЕКТЕ – КҮМІС ҚАЗАҚ БОКСШЫЛАРЫ НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙДІ

Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». Жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізеді. Аталған шараға қатысып, балаларға мектепке қажетті киім-кешегі мен құрал-жабдықтарын алып беруге ниет білдірген азаматтардың қатары да жыл санап артып келеді. Шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына қоғам болып қамқорлық көрсетілуде. Қашанда игі бастама мен тың жаңалықтың басықасында жүретін «Нұр Отан» партиясы аталған акциядан тыс қалмады. Партия облыстық филиалы аппаратының

МАҢДАЙЫҢ ЖАРЫЛСА ДА, МАҢДАЙҒА ЖАЗЫЛҒАНЫ БОЛАДЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ЕЛІ ҮШІНШІ АЛТЫН МЕДАЛЬДЫ ИЕЛЕНДІ. КҮЛЛІ АЛАШ ЖҰРТЫ АСЫҒА КҮТКЕН АЛТЫН ЖҮЛДЕНІ ҚОРЖЫНЫМЫЗҒА БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРІМІЗ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАҚ­ТАНЫШЫ, ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ, АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМ­ПАЗЫ ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ САЛДЫ. БОКС­ТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ КАПИТАНЫ, 69 КЕЛІ САЛМАҚТАҒЫ САҢЛАҒЫМЫЗ БӘСІРЕЛІ ДОДАДА ЕЛІНІҢ ҮМІТІН АҚТАДЫ.

=ҰЛЫБРИТАНИЯ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ҰШАҚ АСПАНҒА КӨТЕРІЛДІ

Те х н и к а л ы қ а қ а у с а л д а р ы н а н б ол ға н сәтсіз әрекеттен кейін бірнеше күн өткен соң қолданыстағы әуе кемелерінің ішіндегі ең үлкен кеменің жарты сағаттық сынақ ұшырылымы жүзеге асырылды. Британдық үкімет кемені әзірлеуге 3,7 миллион доллардай жұмсаған. Әуе кемесінің ұзындығы – 92 метр, ол 4,9 шақырым биіктікке көтеріліп, сағатына 148 шақырымға дейін жылдамдықпен ұша алады. =АВСТРАЛИЯ ЕҢ ЖЫЛДАМ МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТТІ КӨП ҚОЛДАНАТЫН ЕЛ

«OpenSignal» компаниясы күллі әлем бойынша мобильді байланыс жағдайын талдап, ең жылдам мобильді интернетті елдер рейтингін анықтады. Ұйымның есебінше, 3G және 4G желілерінде мобильді интернеттің жалпы жылдамдығы бойынша көшбасшы Оңтүстік Корея болып табылады, одан әрі Сингапур, Венгрия, Австралия ж ә н е Д а н и я кете д і . О н д ы қ қ а Н о р в е г и я , Нидерланды, Литва, Жапония және Швеция кірді. =ЖАПОНИЯ «РОБОТ ЖӘНЕ ӨМІР»

Күншығыс елінің өнертапқыштары жаңа туындыларын көпшілікке таныстырды. Токиода «Робот және өмір» тақырыбында құлтемірлер көрмесі өтті. Мұндағы құлтемірдің кейбірі күнделікті тұрмыста адамға көмекші болса, енді бірі бүлдіршіннің көңілін аулайды. Арасында келбеті де, қимылы да кәдімгі тірі адамға ұқсайтындары бар. «Telenoide» құлтемірінің негізгі ерекшелігі бетінде. Адам оған сөйлеген кезде жүзінде байқалған эмоцияға қарап робот өзгереді.

А ЫЛД Б М А Ж =ТАРАЗ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 3 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарына Ұлттық қор есебінен 3,6 миллиард те ң ге қ а р ж ы б өл і н ге н е д і . О с ы ға н о р а й «ТаразТрансЭнерго» кәсіпорны жылу желілерін қайта жаңғыртуда. Қала көшелерінің бойында ұзақтығы 6,7 шақырым құбырлар ауыстырылуда. =ҚОРДАЙ ЖАҢА ЫҚШАМ АУДАНДАРДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Жер телімін алу кезегіне тіркелгендердің саны аудан орталығы бойынша 6422 адамға жетті. Биыл «Шығыс-2» және «Солтүстік» жаңа тұрғын үйлер алқаптарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға 6,7 миллион теңге қарастырылып, оның 5,2 миллион теңгесі игерілді. Құжаттар мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. =МОЙЫНҚҰМ ЖОБА ҚҰНЫ – 500 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ

«Агрофирма Түрікпен» ЖШС 5 мың бас ірі қара малына арналған репродуктор жобасының құрылысын жүзеге асыруда. Жобаның құны – 500 миллион теңге. Осы жобаны іске асыру мақсатында 3 мың бас мүйізді ірі қара және 1560 бас жылқы сатып алынды.

Бақ кейде тауып қонады, Кейде ауып қонады. Тауып қонса, ескертеді, Ауып қонса, есіртеді.

(Жалғасы 8-бетте).

«100 НАҚТЫ ҚАДАМ»: БЕС РЕФОРМА – ҰЛТ ЖОСПАРЫ

МЕРКІДЕ КӨҢІЛ ТОҒАЙТАР ТІРЛІК КӨП

қызметкерлері Тараз қаласында тұратын бес мектеп оқушысына қайырым­дылық көмек көрсетті. – Мұндай игі істен «нұротандықтар» шет қала алмадық. Бұл акцияны жетімі мен жесірін желеп-жебеп жүретін халқымыздың қашаннан бар қасиетінің бір көрінісі дер едім. «Мектепке жол» акциясы оқушыларымызға материалдық көмек көрсетуге негізделсе, «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» бағдарламасы да ел ертеңі – балаларымыздың болашағын қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан, ел келешегіне бейжай қарамайтын кез-келген азамат мұндай шараға үн қатуы керек деп білемін, – деді аталған жиында сөз сөйлеп, балаларға базарлықты үлестірген «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат. Келесі кезекте Тараз қаласы №41 мектеп-гимназиясының бес оқушысына киім-кешектер мен мектепке қажетті құралжабдықтар табыс етілді. «Ағаларымыз бен әпкелеріміздің көмегіне көп алғысымды айтамын. Осы кісілердің үмітін ақтап, сабағымды жақсы оқуға бар күш-жігерімді саламын», – дейді енді екінші сыныпқа аяқ басатын Әділ Жәнібеков.

Нұрболат ӘЛДИБЕКОВ, «Ақ жол».

Ө ң і р л і к ком м у н и к а ­ циялар қызметінің ұйымдастыруымен Елбасы Жолдауы, Ұлт жо спары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» бағдарламасының орындалу барысын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында жолға шыққан бір топ журналистер Меркі ауданында болды. Бұқаралық ақпарат құра лдарының өкілдері баспасөз туры аясында ауданның бірқатар өндіріс орындарын, шаруа қ ож а л ы қ т а р ы н а р а л ап , ел игілігіне пайдалануға берілген нысандар мен жүргізіліп жатқан

құрылыс жұмыстары барысымен танысты.

Олар алдымен Меркінің т ау ш ат қ а л ы н д а ғ ы

жаңартылмалы энергия көздерінен электр қуатын

өндіретін инновациялық жобалардың бірі – «Меркі ГЭС-2» су электр стансасының жұмысымен танысты. Бұл нысан таяуда ғана жүз пайыз жаңа қондырғылармен жабдықталған болатын. Меркі су электр стансасының директоры Бедел Мырзабаев нысанды жаңа құрал-жабдықтармен жабдықтауға жалпы құны 400 мың АҚШ долларына жуық қаржы жұмсалғанын жеткізді. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев EXPO – 2017 халықаралық көрмесіне «Болашақтың энергиясы» тақырыбын т а ң д ау ы б е ке р е м е с . Ресурстарды үнемдейтін технологияларды және

қалдықтарды қайта өңдеуді кеңінен қолдануға негізделген «жасыл экономика» – орнықты дамудың жолы. Біздің «жасыл экономиканы» дамытуға қосқан үлесіміз – «Меркі ГЭС-2»-ні жаңа қондырғылармен жабдықтағанымыз. 2010 жылы «Меркі ГЭС-3»-ті жаңартқан болатынбыз. Алдағы уақытта «Меркі ГЭС-1»-ге де осындай қондырғылар с атып алсақ деп отырмыз. Жаңа қондырғылардың арқасында өнім өндіру көлемі 30 пайызға артады деп күтілуде, – дейді Бедел Тоқтаханұлы.

(Жалғасы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
20тамыз 2016ж пдф by akjolgazet - Issuu